24
25
үдерістерімен бірлікте, оны біртұтас жəне өзіндік дамыту үдерісі
ретінде қарастыру қажет, ал ересек білімгерді – əлеуметтік-
адамзаттық іс-əрекет субъектісі жəне білім берудің əлеуметтік-
дамытушы қызметін таратушы ретінде қарастыру қажет.
Кемелдену сатысы – онтогенездің шыңдарына жеткен,
қатып қалған форма емес, ол вариативті жас шеңберлері, акме
жетістіктерінің көрсеткіші, айқын жеке сипаты бар онтогенетикалық
даму сатысы. Білім беру қарым-қатынас пен танымның факторларын
«қамтитын», адамның жаңа шыңдарға, шығармашылыққа,
ойлаудың таптаурындарын жеңуге, жаңа əлеуметтік байланыстар
мен қатынастарға, ішкі күш-қуат қорын жұмылдыруға деген
қозғалысты қамтитын қажетті шарт ретінде болады. Бұл əсіресе жаңа
мыңжылдықта маңызды, ол кезде қоғам өмірінің жаңа жағдайлары
«жалпы ересектенуді» талап етеді, болмыстың күрделенген
жағдайында өмірлік кемелденуді игеруді талап етеді. Оған шынайы
өмірге бағдарланған адамның қиындықтарды шешудегі «өмірлік
сауаттылығына» бағытталған білімі көмек береді. Білім беру
жаңа акмеге жетелейтін ересек адамның онтогенетикалық жəне
əлеуметтік-мəдени дамуының факторы болып саналады.
Қазіргі заманғы праксеология адамтану мен қоғамтанудың
мəліметтерін ескеріп, жүйенің жалпы теориясы тұрғысында,
əлеуметтік тəжірибенің алуан түрлі аясында іс-əрекетті ұтымды
ұйымдастырудың позитивті принциптерін айқындауға ұмтылады.
Акмеологияның қазіргі заманғы қоғамтану, қолданбалы
əлеуметтік жəне іргелі философиялық ғылымдармен байланысы
дүниетанымдық жəне əдіснамалық бағыттар бойынша жүзеге
асырылады.
Философия əдіснамалық тұрғыда акмеологияны іргелі-ғылыми
сипаттағы дербес ғылыми пəн ретінде негіздейді. Философия
дүниетанымдық тұрғыда акмеологияның қоғамдық ғылым ретінде
аксиологиялық жəне праксеологиялық идеалдарын ұсынады,
сонымен бірге бір мезгілде қазіргі адамтанудың ерекше бөлімі
ретінде қарастырады.
Қоғамдық-гуманитарлы табиғатына жəне аксиологиялық-
гносеологиялық мəртебесіне сəйкес, акмеология тарих жəне
мəдениеттану, əлеуметтану жəне экономика, менеджмент жəне
маркетинг, саясаттану жəне конфликтология, педагогика жəне
экология сияқты əлеуметтік ғылымдармен тығыз байланысты,
ол акмеология үшін маңызды ұғымдарды – іс-əрекет, кəсібилік,
ұйымдастырушылық жəне реттеу сияқты ұғымдарды түсіндірудің
алуан түрлі əлеуметтік аспектілерін анықтайды.
Адамтану тұрғысынан акмеологияның адам туралы ғылым-
дармен өзара əрекеттестігі «шығармашылық» категориясын
сипаттайды. Ол шеберлік, даму, кемелдену, дарындылық, қабілеттер,
креативтілік, жетілдіру, рефлексия, эвристика, сана, тұлға, даралық
сияқты акмеология үшін түйінді ұғымдарды анықтайды, сонымен
бірге акмеологияның адам туралы салалас ғылымдармен өзара
əрекеттестігінде қарастырылатын басқа категорияларды анықтайды.
Оқыту үлгілеріндегі қазіргі заманғы даму, білім берудің құн-
дылықтарына, түрлеріне, əдістері мен технологияларына өзгерістер
енгізеді. Жетекші құндылықтар ретінде мінез-құлық нормаларын,
формалды білім мен біліктерді меңгеру емес, өзара қатынастардың
ізгілігі, өзін-өзі көрсетудің еркіндігі, даралықты насихаттау,
шығармашылық өзін-өзі таныту жəне т.б. алынады. Оқытудың
дəстүрлі əдістері – сабақ, білімді игерудің дəрістік-семинар түрлері,
ұтымды-дидактикалық формалар дамытушы технологиялармен,
рефлексивті тəсілдермен, интенсивті-ойын тренингтерімен толық-
тырылады.
Əдіснамалық тұрғыда акмеология – іргелі-қолданбалы сипатта-
ғы кешенді ғылым. Іргелілік басқа ғылымдарда зерттелмейтін бол-
мыс аясындағы заңдылықтарды танумен анықталады. Акмеология-
ның танымдық сипаты тəжірибелік-бағдарланған акмеологиялық
технологияларда көрініс табады.
Акмеологиялық тұрғыда жас ерекшелік, білімділік, кəсіби ше-
берлік сияқты аспектілер айқындалады. Акмеологиялық креативті,
экзистенциалды жəне мəдениеттанушылық мүмкіндіктер зерттеледі.
Мұнда жүйе құраушы фактор ретінде шеберліктің рефлексивтілігі
алынады.
Акмеология – зерттеулер кешенді сипатта болатын интегративті
пəн. Осындай зерттеулердің нəтижесінде ашылатын деректер мен
заңдылықтар жүйелі тұғырда түсіндіріледі. Басқару теориясымен,
педагогика жəне психологиямен өзара əрекеттестікте акмеология
кадрларды кəсіби даярлау аясына біршама өзгерістер енгізеді.
Кадрларды даярлаудағы акмеологиялық тұғырда мамандардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту жəне олардың біліктілігін
жетілдіру мəселесі басым орын алады. Мəселелер келесі бағыттарда
шешіледі:
26
27
– жас ерекшелік – педалогия тұрғысында (балалар мен жастарды
зерттейді), ересектер андрологиясы тұрғысында (студенттер мен ма-
мандарды зерттейді), геронтология тұрғысында (еңбек ардагерлерін
зерттейді) нышандар мен қабілеттерді диагностикалау;
– білім беру – жалпы, кəсіби жəне үздіксіз білім беру жүйесінде
білім жəне біліктерді диагностикалау жəне дамыту;
– кəсіби – еңбектің белгілі бір түріне кəсіби жарамдылықты,
психологиялық дайындықты жəне оның нəтижелері үшін
жауапкершілікті анықтау арқылы, еңбек іс-əрекетін жүзеге асырудың
мүмкіндіктері мен нəтижелерін анықтау;
– креативті – жүзеге асыруда жұмсалатын күш-қуатты анықтау
(кəсібиліктің деңгейін, шеберліктің рефлексивті-инновациялық
əлеуетін айқындау жəне шығармашылық үдерісінде алынған
инновациялардың əлеуметтік мəнін бағалау). Рефлексивті аспект
(өзіндік санамен, өзін-өзі анықтаудың ерекшеліктерімен жəне
тұлғаның дамушы «мені» ретіндегі мотивациямен, еңбек іс-əрекеті
барысында коммуникация серіктестерін түсінумен байланысты)
адамды кəсібилендірудің жүйе құраушы факторы болып табылады.
Акмеология мен оған салалас ғылымдардың зерттейтіні тұлғаға,
оның дамуы мен қатынастарын үйлесімді етуге бағытталған. Аталған
аспект акмеологиялық білімді тəжірибелік тұрғыда бағытты жəне
сұранысқа ие болатынын көрсетеді.
Акмеологияда синергетикалық тұғырды қолдану келесі
сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді: өзін-өзі ұйымдастыру,
өзін-өзі тəрбиелеу, адамның өзін-өзі маңызды ету қалай жүзеге
асады? Адам өзін танытудың шыңдарына қалай қол жеткізеді?
Бұл өз кезегінде өзін-өзі жетілдірудің дұрыс үлгісін жəне адамның
өмірлік жолын құруға мүмкіндік береді.
Барлық танымал адамдар белгілі сапалар жиынтығына ие болады:
жалпы адамзаттық құндылықтардың жеке мəнділігі, өз ісін жақсы
көру, креативтілік, дербестік, еңбекқорлық, табандылық, өзіне жəне
өз мақсаттарына деген сенімділік, мінездің қаттылығы. Ең бастысы
– өзіндік күш-қуатына деген сенімділік. Өзіне, өз мақсатына, өзіндік
акмеге өте қатты сенім жəне соған жетуге табандылық білдірсе,
бəріне қол жеткізуге болады. Адамның кəсіби өсуі, оның жетістікке
жету мəселесі акмеология үшін басты мəселе болып саналады.
Оқытушының кəсіби дамуының өзгешелігі оның кəсіби дамуын
қарастырады, «адамзаттық даралық» ұғымынан «кəсіби маман»
ұғымын бөліп қарастырмауда, өз кезегінде адамның даралығын
дамытудың барлық қырларында көрініс табады. Мұны оқытушының
құзыреттілігін дамытудың мақсаттарын нақтылауда ескеру қажет.
Оқытушының кəсіби жəне тұлғалық дамуының бірлігі, кəсіби
дамудың мақсаты оқытушының даралығының біртұтас сапасы
ретінде алынуында көрініс табады. Мұнда оқытушының дамуының
білімгерлердің дамуымен ұқсастығы байқалады. Алайда, іс-əрекет-
тің жетекші типін алмастырумен негізделген айырмашылықтар да
болады: бір жағдайда жетекші іс-əрекет ретінде кəсіби іс-əрекеті,
ал келесі жағдайда – оқу іс-əрекеті алынады. Алайда, оқу іс-əрекеті
кəсіби іс-əрекетке «ендіріледі», себебі оқусыз оқытушының басты
жұмыс құралы ретіндегі құзыреттілігі мен даралығын тиімді дамыту
мүмкін болмайды. Оқытушының кəсіби жəне оқу іс-əрекетінің
бірлігі мына жағдайда айқындала түседі: оқу іс-əрекеті объективті
түрде даралықты дамытуға бағытталуымен кез келген іс-əрекеттен
айрықшаланатын болса, онда оның субъективті мақсаты дəл сондай
болады деген анықтаманы ұстанған дұрыс.
Акмеология гуманитарлы ғылымдардың басқа салаларындағы
зерттеу нəтижелерін кіріктіріп жəне қайта мағыналап, «өзін-өзі
дамыту», «өзін-өзі маңызды ету», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі
жүзеге асыру» ұғымдарының «акме» жəне «мəдениет» ұғымдарымен
арақатынаста болатынын көрсетті. Акме бір мезгілде нəтиже жəне
адамның өзін-өзі дамыту үдерісі ретінде, оның мəдениетінде көрініс
табады. Өз кезегінде мəдениет өзін-өзі дамытудың біріктіруші
көрсеткіші жəне осы үдерістің тиімділігін қамтамасыз ететін
тұлғалық сапа ретінде болады.
Дамушы акмеологиялық тəжірибе көрсеткендей, адамның өзін
қайта құрушы іс-əрекетінің тиімділігі, психикалық өзін-өзі реттеуге
немесе креативтілікке, рефлексивті немесе аутопсихологиялық
құзыреттілікке қатысты, жеткілікті зерттелген психологиялық-
акмеологиялық феномендерге сүйенбейтін, белгілі тұлғалық сапалар
мен құзыреттіліктер кешенінің болуымен немесе болмауымен
негізделеді.
Тұлғаның деңгейінде оның өзіндік дамуы əртүрлі деңгейдегі жаңа
құрылымдарды қалыптастыру жəне дамыту есебінен жүзеге асады.
Белгілі жаңа құрылымдарды қалыптастыру жəне оларды тұлғалық
сапалар ретінде бекіту, дамудың бір əлеуметтік жағдайының
бұзылуына əкеледі, тұлғаның жаңа психологиялық бет-бейнесіне
адекватты басқа бет-бейнесінің пайда болуын негіздейді. Сонымен
28
29
бірге, талдау көрсеткендей, мəдениет адам дамуының біріктіруші
көрсеткіші ретінде, осы дамудың тиімділігін қамтамасыз ететін
тұлғалық сапа ретінде алынады.
Адамзат іс-əрекетінің барлық пəндік нəтижелерін сырттай қамти
отырып, мəдениет өзінің ішкі мазмұны бойынша, адамның қоғамдық
тіршілік иесі, біртұтас жəне үйлесімді тұлға, іс-əрекет субъектісі
ретінде дамыту үдерісі болады. Өзін-өзі дамытудың акме- жəне өзін-
өзі жүзеге асырудың жетістік факторы ретіндегі тиімділігі, белгілі
тұлғалық сапаның акмеологиялық мəдениеттің қалыптасуына жəне
дамуына негізделеді.
Акмеология жаңа ғылыми бағыт ретінде өзінің зерттеу өрісін
кеңейтеді, басқа ғылымдар, атап айтсақ жаратылыстану ғылыми-
гуманитарлы бағыттағы ғылымдар үшін тартымды бола бастайды.
Адамның кемелденуінің шыңы (акме) – көпшамалы күй, ол
адамның ұзақтығы бойынша өмірінің біршама кезеңін қамтиды
жəне көрсетеді, аталған күй адамның тұлға, азамат, іс-əрекеттің
кəсіби саласында маман ретінде қалыптасқанын көрсетеді. Сонымен
бірге, акме ешуақытта орныққан құрылым болып табылмайды, ол
біршама нұсқалықпен, өзгермелілікпен айрықшаланады. Қазіргі
акмеологияны, бірінші кезекте, əртүрлі кəсіптегі адамдардың
қандай жаста өркендеу кезеңіне өтетіні жəне осы деңгейді қанша
уақыт нығайтатыны қызықтырады. Акмеологияның басты мəселесі
– толыққанды кемелдіктің хронологиялық ұзақтығы емес, кез келген
өмірлік кезеңді өркендеу кезеңіне айналдыруға қабілетті адамның
рухани күйі.
Акмеологияға деген ғылыми қызығушылық ешуақытта азай-
майды. Бастау көздері педагогика мен психологияда болатын
акмеология жаңа ғылым ретінде, білім беру сапасын арттыру
мəселесі қазір белсенді түрде зерттеліп келеді. Акмеологияның
пəнаралық сипаты жаңа мүмкіндіктерді іздеуге, сонымен бірге
акмеологиялық мектептердің үлгісін құруға жəне тəжірибеден
өткізудің жаңа мүмкіндіктерін іздеуге мүмкіндік береді.
1.2 Акмеология ғылымындағы базалық ұғымдардың мəні
Тақырыптың негізгі ұғымдары: кəсібилік, кəсіби іс-əрекет,
даралық, субъект, субъектілік, белсенділік, өзін-өзі дамыту, акме-
азаматтық, тұлғаның кəсібилігі, кəсіпқой, тұлғалық-кəсіби дамыту.
Акмеологиялық ұғымдық аппараттың өзгеше мазмұны бола-
ды жəне пəнаралық бағыттылықпен сипатталады. Кəсібилік ма-
мандардың еңбек іс-əрекетін жəне оның тиімділігін зерттейтін
акмеологиялық зерттеулерде базалық ұғым ретінде алынады.
«Кəсібилік» ұғымының алуан түрлі көптеген анықтамалары
бар. Іс-əрекеттегі кəсібилік – іс-əрекет субъектісінің сапалық
сипаттамасы – белгілі кəсіп өкілінің кəсіби міндеттерді шешудің
құралдарын жəне қазіргі заманғы мазмұнын меңгеру шамасы ретінде
анықталады. Бұл меңгерудің шамасы əртүрлі адамдарда алуан түрлі
болады, сондықтан белгілі кəсіп өкілінің іс-əрекетіндегі кəсібиліктің
жоғары, орташа жəне төменгі деңгейлері туралы айтуға болады.
Келтірілген анықтаманың негізінде іс-əрекеттегі кəсібилік, ең
алдымен оның жоғары өнімділігімен сипатталады деп тұжырым
жасауға болады.
Кəсіби жоғары өнімді іс-əрекет оның сапасының жоғары
көрсеткіштерімен – тиімділігімен, оңтайлы қысымымен жəне
қарқындылығымен, жоғары дəлдігімен жəне сенімділігімен, ұйым-
дастырушылығымен, тұрақтылығымен, негізделуімен, денсаулықты
сақтауымен жəне ілгері дамуға ықпал етуімен айрықшаланады.
Акмеологиялық тұрғыда іс-əрекет сапа мен өндірушіліктің
жоғары көрсеткіштерімен айрықшаланбайтын болса, жағымды,
əлеуметтік маңызды мақсаттарға жетуге ұмтылыс көрінбейтін болса,
тұлғаның дамуына ықпал етпейтін болса, ондай іс-əрекет нəтижесіз
жəне тиімсіз болады.
Тиімсіз іс-əрекет – жағымды, əлеуметтік маңызды мақсаттарды
көздемейтін, сапа мен өндірушіліктің төмен көрсеткіштерімен
сипатталатын іс-əрекет.
Акмеологиялық деңгей кəсібилікке жетудің деңгейімен сипат-
талады, кəсіби іс-əрекеттің ерекшеліктерімен анықталады. Нағыз
кəсіби маманның жəне оның кəсібилігінің қалыптасуы əрдайым
тұлғалық-кəсіби дамумен байланысты болады.
Осылайша, акмеологияға қатысты іс-əрекеттегі кəсібилік
жоғары тиімділікпен, оңтайлы үдемелікпен, жоғары дəлдікпен
жəне сенімділікпен, жоғары ұйымдасуымен жəне біліктілікпен,
маманның сыртқы факторларға тəуелділігінің төмен болуымен,
кəсіби міндеттерді шешудің заманауи құралдарын меңгерумен,
тиімділіктің, дəлдіктің, сенімділіктің жəне ұйымдасудың жоғары
тұрақтылығымен сипатталады.
30
31
Акмеологиядағы шебер — шеберлікті меңгерген маман, ол
тəжірибені меңгерген тұлғаның қасиеті ретінде, белгілі салада
кəсіби біліктердің жоғары деңгейі ретінде қарастырылады. Кəсіби
іс-əрекетте шеберлікке қол жеткізу үшін қабілеттер, арнайы
білімдер, біліктер, дағдылар, мотивация сияқты маңызды «бастапқы
мүмкіндіктерге» ие болу қажет. Мəні бойынша бұл «акмеге» деген
қозғалыстың базалық сатысы болып саналады.
Қазіргі кезде «шеберлік» ұғымы «кəсібилік» ұғымымен
теңестіріледі. Мұнда кəсібилік кəсіби іс-əрекеттің жоғары стандарты
ретінде қарастырылады (кəсіби жасалған, өз ісінің маманы, шебері
жəне т.б.).
Кəсібилік мамандардың еңбек іс-əрекетін жəне оның тиімділігін
зерттейтін акмеологиялық зерттеулерде базалық ұғым ретінде алы-
нады. Кəсібилік – педагогикалық құзыреттіліктің аса жоғары деңгейі.
Бұл кəсіптің мағынасын, кəсіби тұғырларды, кəсіптің гуманистік
бағыттылығын, еңбектің жоғары үлгілерін (шеберлік), жаңалықты
іздеуді (жаңашылдық) меңгеру болып саналады. Сондықтан
педагогикалық құзыреттілік – бұл кəсіби тұғырларды меңгеру, осы
тұғырларды құралдармен, «техникамен» бекіту.
Педагогтің кəсібилігінің нөлдік жəне жоғары деңгейлері
ажыратылады. Кəсібиліктің нөлдік деңгейі – «стажер», яғни кəсіби
тəртіпке енуші, кəсіби педагогикалық қарым-қатынасты игеруші.
Педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі – жаңашыл-мұғалім.
Оның басты мақсаты − тұлғаны рухани қалыптастыру.
Педагогикалық акмеологияны педагогтің кəсібиліктің деңгейлері
бойынша өту жолдары туралы ғылым ретінде қарастыруға болады:
эрудициядан – шеберлікке, шығармашылыққа, педагогикалық
зерттеуге жəне т.б. Əртүрлі педагогтарда кəсібиліктің деңгейлері
кəсіби өмірдің барысында бірдей қалыптаспайды.
Қазақстандық ғалымдар пікірлерінше (Сейталиев Қ.Б.,
Өcтeмipoв К., Мoмынбaeв Б.К., т.б.), педагогті кəсіби қызметке даяр-
лау дегеніміз тек тұлға дайындау емес, сонымен қатар педагогикалық
шығармашылық субъектісін дайындау, яғни тұлға даярлау.
Кəсіби шығармашылыққа дайындау мəселесін шешу əдістері
оның құрылымын анықтауға тікелей қатысты болмақ. Мысалы,
Ceйтeшoв A.П., Caипoв A. педагогикалық шығармашылыққа
дайындаудың төрт деңгейін атап көрсетеді – базалық, оптималдық,
шығармашылық жəне зерттеушілік, автор бұл сатылардың əр-
қайсысына сəйкес алғышарттардың, педагогтің қызметінің мазмұ-
ны мен шығармашылығының сапасының негізінде сипаттама бе-
реді.
Педагогтің шығармашылық ізденіске дайындығын диагнос-
тикалаудың негізгі бағыттарын саралай келе, C.A. Жoлдacбeкoвa,
Ю.Н. Кaмaлoвтар оларды маңызды үш топқа жіктеп көрсетеді:
жоғары мəдениеттілік, шығармашылық əрекет көрсеткіштерінің
тиімділігі жəне мұғалім шеберлігін өз бетінше диагностикалау.
Кəсібилік ұғымының «еңбек психологиясы» категориясымен
ортақ белгілері болады, олар: іс-əрекеттің дара стилі, ол индивидке
тəн қойылған мақсатқа жетудің əдістері мен тəсілдері, дағдылар
жүйесі ретінде қарастырылады. Акмеологияға қатысты іс-əрекеттің
дара стилі, шеберлікте жəне кəсібилікте даралықты көрсетуде жүзеге
асады.
Шеберлік жəне кəсібилік кəсіби іс-əрекетте өзін-өзі жүзеге
асырумен, жоғары нəтижелерге жетудің мотивацияның жоғары
деңгейінің болуымен байланысты болады.
Оқыту модельдеріндегі қазіргі заманғы даму, білім берудің
құндылықтарына, түрлеріне, əдістері мен технологияларына
өзгерістер енгізеді. Жетекші құндылықтар ретінде мінез-құлық
нормаларын, формалды білім мен біліктерді меңгеру емес, өзара
қатынастардың ізгілігі, өзін-өзі танытудың еркіндігі, даралықты
насихаттау, шығармашылық өзін-өзі таныту жəне т.б. алынады.
Оқытудың дəстүрлі əдістері – сабақ, білімді игерудің дəрістік-
семинарлық түрлері, ұтымды-дидактикалық формалары дамытушы
технологиялармен, рефлексивті тəсілдермен, интенсивті-ойын
тренингтерімен толықтырылады.
Философиялық, педагогикалық, психологиялық жəне акмео-
логиялық əдебиеттерді талдау, бұл мəселелік өріске «акме», «өзін-
өзі жүзеге асыру», «адамның тұтастығы», «өзін-өзі дамыту»,
«мəдениет» категориялары ұғымдарын енгізеді.
Кең мағынасында акме – бұл адамның кемелденуінің барлық
сатысы, оған жалпылама түрде тұлғаның дене, тұлғалық жəне
субъектілі кемелденуі жатады.
Осы ұғымның мазмұнын ашуға алғаш рет ұмтылысты Е. П. Кон-
дратьева өзінің «Акмеологическая культура как научно-культурный
феномен» атты мақаласында жасады.
Аса тар мағынасында «акме» ұғымы келесі жағдайларда
32
33
қолданылады: адам өмірінің барысында денсаулығына қатысты қол
жеткізген жетістіктерінің аса жоғары деңгейі, оның тұлға ретіндегі
мінез-құлқы жағымды қоғамдық мəнге ие болғанда, оның субъ-
ект ретіндегі іс-əрекеті шығармашылығының нақты нəтижесінде
материалдық немесе рухани мəнге ие болғанда көрініс беретін
деңгейі.
Сонымен, «акме» ұғымы əртүрлі жас сатыларында өзінің да-
муында адамның қол жеткізе алатын шыңдар немесе ең жақсы
жағдай мəнінде қолданылады. Бірқатар зерттеушілер осы шыңдар
мен ең жақсы жағдайларды, дамуда белгілі мазмұндық сипаттама-
сы бар, адамның жетістіктерінің алғышарты болатын, кемелдену
кезіндегі үлкен акме немесе «макроакме», кіші акме немесе «микро-
акме» деп атайды.
Акмені дамудың белгілі нəтижесі ретінде де қарастыруға болады,
бұл біздің зерттеуімізде үдеріс ретінде аса маңызды. Атап айтсақ,
үдеріс ретінде акме психикалық даму үдерісінің интенциалды-
динамикалық үлгісі тұрғысында сипатталады. Осы үлгінің аясын-
да акме, адамның өмір сүруінің жоғары деңгейіндегі жоғары нүкте
болып табылмайды, ол дамудың үздіксіз қисық нүктелері болып
табылады (С.Ю. Степанов осылай атап көрсетеді). Акменің басты
мəнді белгілері ретінде, ілгері дамушы бағыттылық (конструктивті
интенция), қарқындылық (сел тəрізді динамизм), оның түбегейлі
аяқталмауы (дамудың келесі буынына ашықтық) алынады. Акме
феноменінің эмпирикалық жəне тұжырымдамалы теңдестірілуінің
өлшемі ретінде, дамудың жоғары экстремум нүктесі алынбайды
(яғни, дамудан регреске өту сəті); мұнда барынша қарқынды өсу
мен дамудағы сапалы секіріс үдерісі алынады. Осы үлгі тұрғысында
барынша дамудың əрбір келесі нүктесіне жету, міндетті түрде
деградацияға алып келмейді, керісінше, даму үдерісін қарқынды
дамытуға алып келеді.
Үдеріс ретінде акме синергетикалық акмеология аясында қа-
растырылады.
Əлеуметтік синергетика тұрғысында ашық өзіндік ұйымдасушы
(диссипативті) құрылым (атап айтсақ, адам), ортамен тұрақты ал-
масу жағдайында ғана өмір сүре алады. Осы алмасу арқылы ол
сыртқы ортадағы тəртіпсіздікті арттыру есебінен өзінің реттелуін
қамтамасыз етеді. Өзіндік ұйымдасу бір-бірін теріске шығаратын екі
үдерістің – иерархизация (қарапайым диссипативті құрылымдардың
аса жоғары реттегі диссипативті құрылымдарға бірізді біріктіру)
жəне деиерархизация (күрделі диссипативті құрылымдардың
аса қарапайым құрылымдарға бірізді бөлінуі) кезектесу ретінде
қарастырылады. Нақты ортамен өзара əрекеттесетін нақты жүйе
үшін шектеулі күй болады, аталған күйге жетуде жүйе өзінің
бұрынғы күйіне (аттрактор) орала алмайды. Бірқатар шектеулі күйге
жеткеннен кейін («қарапайым аттрактор»), сыртқы ортамен өзара
əрекеттестік жағдайында иерархизация үдерісі тоқтайды. Жүйенің
таралуы (деирерахизация үдерісі) да бірқатар шектеулі күйге жет-
кеннен кейін («қызықты аттрактор») аяқталады.
Синергетикалық акмеология, акмені қарапайым аттрактормен
арақатынаста ұстайды. Мұнда қызықты аттрактормен ол «катаболе»
күйін арақатынаста ұстайды (грек тілінен катаРоАх — төмен қарай
сырғу).
Осылайша, синергетикалық акмеология тұрғысында əлеуметтік
өзіндік ұйымдасу тəртіп пен аласапыранды кезектестіруді білдіреді,
өз кезегінде акме (қарапайым аттрактор) жəне катаболе (қызықты ат-
трактор) кезектеседі.
Қарапайым жəне қызықты аттракторлар арасындағы жүйенің
тепе-теңдігі, тəртіп пен аласапыран, олардың диалектикалық син-
тезге жету арасындағы қарама-қайшылықты жеңуге ұмтылыспен
байланысты, яғни жаһандық аттракторға ұмтылыспен байланысты
(аса қызықты немесе суператтрактор), мұнда акме жəне катаболе
күйлерінің кезектесуіндегі үрдісті айқындауға болады. Бұл үрдіс
локальды акме арқылы, катаболемен аяқталатын, жаһандық акмеге
қозғалыстан тұрады.
Т. П. Фокина акмені өмірді бірқатар идеалға сəйкес құру ретінде
көрсете отырып, акменің немесе құру стратегиясының келесі
үлгілерін айқындайды:
– өмірдің түбегейлі аяқталмауын саналы ұғынудағы тұрақты ин-
новациялар жəне тəжірибелер;
– жоғалған шыңды аңсаумен туындаған күйге оралу;
– адамға іргелі күй ретінде жіберілген бірқатар күйге оралуға
байланысты экзистенциалды күш-қуат.
Мəні бойынша Т.П. Фокинаның жіктеуінде акмеге тек бірінші
стратегияны жатқызуға болады, себебі инновациялар жəне
тəжірибелер, өмірдің түбегейлі аяқталмауын саналы ұғыну белгілі
бір шамада акме-бағдарланған тұлғаны сипаттайды. Ал үшінші
|