«Өсімдіктер физиологиясы» Пластидтер жүйесіндегі жеке пластидтердің құрылысын, функциясы


Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі



бет6/15
Дата06.12.2022
өлшемі66,77 Kb.
#161551
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ө.Ф 1-21 жауап емт
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
8.Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі
Өсімдіктің өсуіне қажетті температураны минимум, оптимум және максимум температура деп ажыратады. Мұның ішіндегі өсімдіктерге барынша қолайлысы-оптимум температура. Минимум және максимум температура жағдайында өсу өте баяу жүреді. Оптималды өсу өсімдіктердің әр түрінде белгілі бір температурада өтеді.
Жоғары температураға бейімделуге байланысты организмдерді мынадай топтарға бөледі:
1) ыстыкқа төзімсіз түрлер — +30°с + 40°с температурада Зақымданатын организмдер (кейбір балдырлар, суда өсетін гүлді өсімдіктер);
2)ыстыққа төзімді эукариоттар — құрғақшылық аймақт өсетін (дала, шөл, саванна) өсімдіктер. Жарты сағат +50°С + 60°С температураға шыдайды
3) ыстыққа төзімді прокариоттар — термофилді бактериялар мен көк-жасыл балдырлардың кейбір түрлері. Ыстық су көздерінде +85°С…+90°С температурада тіршілік ете алады.
Өсімдік организміне жоғары температураның (ыстықтың) әсерін зерттеу жұмыстары ХІХ-ғасырдың 70-жылдарынан-ақ басталған болатын. Мысалы, Сакс (Sachs, 1864) әртүрлі өсімдіктердің өзіне тән ең жоғарғы (максимум) температуралық деңгейі болады деп көрсетті. Көптеген өсімдіктер +51°С ыстыққа 10 минуттен артық төтеп бере алмайды, бірақ +49-50° С ыстыққа ұзағырақ уақыт шыдайды деп тұжырымдады. Кейінірек, өсімдіктердің көпшілігі үшін ең жоғарғы температуралық деңгей бұған қарағанда төменірек болатындығы анықталды. Мысалы, картоп өсімдігі 42,5° С ыстыққа бір сағаттан артық шыдай алмай, залалданатындығы байқалды. Біраз ғалымдардың ұйғаруынша (Н.С.Петинов, Ю.Г.Молотковский) ыстыққа төзімді өсімдікте температураның жоғарылау әсерінен тыныс алу коэффициенті төмендеп, органикалық қышқылдар көбірек жиналады. Олар аммиакты байланыстырып, аммоний тұздарына айналады да, аммиактың уыттығын жоққа шығарады.
Осыған байланысты, ұлпаларында органикалық қышқылдар көп мөлшерде пайда болатын суккуленттердің ыстыққа төзімділігінің себебін түсінуге болады.
9.Өсімдіктердің салқындыққа, суыққа-аязға төзімділігі
Шығу тегі жағынан оңтүстік өсімдіктердің көпшілігі төмен, жағымды (+) температураның ( 1 ден 100С-қа дейінгі аралықта) әсерінен де зақымданады. Қоңыржай аймақ өсімдіктері бұндай салқындыққа төзімді, қалыптағыдай өсіп-өнуін тоқтатпайды. Олар арпа, сұлы, зығыр, сиыр жоңышқа сияқты өсімдіктер жатады. Мысалы, егістікті калий тыңайтқыштарымен қамтамасыз ету, ауаның ылғалдылығының жоғарылауы және жарықтың жақсы түсуі өсімдіктердің төзімділігін біршама күшейтеді. Тиімді әдістердің біреуі – шынықтыру болып есептеледі. Ол үшін өсімдіктің өнген тұқымдары бір ай бойы тәулігіне 12 сағ ішіде 0 ден -50 С дейінгі жағдайда, қалған мерзімде +15-200 С жағдайда сақталады. Өсімдіктердің төзімділігін жылу сүйгіш өсімдіктерді салқындыққа төзімделуі өсімдіктерге телу арқылы да жоғарылатуға болады (мысалы, қауынды асқабаққа). Температураның төмеңдеуі ферменттік жүйелерге әсер етіп, белоктар ыдырап, қарапайым, төзімді заттарға айналады. Сонымен қатар, қанттарды және белоктарды коагуляцияланудан қорғайтын басқа заттардың мөлшері көбейеді.
Төмен жағымсыз (-) температураның әсерінен клетканың өлімінің негізгі екі себебі бар:
1) сусыздану;
2) мұздық қысымнан клетка құрылысының бұзылуы.
Клетка аралықтарында пайда болған мұз клеткадан суды өзіне тартып, оны сусыздандырады. Клетканың сусыздануының бұл түрі қуаңшылықта судың қарқынды булануына байланысты сусыздануға ұқсайды. Аяз ұзақ уақыт әсер еткенде мұз кристалдары ұлғайып, плазмалемманы да бұзуы мүмкін. Өсімдіктердің қатты суыққа төзімділігі клеткаларындағы физикалық-химиялық өзгерістерге байланысты. Қыстайтын жапырақтарда және басқа мүшелерде қанттардың мөлшері көбейіп, крахмалдың мөлшері азаяды. Клеткада қанттың көбеюі протопласт коллоидтарының су ұстағыш қабілетін күшейтіп, клеткада байланысқан судың мөлшері көбейеді де, бос судың мөлшері азаяды. Байланысқан су оңайлықпен қатып мұзға айналмайды. Ағаш өсімдіктердің біразының қабық паренхимасында май және липидтер мөлшері көбейеді. Бұлар суықтан қатпайды да қорғаныштық рөл атқарады. Сонымен қатар, белоктар да кейде ыдырап, аязға шыдамдылау заттарға - амин қышқылдарға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет