¤ндірістік ќауіпсіздіктіњ инженерлік негізі



Pdf көрінісі
бет60/65
Дата28.10.2022
өлшемі1,7 Mb.
#155386
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
treatise42883
1605077059, 1605077059, bestreferat-282699 (1)
Ток күші және кернеу.
Адамның электр тогымен жарақаттануын 
анықтайтын негізгі фактор адам денесінен өтетін ток күші (3 кесте) 


107 
болып табылады. Ток күші артқан сайын адам денесінің кедергісі 
төмендейді, себебі жергілікті жердің қызу нәтижесінде буындар 
кеңейеді және терлеу артады. 
Кесте 3-3. Әртүрлі ток түрлерінің бастапқы мәндері. 
Ток түрлері 
Ток күші, мА 
Ауыспалы 
ток 
Тұрақты 
ток 
Сезілетін ток – ағзадан өткенде тітіркенуді 
сезінетін электр тогы. 
0,6 – 1,5 
5 – 7 
Жібермейтін ток - өткізгіш ұстап тұрған 
қолдың бұлшық еттерін қысатын электр тогы. 
10 – 15 
50 – 60 
Фибрилляциялық ток – ағзадан өткенде 
жүректің фибрилляциясын тудыратын электр 
тогы. 
100 
300 
Адам денесіндегі кернеу жарақатқа әсер етеді, себебі адамнан 
өткен ток күшінің мәнін анықтайды. Кернеудің артуы мүйіздік тері 
қабатының бұзылуына әкеледі, нәтижесінде сыртқы терінің кернеуі 
бірнеше ондыққа төмендеп, ішкі терінің кернеуіне (300-500 Ом) 
жақындайды, сәйкесінше ток күші артады. 
Электр тогының жиілігі мен көзі.
Тұрақты ток айнымалы токпен 
салыстырғанда 4 – 5 есе қауіпсіз. Бұл сезілетін және жіберілмейтін 
айнымалы мен тұрақты токтардың бастапқы мәндерінен шығады. Бұл 
кернеу мәні 250 – 300 В дейін шынайы болып келеді. Жоғары кернеу 
мәнінде тұрақты ток айнымалы токпен (жиілігі 50 Гц) салыстырғанда 
өте қауіпті болып келеді. 
Айнымалы токта маңызды рөлды жиілік атқарады. Айнымалы 
токтың жиілігі артқан сайын дененің кедергісі төмендейді және 10 – 20 
кГц жеткен кезде терінің сыртқы қабаты электр тогына қарсы тұратын 
кедергісін жоғалтады, нәтижесінде ток артадыда жарақаттану 
қауіптілігінің ықтималдығы артады. 
Жиілігі 50 – 1000 Гц токтардың қауіптілігі жоғары. Жиілік артқан 
сайын жарақаттану қауіптігі төмендейді және 45 – 50 кГц жарақаттану 
қауіптігі мүлдем болмайды. Бұл токтар күю жағынан ғана қауіпті. 
Токпен жаралану қауіптігі жиілік артқан сайын 1 – 2 кГц ғана 
байқалады. 
Электр тогының әсер ету мерзімі.
Электр тогы ұзақ уақыт 
бойына әсер еткенде адам ауыр жарақаттанады, кейбір жағдайларда өліп 
кетуі де мүмкін. 
Ток күші 1 мА болғанда ұзақ әсер етседе зияны тимейді, ток күші 
6 мА болса, 30 секунд аралығында зияны болмайды. 
Келесі ток күштерінде жарақаттану ықтималдығы өте аз. 


108 
Кесте 3-4. Электр тогының әсер ету мерзімі. 
Әсер ету мерзімі, с 
Ток күші, мА 
1,0 
50 
0,7 
70 
0,5 
100 
0,2 
250 
Токтың адам денесінен өтуі.
Жарақаттану кезінде бұл факторлар 
маңызды роль атқарады, себебі өмірге қажетті ағзалардан – жүрек, 
бүйрек, бас миы және т.б. өтеді. 
Адам денесінен өткен токты ток күлі деп те атайды. Ток күлінің 
жиі кездесетін түрлері – қол-қол, қол-аяқ және аяқ-аяқ 5 кестеде 
келтірілген. 
Өте қауіптісі жүрек жолынан өтетін, яғни бас-қол, бас-аяқ. Бірақ 
бұлар сирек кездеседі. 
Кесте 3- 5. Адам денесінен өтетін токтың сипаттамасы, % 
Ток жолы 
Берілген ток 
жолындағы пайда болу 
жиілігі, гц 
Ток өткен кезде есін 
жоғалтқан адамдардың 
үлесі 
Қол-қол 
40 
83 
Оң жақ қол-аяқтар 
20 
87 
Сол жақ қол-аяқтар 
17 
80 
Аяқ-аяқ 

15 
Бас-аяқтар 

88 
Бас-қолдар 

92 
Басқалар 

65 
Адамның жеке қасиеттері. 
Денсаулықтары физикалық тұрғыдан 
жақсы және күшті адамдар электр соққысын жеңіл қабылдайды.
Тері ауруымен, жүрек-буын жүйелері, ішкі секреция және 
бүйректері, жүйкелері ауыратын адамдар электр тогына сезімтал 
болады. 
Электр қондырғыларын пайдаланудағы қауіпсіздік ережелері 
бойынша электр қондырғыларымен жұмыс істеу үшін денсаулықтары 
жақсы адамдар таңдалынады. Осы мақсатта адамдар жұмысқа 
қабылданған кезде, кейіннен периодты түрде екі жылда бір рет 
медициналық тексеруден өтіп тұрады. 
Сыртқы орта жағдайлары.
Қоршаған орта электр тогымен 
жарақаттану қауіптігіне үлкен әсерін тигізеді. 
Ылғалдылық ток өткізетін шаңдар, электр қондырғысының 
изоляциясын бұзатын газдар, сонымен қатар қоршаған ауаның жоғары 
температурасы адам денесінің электрлік кедергісін төмендетеді, 
нәтижесінде ток соғу қауіптілігі артады. 


109 
Адамға токтың соғу әсерін ток өткізетін едендер және жермен 
байланысы бар электр қондырғысына жақын тұрған метал құрылымдары 
тигізеді, себебі кернеуде тұрған екі ыдысқа бірдей тиген кезде адам 
денесінен ток жүреді. 
Жоғарыда келтірілген адам денсаулығына тигізетін токтың әсеріне 
байланысты «Электр қондырғыларының құрылғы ережелеріне» 
байланысты барлық ғимараттар төрт класқа бөлінеді: 

Қауіптілігі жоғары емес ғимарат.
Жоғары немесе ерекше 
қауіптілікті тудыратын жағдайлардың болмауымен сипатталады (пп. 
2 және 3). 

Қауіптілігі жоғары ғимарат.
Келесі жағдайлардың біреуімен 
сипатталады: 
а)
Ылғалдылық (салыстырмалы ылғалдылық ұзақ уақыт бойына 75 % 
жоғары болғанда) немесе ток өткізетін шаңдар; 
б)
Ток өткізетін едендер (металдық, жерлік, темір-бетонды, кірпішті 
және басқалары); 
в)
Жоғары температура (35 
0
С жоғары); 
г)
Адамның бір уақытта ғимараттағы жер металл құрылымымен, 
технологиялық қондырғымен, механизмімен және тағы басқада 
металл электр қондырғыларымен бірдей уақытта байланысқан 
жағдайда. 

Өте қауіпті ғимарат.
Келесі жағдайлардың біреуімен сипатталады: 
а)
Айырықша ылғалдылық (ауа ылғалдылығы 100 % жақын болғанда
ғимараттағы төбе, қабырға, еден және ыдыстар ылғалданғанда); 
б)
Оқшаулану және электр қондырғысының ток жүргізетін бөлігін 
бұзатын химиялық белсенділік немесе органикалық орта; 
в)
Қауіптілігі жоғары екі немесе оданда көп жағдайлар бірдей болған 
кезде (п. 2). 

Сыртқы электр қондырғысы орналасқан территория. Адамдардың 
электр тогымен жарақаттану қауіптігі жоғары болғандықтан бұл 
территориялар өте қауіпті ғимараттарға жатады. 
Химиялық өнеркәсіпте өндірістік ғимараттар өте қауіпті болып 
келеді. 
Сонымен қатар, климаттық ортаға тәуелді ғимараттар келесілерге 
бөлінеді: 
құрғақ (қалыпты)
ылғалдылығы 60 %, 
ылғалдылық
(60 – 75 %), 
дымқыл (75 % жоғары), 
айырықша дымқыл 
(100 % жақын ылғалдылық), 
ыстық (35 
0
С жоғары тұрақты температурада), 
шаңды, химиялық 
белсенді немесе органикалық орта ғимараты. 
Электр қондырғылары қызмет көрсету кезінде адамдарға қажетті 
қауіпсіздікті қамту үшін қоршаған орта мен ғимарат кластарының 
жағдайлары ескеріліп таңдалынады. 
Дымқыл, айырықша дымқыл және шаңды, сонымен қатар орта 
химиялық белсенді ғимараттарда орналасқан электр қондырғылары 


110 
жабық типте болу керек, не болмаса тамшы немесе шашыраудан 
қорғағыш, шаң өткізбейтін, желденбейтін болу керек. Сонымен қатар, 
электр қондырғылары жасалынған материалдар коррозияға тұрақты, ал 
металдық бөліктері лак бояумен немесе гальваникалық қабатпен сенімді 
қабатталу керек. 
Ортасы химиялық белсенді ғимаратында орналасқан электр 
қондырғылары мен электр желілері, сонымен қатар төсеніштерді 
агрессивті ортадан қорғайтындай етіп таңдалынуы керек. 
Жарылысқа қауіпті аумақтағы ортасы химиялық белсенді барлық 
кластарда поливинилхлоридпен оқшауланған, сонымен қатар резіңкелі 
және резіңкелі мен қағазымен оқшауланған, қорғасынды немесе 
поливинилхлоридті қабаттағы сымдар қолданылады. Полиэтиленмен 
оқшауланған сымдар қандайда жағдайда да қолдануға рұқсат етілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет