Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет242/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер
67425079.a4, 67425079.a4
Ақ түйенің қарны 


239
жарылды
 – м
олш
ылыққа, қуанышқа, жақсылықка, үлкен тойға кенелді
деген 
мағынада қолданылатын дағдылы тұрақты тіркес, метафоралық 
мəні бар, ұлттық дүниетанымның бір көрінісі. Ал орыс тіліндегі аудар-
ма мазмұныны жақсылық, қуаныш емес, құрбандық шалу мағынасына 
қарай аударылған. [Cмағұлова, Керимова, 262]. Бұл – коммуникативті 
сəтсіздіктердің айқын көрінісі.
Коммуникативті сəтсіздіктер себептеріне тілде қолдануын реттейтін 
лексика-фразеологиялық шектеуліктерді жатқызуға болады. Осындай 
ақаулықтар тіл бірліктері мағынасын адекватты түрде түсінбегендіктен, 
мысалы, жалған эквиваленті білмегендіктен туындайды. Коммуника-
тивтік сəтсіздіктер тек қана қатысым кодын (тілді) білмегендіктен емес 
(лингвистикалық сəтсіздіктер), сонымен қатар, тілден тыс білімдердің 
болмауынан (семиотикалық сəтсіздіктер) пайда болады. Əдетте, жиі 
кездесетін семиотикалық ахуалдарға өзге мəдениетке тəн символдар 
мен салт-дəстүрлерін түсінбеу, оларды адекватты түрде қабылдау жа-
тады. Осындай коммуникативтік сəтсіздіктерге ұшырау айтарлықтай 
мəдениаралық қақтығысты тудырады [Cмағұлова, Керимова, 2019, 
260].
Аудармашының коммуникативтік жəне линнгвоэтникалық құзыреті 
мəдениаралық қатысым үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылатын 
аударманың сапасын бағалайды.
Қазақ тілінде оқитын оқырман үшін аударманың неғұрлым өз тіліне 
бейім, сəйкестеніп тұруы үлкен шеберлікті қажет етеді. Мысалы:
• Савельич те менің істегенімді істеді, ал күзетшілер 
жерден жеті 
қоян тапқандай 
бізді айдап кете барды. (106 б.). 
• Савельич последовал по моему примеру, и караульные повели нас 
с торжеством. 
(с.
 
311).
Мысалдар А.С.Пушкиннің «Капитанская дочь» шығармасының 
Ə.Тəжібаев аудармасынан алынды. Қазақ ұғымына «с торжеством» – 
«салтанатпен» дегеннен гөрі осы ұғымға жақындау ерекше қуанышты 
білдіретін «жерден жеті қоян тапқандай» фразеологизмі тонның ішкі 
бауындай етене жақын əрі эмоционалды-экспрессивті. 
Қазақ фразеологизмдерінің аударуға келмейтін, баламасын табу қиын, 
ұғымда жоқ метафоралы түрлері кейде көркем əдебиет аудармаларында 
мүлдем түсіріліп қалатын кездері болады. 


240
Мəселен, М.Əуезовтың «Абай жолында» көзіміз түскен кейбір тұрақты 
тіркестер орысша нұсқада кездеспейді. Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   248




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет