Практикалық маңыздылығы. Қазіргі кезде отбасы мәселелерінің арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» деп анықтадық.