Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс бөлігіндегі және Тянь-Шаньнан Алтайға дейінгі тау етегіндегі орман, тоғайларда кездесетін сымбатты жануарлардың бірі - елік. Мүйізі тармақталып келген, қазан - қараша айларында түсіп, сәуір айында жаңадан мүйіз шығады. Ұрғашысында мүйіз сирек кездеседі. Мекендейтін қоныстарында елік түнде жайылып, күндіз орман арасына жасырынады. Қыс айларында 5-10-нан топтасып жүреді. Өсімтал жануар, көбіне егіз, кейде үш-үштен мамыр - маусым айларында лақтайды. Еліктің лағы құралай деп аталады. Құралайдың түсі теңбіл-теңбіл болып келеді, бірақ мұнысы үш-төрт айдан кейін жойылып кетеді. Еліктер 11-12, кейде 16 жылға дейін өмір сүреді
Флора (латынша flora — Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы
Қайың— қайыңдар тұқымдасына жататын сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара өседі, бірақ көп ретте олар орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы - ол бір ғажайып сурет! Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, яғни жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері қарапайым сырға тәріздес болып келеді. Ал қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы да туады. Қайыңның ұрықтары желмен тез ұшып кетеді. Ол орманның басқа ағаштары өсе алмайтын жерлерде де тез өсіп-өнеді. Сондықтан қайыңды орманның "пионері" деп атайды.