ОБӨЖ
Орындаған: Арап Дамира
Қабылдаған: Үмбетова А
Тақырыбы: Аутизмді баланың оқу жетістігін критериалды бағалау технологиясы
Тобы:ЖБЛ-812
Жалпы білім беру жүйесіне аутизм балаларды инлюзивті білім беру үрдісіне кіріктіру мәселесі балалардың эмоциялық және психологиялық дамуына ықпал етеді және іске асады.
Аутизм балаларды қолдау мен сүйемелдеу деңгейі диагностикалық белгілерінің және дамуындағы түрлі бұзылулардың ауырлығының негізінде кезектесу қажет.
Аутизм балалардың сөйлеу тілі коммуникативтілігі, бірігіп жұмыс істеу қабілеті, сенсорлық қабылдау бұзылуларымен сипатталады. Бұндай балаларды инклюзивті оқытуда алдымен бұзылымдарды негізін түсіну, педагогикалық әдістемелерді таңдау болып табылады.
Аутизм балаларды басқа бұзылымдары бар балалармен салыстырғанда, аутизм балалардың көпшілігі жалпы білім беру бағдарламасымен оқи алады.
Қалыпты интеллект, жақсы есте сақтау қабілеті, көріп қабылдау қабілеті аутизм балаға академиялық бағдарламаны жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Аутист бала математикадан үздік оқи алады, кейде өз қатарындағы балардан да үздік оқиды. Кейбіреулері, ұсақ моторикасында проблемасы жоқ жағдайда, сурет салуда үздік.
Аутизм синдромы бар балалардың көпшілігі оқуды тез меңгереді, бірақ оқығанын түсінбейді. Ерекше аймақтық қызығушылықтары болады: тарих, астрономия ғылымдарының эксперті т.б. Бір жағынан, аутистік белгілері және қабылдау проблемалары мектепте оқығанда үлкен кедергілер туғызады. Құрдастарымен қарым-қатынасқа кірігу қиындықтары сыныптастары және мұғалімдер жағынан әлеуметтік шектеудің себебі болады.
Тәртібінің бұзылуы, сыныпта айқайлау, орындықта қозғалу, агрессия, аутоагрессия бұзылымдары мұғалімге сабақ жүргізуге кедергі болады.
Сонымен қатар, аутизм синдромы бар балаларға сөйлеу тілінің көптеген бұзылымдары, сөйлеу тілін дұрыс қолдана алмау, сөздік қорының шектелуі, грамматикалық бұзылымдар, сөйлеу тілінің мәнерлігінің бұзылуы тән. Осы бұзылулардың себебі күйзеліске, агрессияға, ышқынып айқайлауына әкеледі.
Л. Каннер аутизмнің негізгі белгісі ретінде, «экстремалды жалғыздықты айтады». Ол аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан:
жалғыздықты жақсы көру.
ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу.
мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының болмауы.
эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау.
біркелкі қимылдарды қайталай беру.
Аутист балаларға инклюзивті білім беруде бірнеше түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Бір әрекеттен екінші әрекетке көшу аутист балалардың көпшілігінде проблемалық жағдай болады және агрессия немесе тәртібінің ауытқушылығын тудырады.
Визуалдық сабақ кестесін қолдану манипулятивті айырушылық стимулдарының міндетімен негізделеді. Бұл істе вербалдық нұсқаулар визуалдыққа алмастырылады. Осылайша нақты түрін иеленеді.
Оқыту тәсілі келесідей жүреді:
– сабақтын алдында балаға визуалдық сабақ кестесін көрсетеді, қандай тапсырмаларды орындауын түсіндіреді;
– сонан кейін, балаға карточкада берілген бірінші тапсырманың материалдары беріледі;
– бірінші тапсырманы орындап болған кезде, мұғалім тапсырманың карточкаларын жинауға көмектесіп, келесі карточканы ұсынады;
– бұдан кейін, мұғалім келесі тапсырманың материалдарын ұсынады. Осылайша әрі қарай жалғастырылады.
Сабақта визуалдық сабақ кестесін қолдану оқу әрекетін құрастыруға көмектеседі. Бұл аутист балаға, болып жатқан жағдайларды дұрыс түсінуге, берілген тапсырмаларды тұрақты негізінде орындауға және бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көшкенде серіктестендіру тәсілдері көмектеседі.
Прайминг – оқыту стратегияларының бірі, ол баланы инклюзивті ортада күрделі проблемалық жағдайларға дайындау. Прайминг ол алдын-ала қажетті қабілеттерге үйрету. Мысалы, тәрбиеші ертегі оқығанда бала топтық сабақта қиындықтарға кездессе, бала белсенді болу үшін және сюжетті ойынға қатысу үшін немесе топпен бірге әрекеттену үшін бұл ертегіні күнде жеке сабақта оқуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |