Орынбай Бертағыұлы



бет3/23
Дата27.12.2022
өлшемі157,63 Kb.
#164682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
19 ғ әдебиет жауаптары

Нұрым Шыршығұлұлы (1831, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы – 1908, сонда) – ақын. 
Асан қайғы, Сыпыра, Доспамбет, Шалкиіз, Абыл, Қалнияз секілді жыраулар мұрасынан өнеге алған. 
Нұрым жырлары алғаш М.Бекмұхамбетұлының “Жақсы үгіт” (Қазан, 1908) және “Аламан” (Ташкент, 1926) жинақтарында жарық көрді. Кейін өлеңдері “Ақберен” (1972); “Өсиетнама” (1982); “Бес ғасыр жырлайды” (1985 – 89); “ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985); “Абыл, Нұрым, Ақтаным…” (1997) атты жинақтарға енген. Терме, өсиет, арнау үлгісіндегі жырлары өмірдің өтпелілігін, замана жайын толғайды (“Мен қашанғы жүйрігің”, “Әлеумет, келдің қаумалап”, “Ұсынсам қолым жетер ме?” “Шенен ер”, “Жарлау”, “Әкесімен қоштасуы”, т.б.). Сондай-ақ “Тайсойған, Бүйрек – екі құм”, “Әтембекке айтқаны”, т.б. толғауларында ру алауыздығын шенеп, елді татулыққа, бірлікке шақырды. 
Нұрымның Абылмен, Қашағанмен білім сынасу мақсатында сұрақ-жауап үлгісіндегі айтыстары сақталған. 

  • Ол “Қырық батыр” дастанын Абыл ақыннан үйрене отырып, дамыта жырлады, Қашаған, Ақтан, Мұрын сияқты ақын-жырауларға ұластырды.[1]




  • Базар Оңдасұлының әдеби мұрасы, зерттелуі, жариялануы жайлы жазыңыз.

Базар Жырау Оңдасұлы Балқы Базар (1842, қазіргі Қармақшы ауданы ауыл – 1911, Өзбекстан, Тамды ауданы Жалпақтау деген жерде) – жырау
Руы – Шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар жырау аталып кеткен. Базар өлеңдері алуан салалы. «Халық үшін туған қайратты ер», «Жігіттік», «Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние» т.б. өлеңдерінің мәні ерекше.
Ақын атаулы соқпай өтпеген атақты «Жиырма бес» туралы Базар да өзінше толғайды. «Жігіттер» деген өлеңінде ақын жастықшақты табиғаттың долы күшіне қара дауыл, нөсер жауынға ұқсата жырлайды. Елінің керегіне жарар азамат болуды әрбір жігітпін деген жастардан күтеді.
Жырау атағы әйгілі батырларды ардақтап жыр толғайды.
Базардың кейбір арнаулары өзінің жеке адамдарға деген көңіл-күйін танытады. «Сүйген жарыма», «Нарманға», «Бақа биге» толғаулары осындай арнау өлеңдер.
Базардың әлеуметтік мәселелерді көтерген «Әр кемелге –бір зауал», «Сұм дүние» сияқты философиялық толғауларында «Алғыр қыран», «Қамал бұзар батыр, жел жатпес жүйрік», «Күн тимес сұлу» бәрі де дүниеден өтеді. Оларға бақ, дәулет, дүние ара-тұра алмайтындығын көрсетеді.
Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылна сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады. Базар жырау 15 – 16 жасында бала жырау атанады. 1858 жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұлан-ғайыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көроғлы», «Жүсіп – Ахмет», т.б.) қазақ тілінде жырлап, Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна – тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан баспадан шыққан «Айман – Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек»жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап, ел арасына таратады. Мұның өзі Базар жыраудың нәзирашылдық жолды ұстанғанын байқатады. Жыраудың сол кездегі шығыс және ислам философиясымен жақсы таныс болғандығы анықаласы «Әр кемелге – бір зауал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кермиық», т.б. іргелі толғауларында ол өмір¬дің мән-мағынасына көз жүгіртеді, тіршілікте кездесетін жақсылық пен жамандық, адамшылық пен зұлымдық хақында тереңнен ой толғайды. Оның жырлары афоризм¬ге толы, жырау ел аузында айтылып жүрген мақалдарды өз елегінен өткізіп, қайтадан түрлендіріп, әрлеп, кейде тіптен басқаша мағына беріп, асқан шеберлікпен қолданады. Сонымен қатар Лұқпан хакім, Қорқыт бабалардың да өнегелі сөздерін ретті жерінде жырға қосып отырады. Жыраудың жастық шақ, табиғаттың әртүрлі маусымы, туып-өскен жер, т.б. жайлы шығарған толғау-термелері де көп. Сараң байларға, қиянатшыл әкімдерге, арнаған сын-сықаққа толы, қазақтың ауызекі поэзиясындағы арнау-эпиграмма жанрында шығарылған бірқақпайлары да жетерлік.

23. Әбубәкір – әдебиет тарихындағы діни-ағартушылық бағыт өкілі екенін танытыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет