Педагогика факультетінің


Биологиялық зақымдану ошағы



бет3/5
Дата17.04.2017
өлшемі0,86 Mb.
#14029
1   2   3   4   5

Биологиялық зақымдану ошағы. Бактериологиялық қару деп – патогенді микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдарының жиынтығын айтады. Бұл қарудың қауіптілігі – приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Бактериологиялық қаруды белгілеріне қарай анықтау және қолдану әдістері. Қолдану әдістері: аэрозольдік әдіс, трансмиссивтік әдіс, диверсиондық әдіс. Бактериологиялық қару ретінде аса қауіпті микроорганизмдер қолданылады, олар: бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар: Улы заттарды қанша топқа бөлеміз.Химиялық қару дегнді қалай түсінесіз.Бактериологиялық қаруға сипаттама.

Пайдаланған әдебиеттер: Арпабеков

Рустенова 35-39, 39-41, 41-42 беттер

Исанов 96-97, 97-98 беттер

Дәріс-7
Тақырыбы: Ұжымдық қорғаныс құралдары

Мақсаты:Панаханамен қамтамасыз ету. Тұрғындарға жағдай жасау сонымен қатар қорғану жолдары.

Негізгі сұрақтар:1. Панахана, оның құрылысы. 2.Панаханаға халықты кіргізу тәртібі.

Қысқаша мазмұны: Панахана, оның құрылысы. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Панахана – жан-жақты қымталған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет бола алатын арнайы салынған баспана. Панахана адамдардың сыйымдылығына байланысты үш түрлі болып келеді. Шағын панахана – 300, орташа панахана – 300-600 адамдық, үлкені – 600 ден астам адамдық.Панаханаға халықты кіргізу тәртібі. Қорғаныс ғимаратына адамдарды қабылдап, орналастыруды және ол жердегі тәртіпті қамтамасыз етуді, панаханаға қызмет көрсететін топтың, жеке құрамының жұмысын ұйымдастыруды осы қорғаныс ғимаратының коменданты-командир жүргізеді. Панаханаға бірінші кезекте балалар мен қарттар жіберіледі. Жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖТП) дер кезінде салынған панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барасында немесе шабуыл қаупі кезінде қалалар мен өндіріс обьектілерінде салынады. Олар қысқа мерзімді темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы 50-200 кісілік болады.
Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Санитарлық торап дегеніміз не. Панаханаларды қалай бөлеміз.Қорғалатын және шығатын есіктер.

Пайдаланған әдебиеттер: Арпабеков

Рустенова 35-39, 39-41, 41-42 беттер

Исанов 96-97, 97-98 беттер
Дәріс-8
Тақырыбы: Жеке қорғаныс құралдары

Мақсаты:Халықты жаппай қыру қаруларының (ядролық, химиялық, бактериялық( зардаптарынан сақтап қалу.

Негізгі сұрақтар: 1. Газқағарлар, оның жіктелуі, құрылысы.2. Респираторлар, мақталы-дәкелі таңғыштар. Жеке қорғаныстың медициналық құралдары ( ЖА-2, ЖЗП-8).

Қысқаша мазмұны:



Газқағарлар, оның жіктелуі, құрылысы. Жеке қорғаныс құралдарын үш түрге бөледі. 1. тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдар

2. теріні қорғайтын құралдар.

3. медициналық құралдар.

Тыныс алу органдарын қорғайтын құралдарға – газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштар, шаңға қарсы мата маскалар немесе ПТМ –1. Газқағарлардың өзі екі түрге бөлінеді: сүзуші газқағарлар, айырушы газқағарлар. Сүзуші газқағарлар: ГП-5, ГП-4, ГП-7, ГП-7В, ГП-7ВМ. Айырушы газқағарлар: ИП-4, ИП-46 немесе оттегін айырушы приборлар: КИП-5, КИП-7, КИП-8 толықтай тыныс алу мүшелерін сыртқы ауадан бөлектеп тастайды. Регенераторлық патрондарға немесе баллондардың оттегі мөлшеріне қарай дем алынады. Бұл газқағарлар улы заттардың концентрациясы жоғары болған кезінде пайдаланылады.



Респираторлар, мақталы-дәкелі таңғыштар. Респираторлардың газқағарлардың айырмашылығы құрылысының қарапайымдылығы, салмағының аздылығы және аз уақытқа қорғай алатындығымен сипатталады. Р-2 ересек адамдарға арналған, ол синтетикалық материалдардан жасалған. Салмағы 60гр. 12 сағатқа қорғай алады. Р-2д балаларға араналған, өлшемі кіші, үздіксіз 4 сағатқа қорғай алады. Шаңға қарсы мата маскалар (ПТМ - 1) көзді, тыныс алу органдарын мақта-дәке таңғыштарына қарағанда жақсы қорғайды. 7 өлшемі бар.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары ( ЖА-2, ЖЗП-8).

(ЖА-2) Жеке аптечкадағы дәрі-дәрмектер радиоактивті, улы заттарға және бактерияға қарсы қолдану үшін жеке адамдарға таратылып беріледі. Өлшемі – 90х100х20 мм, салмағы – 130 гр. Қалтаға салуға ыңғайлы. Жеті ұяшықтан тұрады. (ЖЗП-8) Жеке химиялық улануға қарсы пакетінің мақсаты мен құрылысы. Оның түрлері және қалай қолдану қажеттігінің ережесі.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Азаматтық қорғаныс міндеттері. Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары. Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар.

Әдебиеттер:

Арпабеков

Рустенова 42-53, 53-56, 56-60 беттер

Исанов 90-100, 101-103 беттер

Приходько 95-100 беттер
Дәріс-9

Тақырыбы: Адамдарды санитарлық өңдеуден өткізу

Мақсаты:Уақытында ұқыптылықпен жүргізілген тазарту жұмысы улы затпен улануды мүлдем болдырмауға немесе дәрежесін азайтуға септігін тигізу.

Негізгі сұрақтар: 1.Жартылай және толық санитарлық тазалық. 2. Дезинфекция, дезактивация, дегазация ұғымдары.


  1. Қысқаша мазмұны: Жартылай тазалық – адам денесінің ашық бөліктерінен, киімдерден, аяқ киімнен және жеке дара қорғану құралдарынан радиоактивті заттарды және улы заттарды сыпырып, сүртіп қана тазалау болып табылады.

Толық санитарлық тазалық – денені сабынды сумен тазалап жуу, ішкі киімді қажет болса сырт киімдерді ауыстыру. РЗ-мен ластанған ауданнан шыққан барлық адамдар, жасақшылар тобы жартылай дезактивациялық тазартудан өтеді. Бұл тазалықтың түрі бірнеше ретпен өтеді.Тазалық өткізетін адамдар сыртқы киімін өте сақтықпен жаймен шешеді. Тыныстану органдарының қорғау құралдары ең соңынан шешіледі. Бұларды қағып-сойып сыпырғышпен, щеткамен жоғарыдан төмен қарай тазалайды. Әсіресе, киімнің көп ластанатын етегімен жеңін мұқият тазалайды. Резина аяқ киімді жуады. Сдан кейін противогазды , оның қорабын, шлем-маскасын пакеттегі ертіндімен тазалайды, тек лсыдан кейін противогазды шешуге болады.

Матадан тігілген масканы қағып-соғып тазалап, содан кейін жуады.

Дәке матадан жасаған байламаны жойып жібереді /өртейді/.


  1. Дезинфекция, дезактивация, дегазация ұғымдары. Дезинфекция – ауру жұқтыратын немесе ауру тасымалдайтын микробтарды жоюға арналған шараларды айтады.Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғары температураны пайдаланып және 2-3 сағат қайнатып қана жоюға болады.Қаланың ауқымын, өндірріс орындарын көлік тазартуды т.с.с. жұмыстарды тек дезактивация, дегазация жүргізе алатын машиналары , қондырғылары бар АҚ күштері өткізеді. Бұл жұмыс үшін басқа да техникалар пайдаланады. Сонымен қатар қол құралдары : бүріккіштер, сушашқыштар, сыпырғыш, күректер т.б. қолданады. Дезактивация – радиоактивті /РЗ/ заттармен ластанған нәрселерді тазалау. Оларды денелер үстінен сыпырып немесе жуып кетіруге болады. Дезактивация ластанбаған әдейі алаңдарда немесе тұрақты жуу пункттерінде өткізіледі. Халық өз киімдерін АҚ мамандарының басшылығымен өздері тазалайды. Тазалау алаңы лас алаң және таза алаң болып бөлінеді. Таза алаңда дозиметриялық бақылау постысы, киімді, аяқ киімді ауыстыратын орын болады. Халық алдымен бөлек алаңда күтеді, содан кейін кезекпен тазалау орнына барып, мамандардың басшылығымен дезактивация өткізеді.Алдымен қол жуып алып , содан кейін противогазды , үстеріндегі киімді шешіп қолдарын , беттерін, мойнын қайта уады да , санитарлық тазалық өтетін алаңға шығады. Тұрғын үйлерді , коридорды, баспалдақты, жануарлар үшін қораларды халықтың өздері дезактивациядан өткізеді.Дегазация – ластанған денелерден улы заттарды жою.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Жартылай тазалық дегеніміз не. Толық санитарлық тазалыққа сипаттам,дегазация дген не.

Пайдаланған әдебиеттер

Арпабеков 140-143

Рустенова 35-42 беттер
Дәріс-10

Тақырыбы: Медициналық білім негіздері

Мақсаты:Зақымданған адамдарға көмек көрсету. Оларды тасымалдау.

Негізгі сұрақтар:1. Зақымданған адамдарды тасымалдау құралдары 2.Тасымалдау әдістері

Қысқаша мазмұны: Зақымданған адамдарды тасымалдау құралдары

Зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіп , содан кейін оларды емдеу бекеттріне немесе ауруханаға жөнелтеді. Жарақаттанған адамды алып шығудың бірнеше әдістері бар. Мұның барлығы жарақаттың қандай , ауыр-жеңілдігіне , қолда бар құралдарға және жарақаттанған адамдардың аз-көптігіне байланысты.

Басты мақсат-жарақаттанған адамды жанын қиналтпай ауруханаға жеткізу болып табылады. Жүруге жарайтындарын адамдардың көмегімен өз аяғымен жүргізіп алып шығады. Өзі жүре алмайтын адамдарды санитарлық зембілмен тасымалдайды. Жарақатына байланысты зембілге әр түрлі жатқызады.:

Жауырыны зақымдалған болса, зембілге оң жағымен , іші жарақаттанған болса, шалқасынан жатқызып, тізесін бүктіріп, тақымының астына киімнен одеялдан домалақтап салады.

Кеудесінен жарақаттанғанда жауырынына салып , басын биіктеу көтеріп алып жүреді.

Омыртқа зақымданғанда адамды тақтайға немесе сондай қатты нәрсенәң үстіне салады., оны зембілмен алып жүреді.

Егер қатты нәрсе табылмаса , онлда адамды зембілге екбетімен салып алып жүреді.

Зембіл шайқалмас үшін екі адам аяқтарын шатыс түрде жүруі керек./ алдыңғы адам сол аяқты ілгері салады./. Асықпай сағатына 2-2,5 км. Шапшаңдықпен жүруі керек. Негізінен аяғын ілгері салып алып жүреді, бірақ адамның жағдайы төмен болса, артқы адам қарап жүру үшін жаралы адамның басын ілгері салады. Қажет болса, ауру адамды зембілмен алмай-ақ сонымен ауруханаға аттандырады.

2. Тасымалдау әдістері

Жарақаттанған адамды жалпақ тақтайға , есікке , баспалдаққа, жинамалы койкаға салып алып жүруге болады. Тар өтуі қиын жерлерден адамды жіппен тартып шығарады. Адам жанымен не шалқасымен шығарады.

Алып жүру үшін лямка пайдалануға болады. Немесе екі адамның қолынан кілт жасайды. Бұл кілтпен есінен айырлғандары немесе қолы, аяғы жарақаттанғандарды алып шығады.

Ауруханаға арнайы көлікпен апаратын болса, әуелі жоғары қабаттағы , кейін төменгі қабаттағыларды орналастырады.

Егер жүк машинасымен апаратын болса, машинаның үстіне қалыңдығы 10 см топырақ төсеп, носилкаларды солардың үстіне орналастырады. Арбамен не шанамен апаратын болса да шөп салынады. Жол бойы оларды үнемі бақылап отыру керек, жәйлі салып ауруханаға жеткізеді.

Жұқпалы аурумен ауырғандарды санитарлық не арнайы автомобильдермен алып жүреді. Жұқпалы аувруларды кез –келген көлікке отырғызуға болмайды. Бұл ауруларды алып жүргенде түктіретін ыдыстар, тазалайтын дезинфекциялық дәрі-дәрмектер болуы керек, қажет болғанда көмек көрсететін медикаменттер болуы тиіс.

Жұқпалы ауруларды алып келе жатқан санитарлардың үстіне ақ халаттары , басында ақ орамалы , мұрын ауыздарын респираторлармен немесе дәкемен жауып жүреді. Оларды емханаға орналастырғаннан кейін өздері санитарлық тазалықтан өтеді.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Зақымдану әдістерін атаңыз. Зақымданған адамға көрсететін алғашқы көмегіңіз қандай.

Пайдаланған әдебиеттер: 1. Арпабеков

2. Рустенова 258-261,248-254 беттер

3. 148-149, 144-146 беттер

4. 300-303, 320-321, 311-316 беттер


Дәріс-11
Тақырыбы: Жәндіктер, жануарлар және өсімдіктер уымен уланған кездегі алғашқы көмек .

Мақсаты:Жәндіктермен , өсімдіктер мен уланған адамдарға көмек көрсетіп емдеу.

Негізгі сұрақтар: Саңырауқұлақтармен уланған кездегі алғашқы көмек. Өсімдіктермен уланған кездегі алғашқы көмек

  1. Қысқаша мазмұны: Саңырауқұлақтармен уланған кездегі алғашқы көмек. Улы саңырауқұлақтардың түрлері. Улы саңырауқұлақтардың уы адамның ішек-қарын жолында бұзылмайды және қорытылуы да тұрақты. Улануған кездегі жалпы белгілері. Мұндай уланған кезде мүмкіндігінше асқазанды жуып (бірнеше рет 0,5-1 л шамасында жылы су ішкізіп, тіл түбін саусақпен басу арқылы құсқызу.) жәрдем береді. Асқазанды жуғаннан кейін 30-40 таблетка активтелген көмір беріп, дереу ауруханаға жеткізу керек.

Өсімдіктермен уланған кездегі алғашқы көмек Улы өсімдіктердің түрлерімен танысу. Жалпы улану белгілері: ауыз кеберсіп, жұтыну бұзылады, жақыннан көріп, көз бұлдырайды, жарықтан қорқып, жүрек соғуы жиелейді, демігіп бас ауырады. Әдетте тері қызарады. Көздің қарашығы үлкейеді. Жүріс бұзылып, жүйке тозуы және елес қосылады. Зақымданушының сөзі байланыссыз, ойы келтеленеді. Алғашқы көмек. Асқазанды марганцовканың әлсіз ерітіндісімен жуу, 30-40 таблетка активтелген көмір ішкізіледі. Дереу жедел жәрдем шақыру

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Сандай улы саңырауқұлақтарды білесіз. Өсімдіктермен уланған адамға қандай көмек көрсетесіз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Арпабеков

2. Рустенова 258-261,248-254 беттер

3. 148-149, 144-146 беттер

4. 300-303, 320-321, 311-316 беттер
Дәріс-12
Тақырыбы: Өмір және өлім белгілері. Реанимация әдістері.

Мақсаты:Жарақаттанған адамның өмірін сақтап қалудың қарапайым шараларын жасау, көп қиналудан асқыну мүмкіндігінен сақтандыру, жарақат немесе зардаптарының жеңілденуіне мүмкіндік жасау.

Негізгі сұрақтар:1. Кома, коллапс, талма кезіндегі алғашқы көмек.2. Естен тану (шок) ұғымы. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек.


  1. Қысқаша мазмұны: Кома, коллапс, талма кезіндегі алғашқы көмек. Талып қалу (талықсу) – адам миының қансыздануынан естен кенеттен уақытша айырылуы. Бұны көбінесе психикалық жарақат деп аталады. Бұл қанның аздығынан, ыстық жерде көп отырудан, ашығудан болады. Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатты басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миына қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Коллапс – лат. – құлаған бұл талықсуға қарағанда ауыр болып келеді. Ол өмір үшін қауіпті, қан қысымының өмірлік маңызды органдарындағы қан айналымының нашарлауынан болады. Өте көп қан кеткенде, өткір инфекциялық аурулар, улану кезінде болады. Коллапс кезіндегі алғашқы көмек.

  2. Естен тану (шок) ұғымы. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек. Естен тану - орталық жүйке жүйесінің қызметінің күрт нашарлауының нәтижесінде дамып, қан айналым, зат алмасу және басқа тіршілік үшін маңызды қызметінің бұзылуына әкелетін ауыр жағдай. Әсіресе сүйек зақымданғандағы жұмсақ ұлпалардың көптеп жаншылуынан, күюден , қан көп кеткендегі дененің суынуынан, қорыққаннан болады. Жарақатты естен танудың екі фазасы болады. 1.Қозу фазасы 2. Тежелу фазасы. Жарақатты естен тану өту ауыртпалығына байланысты төрт дәрежеге бөлінеді. Естен тануға көрсетілетін шаралар.


Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:Кома дген не. Одан шығудың қандай жолдары бар. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек қандай.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Арпабеков

2. Рустенова 264-267, 279-286 б.

3. 114-116, 143-144 б.

4. 279-287, 322-324 б.
Дәріс-13
Тақырыбы: Өмір және өлім белгілері. Реанимация әдістері.

Мақсаты: Жарақаттанған адамның өмірін сақтап қалудың қарапайым шараларын жасау, көп қиналудан асқыну мүмкіндігінен сақтандыру, жарақат немесе зардаптарының жеңілденуіне мүмкіндік жасау.

Негіізгі сұрақтар: 1.Биологиялық және клиникалық өлім түсінігі. 2. Жүрек жұмысын қалпына келтіру және өкпеге қолдан тыныс алу шараларын жасау әдістері.

Қысқаша мазмұны: Биологиялық және клиникалық өлім түсінігі Негізінен адамда екі түрлі өлім болады. Биологиялық және клиникалық. Биологиялық өлім бірнеше белгілермен сипатталады. Адам өмірімен өлімнің шекарасы термикалық күй деп аталады. Оның өзі үш сатыдан тұрады. Клиникалық өлімнің бірнеше белгілері бар. Клиникалық өлімнің ұзақтығы 4-6 минут, төменгі температурада 30-40 минут. Клиникалық өлімді анықтаудың қарапайым тәсілдерін төртке бөледі. 1. Естен танып жатқанынан толық көз жеткізу. 2. Жарыққа қарашықтың тітіркенуін тексеру. 3. Тыныс алудың жоқтығын анықтау. 4. Ұйқы артериясынан тамыр соғысының жоқтығын анықтау. Жүрек жұмысын қалпына келтіру және өкпеге қолдан тыныс алу шараларын жасау әдістері. Жүрек жұмысын қалпына келтіру әдістері: 1. Прекардиальді соққы әдісі – қарапайым бірақ тиімді әдіс. Соққы қысқа және тез жасалуы керек..Егер жүрек жұмыс жасап кетсе өкпенің жұмысын қалпына келтіру әдістері жасалу қажет. Егер нәтиже бермесе жүрекке жанама массаж әдісі қолданылады. Жүрекке жанама массаж әдісі минутына 50-60 рет жасалады. Басу тереңдігі 3-4 см. Өкпенің жұмысын қалпына келтіру әдістері: Сильвестер, Калистов, Говерт әдістері

Дәріс-14

Тақырыбы: Аса қауіпті мәнді аурулар

Дәріс мазмұны:

1.Қазақстандағы мәнді аса қауіпті аурулардың түрлері

2. Микроорганимдердің классификациясы

3.Оба, туберкулез аурулары және оның алдын алу шаралары

Әдебиеттер:

Арпабеков- 220

Рустенова- 305



Дәріс-15

Тақырыбы: Салауатты өмір сүру салтының элементтері

Дәріс мазмұны:

1. Қозғалыс режимі

2. Мезгілді тамақтану

3. Жеке гигиена

4. Зиянды дағдылар

Әдебиеттер:

Арпабеков 214

Рустенова 298-304



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар.:Жүрек ауырған адамға көрсететін көмегіңіз қандай. Биологиялық және клиникалық өлім.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Арпабеков 201-207

2. Рустенова 264-267, 279-286 б.

3. 114-116, 143-144 б.

4. 279-287, 322-324 б.



6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.




Тақырып

Мазмұны

Апта

Әдебиет




1

Бейбітшілік және соғыс кезіндегі төтенше жағдай

  1. АҚ жүйесінің қалыптасу тарихы

  2. АҚ жүйесі құрылымының ұйымдастырылуы

  3. Халықты қорғаудың негізгі принциптері және АҚ жүйесінің негізгі принциптері




1

Рүстенова Р.М. «БЖ» 5-9 бет




2

Табиғи төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері

  1. Жерсілкінісі

  2. Су тасқыны, сел

  3. Боран және құйын(смерч)

  4. Қар көшкіні, опырма

  5. Орман өрті




2

Рүстенова Р.М. «БЖ» 151-178 бет






3

ҚӘУЗ зақымданғандағы алғашқы көмек


  1. ҚУӘЗ уланғандағы алғашқы медициналық көмек

  2. Жалпы улы әсерлі ҚУӘЗ-мен зақымданғандағы алғашқы көмек

  3. Тұншықтырғыш ҚУӘЗ және жалпы улы әсері бар заттармен зақымданғандағы алғ. мед. көмек




3

Рүстенова Р.М. «БЖ» 108-114 бет




4

: Қазіргі зақымдаушы ошақтар және олардың зақымдаушы факторларына сипаттама

  1. Ядролық қару

  2. Фитотоксикалық уландырғыш заттар

  3. Бактериялық қару

  4. Қазіргі зақымдандыру құралдары




4

Рүстенова Р.М. «БЖ» 16-27 бет




5

Төтенше жағдайдың зақымдаушы факторларынан халықты қорғау

  1. Халықты радиоцияға, химияға және бактериологиялық қаруға қарсы қорғау

  2. Бейбітшілік және соғыс кезінде қауіпті жағдайда туғанда халықты хабардар ету:

а) «Әуе дабылы» сигналы

б) «Радиоактивті зақымдану қаупі» сигналы

в) «Химиялық шабуыл» сигналы

г) «Бактериальды шабуыл» сигналы




5

Рүстенова Р.М. «БЖ» 33-35, 63- 69 бет





6

ТЖ зақымдаушы әсерінен халықты қорғау



1. Панаханалар.

2.. Жеке қорғаныс құралдарына сипаттама:

а) Газқағарлар, оның жіктелуі, құрылысы

б) Респираторлар, мақталы-дәкелі таңғыштар

в) Қорғаныс киімдерінің жіктелуі мен маңызы

г) Жеке қорғаныстың медициналық құралдары ( ЖА-2, ЖЗП-8)

3. Газқағарлар мен респираторларды қолдану ережесі


6

: Рүстенова Р.М. «БЖ» 60 бет

7

Медициналық білім негіздері

  1. Медициналық аптечканың құрылымы және онымен танысу

  2. Жеке дәрі -дәемек қобдишасының құрылысы және онымен танысу

  3. Зақымданушыларды тасмалдау құралдарымен танысу

  4. Зақымданушыларға таңғыш салу әдістері




7

Рүстенова Р.М. «БЖ» 316-322 бет

8

Шұғыл реанимациялық көмек


  1. Биологиялық және клиникалық өлім белгілері

  2. Жүрек жұмысын қалпына келтіру(

  3. Жүрекке жанама массаж

  4. Инсульт және инфаркт түсінігі, белгілері және алғ.мед. көмек

  5. Алғ. мед. көмекті қажет ететін басқа да аурларға сипаттама: кома, естен тану, коллапс, асфиксия, демікпе, шайқалу синдромы

  6. Өкпені жасанды демалдыру

  7. Суға кету кезіндегі алғашқы мед. көмек




8

Рүстенова Р.М. «БЖ»262-278, 279-286 бет


9

Жарақаттар кезіндегі алғашқы медициналық көмек



1.Тасымалдау әдістері мен түрлері

Бас-ми және омыртқа жарақаттанғандағы а.м.к.



  1. Кеуде, іш және бел жарақаттанғандағы а.м.к.

  2. Спорттық жарақаттар

  3. Жарақаттық шок және ағзаның шок күйі




9

Рүстенова Р.М. «БЖ» 219-233,236 бет


10

Тірек-қимыл аппараттарының жарақаты кезіндегі алғашқы көмек

  1. Сынықтар

  2. Тасмалдау иммобилизациясы

  3. Ұзақ қысылып қалу синдромы

  4. Соғып алу, созылу, жарылу, буын шығу




10

Рүстенова Р.М. «БЖ» 203-212,316 бет

11

Жаралар кезіндегі алғашқы көмек

  1. Жаралар түрларі

  2. Инфекциялы жаралар

  3. Асептика және антисептика

  4. Таңғыш салу




11

Рүстенова Р.М. «БЖ» 183

12

: Қасырау кезіндегі алғашқы көмек

  1. Қансырау, оны уақытша және ақырғы тоқтату әдістері

  2. Ішкі қансырау кезіндегі а.м.к.

  3. Нүктелердің ағзадағы орналасуы және нүктені басу

  4. Қан құю

  5. Қан тоқтатудың халықтық әдістері




12

Рүстенова Р.М. «БЖ» 180-183

Арпабеков «ӨТҚ»




13

Улану кезіндегі алғашқы көмек

  1. Зиянды әрекеттер және олардан арылу жолдары

  2. Инфекциялы аурулар, олардан қорғану

  3. Жыныс аурулары, оларды емдеу жолдары




13

Рүстенова Р.М. «БЖ»258-260,248-251 бет


14

Термиялық жарақаттары кезіндегі алғашқы көмек

  1. Күйік дәрежелері, күйік кезіндегі алғашқы көмек

  2. Үсік дәрежелері, күйік кезіндегі алғашқы көмек

  3. Күн тию және жылу соғу

  4. Электр тоғы соққандағы алғашқы көмек




14

Рүстенова Р.М. «БЖ»238-242,246 б т


15

Салауатты өмір салты


1..Зиянды әрекеттер және олардан арылу жолдары

2.Инфекциялы аурулар, олардан қорғану

3.Жыныс аурулары, оларды емдеу жолдары


15

Рүстенова Р.М. «БЖ» 288-315 бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет