О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет11/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Қуаныш пен Күйзеліс
Қ
уаныш пен Күйзеліс! Бұл екеуі – адам баласын 
билейтін стимулдар. Психологтардың айтуынша, 
күнделікті істейтін ісімізді оны істемеуден туындайтын 
күйзелістен қашу үшін жасаймыз немесе оны істеп 
қуаныш тапқымыз келеді. Мысалы, адамдар күнде 
таңертең жұмыстарына қаламаса да жұмыссыздықтан 
туындайтын күйзеліске түспес үшін барады.
Сонымен қатар таңертең жүйелі түрде ерте оянатын 
адамдарды да байқаймыз, тіпті, демалыс күндерінде де 
ерте тұрып алып жүреді. Себебі, оларға таңертең ерте 
ояну қуаныш сыйлайды.
Керемет! Олай болса сенімдерімізді қуаныш пен 
күйзеліс әкелетін ойлар құрайды екен. Өзіңе ұнамайтын 
бір істі істеу керек болған кезді есіңе алшы?! Негізінде 
ол істі ойларың ауыр қылып көрсетеді. Бірақ оны 
бастаған кезде ол сезімді ұмытып кетесің. Артынша 
оның сен ойлағандай ауыр еместігін түсінесің.
Сол секілді бұл жерде шайтанның негізгі қаруы - 
азғыру жұмыс жасайды. Ол саған намазды өте ауыр
бейнетті іс қылып көрсете береді. Сөйтіп ойыңда 
намаздың ұнамсыз бейнесі қалыптасады.


iqup
39
1 миль (1,609 км) - 4 минут

миль – 4 минут» – сенімдердің қалай өзгеретінін 
көрсеткен оқиға. Көп жағдайда біз «мүмкін емес» 
деп ойлаған нәрселер жүзеге асып кетіп жатады.
Мыңдаған жылдар бойы адамдар бір милді 4 
минутта жүгіріп өту мүмкін емес деп санап келген. Ал 
Роджер Гилберт Баннистер 1904 жылы бұл көзқарастың 
тас талқанын шығарған. Ол бір миль қашықтықты 4 
минут ішінде кесіп өткен. Роджер оның жеңісінің себебі 
тек ауыр жаттығу ғана емес, үнемі өзін сол санды 
бұзатынын елестетіп, оның мүмкін екеніне сенген.
Оған қоса Роджер бұл рекордты бір жылдың 
ішінде, спорт карьерасының соңында яғни, отыз жеті 
жасында бұзған. Оның тәжірибесі адамдарға күшті үлгі, 
ориентация «reference point» (точ а отсчета) болды.
Әлемдік рекорд орнатқан адамдарда да тылсым 
биологиялық қабілеттер болмаған. Олар бар болғаны 
өздерінің ойлары мен сенімдерін өзгерткен.


МҮМКІНДІК
40
Тыныштық сыйла
Н
амаз жайлы ойларыңды өзгерт. Намазбен 
байланысты әдемі естеліктерді есіңе ал. Санаңдағы 
жаман ойларды намаздың әдемі естелігімен алмастыр. 
Ықыласпен, байсалдылықпен, таза әрі тыныш мешітте 
намаз оқыған күндеріңді есіңе ал. Рамазанда, тарауық 
намаз оқыған кезде жүрегіңді толқытқан сезімдерді 
есіңе түсір немесе сол сияқты намаз оқығың келген 
ықыласты адамның намазын есіңе түсір.
Қиялыңмен намаздың әдемі көріністерін елестетуге 
тырыс. Шайтан саған намазды ауыр қылып суреттеген 
сайын бұл ойларды басыңнан шығарып тастап, оны 
позитивті ойлармен алмастыру үшін нәпсіңмен күресіп 
көр.
Ойыңдағы намаздың бейнесін тыныштық, бақыт, 
жан рахатымен байланыстыруға тырысқан сайын (тіпті, 
әлі намаз оқымасаң да) ақылың оны шындық ретінде 
қабылдап, азғырулар әсер етпейтін болады.
Пайғамбарымыз да Біләлға азан шақыртып: «Ей, 
Біләл бізге намазбен тыныштық сыйла», деген. Біздің 
мырзамыз осы арқылы намаз тыныштықпен байланыса 
есімізде қалуын қалады. Бұл намаз оқуға көмегін 
тигізетін маңызды факторлардың бірі.


iqup
41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет