Сегізінші сабақ
Тақырыбы: Қазақстанның ауа райы
Оқу-тәрбиелік мақсаты:
Қазақстанның ауа-райының еркешелігі туралы оқушылардың білімдерін тұжырымдау
Қазақстан климатын айқындайтын негізгі факторлар сияқты күн радиациясы, атмосфера ауасының құбылуы, жер жамылғылары жөнінде оқушылардың білімін жүйелеу.
Ауа-райын болжаудың қажет екендігін түсіндіру.
Сабақтың барысы. Географиялық диктант. Оқушылар кескін картасын алады. Мұғалім өзі айтқан пайдалы қазбаларды кескін картаға түсіруді талап етеді.
I вариант II вариант
мұнай табиғи газ
көмір темір кені
марганец кені никел кені
боксит мыс
полиметалл кендері фосфорит
(Қазбалардың санын мұғалім өз қалауынша көбейтуге болады.)
Оқушылар жұмыстарын тапсырады. Мұғалім: Әңгіме тыңдаңдар. Мен аспанға қарап бір нәрсеге таң қалып тұрмын. Биік аспанға бір қара шымылдық тәріздес бір нәрсе көтеріліп, шапшаңдықпен бізге қарап төңіп келеді. Бұл келе жатқан жерден аспанға көтерілген шаңды топырақ. Бірер минут біз ұйқы-тұйқы қараңғы шаң тозаңның астында қалдық. Әлгіндей боран кедергісіз, сонан кейін бәрі тез өтіп кетті. Мұндай тоғайсыз, ашық жазықтар, өте қолайлы. Өсімдіксіз жалаңаш жерлерде өте көп пайда болады. Кейде ыстық құрғақ жел осындай жердің үстіңгі қабатындағы беткі жағын ұшырып келесі бір топырағын құнарлы жерге көшіріп отырады. Бұл жерде енді шаңды топырақтан пайда болған ыстық та құрғақ жасалып ауа райы бұрынғыдан да құрғақтана түседі. Бұл өніп келе жатқан егісті күйдіріп жібереді. Мен бірде қатты желдің сортаң жердің тұзды қабатын шаңға айналдырып ұшырып кеткенін көрдім. Осындай ыстықта, құрғақ жерлер де ауада тұзды жел соғатыны аз кездеспейді.
Осылай оқытушы В.А.Келлердің Каспий маңындағы шөлейт дала зонасындағы шаңды боран жөніндегі әңгімесінен үзінді келтіреді. Енді әдейі дайындалған оқушы хабарландыру айтады.
- Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
Украинаға арналған жауын Каспий ойпатына ауысады.
- Сендер қалай ойлайсыңдар, бір кездерде радиодан не теледидардан осындай хабар бола ма?
Ауа райы мен жауын-шашыңды басқару жолында не істеу керек?
Енді көріп отырсыңдар, ауа райы біздің көңіліміздегідей емес. Егерде осының бәрін қолдан меңгеретін болса түймені басып қалып өзімізге қолайлы ауа-райын басқару үшін ауа-райының өзгеруі заңдылығын жете білетін болса, ғылымға көп үлес қосар еді.
Біз бүгін «Қазақстанның ауа-райы» деген тақырыпты бастаймыз. Қазақстан ауа-райы құбылмалы (континентальды).
Әңгімеге қажетті сұрақтар:
Қазақстанда ауа-райының өзгергіштігінің қалыптасуына қандай жағдайлар себеп болады?
Ауа-райын құруға әсер ететін негізгі факторларды атаңдар?
Солардың ішіндегі ауа-райын қалыптастыратын негізгі факторлар не? Оған сипаттама бер.
Қойылған сұрақтарға шамамен мынадай жауап береді.
1. Климаттың құбылмалы болуына ауаның құрғақтығы, жауын-шашынның өзгеруі әсер етеді. Мұндай ауа-райы Қазақстан Еуразия материгінің ішкері жағында орналасқандығына байланысты. Ол солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай көп жерді алып жатқанымен, мұхит пен теңіздерден алыс жатыр.
2. Климатының қалыптасуына келесі факторлар әсер етеді: географиялық орны, күн радиациясы, ауа массасының ығысуы, жер беті жамылғысы.
3. Ең көп әсер ететін факторлар: географиялық орны мен күн радиациясы.
Ары қарай мұғалім класқа тапсырма береді: оқулықтың картасынан жалпы радиацияның Қазақстан территориясында қалай таралатынына талдау жасап, мынадай сұрақтарға жауап беріңдер. Картада жалпы радиация көрсеткіші қандай белгілермен белгіленген?
Қазақстан территориясы бойынша жалпы радиациясы көрсеткішінің таралуының өзгешілігі неде? (Оқушылар ендік бойынша, радиация мөлшері оңтүстікке қарай көбейе түседі).
Мұғалім: Климаттың қалыптасуына сонымен бірге атмосфера құбылысы да әсер етеді.
Республика территориясына жыл бойы негізгі үш түрлі ауа массалары келеді. Тынық мұхиты мен Үнді мұхитының үстінде қалыптасатын ауа массалары Қазақстанға жетпейді. Қазақстанның ауа-райының қалыптасуына Атлант, Солтүстік мұхиттар және оның теңіздері ғана әсер етеді. Жолында тау кедергілері болмағандықтан, ауа массалары солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай еркін ығысып ауыса алады. Атлант мұхиты теңіздерінің ауа массасы өте ұзақ жолдан өтіп, көп ылғалынан айырылып, Қазақстанға едеуір құрғаған күйде жетеді. Солай бола тұрса да батыстан келетін ауа тасқыны республикада түсетін жауын-шашынының көбін әкеледі. Солтүстік мұзды мұхит Қазақстанға жақынырақ, бірақ жыл мезгілінің көпшілігінде мұз құрсап жатқандықтан, оның ауасының ылғалы аз және суық болады.
Климат үшін желдің маңызы зор. Бұл әртүрлі ауа массаларын тасымалдайды. Қазақстанда жел режимінің материктік сипаты болады және жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады.
Мұғалім оқушыларға оқулықтың 83-87 бетін ашып төмендегі сұрақтарға жауап берулерін сұрайды.
1. Неге Қазақстандағы қысты «Сібірлік» деп, жазы «Орта Азиялық» деп атайды?
2. Республикамызда құрғақ, қуаңшылықпен қалай күрес жүргізіледі?
Ары қарай өз бетімен жұмысты жалғастыру үшін, мұғалім 85 беттегі Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасына талдау жасау және 86 беттегі 1,2 тапсырмасына ауызша жауап дайындауды тапсырады.
Үйден жыл мезгілдері деген әңгіме құрастырып келу керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақстанның климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
2. Жиынтық күн радиациясының келуі қандай факторларға байланысты?
3. Қазақстанның кескін картасына климаттық белдеулерін белгілеу.
Тоғызыншы сабақ
Практикалық сабақ: Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:
1. Қазақстан территориясында жауын-шашынның таралу ерекшелігін түсіндіру.
2. «Ылғалдық коэффиценті» деген ұғымды тұрақты қалыптастыру.
3. Физикалық және климаттық картаға талдау жасап Қазақстан территориясында жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктерін түсіндіру.
4. Картаның негізіне сүйене отырып негізгі себептерді анықтау.
Көрнекі құралдар: карталар, жыл мезгілдері туралы слайдттар.
Сабақтың барысы: Мұғалім екі оқушыны тақтаға шығарып, олардың берілген сұраққа жауап жазуын сұрайды:
1. Ауаның қысымы. 2. Ауаның температурасы
Үшінші оқушы дайындықсыз Қазақстан климатына сипаттама береді. Жауаптың сұрағы карточкаға жазылады.
Жауаптың жоспары:
1.Климаттың түрлері
2.Күн радиациясы
3.Атмосфера құбылмалылығы (циркуляциясы)
4.Ауа массасының түрлері
Оқушыларға қосымша сұрақты «неге» деген сөзден бастау ұсынылады. Оқушылар орнынан жауапқа талдау жасап, баға туралы өз пікірлерін айтады.
Мұғалім жауапты түсіндіріп толықтырып баға қояды.
Жаңа тақырып физикалық және климаттық карталарға мұғалімнің сұрағы бойынша талдау жасаудан басталады.
1. Жауын- шашынның ең көп және аз таралған жерлерін табыңдар. Себебін түсіндіріңдер?
2. 99 беттегі картаны қарап Қазақстан территориясында батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай жылы кезеңдегі жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне көңіл аударыңдар?
3. 101-102 беттегі «Жылы кезеңдегі жауын-шашын мөлшері және Қар жамылғысының қалыңдығы» картасына талдау жасап, оған әсер еткен фактыны түсіндіріңдер?
4. Әртүрлі Қазақстан қалаларының жылдық жауын-шашыны мен температурасының бағдарламасына талдау жасап, бір-бірінен айырмашылығын анықтаңдар. Түгелдей талдау жасалынып болған соң мұғалім «Жыл мезгілдері» (үй тапсырмасы) деген әңгімені оқуға оқушыларды шақырады. Оқушылардың әңгімесі мұғалім және оқушылар әкелген суреттермен сипатталынады.
Енді үйге тапсырма беріледі.
Мұғалім «Қазақстанның ауа райы мен жер бедері» тақырыбын қайталау сабағына дайындалып келуді тапсырады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Жауын-шашынның таралу ерекшелігі қандай факторларға байланысты?
Өздерің тұрған жердің ылғалдылығы қандай? Жаз бен қысын сипаттаңдар.
Ылғалдану коэффицентінің формуласымен шөл және шөлейт зонасындағы ылғалдану коэффицентін есептеп шығарыңдар.
Оныншы сабақ
Оқу қайталау сабағы
Тақырыбы. «Қазақстанның климаты мен жер бедері»
Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:
1. Оқушылардың теориялық білімімен практикалық жұмыс істеу қабілетін келесі қосымша жұмыстармен бекіту.
а) Жер бедері мен ауа райының пайда болу теориясы арқылы
б) Жер бедерінің номенклатурасы туралы
в) Картаның көмегімен географиялық есептерді шешу арқылы
г) Географиялық (номенклатура) компоненттерінің өзара байланысы арқылы.
Көрнекі құралдар: физикалық, тектоникалық, климаттық карталар, жер бедері бейнесінің суреттері, кескін картасы.
Сабақтың барысы: мұғалім оқушылардың барлығына кескін картаны таратады.
Қазір сендер бірнеше жұмбақ естисіңдер, оның жауабын кескін картаға түсіріңдер.
1-ші жұмбақ: Бұл аймақта жер бедері біркелкі. Қай жерлерінде жоталар кездеседі. Бұл кедір-бұдыр ұқсас болады.
Құмды жоталар онша терең емес ойпаттармен қосылып олар бір қырқаға айналады. Кей жерлерінде көшпелі құмдар кездеседі. Тегіс батпақтарда онша терең емес қазаңшұңқырлар кездеседі, олар көлдермен, батпақпен толтырылған
2-ші жұмбақ: Бұл қырат жер бедерінің алуан түрлілігімен өзгеше болып келеді. Біркелкі төмен жатқан жерлері, тік келетін беткейлермен (250 м) аламасып отырады. Орталық тұсында таулы жоталар солтүстіктен оңтүстікке қарай төмендеп келіп шығанаққа айналады. Жотаның және шығанақтың көп бөлігі теңіздік және континенттік (саз, мергел, құм) шөгінділерден түзелген.
3-ші жұмбақ: Ежелгі мүжілген таулы аймақ. Миллиондаған жылдар бұл жерді жауын-шашын, жел билеген: ыстық пен аяз, ағынды сулар иемденген аймақ. Олар бір кезде биікше тауларды құлатып, оларды аласа ойпаттарға айналдырған. Осы таулардың тек негізі ғана сақталған. Қазіргі кезде бұл таулы өлке тас шоқылармен, биік тасты пирамидалар бірі бірімен ұласқан, жартастардан, кей жерлері үлкен жастықтарға ұқсас болып келеді.
Енді сөздің (ауызша) осыларға ұқсас келесі аймақтар үшін жұмбақ құрастыруларыңа болады: ол батпақ-дала үстірті, Балхаш маңындағы жазық т.б. Енді цифр белгілерімен кескін картаға мен айтқан тау аттарын жазыңдар. 1, 2, 3 цифрлар енді бар, 8, 9 т.б. цифрларды ары қарай жалғастырыңдар.
1 ВАРИАНТ 2 ВАРИАНТ
4. Алтай 4. Алтай
5. Сауыр-Тарбағатай 5. Сауыр-Тарбағатай
6. Жоңғар Қақпасы 6. Жоңғар Қақпасы
7. Қаракүйе 7. Қаракүйе
Осыдан кейін коллекциядан Алтай тауында кездесетін қазбаларды тауып сол туралы айтуларың керек.
Оқушылардың жауабын мұғалім толықтырады.
Егерде біз осы тастарға мұқият қарасақ, олар бізге өте көп мәліметтер береді. Осының ішінде барлығыңа белгілі қорғасын бар. Ол ауыр металл, көгілдір-сұр тектес. Ақындар бір қайғылы жағдайларды жырлағанда осы қорғасынмен теңейді. «Қорғасындай түнерген» не болмаса «Аяққа қорғасын құйып қойғандай» деп айтылады. Соғыс алаңында осы қорғасыннан жасалған оқ қаза әкелген. Қорғасын адамды қуанта да алады, одан оқ, бытыра, баспаға әріптер жасалынады және де адамдарды радиоактивті сәулелерден сақтайды. Атом электростанцияларда, кемелерде, өмірге қауіпті сәулесінің жолында қорғасыннан кедергі қалқан жасалынады. Мен сендерге өздерің атаған қазбалардан тек қорғасын туралы айттым.
Егер көп білгілерің келсе А.Е. Ферсманның кітабын оқыңдар. Одан көптеген мағлұмат аласыңдар.
Осы байлықтарды игеру жолында оның қай жерде кездесетінін ғана білу аз, ол үшін адамдардың қандай ауа-райы жағдайында жұмыс істейтінін білудің маңызы зор. Мысалы, сендерге Батыс Сібір, Туран ойпаты жеріне зерттеу жүргізу керек болды дейін. Қазір бірінші қатардағы оқушылар Батыс Сібір ойпатына, екінші қатардағылар Туран ойпатына зерттеу жасайды. Осы өлкелердің ауа-райының жағдайын дәптерлеріне жазып алыңдар. Тапсырманы жазып алыңдар. Ауа райына сипаттаманы келесі жоспар бойынша жасайсыңдар (жоспар тақтаға ілінді).
Аймақтың аты мен координаты
Жылы мен суық айлардың температуралары және оның ауытқуы
Жауын-шашын мөлшері
Басым ауа массалары
Басым жел бағыттары
Жалпы қорытынды (климат түрлері, геологиялық зерттеуге қолайлы жағдайы).
Осыдан кейін кезекші оқушылардың дәптерлерін жинап алады. Егер уақыт қалса, оқушылар келесі есепті шығарады.
1. Қыс өте қатал. Бұл жерге жиірек циклондар мен жылы тропикалық ағыстар келіп отырады. Олар жылымық әкеледі, ал кейде жауын-шашын түрінде түседі. Бұл үзіндіде қай жер айтылады? Осы территорияның шілде мен қаңтар айларының орташа температурасын анықтаңдар. Бұл жерге циклон мен тропикалық ағыстар келетіндігін түсіндіріңдер.
2. Жаз. Ыстық, құрғақ. Кейде температура 45˚ дейін көтеріледі. Бұл жерде қай аудан туралы әңгіме болып отыр? Жаздың құрғақшылығын қалай түсіндіруге болады?
Енді климат картасы бойынша есеп құрастырыңдар. Біз бүгін сабақта өте көп жұмыс істедік, ойларыңда не жайында көп сақталады?
Біз тағы да география ғылымына құбылыстар бір-біріне байланысты екеніне көз жеткіздік. Сендер географиялық құбылыстар және аймақтар өзгеріссіз қалмайтындығына, барлығы үнемі қозғалыста болып дамитындығына көз жеткізіңдер. Табиғаттың даму заңын жақсы түсініп, адамзат оны қорғау керек.
Біз өз Республикамыздың байлығын үнемі қорғап және адам пайдасына жаратуды ары қарай оқи береміз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Климаттың адам баласының шаруашылық әрекетіне қандай әсері бар?
Өздерің тұратын жерде қандай қауіпті атмосфералық құбылыстар бар?
Климат картасы бойынша қаңтар мен шілдедегі орта температураның солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай қалай өзгеретінін байқап, себебін түсіндіріңдер.
Өз аймақтарының жазғы және қысқы температуралық режимдерін бағаналы диаграмма ретінде сызып дәптерге талдауды жазу.
Он біріші сабақ
Ойша саяхат сабағы
Тақырыбы: Қазақстанның өзендері. Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама
Солтүстік Мұзды мұхит су қоймасына жататын өзендер.
Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:
Солтүстік Мұзды мұхит су қоймасына жататын өзендердің ерекшеліктерімен таныстыру.
Кейбір өзендер туралы деректерді айқынырақ түсіндіру.
Жоспар бойынша өзендерге сипаттама беруді үйрету.
Көрнекі құраладар: Физикалық, климаттық карталар, суреттер.
Сабақ барысы: Мұғалім сабақтың тақырыбымен таныстырып, физикалық карталарын ашып қоюды сұрайды.
- Қазақстанның өзен жүйелерін мұқият қарап шығыңдар.
- Сендерде қандай пікір пайда болды?
- Қазақстанның өзен торабының біркелкі таралмауының ерекшеліктерінің себебін табыңдар. Өткен сабақтан жауапқа қандай материалдарды (жер бедері, климат) қолдануға болады?
Солтүстік Мұзды мұхит су қоймасына жататын өзендерді атаңдар. Осы өзендерді оқу бүгінгі сабақтың тақырыбы болады. Біз сендермен класта емес ғылыми экспедициядамыз, ұғыңдар. Біздің экспедициямыздың мақсаты Солтүстік Мұзды мұхиттың су қоймасына жататын өзендерді оқып, оларға сипаттама беру. Енді осы жұмысты біз қалай жасаймыз? Ол үшін біз бірнеше өзендерге ойша саяхат жасап оны жазамыз. Сипаттаманы қалай жазамыз? Егерде белгілі жоспар болмаса әрбіреуіміз ойымызға келгенді жаза берер едік, мүмкін ұсақ түйекті жазып, ең бастысы ұмытып қалуымыз мүмкін. Сол үшін бірігіп жоспар жасайық. Дәптерлеріңді ашып жазыңдар.
Өзен сипаттамасының жоспары:
Өзеннің бастауы, орнының биіктігі, ендік бойлық
Өзен ағып өтетін жердің бедері
Жағалауларына сипаттама
Салалары
Құятын жері
Режимі (су деңгейінің ауытқуы, толысуы)
Шаруашылықтағы мәні
Келешекте пайдалану жобасы
Біздің саяхатымыз Ертіс өзенінен басталады. Бірінші саяхатты бәріміз бірігіп жасаймыз, одан кейін өз беттеріңмен саяхат жасайсыңдар.
Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км-ге жуығы ғана Қазақстан территориясында. Ол Қытайдан басталып, Қазақстан территориясында Қара Ертіс деп аталады, Зайсан көлі мен Бұқтырма бөгеніне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашқыда белесті-төбелі жазықпен ағып, Алтайдың Нарым, Қалба жоталары және басқа тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Зайсан көлімен Өскемен қаласының аралығында көптеген салалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі суы мол әрі ең ірісі – Бұқтырма өзені.
Өзеннің бойында Бұқтырма саласынан төменіректе Бұқтырма СЭС-і салынды. Ертіс шатқалында орасан зор бөгет (96 м) салынуының нәтижесніде, ағыс бойымен жоғары қарай ұзын 600 км-ге созылған су бөгені бар.
Бұқтырма бөгені Цимлянск теңізінен едәуір үлкен. Оны үлкен Ертіс теңізі деп атауға болады. Бұқтырма бөгенінен екінші бөген – Кіші Ертіс теңізі жасалған. Ертістің бұл жердегі суын көтеріп тұрған Өскемен СЭС-ң бөгеті. Өскемен мен Семей қалаларының аралығында Шүлбі бөгені орналасқан. Оны Шүлбі СЭС-ң бөгеті бөгеп тұр.
Шүлбі су қоймасы
Өскеменнен төмен қарай Ертіс кең аңғармен ағады, оның оң жағында Сарыарқа жатыр. Аңғардың жағалауы едәуір биік әрі тік құлама, кей жерлері жартасты. Ертіс Семей қаласы тұсында нағыз жазықтағы өзенге айналады. Бұл жердегі өзен арнасы ирелеңдеп келуде, кей жерде тарамдалып кетеді.
Өскемен мен Семей қалалары арасында Ертіске бірнеше сала келіп құяды, олардың ішіндегі ең ірілері – оң жақтан келіп қосылатын Үлбі мен Оба өзендері және сол жақтан келіп қосылатын Шар мен Қызылсу өзендері.
Ертіс аралас қоректенетін өзендер қатарына жатады. Салалардың біразы Алтайдың биік тауларынан басталады да, мәңгілік қар мен мұздықтардың еріген суымен толығады. Басқа салалары жер асты суы мен жауын – шашынмен қоректенеді. өзендердің деңгейі бүкіл жыл бойы едәуір жоғары болып тұрады. Оның суы мамыр айларында және маусымның бас кезінде молаяды. Өскемен мен Семей арасындағы Шүлбі қаласы аймағында өзендерінің айлық орташа шығыны мамыр айында 2541 м3/с, ал көп жылдық орташа шығыны кезде Семей тұсында 960 м3/с жеткен. Осы ауданда жылдық орташа ағын 27 млрд м3-н жоғары. Қарашадан көкектің ортасына дейін Ертіс қатып жатады.
Барлық жері кеме жүруге қолайлы. Жолаушылар және жүк таситын параходттар, теплоходттар, катерлер Қытай шекарасына дейін барады. Суы электр энергия ретінде қолданылады. Ертіс балыққа бай және онда кәсіптік маңызы бар шоқыр балық, сылан, бекіре, шортан, алабұға, қара балық ауланады. Жақында сазан, табан балық, көксерке және байқал түркесі өсіріле бастады.
Ертіс маңызы зор, бірақ ол халық шаруашылығында жеткілікті пайдаланылмайды. Ертіс суының көбі текке Обь өзеніне ағып кетіп жатыр. Сондықтан халық игілігіне жарату мақсатымен оның суының бір бөлігі канал арқылы Орталық Қазақстанға әкелуге жоспарлануда.
Енді сендер басқа өзендермен саяхат жасаңдар (өз қалауларың бойынша). Оқушылар картаның негізіне қарап ауызша сипаттама құрайды. Біраз уақыттан кейін мұғалім: Егерде біз ғылыми саяхатымыз туралы кітап жазатын болсақ, сипаттамадан басқа тағы да қандай материалдар керек болар еді?
- Карталар, фотосуреттер. Мұғалім үй тапсырмасын (123-127 бет) береді. Бір өзенге ойша саяхат жасап, картаға жолдарыңды құрастырып келіңдер: жол сипаттамасы үшін сурет сала білетіндерің жақын өзеннің бөлігінің суретін салып, суретке түсіре алатындарың суретке түсіріп алып келіңдер. Қалған оқушылар Қазақстан өзендері деген тақырыпқа қызықты әңгіме құрастырып келіңдер.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Өзен жүйесі, өзен алабы, суайрық деген не?
Қазақстан өзендерінің қандай ерекшеліктері бар? Өзен торының жиілігі неге әр түрлі?
Қазақстанның кескін картасына өзендерінің аттарын жазып, су аймақтарын көрсету.
Он екінші сабақ
Аралас сабақ
Тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары
Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды Қазақстанның ішкі су қоймаларымен таныстыру.
Карта бойынша қашықтық өлшеу туралы білімдерін тұжырымдау.
Өзен ағысының жер бедерінің, нәр алуының ауа-райы режиміне байланыстылығын анықтау.
Мұздықтардың өзендердің толысуында алатын орнын түсіндіру.
Көрнекі құралдар: физикалық, климаттық карталар, суреттер.
Қазақстанның ішкі сулары
Сабақтың барысы: Мұғалім тақтаға бір оқушыны шақырып түсіндіріп тұрады. Қалған оқушылар кескін карталарын ашып үйге берілген тапсырманың орындалуын көрсетеді. Кейбір оқушылардың жұмысын мұқият тексеруге алады. Ертіс өзеніне саяхат жасаушының түсінік жауабын тыңдап алып, оны отырған оқушылардың қосымша сұрақтарымен толықтыруын, және де жер бедерімен өзен алқасының, климатпен өзеннің байланысын айтуды талап етеді.
Жаңа сабақты бастау жұмысы карта бойынша әңгімеден басталады. Оқушылар карталарын ашып мұғалімнің сұрағына жауап береді.
Сонымен біз Солтүстік Мұзды мұхит су қоймасының өзендерімен таныстық. Олардың бір-бірімен жалпы ұқсастығы неде:
Олар таулы аймақтардың тұрақты бұлақтарынан, қар суынан немесе мұздықтардан нәр алады.
- Ішкі сулар қоймасының өзендерін атаңдар.
- Олар неге осылай аталады?
- Солтүстік Мұзды мұхит су қоймасы өзендерінен ішкі судың айырмашылығы неде? Суы маусым кезінде уақытша тұзды келеді.
Бірнеше есептер шығарайық. Жайық, Сырдария, Іле өзендерінің нәр алу режимін анықтайық. Оны қалай анықтаймыз? Кәне сен айта қойшы Айзада. Анықтау жолын Айзада айтып береді.
- Жұмыс істеуге кірісіңдер. Жұмысты бітіргендерің қолдарыңды көтеріңдер, бұрын бітірілген жұмыстарға баға қойылады. Тапсырма бітірілгеннен кейін оқушыларға оқулықтың 113-115-116 беттеріндегі суреттерді қарап шығып, өзен ағысының өзгешілігін, арнадағы жыныстардың ерекшелігіне көңіл аударылады.
Қазір оқулықтың ішінен осыған ұқсас өзендерді таңдап алыңдар.
Осыдан кейін мұғалім масштаб арқылы бір тілім қағазбен Іле, Жайық өзенінің ұзындығын өлшеп, оны кітаптағы деректермен салыстырады. Жұмыс аяқталып біткен соң, ең ірі ағысы жоқ су қоймалары туралы алдын-ала дайындалған оқушы әңгімелейді.
1. Жайық, Орал тауынан басталып Батыс Қазақстанды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп жатыр. Ақсамайлы Ақ Жайық деп халық ауыз әдебиетіне сіңіп кеткен бұл өзен алып Еділдің кіші інісі іспетті. Оның күшті толқындарында Степан Разиннің бүліншілік кемелері жүзген. Оның тік жер жағалауынан Сібірді бағындырған Ермактың қанды жорығы еткен. Оның толқыны өзінің құшағында В.Чапаевтың денесін қабылдаған. Оның суық та таза суына В.Чкалов шомылуды жақсы көретін. Бұл өзен Орал тауынан басталып Каспий ойпатымен кең арналы жазықтағы өзенге айналады. Бұл жерлерде өзен орман арасымен ағады. Әсіресе өзен аңғарындағы шабындық өсімдіктер алуан түске бөленіп құлпырып тұрады. Бұл жерде Жайық жартасты тау жоталарды аралап өтіп, жағаларындағы қарағайлы қайыңды ормандармен жеміс-жидегі самсып тұрған бұталы тоғайларға нәр бере отырып қазақ даласымен көсіле ағады. Өзен магнитті тау етегіне жеткен жерде түтіндері бұдақтап үлкен өнеркәсіпті қала Магнитагорск жайылып жатыр. Тау екі саласымен айнала өтіп суын оңтүстікке қарай Орал жотасы арқылы алып кетеді. Егерде кішкене қайықпен өзеннің арнасына түсіп Жайықтың Каспийге құйған жеріне барса өзеннің көптеген ұсақ тармақталып кеткенін көруге болады, ол тармақтардың таяздығынан қайық жүзе алмаушы еді.
2. Іле өзені. Мен оқулықта жазылмаған әңгімені айтайын дейді оқушы. Орталық Қазақстан қырқаларының оңтүстік шығысында Балқаш көлінің оңтүстік жағында, шығыстағы шөлді дала Сарыесік-Атырау құмы көсіліп жатыр. Бұл жердің көне аты – Жетісуға оның айналысындағы Жоңғар Іле Алатауындағы өзендер де жатады. Жетісудан Балқаш көліне дейін төрт өзен келіп құяды. Оның барлығы қарлы,Тянь-Шань жотасынан ағады, ішіндегі суы молы Іле өзені. Көлемі жағынан Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендерінен кіші. Егерде осы өзендерден бірінен-бір бақыр суды көсіп тұндырса көп шөгінді қалады. Сонда сендерге құмды шөлдердің ғасырлар бойы сулардың жуып-шаюыннан пайда болғандығы түсінікті болады.
3. Сырдария Өзбекстанның Ферғана аңғарындағы Қарадария мен Нарын өзендерінің біріккен жерінде сәнді Сырдария өзені пайда болған. Тентек Сырдың ағысы көп таудан ағатын өзендерден, оның ішінде Ертістен де жылдам. Енді өзеннің құламасына назар аударыңдар. Мырзашөлдің алаңында өзеннің теңіз деңгейінен биікте 273 м, ал Қызылордада-129 , Арал теңізі маңында - 6 м ғана.
Керемет күш. Осындай құлама күш суды арықтармен жүздеген км жерге қуалап кетеді.
Сырдария тентек өзен. Тянь-Шань тауының қия жарларын бұзып-жарып кесіп өтіп жазыққа шыққанда маңғазданып мол су ирелеңдеп ағады. Қазақ даласының көп жерін аралап ағады. Қазалының тұсына келгенде кенеттен тағы да бұлқынып ақ бурыл Аралға асығатындай мінез көрсетеді. Теңізге құйылар алдында, ол өзінің кең далада өткен жолдарын еске алып артына қарайлай беретіндей, оны қимайтын сияқты көрінеді. Бұл алып Сырдарияның бұлақтай ғана қалдығы, қалғаны жол-жөнекей егістікке бұрылып әкетіледі. Аралға Сыр өзені құймайды десе де боларлық. Бұл адамның табиғатқа жасаған қиянаты. Аралдың құрып бара жатқандығы осыдан. Сырдария ашулы өзен. Кешегі XIX ғасырдың өзінде оны бөгей алмады. Батыстан атақты Ескендір, Шығыстан әйгілі Шыңғысхан осы ашулы өзеннің бойына тоқталатын. Өзін жердің тәңірімін деп есептейтін Темір де Сырдарияның жағалауына өзінің қосын тіккен.
Суының тасуы кезеңіндегі күшті желдің әсерімен өзен жағаларынан асып төгіліп қатты тасып, ойпатты көлге, оларды бір-бірімен қосып теңізге айналдырып жіберер еді. Осы кезеңде адамдар үшін Дария өте үрейлі. Бұл кезде жолында арықтар, жыралар, үйлер кездессе, оны жермен жексен етіп жуып кетеді. Ашуы басылып біраз өткеннен кейін етегін жинап алып, түк болмағандай, қайтадан арнасына түсіп момақан аға бастайды.Ойнақшыған өзен тасыған кезде егістік тұсынан сусылдап шыққанда, оны ұстап егістікке бұру өте қиын. Ал арнасына түскеннен кейін, оны күшпен қуып құрғақ далаға шығара алмайсың. Сырдария арасында су көтерілгенде халық шаттанып қалады, бірақ залым өзен халықты алдап, құрғаққа отырғызып кетеді, жоқшылыққа мәжбүр етеді.Бірақ та күн құдіреті адамға көмекке келеді. Ол Тянь-Шаньның жотасына үңіле қарағанда, оның жылуынан тау баурайынан Сырдарияға қар суы ағып келіп қосылады. Өзен арнасынан асып аласа жағалауларды басып кетеді бұл суды адам пайдалана алады.
Сол суды реттеу үшін Қызылорда плотинасы салынды, олардың суы егістіктерге жіберіліп тұрады. Өкінішке орай, әлгіден Сыр суының «ашулануы» қазіргі кезде болмайды десе де болғандай, себебі шаруашылықта пайдаланудан Сыр суы азайды.
Енді айтылған өзендерді атап, картадан көрсетіңдер.
Үй тапсырмасына әртүрлі су ағысы жоқ су қоймалары туралы әңгіме құрастырыңдар. Біз олар туралы деректерді кітаптардан, газеттерден, журналдардан ақсақал адамдардың айтуынан жинаймыз. Жақсы әңгімелер біздің Қазақстан жөнінде класс хрестоматиямызды толықтырады. «Өзен» тақырыбына географиялық диктант жазуға дайындалып келіңдер.
Қазір Қазақстанның өзендерінің су деңгейін анықтайтын кесте құрастырамыз. Жазбаны қалай етіп дайындаймыз? Кестеде неше бағана болады? Бағананы қалай атаймыз ?
Жазда суы мол өзендер
|
Көктемде суы мол өзендер
|
Тартылып қалатын өзендер
|
Оқушылар тапсырманы сабақ соңына дейін орындайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақстан өзендерінің қоректену түрлерін атаңдар.
2. Өзен торының жиілігі неге әр түрлі?
3. 2 өзенге (өз қалаулары бойынша сипаттама беру).
Достарыңызбен бөлісу: |