Қош келдің, Әз Наурыз!



бет6/14
Дата07.02.2022
өлшемі71,96 Kb.
#83055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қош келдің

Би: «Домбра биі»
Жанерке: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Көгерсін деп бағымыз
Рамазан: Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық..
Ерлан: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Алинұр: Әнімде саған биімде,
Құт қонақ өзім үйімде.
Қуаныш әкеліп үйіме,
Күлімде наурыз күлімде.
Қанат: Күн менен түн теңеледі
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Жанерке: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.Ендігі кезекте ұлттық ойынымыз «Қыз қууды» тамашалайық
Жүргізуші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық.Енді «Қол күрес» ойынын ойнатайық.
Жүргізуші: Енді қыздарымыздың биін тамашалайық. Би: «Өзбекше»
Жүргізуші: Ендігі кезекті әнімізге береміз.
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»
Жүргізуші: Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті.Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жүргізуші: Қош келдіңіз!
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз

Ернұр: Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті

Азамат болыңдар ардақты


Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет