Немесе Жәдидтік қозғалыстағы әйелдердердің рөлі


Алаш әйелдердің теңдігі жолында



бет3/6
Дата07.10.2023
өлшемі31,34 Kb.
#184033
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қуандық М.

Алаш әйелдердің теңдігі жолында

Алаш қазақ қоғамындағы мәселелерді көптеп көрсетті және шешу жолында біраз еңбектер жүргізді, солардың ішінде қазақ арасында әйел теңдік міселесін қарастырды. Алаш ұлт болашағын үшін тең құқылы қоғам керек екенін өз бағдарламасында айқын нықтап белгіледі. Мемлекеттедінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; заңсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам сот бар жерде 24 сағат ішінде, сот жоқ жерде бір жетіден қалмай сотқа тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. Кісі хатын ашқанда – айып, оқығанға жаза болу [10]. Соның ішінде басты назар аударатын зерттеу нысаны әйел теңдігі болмақ, 1917 жылы Орынборда өткен Алаш Ор­да­ның конференциясы әйелдердің қоғам­да­ғы өмірі туралы шешім қабылдап, мына­дай тұжырымдарға келді:

- әйелдер мен ерлердің саяси құқық­тары тең болуы керек;

- әйелдер өздеріне серігін таңдауға ерікті;

- некеге тұру жасы 16-ға дейін ұзартылуы;

- молданың 16-ға толмаған қыздың, 18-ге толмаған жігіттің некесін қиюға құқығы жоқ;

- неке екі жақтың келісуімен қиылады;

- жесір әйелдерді күйеуінің туысқандарына зорлап қосуға болмайды;

- бірінші әйелі келісім бермесе, екінші әйел алуға болмайды.

Осы конференцияда ұсынылған идея­лар ол заманда әйелдердің тығырықтан шығатын басқа жолы болғандығын көр­сетеді. Ескі салт-сана мен әдет-ғұрыптың күйрей бастағаны, әйел рөлінің өзгергені көрінді[11]. ХХ ғасырда бас кезінде Алаш зиялылар ағартушылар, жазушылар қазақ қоғамындағы, ер адамдардан әйел адамдардың төмен құқылы деген ұғымды жою үшін атсалысты. Қазақ әдебиетінің хас майталмандары қолдарына қалам алып С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, М.Дулатов әйел мәселесін қатты сынға алды. Әйел теңдігі проблемасын шығармаларына баяндап берді. С.Торайғыров өзінің Қамар сұлу романында жаңа заманның өзінде, қазақтың әйелдері дәстүрден айналып кете алмай, рулық патриархалды қоғамнан қорлық көрген қыздың бейнесін баяндайды. Осындай батыл қадамдар арқасында қазақ қоғамында әйелдерге деген көзқарастар ақырын өзгере бастады, әйелдер қоғамдық жұмысқа араласып бастады. Қазақ жерінде жаңадан ашылған мектептерде әйелдерде қалыс қалмады, Орынборда Бағбыстан ханым қыздарға арналған 2 сыныптан тұратын жаңа әдістемелік мектеп ашса. Троицк қаласында молданың әйелі Башқатова мұсылмандық әйелдер училещесін ашты, ел ішіндегі бұл қатты сынға алынды бірақ жаңашылдар тобы басымдыллыққа ие бола бастады [13]. Журнал беттеріндегі әйел теңдігі мәселелесі көтерліп отырды, онда қазақ қыздарын дамыған қоғам талаптарына сай сәйкес тәрбиелеу туралы жазылып келді. Айқап газетінде жұмыс жасаған қазақ қыздары Сақыпжамал Тілеубаева, Марьям Сейдалина, Күләйім Өтегенова секілді өжет қыздарымыз алғашқы тілшілер шығып отырды. Мысалы С.Тілеубаева 1911 жылы шыққан Айқап газетінің нөмері 7 санында «Ұзақ күткен үмітім Һәм бас адамдарға бір екі сөз» мақаласында ер балаларды оқытып, ал қыздар оқу мен ңылым білімнен тыс қалатынын одан қалса қалын малға сатып. Еріксіз ұнатпайтын адамдарға тауар секілді беріп жіберетінін айқын айтты, қалын мал туралы Әлихан Бөкейханда сөз қозғады. Әлихан Бөкейхан қазақ қоғамында әйелдерді қалың малға сатады, әменгерлікк береді деп қатты сынады, «біздің қазақ қатынды қалың беріп, малға сатып алады»[14]. Осылайша ХХ ғасырда Орталық Азияда ағартушылардың көбісі дерлік ел ішіндегі ер мен әйел теңдігін көтеріп отырды, олар бұл мәселені жәйдан жәй қалдыруға болмайтынын ескертіп отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет