Жапырағымен бүргіші бар бұтақтанбаған жас сабақты өркендейді.
Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі- сабақ деп аталады.Сабақтың жапырақ өсетін жуандау
жерін буын дейді.
Бір буынмен екінші буын арасын буынаралығы деп атайды. Өркен тамыр сияқты жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі. Өркеннің тамырдан басты айырмасы- жапырақтың болуы.
Өркендерді жіктеу Вегетативтік өркенжапырақ пен бүршік шығарады.
Генеративтік өркенрепродуктивтік мүшелер (гүл, жеміс, тұқым) болады.
Негізгі өркентұқымбүршігінің ұрығынан дамиды
Жанама өркенжанама қолтық бүршіктен дамиды, соның есебіндесабақ бұтақталады.
Қосалқы өркенқосалқы бүршіктерден дамиды, жапырақта, буынаралығында, тамырда болады.
Ұзарған өркенніңбуанаралығы алыс орналасқан.
Қысқарған өркенніңбуанаралығы жақын орналасқан.
Өркендердің түр өзгерістері Тамырсабақ – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен. Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығы:
1) тамырсабақтың ұшында – бүршік, ал тамыр ұшында оймақша болады; 2) тамырсабақ буын және буын аралығынан тұрады.
Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Тамырда буын, буын аралық, жапырақ болмайды; 3) қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден келешекте жер асты және жер үсті өркендер дамиды. Тамырда бүршік болмайды; 4) буыннан қосалқы тамырлар шығады. Жер астында дамығандықтан, ашық жасыл түсті емес. Тамырға ұқсас қоңырқай, күңгірт түсті болғандықтан тамырсабақ деп аталған.
Тамырсабақтың буын аралығының ұзын немесе қысқа болуына байланысты ұзын тамырсабақты, қысқа тамырсабақты өсімдіктер деп бөлінеді. Тамырсабақтар – жатаған (бидайық, қоңырбас, бетеге), қысқарған (бүлдірген, шыршай), шырынды (қырлышөп, құртқашаш), түйнек тәрізді (канна) деп бөлінеді. Тамырсабақта қоректік заттар қоры мол жиналатын дықтан суыққа өте төзімді. Тамырсабақта өнеркәсіп пен медицинада пайдаланатын әр түрлі заттар қорға жиналады. Мысалы, бояғыш заттар (риян), эфир майы мен ұшқыш қышқылдары бар шүйіншөп (валерьяна), қант (бидайық), крахмал (кендір) және т. б.
Түйнек – сабақтың түп жағындағы жер асты қолтық бүршіктен дамитын өркеннің ұшындағы бүршік. Бүршік білеуленіп, жуандап өсіп түйнекке айналады. Түйнектің бүршік қолтығында түссіз жетілмеген жапырақтары майда қабыршақ тәрізді. Жетілмеген жапырағының қурап түсіп қалғандағы ізін көзше дейді. Түйнектегі бүршіктер сабақтағы сияқты кезектесіп орналасады. Түйнектің жер асты өркенге жалғасқан жерін – негізі, оған қарама-қарсы жағын төбесі дейді. Жапырақ ізі (көзшесі) мен бүршіктер төбе жағында жиірек орналасады.
Түйнектің сыртын тоз қабық қаптайды. Картоп өсімдігінің түбіне топырақты неғұрлым көбірек үйіп түптесе, соғұрлым түйнектер көбірек түзіледі.
Картопты көбінесе түйнектері арқылы көбейтеді. Түйнектен жер үсті өркендері дамиды. Уақыты жеткенде гүлдеп жеміс түзіледі. Жемістерінің үлкендігі шиедей, жидек жеміс деп аталады. Картоп жемісі – жидек жеміс, жер асты түйнегі түрін өзгерткен өркен. Жер асты түйнекке жер алмұрты (топинамбур) жатады.
Пиязшық (жуашық) – түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жер асты өркені. Жер асты пиязшықты өсімдіктерге – пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа жатады. Пиязшықтың төменгі ұшындағы тығыз жерін қысқарған сабақ немесе түбіртек дейді.
Түбіртектен шашақталып көптеген қосалқы тамырлар шығады. Жапырақтары да түрін өзгерткен. Пиязшықтың сыртындағы кебу, жарғақ тәрізді қабыршақтары ішкі бөлімдерін қорғайды. Ішкі жапырақтарына қант, т.б. заттар қорға жиналатындықтан қалың, жұмсақ, шырынды. Бір-біріне қабатталып өте тығыз жанасады.
Төбе, қолтық бүршіктерінен жер үсті жасыл өркендер дамиды. Пиязшықты өсімдіктер көбінесе далалы, шөлді, шөлейтті аймақтарда өседі (тауда да өседі). Ерте көктемде гүлдеп, жеміс пен тұқым дамып үлгереді. Себебі пиязшығындағы қоректік заттарымен қоректенеді. Өсу дәуірі қысқа болғанымен жыл мезгілінің қолайсыз жағдайына жақсы бейімделген. Пиязшықтары қысы-жазы топырақта болады. Пиязшықты өркенге жатқызатын себебі: 1) қысқарған сабағы (түбіртегі); 2) қосалқы шашақ тамырлары; 3) төбе және қолтық бүршіктері бар. Пиязшықтан жер бетіне өркендер шығып, гүлдеп жеміс береді. Пияздың жемісі – құрғақ жаңғақша.
Түрі өзгерген жер үсті сабақтар: сояу, шырынды сабақтар, қырыққабат қауданы. Жер асты өркендер – тамырсабақ, түйнек, пиязшық.
Пиязшық. 1. Шашақ тамыр. 2. Түбіртек (қысқарған сабағы). 3. Сыртқы кебу қабыршақтар. 4. Ішкі шырынды жапырақтары. 5. Төбе, қолтық бүршіктері.