Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы


Оқушылардың суицидалды мінез-құлқының алдын алу бағдарламасы



бет25/62
Дата06.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#30070
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Оқушылардың суицидалды мінез-құлқының алдын алу бағдарламасы
1. Проблеманың мазмұны және оны бағдарламалық әдіспен шешудің негіздемесі
Өмірде отбасы мен жеке бастың күйзеліс кезеңінде әлемнің субъективті бейнесін, яғни өзіне және тұтас алғанда әлемге деген қарым-қатынасы мен көзқарасын бұрмалау тән. Бұл сәтте суицидалдық ойлар мен қиялдар жиі кездеседі.
БҰҰ-ның Балалар қорының берген есебі бойынша соңғы жылдары жастардың, тіпті балалардың арасында суицидалдық әрекеттер мен өзіне-өзі қол жұмсау айырықша өсіп отыр. Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы қайғылы жағдайлардың жетекші себептерінің ішінде үшінші орынды, ал өмірден қол үзудің негізгі себептерінің ішінде төртінші орынды алады. Қазіргі кезде өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі ресейлік жасөспірімдер арасында әлемдегі ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Қылмыстық іс материалдарының талдауына сүйенетін болсақ, кәмелетке жасы толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсауының 62%-ы қақтығыстар мен жағымсыз жайттардан: ересектер тарапынан көрсетілетін зорлықтан қорыққаннан, мұғалімдер, сыныптастары, достары тарапынан болатын жөнсіз әрекеттер мен жанжалдардың әсерінен, жан-жағындағылардың қатыгездігі мен бейжайлығынан болады.
Көп жағдайда жасөспірімдер ата-аналарының немқұрайлылығы мен педагогтардың олардың проблемаларын шешуге наразылығынан, яғни ересектердің немқұрайлылығы мен қатыгездігінен өзіне-өзі қол жұмсауға барады. Мұндай іске, әдетте, тұйық, жаны нәзік, жалғыздықтан жапа шеккен, өзін ешкімге керексіз сезінетін, жасөспірімдік өмірдің мағынасын жоғалтқан балалар (жасөспірімдер) барып жатады. Сонымен қатар, ата-аналар мен жасөспірімдердің ішімдікке салынуы мен нашақорлық, адамның жеке психологиялық ерекшеліктері, ішкі тұлғалық қақтығыстар өзіне-өзі қол жұмсау және т.б. әрекеттерге алып келеді.
Балаларда суицидалды әрекеттер қызбалықтан, күйзелістен туады және ол алдын ала жоспарланбайды. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері өмірге өнімсіз (қорғансыз) бейімділігі нәтижесінде – өзінің адамдармен және отбасымен, өз туыстары мен ішкі әлеммен шеттелу негізінде икемсіз қарым-қатынас құруы: өмірлік қиын жағдаяттарды қажетсіз, жөнсіз тәсілдермен шешуге тырысудың салдарынан болады.
Жасөспірімдерге өмірлік қиын жағдаяттарда дер кезінде психологиялық көмек беру қайғылы жағдайды болдырмауға септігін тигізер еді.

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет