Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action – әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты беру ғана емес, студенттерге жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.
9. 1.Рөлдік ойындар әдісінің мәні, оқушылар басқа адамның бейнесіне кіріп, соның ішінде әрекет етеді. Ойында оқушыларға аяқталмаған ситуация беріледі де, олар берілген ситуацияны шешу немесе аяқтауы тиіс. Рөлдік ойын оқушылардың басқаның жағдайын түсіну, жаны ашу, іскерлігін дамытады. Басқаның рөлін ойнау арқылы оның көзқарасын, сезімін түсінуге болады. Рөлдік ойындар оқушыларға әртүрлі жағдайда өзін ұстай білуге үйретеді. Бұл әдіс өз пікірін қорғау, шешім қабылдау қабілеттілігін арттырады. Рөлдерді оқушылар өздері таңдаса да болады. Соңында ойын талқыланып бағаланады. Мысалы 6 сынып, Ежелгі дүние тарихы пәніндегі «Ежелгі Үнді мәдениеті» тақырыбында пайдалануға болады. Бұл тақырыпта бір бөлім Буддизм діні, оның негізін салушы «Гаутама - Будданың сопылық өмірге келу жолы» деген көріністі оқушылардың көрсетуіне болады. Мұндағы рөлдерді, Будданы, сарай қызметкерін, аластатылған қария, сопының рөлдерін оқушылардың өздері сомдап шығады. Сонда кейбір оқушылардың актерлік шеберліктерінің бар екенін байқауға болады.
«Интеллектуалды турнир».
Бұл шартына сай екі оқушы сайысына негізделген қалыпты ойын. 1 тақырып талқыланады. Ойын кімнің бастаушы болатынын анықтайтын жеребеден тұрады. Бірінші ойыншы сұрақ қояды, екінші ойыншы жауап береді. Сайыс ойыншының бірі жауап бере алмай қалғанға дейін немесе сұрақ қоя алмай қалғанға дейін жүргізіледі. Жеңімпазбен келесі ойыншы сайысқа түсе алады.
2.«Тарихи кейіпкермен интервью».
Оқып - үйреніп жатқан материалда тарихи тұлға болса, олармен интервьюді жоспарлап, өткізуге болады. Мұнда екі оқушы қатысады: интервью алушы мен беруші тарихи тұлға. Ойынға бүкіл сыныпты қатыстырып, баспасөз конференциясын да өткізуге болады.
«Ретімен қой».
5 сыныптағы «Қазақстан тас дәуірінде» тақырыбында пайдалануға болады.
Мысалы: Адам дамуының кезеңдері.
1. Неандертальдық - питекантроп - синантроп
Дұрыс жауабы: питекантроп - синантроп - неандертальдық
2. 2. кроманьондық - гомо - люси
Дұрыс жауабы: гомо - люси - кроманьондық
«Көш».
Бұл ойын тақырыпты ашуда көп көмегін тигізеді. Тақтаға жүк артқан 5 – түйенің көш суреті ілінеді. Көш 5 түрлі түспен салынады. Әр түйенің қомында тапсырмалар бар. Бірінші түйенің жүк салған қомында мынадай тапсырмалар бар.
1. Өнер деген не?
2. Өнердің қандай түрлері бар?
3. Қазақтың киіз үйінің құрылысын атаңдар
Бұл сұрақтарға оқушылар өз мүмкіндігінше төмендегідей жауап береді.
Өнер дегеніміз - халықтың талабынан туындаған белгілі бір еңбектің жемісі. Өнер түрлері: қолөнер, сөз өнері, саз өнері, бейнелеу өнері, сәулет өнері. Киіз үйдің құрылыс: шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық, басқұр тағы басқалар. Осылайша бесінші түйеге дейін сұрақ - тапсырмалар жалғасын табады. Арасында саз өнері туралы айта келіп оқушылардың өнерін тамашалауға болады.
«Көкпар».
Бұл ойында асықтар таңдап алынады. Асықтарды әдемілеп бояп, нөмірлеп қоюға болады. Әр нөмірленген асықтың өз сұрақтары, тапсырмалары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |