Негізгі тапсырмалар: Жамбыл облысындағы жартастағы таңбаларға мінездеме және Жамбыл облысы территориясындағы жарғабақ тастардағы таңбалардың зерттелуі. Тақырыптың өзектілігі



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі216,5 Kb.
#93589
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
петроглифтер
document, петроглифтер
Тақырыптың өзектілігі. Көшпелілер тарихы мен ескерткіштерін зерттеу әлемдегі шығыстанушылардың, соның ішінде археологтардың назарындағы басты ғалыми бағыт ретінде қалыптасты. Отандық ғылымда халқымыздың археологиялық ескерткіштері егжей-тегжейлі зерттелді деп айту әлі де ертеЖан-жақты зерттелген деуге болада. Сол жартастардың бетіне бейнеленген таңбалар, суреттер жайында ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде жазылған еңбек жоқтың қасы. Олар жайында тарихи еңбектерде, баспасөздерде ара-кідік мақалалар жарық көріп келеді.
Тақырыптың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе екі тарау, қорытынды қысқарған сөздер, мен мәлімет берушілер есімдері, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, безендіру материалдары және қосымшадан тұрады.
Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алар орнын, бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға-өз халқы өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті тән. Бұрынғы ұрпақтардың мирас болып қалған мәдени-тарихи мұралардың бірегей саласы –жарғабақ тастардағы таңбалар сыры. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену мен құлдырау кезеңдерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді. Қазақстан жері ежелгі мәдени ескерткіштерге бай. Тарихи мәдениет куәсі дейтініміз –олардан ертедегі адамзаттың ойлау өресін, тұрмыс –тіршілігін, айналаны қоршаған ортаға дүниеніні аңғарамыз. Археология- әлем халықтары тарихының қайнар көзі десек, ол петроглифтерді зерттеуде этнология, фольклор, мифология, дінтану, философия, сынды бірқатар ғылым салаларымен астарласа жататындығын да айта кеткен жөн.
Еліміздің жерінен Оңтүстік Қазақстан Қаратау, Жетісу, Ертіс өңірі, Шыңғыстау, Маңғыстау, т.б. көптеген петроглифтер шоғыры табылып отыр. Олардағы айшықтар да әр алуан. Петроглифтер жазықтыққа қарағанда, таулы жерлердегі жарғабақ тастарда көп. Әсіресе Орталық Азия мен Сібірде, ішінара Кавказ бен Оралда көптеп табылуда. Карпат тауларда, Оңтүстік Буг пен Днестр өзендері бойындағы сурет салуға қолайлы жартастарда аталмыш мәдениет ескерткіштері мүлдем жоқ. Демек, бұл бақташы малшылар мен аңшылар қолынан шыққан шығарма екендігін және де осы шаруашылық әдеп –ғұрпы басым болған халықтардың мәдениеті екендігін көрсетеді.
Адамзат қызметінің бейнелері Қазақстан жерінің петроглиф табылған көп аудандардан кездеседі. Көбінесе адам іс-әрекетін аңшылықтан, жайгершілік тақырыптан көреміз. Аңшылыққа негізделген тас бедерінен хайуанаттарды қоршап немесе қаумалап ұстау көріністеріндегі адам бейнесінде еркек жыныс мүшесі қоса салынады. Мұндай көріністер аңшылық ер адамдардың ісі болғанын көрсетіп тұр. Қазақстан петрогифтеріндегі ең көп кезедесетін хайуанат –таутеке. Оның бейнесі барлық өңірдегі жартас суреттерінде басым. Аталмыш бейне туралы пікірлер де бар, бірақ неге көп екендігі туралы әлі де тұңғылықты зерттеу жұмысы жоқ. Есесіне тур-өгізі өте сирек кездеседі, петроглифтер мерзімін датасын анықтауда олардың болуынаң маңызы зор. Себебі, олар Қазақстанда жойылып кеткен мамонттық немесе жоғарғы палолиттік фауналық кешен (кейінгі плейстоцен) өкілі болып табылады. Өз сөзімді түйіндей келе- аталмыш мәдениет ескерткіштері –далалық өркениеттің негізін салушы тайпалардың танымдық түсініктердің дерегі. Петроглифтер ұлттық мәдениетіміздің бір ұшының қайнар көзі болып табылады, сондықтан да оларды болашақ ұрпақ санасына зерделеу біздің міндетіміз. Осы жартас бейнелерін оқытуды мектеп қабырғасынан бастау керек. Қазақстанның көп жерінен кездесетін мұндай тарихи ескерткіштерге мектеп мұғалімдері экскурсия жүргізсе, жас өспірімдердің өз еліне, мәдениетіне және тарихына деген сүйіспеншілігі сөз жоқ, артар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет