Не педагогика факультеті


Дәріс 2. Ювеналды педагогика пәнінің әдістері



бет2/17
Дата05.12.2022
өлшемі134,67 Kb.
#161225
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ювеналды педагогика пәнінен лекция жинағы

Дәріс 2. Ювеналды педагогика пәнінің әдістері
Қазіргі күні тағы бір проблема, мемлекет көмегіне зәру әрі әлеуметтік қауіпті ахуалға ұшыраған балалар мен жасөспірімдерді өз уақытында тиісті мекемелерге орналастыруға қатысты.
Жастарға отбасы мен мектеп табалдырығынан ақ құқықтық тәрбие беруді қамтамасыз ету керек. Білім беру мекемелерінің оқу бағдарламасына түрлі дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды енгізу қажет. Қылмысты алдын алу ісінде республикамыздың ішкі істер органдарының атқарған жұмыстарын атап өтуге тұрарлық.
Жас ұрпақ қоғамдағы болашағы мол, екпінді әлеуметтік топ. Жастар қандай болса, белгілі дәрежеде біздің бүгініміз де ертеңімізде соған сәйкес болады. Сондықтан да бұл мәселені мемлекеттік деңгейде қолға алар шақ келді.
Қылмыстылықпен күресте ең маңызды іс – оның алдын алу одан сақтандыру екені белгілі. Осыған орай, жастардың психикалық және физикалық тұрғыдан сау – саламат болуына, олардың сыртқы әлеммен өзара қарым – қатынасы барысында және кәмелетке толмағандар жасайтын қоғамға қауіпті әрекеттерге қатысты қолданылатын құқықтық нормаларды насихаттауға бағытталған арнайы бағдарламаны қабылдау аса қажет – ақ. Әрі аталмыш бағдарлама аясында біз мынандай іс – шаралардың жүзеге асырылғанын қалар едік:
Жастарды кітап оқып, театрға баруға, жалпы рухани өсуге ынталандыру, олардың өмірге деген дұрыс көз қарасын қалыптастыру;
«Балаларға көмек көрсету орталығын» ашу әрі мұндай орталықтарда қамқорлықсыз қалған балаларды, жетім балаларды, ата анасы тастап кеткен балаларды, қараусыз қалған және қайыршылықпен айналысатын балаларды, әр түрлі себептермен күн көруге қаржысы жоқ балаларды жан – жақты қамқорлыққа алу және тиісті тәлім тәрбиемен қамтамасыз ету;
Ұйымдастырушылық бағытында республикалық, аймақтық, облыстық және аудандық, ауданаралық жасы кәмелетке тоймағандар қылмыстылығымен күресу шараларының бағдарламалары қабылданып, оларда кәмелетке толмағандар тұлғасы ерекшеліктерін қылмыстың алдан алуда ескерілуі нақтылы түрде қаралу;
Республика шеңберінде арнаулы мемлекеттік криминологиялық орталық, ғылыми зерттеу институты ашылып, оның басты бір бағыты – жасы кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу мәселелері мен идеялары болу қажет. Ол орталықтың бөлімшелері (топтары, лабораториялары) әрбір аймақ, облыстарда жұмыс жасалуы қажет. Бұл жұмысқа жастар тәрбиесіне байланысты барлық мемлекеттік мекемелердің (әсіресе, ұйымдардың, педагогикалық, психологиялық, медициналық, тағы басқа әлеуметтік (профилактикалық), субьектілердің белсене қатысуын қамтамасыз ету;
Кәмелетке толмаған қылмыскерлермен жұмыс жүргізетін әлеуметтік және әлеуметтік – педагогикалық қызметтердің бөлімшелерін, яғни:
ювеналдық полиция;
ювеналдық соттар;
реабилитация (патронаждық) қызметтер;
омбудсмен (кәмелетке толмағандар құқығы жөніндегі өкілі) қызметін ашу;
Бұрын сотталып, рақымшылық алған, берекесіз отбасыларынан шыққан жасөспірімдердің мамандық алып, жұмысқа араласуына жағдай жасау, олар үшін еңбекке бейімдеу орталықтарын құру;
Міндетті квоталарды белгілеу жолымен кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру және жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімдеу жүйесін қалыптастыру;
Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер кешенін, оның ішінде, жастардың еңбек биржасын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға арналған әлеуметтік сауықтандыру мекемелердің, заңдық көмек беру және демалыс орталықтарын көптеп құру;
Оқу орындарында психо – педагогикалық қызметтер құру, сонымен бірге олардың типтік ережелерін жасау;
Балаларды қорғау мәселесі жалпы әлеуметтік қорғау проблемасынан ажыратылуы тиіс. Сонымен ұсынылған шаралар, біздің пікірімізше кәмелетке толмағандарды құқықтық – санасын жоғарғы деңгейге көтеруге, қоғамның ұмытыла бастаған моральдық құндылықтарын қайта қалпына келтіруге, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыруға барлық мүдделі ұйымдардың жұмысын үйлестіруге көмектеседі. 
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу, оларды тәрбиелеу, сондай ақ ата – аналардың бала тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілігін жоғарылату, кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау сияқты мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.
Қорта айтқанда, бүгінгі танда жас ұрпақ өзіне ерекше назар аударуды, әрі тәрбиелеу бағытындағы ықпалды шараларды үздіксіз жүргізіп отыруды, сонымен қоса қоршаған дүниенің заңдылығын дұрыс түсіну үшін үздіксіз көмек көрсетіп отыруды қажет етуде. Олай болса, болашақтың бүгіннен басталатын ескере отырып, жас ұрпақ мәселесіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөлгеніміз абзал. Жастар проблемасын асқындырмай, алдын алған мемлекетте ғана кемел келешек бар екені сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет