Өндірістік практиканың мақсатына байланысты студенттің алдына келесі міндеттер қойылады


Консультаттардың заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен қарым-қатынасын зерттеу



бет5/7
Дата08.07.2023
өлшемі44,33 Kb.
#179352
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Нурдаулет практика

4. Консультаттардың заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен қарым-қатынасын зерттеу.
Заң консультантының сотпен, азаматтық процеске басқа қатысушылармен қарым-қатынасына тоқтала кетейік.
Азаматтық сот өндірісіне қатысу және сот процессіне төрағалық етушінің, прокурордың, басқа тараптан процеске қатысушылардың әрекеттеріне қарсы заңмен белгіленген тәртіпте наразылық білдіру кезінде Заң консультанты ұстамдылық пен әдептілік танытуға міндетті.
Сот процессіне, бітістіру рәсімдеріне қатыса отырып Заң консультанты басқа тұлғалардың - процеске қатысушылардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын және кемсітетін сұрақтарды қоймауға, оларға құрметпен қарауға тиіс.
Заң консультанты сотты күнілгері хабардар етіп, сот процессінің кейінге қалдырылуына, сотқа келмей қалуға, дәлелді себепсіз жүйелі түрде кешігуге жол бермеуге тиіс.
Заң консультанты мамандығы бойынша әріптестеріне құрметпен қарауға, Палатада дұрыс адамгершілік-психологиялық климатты сақтауға міндетті.
Заң консультанты өзінің мүдделеріне өкілдік ету үшін тағы басқа Заң консультантының қызметін пайдаланып отырған клиентпен шарт (келісім) жасайтын жағдайда, оған өзінің процеске кірісетіні туралы хабарлауға тиіс.
Егер азаматтық іс бойынша екінші тараптың заң консультанты (адвокаты) бар болса, Заң консультанты екінші тараптың мүдделеріне өкілдік ететін заң консультантының қатысуынсыз екінші тараппен қатынасуға құқылы емес.
Өз қызметін жүзеге асырып отырған Заң консультантының сыртқы келбеті қызметтік іс-шараның жағдайлары мен пішіміне байланысты азаматтардың Палатаға құрметпен қарауына септесуге, ресмилігімен, ұстамдылығымен, дәстүрлілігімен, мұнтаздығымен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуге тиіс. Заң консультанты болып істейтін әйелдерге косметика пайдалану және әшекей тағу жағынан сыпайылық пен ақылға қонымды қанағатшылдық танытуға кеңес беріледі. Әр Заң консультанты мемлекеттік органдарға, соттарға және т.б. баратын кезде Палатаның Басқармасы бекіткен атрибут белгілерді тағып жүруге тиіс.
Заң консультанты істің барлық мән-жайларын соттың жан-жақты және толық анықтауы және заңды шешім шығаруы үшін сот талқылауында өзінің процессуалдық құқықтары мен міндеттерін пайдаланып, адал ниетпен әрекет етуге тиіс. Заң консультанты қарау сатысындағы іс бойынша соттың қызметіне БАҚ-та жария баға бермеуге, сондай-ақ шығарылған, бірақ заңды күшіне енбеген сот шешіміне баға бермеуге тиіс. Күшіне енген сот шешімдеріне Заң консультантының түсіндірме беруіне болады, бірақ мұндай түсіндірмелер қоғам тарапынан сот билігінің беделін түсіру ретінде бағаланбайтындай жасалуға тиіс.
Соттарда қолданылып жүрген ережелерге сәйкес Заң консультанттарының сот ғимаратына жеке тексерусіз кіруіне және нормативтік актілер мен істің материалдарын іздеу, сот құжаттарын фотосуретке түсіру үшін смартфондарды, планшеттер мен компьютерлерді пайдалануына рұқсат етілген жағдайда, Заң консультанттары сот мәжілісі залында осындай құрылғылар арқылы фото- және бейнетүсірілімді соттың рұқсатынсыз жасамайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет