Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет8/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
1 сынып полностью




Тақырыбы: Сен не істейсің?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа катыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Өзінің не істейтінін (істемейтінін) айта алады (доп ойнайтынын және сурет салатынын) және өзімен қатарлас баладан не істейтінін сұрай алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Сен не істейсің? деген сұрақты қоя алады және осы сұраққа өткен материал деңгейінде жауап бере алады.



Кейбір оқушылар:

Өзінің не істейтіні туралы қосымша ақпарат бере алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісіне аударады. Оқушылар сөйлесу үлгісі арқылы «Сен не істейсің?» деген сұрақ үлгісімен және «Мен сурет саламын», «Мен доп ойнаймын» деген жауап үлгісімен танысады. Оқушылар бұл сөйлемдерді осындай құрылымдық үлгіде есте сақтайды.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларға «Сен не істейсің?» деген сұраққа жауап болатын «Мен сурет саламын», «Мен доп ойнаймын» сөйлемдерін бояу, қарындаштар және доп суретімен байланыстыра қайталатады. Осы сөйлемдерді тірек заттар немесе тірек сурет бойынша есте сақтауға көңіл бөледі. Оқушыларға осы тірек заттарды беріп, олардың не істейтіндерін сұрайды. Содан кейін мұғалім оқушыларды осы сөйлемдердің болымсыз түрімен таныстырады. Оқушылар сурет саламын - сурет салмаймын, доп ойнаймын - доп ойнамаймын деген құрылымды үйренеді. (Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылар өзара телефонмен сөйлесу үлгісін жүзеге асырады. Берілген үлгі бойынша өздерінің не істейтіндері туралы сөйлеседі. Үлгі:



- Сәлем, Юра!

- Сәлем, Асқар! - Халің қалай?

- Жақсы, рақмет! Сенің халің қалай?

- Жақсы! Сен не істейсің?

- Мен доп ойнаймын. Сен не істейсің?

- Мен сурет саламын.

(МК, Ұ) 4-тапсырмадағы сұраққа оқушылар өз қалауы бойынша не істейтінін айта алады. Бұл сұрақты мұғалім оқушыларға немесе оқушылар бір-біріне қоя алады. (ОТ) Мұғалім үстелдің үстіне допты және түрлі түсті қарындаштар (сурет дәптерін) қояды. Содан кейін бір оқушы шығып, өз қалауы бойынша бір затты таңдап алады.

Сол бойынша мұғалімнің «Сен не істейсің?» деген сұрағына жауап береді.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


Оқулық

Аудиодиск:

3.4.1.;3.4.2.;

3.4.3.


Доп,

түрлі түсті қарындаштар, (сурет дәптері).

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 3.4.



Сабақтың соңы

41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.







Тақырыбы:

Менің

достарым

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты - жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.

1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Достары не істейтіні/істемейтіні туралы айта алады.






Оқушылардың басым бөлігі:

Өздерінің достары немен айналысатыны туралы өткен және осы сабақта үйренген материал негізінде өзара тілдесе алады, етістіктерді болымды, болымсыз түрде қолдана алады.






Кейбір оқушылар:

Достары не істейтіні туралы сабақта үйренгендерінен тыс қосымша ақпарат бере алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1 - тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Оқушылар берілген сөйлеу үлгісі арқылы Нұрбектің достары туралы ақпарат алады: олардың аты, олардың не істейтіні туралы. Оқушылар Нұрбектің сөзінен Әсеттің сурет салатынын, Юраның футбол ойнайтынын, ал Арманның велосипед тебетінін біледі. Мұнда мұғалім оқушылардың назарын дос сөзінің көпше түрде (тәуелдік жалғауының I жағында) қолданылуына аударады. «Велосипед тебеді» тіркесінің мағынасын түсіндіреді. Сондай-ақ етістіктердің (I жақта) қолданылуына назар аударады.

Салыстырмалы түрде грамматиканы түсіндіреді. Мысалы:



Мен сурет саламын. Ол сурет салады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларға кесте бойынша

етістіктердің I жақта қолданылуын тағы бір рет түсіндіреді. Сондай-ақ оқушылардың назарын велосипед тебеді деген тіркестегі велосипед сөзін коньки, шаңғы, сөздерімен

алмастырып қолдануға болатынына да аударады.

(МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларды

етістіктердің болымсыз түрімен таныстырады.

Оқушылар мына үлгіде айта алуға жаттығады: сурет салады

- сурет салмайды, футбол ойнайды - футбол ойнамайды,

велосипед тебеді - велосипед теппейді.

(Ұ) 3-тапсырма бойынша оқушылар жоғарыда берілген

етістіктерді суреттің қасына қойылған белгілер (х,-*0

бойынша болымды, болымсыз түрде (III жақта) толықтырып

айтады. Мысалы: Ол коньки тебеді. Ол сурет салмайды

т.с.с.

(ОТ) Мұғалім тақтаға екі белгіні іледі (*У). Содан кейін тақтаға шыққан оқушыға суреттерді таратады (футбол добы, түрлі түсті қарындаштар, велосипед, коньки, шаңғы, шахмат). Бала осы тірек суреттерді өзінің досы не істейтініне/істемейтініне байланысты екі белгінің астына жапсырып шығуы керек. Содан кейін етістіктерді болымды, болымсыз түрде қолданып, өзінің досы туралы айтады. Мысалы: Менің досым сурет салады, коньки, шахмат ойнайды. Менің досым сурет салмайды, футбол ойнамайды, велосипед, теппейді. Осындай тапсырманы әр оқушы өзі туралы да ақ қағазға жасай алады. (Ұ) 4-тапсырмада оқушылар Нұрбектің достары туралы мәтінді тыңдайды. Осы мәтін негізінде өз достары туралы (олардың не істейтіндерін) әңгімелейді. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.

Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



Оқулық

Аудиодиск: З.5.1.; 3.5.4.

Суреттер: футбол добы, түрлі түсті қарындаштар, велосипед, коньки, шаңғы, шахмат.

№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 3.5.


Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






Тақырыбы: Кел, қайталайық!

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа катыспаған

оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік жіктік септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

3-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

3-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.



Кейбір оқушылар:

3-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Бұл сабақта оқушылар 3-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды.

Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне байланысты бұл екі тапсырманы керісінше де ұйымдастыруға болады. Мұндай жағдайда оқушылар шығармашылық түрде жұмыс істеуге көбірек мүмкіндік алады. Мұның бір тиімді жағы: оқушылар дайын үлгіні қайталауға жаттықпайды, өз жауаптарын дайын үлгімен салыстыруға мүмкіндік алады. Жауапты өздері табу арқылы өз білімдерін көрсете алады, өздеріне деген сенімі арта түседі. (Т) Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөліп, әр топқа 4 суреттен беруге болады. Диалогті дұрыс толықтырып айтқан топ жеңіске жетеді.

(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға осы суретте берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады: Бұл кім? (Мұғалімнің қолында немесе тақтада отбасы мүшелерінің суреті болуы керек). Халің қалай? Сенің ағаң (әпкең, інің, қарындасың/сіңлің бар) ма? Сен неше жастасың? Сенің досың қандай? Сенің досың неше жаста? Сенің досың не істейді? Сен не істейсің?

(Ж) Оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады. (Қ) Осы бөлімнің соңында оқушылардың:

- отбасы мүшелерін атай алу (ата, әже, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас/сіңлі);

- өзінің ата-әжесі, ата-анасы, аға-әпкесі, іні-қарындасы (сіңлісі) туралы айта алу (Бұл -менің әкем/анам. Оның аты -... . Ол күшті/ақылды/ әдемі);

- өзінің досы туралы айта алу (оның аты, жасы, қандай екені, нешінші сыныпта оқитыны, не істейтіні туралы айта алу;

- өзінің атын, жасын, нешінші сыныпта оқитынын, не істейтінін айта алу дағдылары қалыптасуы қажет.



Оқулық

Аудиодиск:

3.6.1.

3.6.2.


3.6.3.

3.6.4.





(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

№1 жұмыс дәптері

Сабақтың соңы (41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.






Тақырыбы: Үй жануарлары

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу

бағдарла-масына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою.

1.5.1.4. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Үй жануарларын атай алады, олардың санын айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша сөйлесе алады, үй жануарларына қатысты сұрақты дұрыс қоя алады.



Кейбір оқушылар:

Үй жануарлары туралы қосымша мәлімет біледі, оларды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ү) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тап-сырмада берілген сөйлемдерге аударады. Осы үлгі арқылы оқушылар үй жануарларын атай алуға үйренеді, мысалы, Мынау - түйе. Мынау - жылқы. Мынау - қой. Мынау - ешкі. Мынау - сиыр. Оқушылармен суреттер бойынша сөздерді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. (МК, Ұ) Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Яғни ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларын қолданып сұраулы сөйлемді қалай айту керек екенін үйретеді. Оқушылар Мынау сиыр ма? Мынау жылқы ма? Мынау қой ма? Мынау түйе ме? Мынау ешкі ме? деп айтып жаттығады. Мұғалім бұл сұрақтарға Иә немесе Жоқ деп жауап беру керек екенін еске салады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларды үлгі бойынша сөйлесуге үйретеді. Оқушылар «Иә, бұл - сиыр», «Жоқ бұл сиыр емес» деп жауап бере алуға үйренеді. Мұғалім алдын ала үй жануарлары бойынша карточкалар дайындап қояды, оқушыларға таратып береді. Оқушылар жұптасып, сұрақ қойып, жауап бере алуға жаттығады.

Оқулық

Аудиодиск: 4.1.1.; 4.1.4.






(МК,Ұ) 3-тапсырмада оқушылар Неше? сұрағына жауап беруге жаттығады, сандарды қайталайды. Алдымен мұғалім оқушылардың назарын 1-ден 10-ға дейінгі сандарға аударады. Содан кейін оқушылар неше үй жануары бар екенін айтады. Оқушылардың жауаптары: Бес жылқы. Жеті қой. Алты ешкі. Үш түйе. Екі сиыр.

(МК, Ұ) 4-тапсырма арқылы оқушылар жаңа тақырып бойынша сөйлесу үлгісін бір диалог ішінде қайталайды. Оқушылар мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс: мұғалімнің сұрақтарына (Мынау қой ма? Неше қой?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу дағдыларын жетілдіре түседі.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 4.1.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет