Емі - . Сепсистің емі этиология, патогенезіне сай бағытта жүргізіледі. Комплексті емді сепсиске әкелген біріншілік хирургиялық іріңді ошақты кеңінен тіліп ашып, жараны іріңнен, өліеттерден мұқият тазартып санциялаудан, пассивті немесе активті дренаждаудан бастаған абзал, онсыз ем нәтижелі болмайды.
- Антибиотикотерапияның ерекшеліктері: антибиотиктермен емдеуде максималды дозасын қолдану. Мысалы жартылай синтетикалық пенициллиндердің (ампициллин, оксациллин, метициллин, диклооксациллин)
- Дезинтоксикациялық терапия ретінде гемодез, тұз ерітінділерін қолдану, әсіресе диурезді белсендіру (интракорпоралды детоксикация) жақсы нәтиже береді. Науқасқа тәулігіне 50 – 60 мл/кг сұйықтықтар құйып (полиионды ерітінділерді, 5% глюкоза ерітіндісін, полиглюкинді), лазикс, маннитол диуретиктерін қолданып диурезді тәулігіне 3 литрге дейін белсендіру.
- Сепсистің қарқынды этиопатогенезді, симптоматикалық (жүрек – тамыр препараттары, анальгетиктер, антикоагулянттар, ангиопротекторлар) кешенді емі, науқастың жағдайы толық қалпына келгенше, гомеостаз толық реттелгенге дейін жүргізіледі.
Босанғаннан кейінгі септикалық аурулар акушериядағы жиі кездесетін асқыну. Ол ана өліміне, мүгедектікке немесе созылмалы ауруларға әкелетін, күрделі мәселердің бірі. Ірінді-септикалық аурулардың дамуына жағдай тудырушы факторлар: - жүктілерде гениталийдың қабыну аурулары (кандидоз, хламидиоз, микоплазмоз т.б.);
- жүктілік кезінде жедел инфекционды аурулар (грипп, ЖРА, герпес т.б.); созылмалы инфекция ошағының болуы (пиелонефрит, тонзиллит, сальпингоофорит);
- экстрагенитальды аурулар (семіздік, қант диабеты, анемия т.б.);
- Жүктілік пен босану кезіндегі асқынулар (гестоз және патологиялық қан жоғалту, ұзақ босану ұзак сусыз кезеңмен хориоамнионит, жыртылыстар);
- Операциялар (кесар тілігі, акушерлік қысқыштар, перинеотомия, жатыр қуысын қолмен тексеру.);
- Теріс эмоциялар (қорқу, ауырсыну босану); Иммунитетің төмендеуі, экологияның әсері).
- Инфекция қоздырғыштары жарақаттанған жұмсақ туу жолдары немесе жатыр мойны каналы арқылы әйелдің ағзасына еніп таралған жағдайда, босанудан кейінгі септикалық аурулардың дамуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |