Оқулық а лматы, 2012 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата19.10.2019
өлшемі2,78 Mb.
#50297
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Mektepte deyingi pedagogika Aralbaeva


166

Балалардың мектепке интеллектуалды дайын болуына себепші болатын 
оқушының жетекші  іс-эрекеті -   балалардан ой еңбегін,  қабілетін жэне 
таным эрекетін белсенділендіруді талап ететін  оқу.  Баланың мектепке 
интеллектуалдық дайын болуы бірнеше  өзара байланысты  компонент- 
терден тұрады, оларға мыналар жатады:
  баланың қоршаған дүниеге бағдар алуы;
  жаңаны білуге құлқы;
  білуге эуестігі;
  бейнелеу түсінігінің дамуы;
  қарапайым оқу дағдыларының қалыптасқандығы;
  психикалық процестердің дамуы;
  сенсорлық даму;
  білім қоры -  ой-өрісі;
  білімнің сараланғандығы;
  жүйелі меңгерілген білім;
  танымдық іс-эрекеттің даму деңгейі;
  ойлау  эрекетінің  жалпы  деңгейі  (жалпылау,  салыстыру, 
объектілерді  классификациялау қабілеті);
  ойлау эрекетінің өзінділігі;
  балалардың оқу эрекеті элементтерін меңгеруі;
S  
қарапайым  математикалық  түсініктерді,  ана  тілін,  сауаттың 
алғашқы  негіздерін  меңгеруде  білім,  білік,  дағдылардың аясының кең 
болуы.
Е.  Н.  Ращикулина  ойлау  процесінің  тұтастық  идеясын  жэне 
ойлаудың  вербалдық компоненттерін  (Р.  Арнхейм,  Л.  М.  Веккер,  Л.  А. 
Венгер жэне т.б.), сол сияқты ойлау принциптері -  табиғатбейнелеушілік, 
мэдениетбейнелеушілік  жэне  толықтырушылық  принциптерін  негізге 
алып мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштерін атап 
көрсетті.
Одан  басқа,  мектепте  оқуға  интеллектуалдық  дайын  болу 
көрсеткіштерін  жасағанда  ол  Н.  Н.  Поддьяковтың  бала  ойлауының 
өзіндік  даму  идеясын  ескерді.  Бала  ойлауының  өзіндік  даму  идеясы, 
біріншіден,  эрбір  ойлау  қадамы  қандай  да  бір  нэрсені  түсіндіргенде, 
жаңа,  тиянақты  нақты  білім  берген  жағдайда,  екіншіден,  білім  жаңа 
диффуздық,  «анық  емес»,  танылатын  объектінің  аса  белгілі  емес 
жақтарын  көрсететін  интуитивтік  білімнің  туу  негіздері  болған 
жағдайда болады.
167

И нтеллектуалды қ дайы н болу көрсеткіш тері
Бейнелік компонент
Вербалды компонент
1. 
Көпбейнелі 
қасиеттерді 
қабылдау 
қабілеті, 
заттың 
белгілері
1.  Заттардың  эртүрлі  қасиеттерін 
санау 
қабілеті, 
олардың 
маңыздыларын анықтау
2.  Бейнелік негіздегі көру есі
2.  Сөйлеу негізіндегі есту есі
3.  Бар  зат  (құбылыс)  туралы  бар 
түсінікті жалпылау қабілеті
3.  Таныс  немесе  өзі  сұрыптаған 
терминдердің  көмегімен  көптеген 
жекелегке  ұғымдарды  жалпылау 
қабілеті
4. 
Ойлау 
операцияларының, 
аналогияның, 
салыстырудың, 
синтездің дамуы
4. 
Ойлау 
операциясының, 
классификацияның, 
анализдің 
дамуы
5.  Эвристикалық ойлау
5.  Ойлаудың сыншылдығы
Мектепте  оқуға  интеллектуалдық  дайын  болу  көрсеткіштеріне 
мұндай  көзқарас,  біріншіден,  баланың  интеллектуалды  мүмкіндігін 
бағалағанда  біржақты  болып  кетпеуге  көмектеседі.  Екіншіден, 
критерийлердің  мұндай  үйлесімі  мектеп  жасына  дейінгі  ойлау 
ерекшелігін  ескеруге,  яғни  мектепке  дейінгі  балалық  шақты  өзіндік 
бағалауға мүмкіндік береді.
Мектепте  оқуға  баланың  интеллектуалдық  дайын  болуын  дамыту 
процесінде мынадай эдіснамалық ережелерді есте ұстау қажет:
•  танымның толыққанды  процесін ұйымдастыруда мектеп жасы­
на  дейінгі  балалардың  ойлау  түрлерінің  барлығының  біртұтастығын, 
ассиметриялық үйлесімділігін ескеру;
•  мэнді 
тану 
процесінің 
екі 
аспектісі 
бар: 
логикалық- 
дискурсивтік -  вербалды, саналы түрде түсіну, сол сияқты интуитивтік- 
иррационалдық -  ойлаудың бейнелік процестеріне негізделген болжам- 
мен байланысты;
•  ұғымның жалпылық, қайталанбас, оралымды, кезеңдік, жүйелілік, 
рефлексивтік сияқты белгілерінде көрінетін мазмұндық-нэтижелілік жэне 
процессуалдық  жақтары  бар.  Ұғымның  бұл  қасиеттері  мектеп  жасына 
дейінгі балалардың ойлауында ондағы жетекші жэне эмоционалдық ком- 
поненттерге байланысты өзіндік ерекшеліктері болады;
•  баланың  ойлауында  өзіндік  доминанта  жасайтын,  таным 
процесіне  қызығушылық пен мүдделілікті  қуаттайтын оқу  материалы- 
на көзқарасын ескеру;
168

•  мектепте  оқуға интеллектуалды дайын болуды дамыту эдістері 
баланың  эрекетіндегі  таңбалық-символикалық  құралдарды  ойлаудың 
бейнелік жэне  вербалдық компоненттерін байланыстырушы буындары 
ретінде  пайдалану  арқылы  бейненің,  сөздің  жэне  эрекеттің  бірлігіне 
сүйенеді;
•  мектепте  оқуға интеллектуалды дайын болу баланың таным іс- 
эрекеті тэсілдерін дамытуды көздейді.
Сонымен,  танымдық  іс-эрекеттің,  танымдық  қызығушылықтың, 
баланың ойлау тэсілдерінің жалпы даму деңгейінің бірлігі, өзін қоршаған 
дүние туралы,  қарапайым оқу эрекеті туралы жүйеленген түсініктерінің 
жеткілікті  қорының  болуы,  мектепте  оқуға  интеллектуалдық  дайын 
болудың жоғарыда аталған көрсеткіштерін ескеру, балалардың бірінші 
сыныпта  материалды  меңгеруге 
интеллектуалдық  дайын  болуына 
жағдай жасайды.
Мектепте  оқуга  түлгалыц  дайын  болу  баланың  мектепке  дейінгі 
балалық  шағының  соңына  қарай  оның  жаңа  элеуметтік  көзқарасына 
белсенді түрде қабылдауына жэне мұғалімдермен, сыныптас жолдаста- 
рымен  адамгершілік  негізде  өзара  қарым-қатынас  орнатуына  жағдай 
туғызатын  адамгершілік  тэртібін,  еркін,  моральдық  қасиеттері  мен 
саналылығын дамытудың деңгейіне қол жеткізуде көрініс табады.
Мектепке  адамгершілік-рөлдік  дайын  болу  мазмұны  жеке  тұлғаға 
қойылатын  талаптармен  жэне  баланың  көзқарасына  қарай  оның 
тэртібімен анықталады.
Жеке  тұлғалық дайын болу  ересек оқушының тұлғалық тэртібінің 
дамуының  белгілі  деңгейінде  көрінеді.  Бұл  орайда  басты  көрсеткіш 
мектепке  дейінгі  балалық  шақ  бойы  дамып  келе  жатқан  баланың  өз 
эрекеті мен тэртібін еркін басқару қабілеттілігі болып табылады.
Мектепке  тұлғалық  дайын  болуды  қалыптастыру  үшін  ересек 
оқушының  тұлғалық  тэртібінде  өзіндік,  жинақылық  жэне  тэртіптілік 
сияқты тұлғалық қасиеттерінің болуы маңызды.
Мектепке тұлғалық дайын болудың басқа бір маңызды  компоненті 
ережелерге  сай  баланың  үлкендермен  жэне  құрбыларымен  қарым- 
қатынас орнату білігі болып табылады.
Мектепке тұлғалық дайын болу, сол сияқты баланың адамгершілік 
сезімі  мен  санасының  белгілі  бір  даму  деңгейімен  (баланың 
адамгершілік  тэртібінің  қоғамдық  маңыздылығын,  өз  қылықтарын 
бағалау  қабілеттерінің  дамуын  түсінуі,  жауапкершілік,  эділеттілік 
сезімін қалыптастыру) сипатталады.
Мектепке  тұлғалық  дайын  болу  құрамына  мектепке  дейінгі
169

баланың  еңбекке  көзқарасын  білдіретін  бірнеше  қасиеттер  кешені 
(еңбек  етуге  ынта-ықыласы,  жақсы  жэне  ұқыпты  орындалған 
жұмыстан  қанағаттанғандық  сезімі,  айналасындағылардың  еңбегіне 
сыйластықпен  қарау,  қажетті  еңбек  дағдыларын,  өзіне-өзі  қызмет 
көрсету жэне ұжымдық еңбек ету дағдыларын меңгеру) енеді.
Сонымен,  баланың  мектепке  тұлғалық  дайын  болуы  бастапқы 
жеті  жылғы  өмірде  адамгершілік-еріктік  дамудың  белгілі  бір 
қорытындысындай  болады.  Ол  мектепте  оқыту  тұрғысынан  тұлғаның 
басты  қасиеттерін  жэне  баланың  тэртібін  қамтиды,  олар  жина- 
лып  баланың  мектептің  жаңа  жағдайына  бейімделуіне  қажетті 
алғышарттарды,  мұғалімге  жэне  оқушыларға  тиісті  қарым-қатынасты 
құрайды.
Балалардың  мектепке  әлеуметтік  дайын  болуы  тұлғалықпен 
тығыз байланысты.  Дегенмен бұл компонент көбінесе баланың қарым- 
қатынастың, өзара эрекеттестіктің жаңа типіне дайын болуын көрсетеді. 
Оны  үлкендермен  еріктік-контекстік  қатынас  жэне  құрбыларымен 
кооперативтік-жарыс  қатынас  орнатуға  сұраныс,  дайын  болу  жэне 
қабілеттілік  деп  түсінген  жөн.  Әлеуметтік  дайын  болуға  сол  сияқты 
баланың  оған  жаңа  бірқатар  міндеттер  жүктейтін,  талаптар  қоятын 
жэне артықшылықтар беретін жаңа элеуметтік позицияны қабылдауын 
жатқызуға болады.
Мектепке мотивациялық дайын  болу эртүрлі  классификацияларда 
мектепке  дайын  болудың  психологиялық,  тұлғалық  жэне  элеуметтік 
дайын  болуының  құраушысы  ретінде  жүреді.  Баланың  мектепке 
мотивациялық дайын болуының маңыздылығы бұл компонентті дербес 
етіп шығаруда. Мектепке көшу кезеңінде баланы басқаратын негізгі мо­
тив жүйесіне танымдық, элеуметтік, бағалау ойын жэне сыртқы мотив- 
тер енеді.
Оқу-танымдық  мотивтер  -   жаңа  білімге  ынталылық,  оқуға  деген 
құлық,  жаңаны  білу,  сабақта  мұғаліммен  жэне  балалармен  танымдық 
мақсатта  өзара  іс-эрекет  жасау  («Жаңаны  білу  үшін  мектепке  барғым 
келеді»).
Әлеуметтік  мотивтер  -   баланың  оқушы  рөлінің  қоғамдық 
маңыздылығын  түсінгендігіне  негізделген  («Менің  мектепке  барғым 
келеді, себебі оқу керек жэне маңызды»).
Бағалау  мотивтері  -   үлкендердің  жоғары  бағасын,  қолдауын  жэне 
сенімін  алуға  ұмтылысы  («Мектепке  барғым  келеді,  өйткені  мені 
мақтайды,  «бестіктер» аламын).
Позициялық  мотивтер  мектеп  өмірінен тыс  жердегі  мүдделермен
170

байланысты  («Мектепке  барғым  келеді,  өйткені  онда  үлкен  балалар, 
маған  портфель сатып эпереді» жэне т.б.).
Мектепке  қарағанда  сыртқы  мотивтер  («Мектепке  барғым  келеді, 
өйткені  мамам айтты»).
Болашақ  оқушылардың 
мотивациясында  аталған  мотивтердің 
бэрі  дерлік  қатысады.  Бұл  топтардың  эрқайсысы  бала үшін  оқытудың 
мектептік  сатысына  көшуде  жағымды  мотивация  жасайды.  Мектепке 
мотивациялық  дайын  болудың  көрсеткіші  танымдық  жэне  элеуметтік 
мотивтердің басымдығы  болып табылады.  Бұл жағдайда бала оқудың 
элеуметтік жэне тұлғалық маңызын түсінеді, жаңаны  білуге дайын бо­
лады жэне талпынады.
Сонымен,  балалардың  мектепте  оқуға  дайын  болуы  -   бірнеше 
компоненттерді  қамтитын  біртұтас,  кешенді  білім  алу.  Жалпы  дайын 
болу  арнайы  дайын  болумен  бірігеді.  Олардың  бірлігі  баланың  жаңа 
элеуметтік  жағдайға,  құрбыларының  ұжымына  кіруіне  мүмкіндік 
туғызады.  Баланы  мектепте  оқытудың  тиімділігі  көбінесе  олардың 
дайындық  деңгейімен  анықталады.  Мектепте  оқуға  дайын  болу  -  
мектеп  жасына  дейінгі  баланы  жанұя  мен  отбасында  тэрбиелеу  мен 
оқытудың  басты  нэтижесі.  Ол  мектептің  балаға  қоятын  талаптар 
жүйесімен  анықталады.  Бұл  талаптардың  сипаты  оқушының  жаңа 
элеуметтік-психологиялық  позициясының  ерекшеліктеріне, 
оның 
орындауға дайын болуға тиісті жаңа міндеттеріне байланысты.
Мектепке  дейін  білім  беру  педагогтарына  балаларды  мектепте 
оқытуға дайындау процесінде біліктілік қажет жэне оның нэтижелерін 
анық көре  білуі тиіс,  бұл  процесте  педагогикалық іс-эрекетті  байқап, 
соған сэйкес оған тиісті түзетулер енгізе алуы керек.
9.5 «Отбасы -  мектепке дейінгі мекеме -  бастауыш  мектеп» 
жүйесіндегі  сабақтасты қ
Баланың 
мектептегі 
алғашқы 
айлары 
бейімделу 
қиыншылықтарымен  байланысты.  Ол  арқылы  барлығы,  тіпті  мек­
тепке  жақсы  дайын  болған  баланың  өзі де  өтеді.  Бұл  қиыншылықтар, 
ең  алдымен,  күн  тэртібіне,  мектеп  ережелерін  сақтауға,  оқудың 
күрделілігіне  байланысты  болады.  Мұның  бэрі  проблема  туғызады, 
оның үстіне балалардың еркін эрекетке қабілеті өте төмен болады.  Бұл 
қиындықтарды  болдырмаудың  жолы  мектепке  ұдайы  қызығушылық 
тудырып  отыру,  сабақтарды  жағымды  эмоциялармен  толтырып  оты- 
ру  қажет.  Бейімделуде  үлкен  қиындықтарға  дарынды  балалар  мен
171

психикалық  дамуы  тежелген  балалар  кездеседі.  Оларға  ерекше,  дара 
қарым-қатынас керек.
Мектеп жасына дейінгі  бала үшін  оқушының  бейнесін  қалай  тар- 
тымды жэне  мазмұнды етуге  болады?  Мектеп жэне  айналасындағылар 
жөніндегі  білім  ғана  маңызды  емес,  мұғалім  мен  балалардың, 
баланың  құрбыларымен  қарым-қатынасының  бірлігіне,  серіктестігіне 
негізделген  біртұтас  жүйе 
қажет,  сонда  ғана  білім  дұрыс  бола­
ды.  Серіктестік  дағдыларына  балалар  да,  үлкендер  де  үйренуі  тиіс. 
Ғалымдар  Г.  А.  Цукерман,  Н.  К.  Поливанованың,  С.  Н.  Жиенбаеваның 
пікірінше, оқу бірлестігі:
•  симметриялы емес, яғни бала үлкендерді қайталамайды;
•  үлкенге жақын арадағы олардың бірге істейтін жұмысының оқу 
мақсатын нұсқайтын баланың таным белсенділігіне негізделген;
•  баланың  мұғалімге  өзінің  қиындықтарына  шағымданып  емес, 
жаңа білім алудың нақты сұраныстарын  айтуды көздейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке келуімен байланысты 
олардың  қарым-қатынас  аясында,  эсіресе  ата-аналарымен  қатынаста 
қайта өзгерістер  болады.  Енді бала оның мектептегі жұмыс табыстары 
немесе  сэтсіздіктері  тұрғысынан  бағаланады.  Басқаша  айтқанда,  ата- 
ана  сүйіспеншілігі  кейде  баланың  мектептегі  істеріне  тэуелді  болады. 
Егер бэрі дұрыс болса,  оны жақсы  көреді,  егер олай болмаса -  ұрсады. 
Басқа  адамдармен  қарым-қатынасы  да  өзгереді.  Баладан  мектеп  тура­
лы  сұрайды,  оны  мектепте  оқығандағы  жетістіктері  мен  кемшіліктері 
тұрғысынан  бағалайды.  Бұл танымдық қабілеттің  өшуіне  ықпал  етеді; 
мектеп оқушысы рөліндегі  өзін-өзі тар  мағынада түсінуі қалыптасады. 
Осылайша  өзін-өзі  бағалау  ерекшеліктері,  оның  оқу  нэтижесінен 
тэуелділікке байланысты ерекшеліктер пайда болады.
Дайын болудың тұлғалық, элеуметтік, интеллектуалдық жэне басқа 
да компоненттерін  қалыптастыру  үшін,  мектеп  жағдайына  бейімдеуді 
жемісті  қамтамасыз  ету  үшін  мектепке  дейінгі  мекеме  мен  мектептің 
өзара эрекетінің сабақтастық тетігін жасау маңызды.
Мұндай  тетікті  жасауда  сабацтастыц  принципі  жетекші  рөл 
атқарады, ол педагогтарды оқыту мен тэрбиелеудің мазмұнын, түрлерін, 
эдістерін  байытуға  бағытталады  жэне  балалармен  жұмыстың  барлық 
кезеңдерінде  жағымды  нэтижелерді  жинақтайды.  Сабақтастық  мек­
тепке  дейінгі  мекеме  мен  мектепте  білім  беру  процесінің  кезеңдерінің 
арасындағы  байланыстың  сипатын  алдын  ала  анықтайды  жэне  бұл 
проце стің ары қарай даму логикасын алдын ала көруге мүмкіндік береді. 
Бір  жас  кезеңінен  екінші  жас  кезеңіне  өткенде  баланың  сұраныстары,
172

оның  белсенділік  сипаты  күрделіленеді,  жаңа  функциялар  эртүрлі 
іс-эрекеттерді  орындайды.  Сонымен  бірге  баланың  өсуі  қолда  бар 
«жүк»-тің (денсаулығы, дене,  психикалық, тұлғалық,  интеллектуалдық 
деңгейі,  элеуметтік  дамуы  жэне  т.с.с.)  негізінде  жүреді,  бұл  мектепке 
дейінгі мекеме  мен мектептің  сабақтастық байланыс орнатуында ерек- 
ше маңызды болады.
Білім 
беру 
мекемелерінің 
жұмысындағы 
сабақтастықтың 
құрылымы  күрделі.  Мұнда  В.  И.  Логинова  бірнеше  бағыттарды  бөліп 
көрсетеді:
•  мектепке  дейін  жэне  мектеп  кезеңдерінде  оқыту  мен 
тэрбиелеудің  мақсаттарының,  мазмұнының,  түрлерінің,  эдістерінің, 
құралдарының арасындағы сабақтастық;
•  мектепке  дейінгі  мекеме  мен  мектептің  жұмыс  бағыттарының 
арасындағы сабақтастық (білімдік, тэрбиелік, дамытушылық);
•  педагогикалық  талаптар  мен  мектеп  жасына  дейінгі  ересек 
балалар  мен  кіші  балаларды  оқыту  мен  тэрбиелеу  жағдайларының 
арасындағы сабақтастық;
•  мектепке  дейінгі  мекемелер  мамандарының  (тэрбиешілердің, 
психологтың,  логопедтің,  қосымша  білім  беру  педагогының  жэне 
т.б.) 
іс-эрекеті  мен  бастауыш  мектеп  мұғалімдерінің  арасындағы 
сабақтастық;
•  мектепке  дайындау  жэне  бейімдеуде  тэрбиелеушілердің  ата- 
аналарымен сабақтастық жұмыстарын жүргізу.
Мектепке 
дейінгі 
мекеме 
мен 
мектептің 
педагогикалық 
жұмысындағы  сабақтастық  бірыңғай  білім  беру  кеңістігін  жүзеге 
асыруға  жағдай  жасайды,  балаларды  мектепте  оқуға  бейімдеуде 
бірқатар  психологиялық  қиындықтарды  болдырмайды,  балалардың 
жаңа  жағдаяттарға  табиғи  түрде  енуін  қамтамасыз  етеді.  Мектепке 
дейінгі  мекеме  мен  мектепте  педагогикалық  процестің  бала  тұлғасын 
жан-жақты дамытуға бағытталғандығы сабақтастықты орнатудың өзегі 
болып табылады.
Мектепке 
дейінгі 
мекеме 
мен 
мектептің 
жұмысындағы 
сабақтастықты  қамтамасыз  етудің  ұйымдастыру-педагогикалық  басты 
шарттарының бірі балаларды  мектепке дайындауды  қамтамасыз ететін 
іскерлік серіктестік орнату болып табылады.
«Балабақша-мектеп» жүйесіндегі сабақтастық аспектілері
Педагогикалық ағарту жұмыстарының ақпараттық-агартушылық 
аспектісі  мектепке  дейінгі  ересек  жэне  кіші  жаста  мұғалімдер  мен 
тэрбиешілерді білім беру процесі міндеттерімен таныстыруды; білім беру
173

бағдарламаларының мазмұнын зерттеуді; бұл жастағы топтардағы бала­
ларды дамыту, тэрбиелеу, оқыту ерекшеліктерін зерттеуді қарастырады. 
Серіктестік  түрі  -   біріккен  педагогикалық  кеңестер,  семинар-практи- 
кумдар, балаларды дамыту, мектепке бейімдеу қиындықтары, мектепке 
дайын болудың диагностика эдістері мэселелері жөнінде лекциялар.
Әдістемелік 
аспект 
мектепке  дейінгі  мекеме  мен  бастауыш 
мектептегі  білім беру ісінің түрлерімен жэне  эдістерімен бір-біріне та- 
ныстыру,  негізгі  оқу  пэндері  бойынша  сабақтарды  ұйымдастырудың 
түрлері,  эдістері,  құралдарының  арасында  сабақтастық  орнату. 
Серіктестік  түрлері  -   мектепке  дейінгі  мекемедегі  жэне  бастауыш 
мектептегі сабақтарға өзара қатысу, талдау, талқылау; дербес эдістемелер 
бойынша  семинар-практикумдарға 
қатысу; 
озат 
педагогикалық 
тэжірибемен бөлісу; оқыту мен тэрбиелеудің мазмұны, түрлері, эдістері 
мен құралдарының арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге нақты 
ұсыныстар жасау жөніндегі эдістемелік мэжілістер өткізу.
Практикалық  аспект,  бір  жағынан,  мұғалімдердің  мектепке 
дейінгі мекемедегі  өздерінің  болашақ оқушыларымен алдын  ала таны- 
суында,  екінші  жағынан  -   бірінші  сыныпта  оларды  оқыту  процесінде 
тэрбиешілердің  өз  бітірушілеріне  бас-көз  болуында  көрініс  таба- 
ды.  Бұл  мұғалімге  өз  тэрбиеленушілерін  -   олардың  мінез-құлық,  іс- 
эрекет  ерекшеліктерін  ертерек  білуіне  мүмкіндік  береді  -   ол  бірінші 
сыныпта  педагогикалық  процесті  ұйымдастыру  үшін  қажет  болады. 
Тэрбиешілер мектепте балаларға барғанда олардың бейімделу процесін, 
оқуы  мен  тэрбиесіндегі  жақсы  жэне  жағымсыз  жақтарын  көре  ала­
ды.  Бұл  мектепке  балаларды  дайындау  процесіндегі  артықшылықтар 
мен  кемшіліктерді  айқындауға  көмектеседі,  өзінің  педагогикалық 
жұмысына тиісті түзетулер енгізуіне мүмкіндік береді.  Серіктестік түрі
-  өзара қатысу.
Жүйелі  өзара  байланысты  жүргізілген  педагогикалық  жұмыс 
пен  бейімделу  нэтижелері  бойынша  мектепке  дейінгі  мекеме  маман- 
дары  мен  мұғалімдердің  педагогикалық  мэжілісі  өткізіледі,  оның 
қорытындысында  мектепке  дайындау  процесін  жетілдіру,  «балабақша
-  бастауыш  мектеп»  жүйесінде  сабақтастықты  қамтамасыз  ету  жэне 
психологиялық-педагогикалық, ұйымдастырушылық, эдістемелік жэне 
мектепке  дайындауда  сабақтастықтың  басқа  да  жағдайларын  жасау 
жөнінде практикалық ұсыныстар қабылданады.
174

9.6 Б аланы   мектепке дайындау процесіндегі отбасы
Адамзаттың 
мыңдаған 
жылдық 
тарихында 
жас 
ұрпақты 
тэрбиелеудің  екі  тармағы  қалыптасты:  отбасылық  жэне  қоғамдық. 
Бұл  тармақтардың  эрқайсысының  өз  алдына  тэрбие  жөніндегі  бір 
элеуметтік  институт бола тұрып,  бала тұлғасын  қалыптастыруда ерек­
ше мүмкіншіліктері бар.
Ерте  уақыттан  бері  тұлғаның  қалыптасуындағы  бастысы:  отбасы 
немесе  қоғамдық тэрбие  (балабақша, мектеп) деген талас пікірлер бар. 
Кейбір ұлы педагогтар отбасының пайдасына ыңғайланады, басқалары 
басымдықты  қоғамдық мекемелерге  береді.  Мысалы,  Я.  А.  Коменский 
анасының қолы мен аузынан білім жинағын ана мектебі деп атады. Ана 
сабақтары  -   оқу  кестесіндегі  үзіліссіз,  демалыссыз  жэне  каникулсыз. 
Баланың  өмірі  неғұрлым  жан-жақты  жэне  мағыналы  болған  сайын, 
солғұрлым ана қамқорлығының аясы кеңи түседі.
Заманауи  ғылым  бала  тұлғасын  дамыту  үшін  шығынсыз  отбасы 
тэрбиесінен  бас  тарту  мүмкін  емес  екендігін  куэландыратын  көптеген 
деректерді  біледі,  себебі  оның  күші  мен  ықпалдылығы  ешқандай, 
тіпті  балабақша мен  мектептегі  өте  жоғары  деңгейде  деген тэрбиемен 
салыстыруға келмейді.
Мектеп -  баланың жэне  отбасының өміріндегі жаңа саты.  Бала да, 
ата-ана да жаңа статус алады.  Баланың мектепте жақсы оқуы көбінесе, 
оның 
қаншалықты 
дайындалғандығына 
байланысты. 
Көпшілік 
жағдайда  мектепке  дайындық  дегенді  баланың  жазуды,  оқуды,  санау- 
ды үйрену деп түсінеді. Бала эріптерді буынмен қойып, сөз құрастырса 
ата-ана  оған  өте  риза  болады.  ал  мектепте  оқуға  дайындық  деген
-   ол  мүлдем  басқа  екендігін  ойламайды.  Мектепке  дайын  болуды 
қалыптастыру  мамандардың да,  балалардың  ата-аналарының да қатты 
назар аударуын қажет ететін кешенді проблема.
Отбасымен 
жағдайда 
баланың 
мектепке 
дайын 
болуын 
қалыптастырумен  Т.  А.  Березина,  Т.  И.  Бабаева  шұғылданды.  Олар 
психологиялық  жэне  элеуметтік  дайын  болуды,  психофизиологиялық 
функциялардың  дамуын,  отбасы  жағдайындағы  танымдық  іс-эрекетті 
қарастырды.  Көптеген  авторлар  жанұяда  оқу  іс-эрекетінің  мотиваци- 
ясын қалыптастыру қажеттігін көрсетті.  Ф.  А.  Сохин баланы  мектепке 
отбасында дайындау заңдылықтарын қарастырды.
Баланы  мектепке  дайындау  -   педагогиканың,  заманауи  білім 
берудің 
аса  бір  маңызды  жэне  өзекті  проблемаларының  бірі. 
Балаларды  тэрбиелеу,  өмірінің алғашқы  күнінен бастап бала тұлғасын
175

қалыптастыру -  ата-ананың негізгі міндеті.  Отбасы балаға ықпал етеді, 
өмірге  араластырады.  Баланың  басты  тэрбиешілері  -  ата-аналары. 
Мектепке  дейінгі  жастағы  бала  үшін  жанұя  -   оның  өмірін  қоғамдық 
ортамен  байланыстыратын  бірінші  жэне  негізгі  буын  жэне  бұл  өте 
маңызды.  Заманауи  отбасы  элеуметтік  ортаның  ықпалымен  емес,  тек 
қана өзінің ішкі өмірімен өмір сүруі мүмкін емес.
Ата-ана  бала  үшін  бірінші  мұғалім  жэне  еліктеу  үлгісі  бола­
ды.  Баланың  адамгершілік-еріктік  аясын  қалыптастыруда  (бала 
тұлғасын  жан-жақты  қалыптастырудың  маңызды  шарты)  отбасына 
жетекші  рөл  беру  маңызды.  Баланың  адамгершілік-еріктік  тұрғыда 
тэрбиеленгендігінен  оның  мектепте  жақсы  оқуы  ғана  емес,  өмірлік 
ұстанымының  қалыптасуы  да  байланысты.  Дегенмен  мектепке  дай­
ын  болу  ұғымы  баланың  тек  қана  адамгершілік-еріктік  қасиеттерінің 
қалыптасқандығын  қамтып  қана  қоймайды,  басқа  элементтерді  де 
қатыстыратын білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынының болуын 
да қарастырады. Бұған  мотивациялық та, тұлғалық та дайындық, еріктік 
жэне  интеллектуалдық,  «оқушының  ішкі  ұстанымы»  кіреді.  Басты 
нэрсе көптеген ата-аналар үй жағдайында баланы балабақша педагогта- 
рындай мектепке дайындай алмайды.  Көбінесе ата-аналар баланы мек­
тепке дайындаймын деп  тэртіптің «қате сценарийін» таңдайды,  соның 
салдарынан балаларда мектепке деген дұрыс көзқарас қалыптаспайды, 
қорқыныш  пен  күйзеліс  пайда  болады.  Үйде  тэрбиеленген  балалар 
бірінші  сыныпқа  «оқушының  ішкі  ұстанымының»  оқуға  құлықсыз 
жэне оқу іс-эрекеті жөніндегі дұрыс емес түсініктерімен келеді.
Сонымен, баланың мектепке дайын болуының ең оңтайлы нұсқасы 
отбасы  мен  мектепке  дейінгі  мекеменің  өзара  тығыз  эрекеті,  баланы 
мектепке  дайындаудың  барлық  аспектілері  бойынша  серіктестігі  бо­
лып  саналады.  Тэрбиеші  өз  жұмысында  отбасы  көмегіне,  ал  ата-ана- 
лар  -   өз  жұмысын  жалпы  нэтижеге  -   баланы  мектепке  дұрыс  жэне 
толық  дайындауға  жету  үшін  балабақша жұмысымен  келісіп  жүргізуі 
тиіс,  өйткені  бұл  тек  ата-ана  мен  балабақша  жұмысының  бірлігі  мен 
серіктестігі жағдайында ғана мүмкін болады.
Баланы  мектепке  дайындауда ата-ананың рөлі  зор:  жанұяның  ере­
сек  мүшелері  ата-ананың да,  тэрбиешінің де  жэне  мұғалімнің де  фун- 
кияларын  атқарады.  Бірақ  ата-аналардың  бэрі  мектепке  дейінгі  меке- 
меден қол үзгендіктен баласын мектепте  оқуға,  мектеп бағдарламасын 
меңгеруге  дайындауды  толық,  жан-жақты  қамтамасыз  ете  алмайды. 
Балабақшасында  болмаған  балалардың  мектепке  дайындық  деңгейі 
балабақшаға барған балалардікінен төмен болады.  «Үй»  балаларының

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет