Мұғалімге арналған


Білім берудің халықаралық стандартты жіктелімі (ББХСЖ) туралы



бет2/6
Дата21.01.2022
өлшемі119,88 Kb.
#112738
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
TALIS сауалнамасы (1)
1 сынып, 5-cынып-БЖБ-2, компьютер-кауіпсіздік, компьютер-кауіпсіздік, Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Білім берудің халықаралық стандартты жіктелімі (ББХСЖ) туралы


Өзінің құрылымы мен білім беру бағдарламаларының мазмұны бойынша ұлттық білім беру жүйелері әртүрлі болуына байланысты ұлттық және халықаралық деңгейлерде түрлі елдердің жетістіктерін салыстырып, олардың прогрестерін назарға алып отыру оңай емес. Білім беру жүйесінің аспектілері мен үдерістерін халықаралық деңгейде түсініп, оған дұрыс түсініктеме беру үшін деректердің салыстыруға келуі маңызды. Оған ЮНЕСКО-ның Білім берудің халықаралық стандартты жіктелімін (ББХСЖ) қолдану арқылы қол жеткізуге болады. ББХСЖ халықаралық деңгейде салыстыруға болатын статистикалық деректерді жіктеуге және ұсынуға арналған тұжырымдамалық құжат болып табылады.

ББХСЖ халықаралық деңгейде салыстыруға болатын статистикалық деректерді жинау және талдау мақсатында қолданылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық әлеуметтік және экономикалық жіктелімдер жүйесінің бір бөлігі болып табылады. ББХСЖ-ны білім беру бағдарламалары мен тиісті жіктелімдерді білім деңгейлері мен салалары бойынша реттеуге арналған нұсқаулық десе болады. ББХСЖ халықаралық келісім негізінде туған және ЮНЕСКО Бас конференциясына қатысушы-елдер ресми түрде бекіткен құжат болып табылады.

ББХСЖ халықаралық деңгейде келісілген санаттарға сәйкес бағдарламалар мен қорытынды біліктіліктер арқылы анықталатын білім беру қызметін жіктеудің негізі болып табылады. Сондықтан ББХСЖ-ның негізгі ережелері мен анықтамалары халықаралық деңгейде қолдануға, әрі білім беру жүйесінің барлық салаларын қамтуға арналған.

ББХСЖ жіктелімі білім беру бағдарламалары (ББХСЖ-БАҒДАРЛАМАЛАР немесе ББХСЖ-Б) және алған білім деңгейлерін (ББХСЖ-ДЕҢГЕЙ немесе ББХСЖ-Д) кодтаудың параллельді сызбасынан тұрады. Осы сызбалар аясында жеке-жеке тоғыз деңгей бар. Әр деңгей шеңберінде санаттар мен кіші санаттарды анықтау қажет болған жағдайда пайдаланылатын қосымша өлшемдер қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет