Науқастың төсектегі қалпы Қатаң төсек тәртібі


Симс қалпына науқасты жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі24,26 Kb.
#81309
1   2   3   4   5
Байланысты:
№9 прак.сабак наукас тосек калпы (1)
№9 прак.сабак наукас тосек калпы (1)
Симс қалпына науқасты жатқызу (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.
Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.
Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз науқас
қалпы, ойылудын алдын алуы.
Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар
қап), функциональды немесе жәй кереуетті.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
3. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.
4. Кереуеттің тежеуін (тормызын) бекітіңіз.
5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егерде ол болса).
6. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз.
7. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.
8. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.
9. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала ескертеді).
10.Шынтақ және иық буынынан 90° бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолы астына жастықты салыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау).
11.«Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту).
12.Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 90° бұрышпен қойыңыз (яқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету жэне олардың салбырауын алдын ала ескерту).
13.Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз.
14. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.
15.Поручендерді көтеріңіз.
16.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет