Немат Келімбетов Үміт үзгім келмейді


—  Мына адамды осыншама аянышты, соншама бейшара күйге түсірген кім? — деп сұрайды. Сонда жалшысы —



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата30.11.2023
өлшемі1,09 Mb.
#194265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Үміт үзгім келмейді

— 
Мына адамды осыншама аянышты, соншама бейшара күйге түсірген
кім? — деп сұрайды. Сонда жалшысы
— 
Кəрілік Одан бірде-бір тірі пенде қашып құтылған емес. Қартайғанда
сіз де нақ осындай боласыз, — дейді.
Сонда шаһзада
— 
Мен жастықтың буына мас боп, кəрілік шақтың келерін ойламай жүр
екем ғой. Мұндай жастық-мастық өмір құрысын! Түбінде мына шалдай
боп қартаярымды көріп, біліп тұрып, мен енді қалайша серуен құрып,
қалайша ойнап-күлмекпін?! Маған мұндай өмірдің керегі жоқ, — деп
үңгіріне қайтып кіріп, далаға шықпай қойыпты.
Əрі ойлап, бері ойлап, ақыры шаһзада көңіліне медеу тұтарлыктай бір
жұбаныш ойлап тапса керек. Бір күні серуен құруға тағы да шығады. Бұл
жолы олар бір ауру адамға душар


болады. Əлгі кісі безгегі ұстап калшылдап, еріндері кезеріп, көздері
жасаурап, аяғын əрең басып барады екен. Ғұмырында науқас көрмеген
шаһзада қасындағы серігінен «Мына кісіге не болған?» — деп сұрайды.
Бұл ауру адам екенін, ертең өзі де осылайша науқасқа ұшырауы мүмкін
екенін білген соң шаһзада.
— 
Бəріміз де бүгін сау-саламат, ал ертең дімкас, ауру екенбіз ғой! Бүйткен
саулық құрысын! Түбінде бір осындай дертке шалдығарымды біле
тұрып, мен қалайша бүгін көңіл көтеріп, серуен құрмақпын?! — деп ол
тағы да үңгіріне кіріп кетеді.
Шаһзада үңгірінен үшінші рет шықканда тағы бір сұмдықты көреді
бір топ адам жылап-сықтап, шаштарын жұлып, беттерін тырнап,
зарлап барады екен. Ұзын зембілге салып, үстін матамен жауып қойған
бірдемені көтеріп, əлдеқайда əкетіп барады
— 
Бүл не? — деп сұрайды таңырқаған шаһзада
— 
Өлген адам
— 
Өлген адам деген не?
— 
Жаны жоқ кісі
Шаһзада табытта жатқан өліктің бетін ашып көреді:
— 
Енді мұны не істейді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет