V. Бір ән - бір әлем Мұнда оқушылар Абай атамыздың әндерін орындайды.
VI. Ділмар Мұнда оқушылар Абай атамыздың өлеңдеріндегі сөздердің мағынасын ашып, қай өлеңде кездесетінін айтады.
1. Ұшпа. 2. Ғибрәтлі. 3.Қансонар.
4.Хаса. 5. Шапқат. 6. Тағылым.
Мұғалім: Абайдың 1890-1898 жылдары жазған бір алуан шығармалары - қарасөздері. Абай XIX ғасырдың 90 - жылдары өзінің ой толғаныстарын қарасөздермен жазған. Абайдың қарасөздері - көркем әңгіме емес, ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми философиялық толғаныстары кең орын алған.
VII. Ой толғаныс Абайдың қарасөздерінің негізгі тақырыптары жазылған. Ол нешінші қарасөзінде жазылған? Оқушылар кестені толтырады.
Қарасөздерінің тақырыптары
Нешінші қарасөзінде айтылған ?
1. Жан азығы мен тән азығы.
2. Иман - дәстүрлі сенім.
3. Қайрат, ақыл, жүрек.
4. Адам естіп,көріп,ұстап,танып,біліп,есті болады.
5. Өз ісіңе есеп бер.
6. Оқу- білімнің пайдасы.
7. Қазақтың шын сөзге ермей,өтірікке сүттей ұйыйтыны несі екен?
8. Екі қасиетімізді жоғалта бастадық, бірі сөз тыңдау, екіншісі намысқойлық.
Ән: "Көзімнің қарасы " (Орындаған: Мәдина)
Қорытындылау: "Абай - қазақ поэзиясының асқар биігі." Абай поэзиясы - махаббат, сүю, сүйіспеншілікке толы поэзия. Ақынның қай туындысы болмасын, оның алтын арқауы болып адам тұрады, адамға деген махаббат тұрады. Ақын поэзиясында толық адамның бейнесі тұрады.
Марапаттау: әділқазылар саралай келе, ұпайларын есептеп,ұпайы көп оқушыға "Ең үздік Абайтанушы"атағын беру.
Қорытынды: -Балалар, қорыта келе айтарым:біз үшін Абай өмірі - үлкен тәрбие мектебі, себебі оның өлеңдерінің жастарды білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына көз жеткізіп отырмыз. Түсінген адамға Абай өлеңдерінің жастарға берер тәрбиелік мәні зор екен. Сайысты Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс"деп айтқан пікірмен
аяқтаймыз.
Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Көкөзек ауылындағы орта мектебі» КММ Тақырыбы: «Ең үздік Абайтанушы» сайысы
Орындаған: Кемелова Кенжекүл Ажайпханқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі