Ересектер тобында (4-5) Балалардың кеңістікті бағдарлау жайлы
білімдері кеңейтіліп, қорытындала бастайды. Ол үшін арнайы
жаттығулар орындату қажет. Мысалы, тәрбиеші балаларға заттарды
көлеміне қарай : сол жақтан үлкен, оң жақтан кішкентайынан бастап
қою. Немесе үстел үстіне ойыншықтарды қояды: ит, мысық, сиыр,
қоян. Тәрбиеші балаларға қарап: Айтыңдаршы, сиырдың алдында
қандай жануар тұр? Мысықтың сол жағында қандай жануар тұр?
Мысық қандай жануарлардың ортасында тұр? Одан кейін тәрбиеші
ойыншықтарды араластырып, оларды алма-кезек орналастырады:
кім бірінші тұр? Мысықтың алдында қандай жануар тұр? т.б.
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен
өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс-
әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады:
1) дидактикалық ойындар–логикалық ойлауын, математикалық
қабілеттерін дамыту.
2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар–
балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте
сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3) математикалық сергіту сәттері кеңістікті бағдарлау, қимыл
қозғалысты дамыту.
1.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын
дамытудың тәсілдері
Ойындар ерекше кеңістіктің қалыптасуына түрткі
болады, онда балалар жаңа тәжірибе жинайды, жаңа
өмір талаптарына, соның ішінде, мектепте қойылатын
талаптарға іштей дайындалады. Балалар зейін қоюды,
тыңдауды және бақылауды үйренетіні ерекше маңызды.
Осының арқасында мектепте оларға мәліметті өңдеу
және тапсырмаларды берілген үлгі бойынша орындау
оңай болады.
Кеңістікті бағдарлау жайлы алған білімдерін
қорытындылау мақсатында әртүрлі ойын ойнатуға
болады
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер
жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы
секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған
жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша
көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу
қажеттігі туындады.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным
белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын
дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу
материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың
көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына
қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |