Мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасының ойын арқылы қалыптасуының рухани-адамгершілік аспектісі



Дата21.07.2020
өлшемі17,71 Kb.
#63588

Мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасының ойын арқылы қалыптасуының рухани-адамгершілік аспектісі.

Рахпанова Б. Ғ – оқытушы

Қостанай педагогикалық колледжі

«Адам өркениетке бейім болу үшін балалық шақты бастан кешу міндетті, егер ойынмен қызыққа толы балалы шақ болмаса, ол мәнгілік жабайы болып қалған болар еді» деп бекерге айтпаған. Бала ден Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ы. Алтынсарин. Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу-маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сөйтіп өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат-мүделерінің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Заман ілгері жылжыған, ғылым дамыған сайын бала тәрбиесі құрсақта жатқаннан басталаты анықталып отыр. Ендеше үзілісіз тәлім-тәрбие үрдісінің түп тамыры, өзегі мектепке дейінгі тәрбиеден бастау алатынына ешкімнің де таласы жоқ.

Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуды ойын ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуға, қоғамның рухани және адамгенршілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты білім мен тәрбие беру аса назар аударарлық саланың бірі. Осы саланың алғашқы буыны- мектепке дейінгі тәрбиенің бүгінгі тынысы мен болашағы. Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүние жүзілік педагог– ғалымдарының өткен замандардан бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселелердің бірі. 19 ғасырдың 2 жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы – бірінші қазақ педагогы Ы.Алтынсарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы педагог ғалымдары К.Д Ушинский, Л.Н.Толстой, Бунаковтармен пікірлес болды. Оның 1879ж . басылған «Қазақ хрестоматиясын» алсақ, әрі мазмұны әрі методика жағынан балаға дұрыс тәрбие беруге лайықты құрылғанын көреміз. Қалай болғанда да балаға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүние танушылық көз қарасын кеңейту үшін «Қазақ хрестоматясын» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелер еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адамгершілік т.б осылар тәрізді жақсы мінез құлыққа тәрбелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Хрестоматияға енгізілген шығармалар балалардың жасына, сана сезімдеріне лайықты алып, педагогикалық ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, мейірімділік талаптарына сай әңгімелерді әдейі саналы түрде таңдап алғанын көреміз.

есінің даму мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.

Мыс: Балалардың ең сүйіп орындайтын ертегілердің бірі «Мақта қыз бен мысық » - бұл ертегіні бала әңгімелеп қойылым қою барысында Мақта қыз бен мысықтың бір біріне ерегісіп, шақырғанда келмеуінен туған іс – әректі арқылы ағашқа, қыздарға, тауыққа, дүкеншіге көмектесу кезіндегі Мысықтың кішіпейіл болу әрекетін қызықтай отырып осы ертегінің мазмұны әрқашанда үлкеннің айтқанын тыңдау мейірімді болуға тәрбиелейді.

Ы.Алтынсарин танымал әңгімелерінің бірі «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесін бүлдіршіндермен оқу әңгімелеп беру үстіде кішкентай өрмекшінің өзі де өзінің өрмегін тоқып жатқанын бақылау арқылы, құмырсқаның иелеуіне өз азығын тасып еңбектеніп жатқанын көріп, енді қарлығаштың өз баласына тұмсығымен тістеп азығын апара жатқанын әкесі баласына – көрдіңбе ұлым деп көрсету негізінде балаларды еңбекке, істеген істерін аяқтауға баулу.

Келесі «Бір уыс мақта әңгімесі »балалардың торғайдың істеген іс әрекетін тыңдап әңгімелеу арқылы мейірімділікке еңбекке шақырамыз.

(7слайд,8слайд)

Ы.Алтынсарин келесі алынған әңгімелері «Әдептілік», «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала» шығармалары арқылы біз мектепке дейінгі жастағы балаларды еңбек етуден жалықпау, әрқашанда мейірімді, кішіпейіл болуға үйретеді.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталу керек. Халықта «Ағаш түзу өс0у үшін оған көшек кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгенршілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасымен педагогтар шешуші роль атқарады.Рухани адамгершілік тәрбие екі жақты процес.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани адамгершілік аспектісі дамуы бала бақша мен отбасы арасындағы қарым – қатынасы тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандайда болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.

Рухани адамгершілк тәрбиесінде баланы тек жақсылыққа - қайырымдылық, мейірімділік ізгілікке тәрбиелеп соны мақсат тұтса,ұстаздың ата – ананың да болашағы зор болмақ. Ұлағатты ата аналарымыз ғасырлар бойы ұрпағын бар жақсы қасиеттерге баулып, оның әдепті ар – ұятты, мейірімді, адамгершілігі мол болуын тілеп отырған.

Ы.Алтынсариннің балаларға аранап жазған «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Әке мен бала» «Өрмекші құмырсқа қарлығаш» әңгімелерін және Крыловтан аударған «Мақта қыз бен мысық», «Мейірімділік», «Әдептілік» шығармаларын сахналап ойнау арқылы әдептілікке адамшылдыққа, еңбекқорлыққа және жақсы мен жаманды айыра білуге бала бақша табалдырғынан бастап үйретеміз. Ыбырайдың шығармаларының суреттерін қолданып, ойлау отырып әңгіменің мазмұнын дұрыс, таза айтуға және сөздік қорларын дамытуға қалыптастырады.Сонымен бірге «Мына әңгімен ата» «Авторы кім?», «Суретті дұрыс орналастыр» т.б дидактикалық ойындары арқылы Ы.Алтынсариннің шығармаларын танып – білуіне бағыт беру

Ы.Алтынсарин шығармалары болашақ ұрпағымыздың ең қасиетті мінез –құлықтарының қалыптасуының рухани адамгершілік аспектісі деп білемін.



Ыбырай шығармаларының міндеті – сол ұлттық байлықты жаңаша озық ұстанымдармен байланыстыра алып, рухани бай жан – жақты дамыған жеке дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастырып әр баланың өзіне – өзі сенімін нығайтып, өзіне – өзінің жол ашуына мүмкіншілік жасау. Ы.Алтынсарин Қазақ балалар әдебиетінің атасы деп бекер айтпаған. Өйткені оның әңгімелерінің мазмұны ,ішкі сыры балалардың ой – санасына, жасына лайықты жазылып және өз жанынанда бірнеше әңгімелер шығару арқылы Ыбырай кейінгі ұрпақтар үшін шығармаларын аса құнды мұра ретінде қалдырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет