Медициналық биология генетика пәні және оның міндеті, негізі даму кезеңдері



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,22 Kb.
#86887
1   2   3   4
Байланысты:
Мед биология гигиенасы (1)

Медициналық биология- биологиялық заңдылықтарды адам қауымдастығы тұрғысынан қарастыратын жалпы биология ғылымының бір тармағы болып табылады. Биологияның медицина үшін маңызы өте зор-ол медицина үшін теориялық негіз болып саналады.
Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән қасиеттер - өзгергіштік пен тұқым қуалаушылықты зерттейтін биология ғылымының саласы. Мұндай атауды 1906 жылы ағылшын ғалымы В. Бэтсон ұсынған. Оның қалыптасуы 1990 жылдан басталады, ал негізін қалаушысы, «атасы» болып Мендель саналады.
Тұқым қуалаушылық тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің бірі – ол ата-ана белгілерінің, қасиетерінің ұрпақтан - ұрпаққа үздіксіз беріліп отыруы болып табылады.
Тұқым қуалаушылықтың екі мәні бар:
1) тұрақты, консервативті болуы, яғни ұрпақтан - ұрпаққа ағзалардың негізгі белгілері мен қасиеттерінің өзгеріссіз беріліп отыруы. Оған мысал ретінде қойдан - қозыдан, түйеден - ботаның, биеден - құлынның, иттен - күшіктің туылуын атауға болады. Тұқым қуалаушылықтың консервативтілігінің нәтижесінде биологиялық түрлердің, тіршіліктің тұрақтылығы, біртұтастығы қалыптасады; 
2) Тұқым қуалаушылықтың өзгергіштігі, яғни әр түрлі себептер салдарынан ағзалардың белгілері мен қасиеттері азды-көпті өзгеріске ұшырайды. Оған мыңдаған мысал келтіруге болады. Бір отбасының балалары бір-бірінен аз да болса ерекше, өзгеше болады; егістіктегі бидай, жүгері, арпа өсімдіктер биіктігі өнімділігі жағынан түрліше болуы. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің нәтижесінде тіршіліктің сан алуан түрлері пайда болады.
Генетика ғылымының негізгі мақсаты – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеп, тіршіліктің негізгі заңдылықтарының сырын ашу, анықтау болып табылады.
Оның медицина, ауыл шаруашылығы салалары үшін маңызы өте зор. Адам ауруларының көбісі тұқым қуалайды, ал тұқым қуалайтын инфекциялық, инвазиялық және аурулардың зілділігі тұқым қуалаушылықпен анықталады. Оларды анықтау, емдеу, болдырмай алдын алу үшін, генетиканы жақсы игеру қажет. Ағзалардың тұқым қуалаушлық қасиеті ертедегі грек оқымыстыларына белгілі болған, бірақ олар оның мәнін дұрыс түсіндіре алмаған.
Тіршілік – организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілер мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Бірақ олардың ішінде толық ұқсастық ешқашанда болмайды. Бір ата-анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай болмасын бірбелгі – қасиетінде айырмашылығы да болады.
Организмнің сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады, оны өзгергіштік деп атайды. Өзгергіштік пен тұқым қуалаушылық бірімен - бірі қатар жүретін және бір - бірімен қарама – қайшы, әрі өзара тығыз байланысты процестер.
Генетика ғылымының дамуы 3 кезеңнен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет