Мифология. Діндер типологиясы. Миф (аңыз) адамзат баласы дүниетанымының


Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин



бет2/3
Дата07.03.2023
өлшемі4,63 Mb.
#171407
1   2   3
Байланысты:
мифология

Анимизм (лат. anima — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын бiлдiретiн термин.
Анимизм кейiнгi дамыған дiндерге апаратын баспалдақ есебiнде болды. Жанның мәңгілігі, басқа әлем туралы түсініктер діннің негізіне айналды. Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. 
Қазақ мифі типологиялық сипаты жағынан әлем халықтарында, әсіресе көне бабыл елі, шумерліктердің, түркі елдерінде кездесетін мифтермен ұқсас. Ұмай, Бабай Түкті Шашты Әзіз, Еміре, Үббе, Қорқыт және т.б. кейіпкерлердің әр алуан нұсқада түркі халықтарының көпшілігінің мифологиясынан ұшырасуы - Қағанат қалыптаспаған бағзы заманаларда-ақ ортақ танымдық кеңістік болғандығының айғағы.
Екінші бір түрі - тау-тас, алып-құздардың ерте заманда адам болғаны жөніндегі («Келіншек тау», «Қырық қыз», «Қоңыр Әулие», «Көртышқан», «Жеті қарақшы», «Үркер» және т.б.) көне мұралар және оған қатысты мифтік аңыз-әңгімелер.
Қазақ мифтері тақырыптық жағынан:
  • ғарыш туралы (космогониялық),
  • аңдар мен құстар (этиологиялық),
  • адамдар мен рулардың шығу тарихы жайында (генеалогиялық) мифтер деп сараланып жүр.


ДІН
Діннің басты белгісі – адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне немесе құдіретті күштер әлеміне сену және оны мойындау
  • құдіретті күштердің табиғатты және адамзатты жаратуы, оған әсер етуі, тіпті оны басқаруы мүмкін екеніне деген сенім;
  • рәсімнің міндетті екеніне деген сенім;
  • өмір бойы ұстану, толығымен берілу, сөзсіз сену

Діни іс-әрекет діни сенімнен туындайды. Қасиетті мәтіндерге сүйеніп орындалатын іс-әрекеттер екіге бөлінеді.

ІЛІМДІК

  • Ілімдік іс-әрекет - діни ілімді жинақтау, сараптау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны қалыптастыру, орнықтыру. Діни насихат, дінді уағыздау, діни оқу орындарында білім беру де ілімдік іс-әрекетке жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет