Анимациялық бағдарламаларға спорттық тартыс ойындар, би кештері, ойындар, рухани және көңіл көтеру мақсатындағы барлық іс-шаралар енеді.
XIX ғасырдың соңында көптеген философтардың еңбектерінде “бос уақыт” терминімен жиі кездесеміз(К.Маркс, 1857ж.), яғни жұмыстан тыс уақыт ретінде қарастырады. Оның саяси экономиканы зерттей келе қоғамдагы әрбір мүшенің бос уақытының міндетті түрде керектігі және ол уақыт жетіліп даму үшін керектігі женінде сүрақ көтерген. «Бос уақыт» және «жоғары іс- әрекет» деп ғалым бос уақыттың құрамын ашып көрсетті.
Бос уакытты уйымдастыру - бос уақытты әр түрлі іс-әрекет түрлерімен мазмұнды толтыру.
Бос уакытгағы іс-әрекеттер - бұл бос уақыттағы әр түрлі іс-әрекеттер, адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған: физиологиялық, бағдарлаушылық, танымдық, эмоционоалдық, және басқа да сипаттағы (К. Обуховскийдің ұсынысымен қажеттіліктердің классификациясы неғізінде).
Мәдени-бос уакыттағы іс-әрекеттер — бұл бос уақыттағы іс-әрекет, коғамдағы қабылданған, және адамның бос уақытында тұлғалык жетілуіне, өзін-өзі тануына, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мәдениет арқылы жүзеге асатын әрекеттер.
Бос уакыт саласындағы социомэдени іс-әрекеттер - бұл мэдени-бос уақытгағы іс-эрекет, бос уақыт аясындағы қоғамдағы қызығушылықтар мен тұлғаның қызығушылықгарының өзара байланысы негізінде жүзеге асады.