Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Спорттық медицина» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет19/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0
Боранбаева Акмарал 039ТФП
24. «Спорттық медицина» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
83. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
84. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
85. «Спорттық медицина» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Спорттық медицинадағы инновациялық технологиялар»
«Спорттық медицинадағы дәлелді медицинадағы өзекті мәселелер»
«Түрлі спортпен айналысу барысында алынатын жарақат мәселесі»
«Түрлі спорттық мамандық өкіолерін медициналық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері»
«Спорттық медицинадағы заманауи лабораториялық диагностикалық әдістің өзекті мәселелері. Биохимиялық мониторинг»
«Спорттық медицинадағы заманауи аспаптық әдістің өзекті мәселелері»
«Спорттық тамақтанудың өзекті мәселелері»
«Жарақаттан кейінгі медициналық оңалту».
«Физикалық жұмысқа белсенділікке әсер ететін факторлар»
«Допинг және допингке қарсы бақылау»
«Спортта қолданылатын фармакологиялық құрал»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет