Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері Дәріс жоспары



Дата16.01.2020
өлшемі15,66 Kb.
#56008
Байланысты:
1 реферат

Педагогикалық психологияның пәні мен міндеттері

Дәріс жоспары:

  1. Педагогикалық психологияның пәні.

  2. Педагогикалық психологияның мақсаты.

  3. Педагогикалық психологияның міндеттері.

Педагогикалық психология ғылыми білім берудің пәнаралық саласы. Ол екі ғылымның қосылуы нәтижесінде пайда болған, яғни педагогика және психология. Шығыстың ұлы ойшылы Ибн-Сина немесе Авиценна дәрігерлердің кәсіби антында “зиян келтірме” деген болса, ал педагогикада мұғалімдерге “оқушыны түсін” және “оған үйренуге көмектес” дейді.

Педагогикалық психологияның зерттеу объектісі – бала, жеткіншек, жасөспірім. Педагогикалық психология жас ерекшелік психологиясымен тығыз байланысты.

Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы педагогикалық психологияның бөлімдері болып табылады.

Халыққа білім беру тұжырымдамаларындағы негізгі бағытты жүзеге асыру өсіп келе жатқан ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу үрдісін жаңаша іске асыру қажеттілігі оқу- педагогикалық жұмысқа айрықша мән беру болып табылады.

Пәннің негізгі мазмұны оның ең өзекті мәселесі оқыту мен даму арасындағы өзара байланыс болып табылады.

Объектісі: оқыту және тәрбиелеу мәселесін шешу және зерттеу сферасын кеңейту.

Педагогикалық психологияның пәні – білім алушылардың білімін кеңейту, дағды мен іскерлігін қалыптастыру. Оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу, оқыту мен тәрбие жүйесінде психика мен саналық дамуы мен қалыптасуының заңдылықтарын оқытатын психологияның саласы.

Педагогика мен психологияның өзара байланысына келетін болсақ, психология адам психикасының даму заңдылықтарын зерттейді, ал педагогика тұлғаның дамуының бағытын өңдейді.

Педагогикалық психология оқыту мен дамытудың ара қатынасын, оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысын, баланың жүріс-тұрысының генотиптік және қоршаған ортаға байланысты шарттарын, бала дамуының сенситивтік мәселелерін, бала дарындылығын, баланың мектепке дайындығын т.б. мәселелерді зерттейді.

Педагогикалық психология оқыту процестерін, басқарудың психологиялық мәселелерін қарастырады, танымдық процестердің қалыптасуын зерттейді, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қарастырады.

Педагогикалық психологияның құрылымы:


  1. білім беру психологиясы-оқу және педагогикалық іс-әрекеттің бірлігі ретінде;

  2. оқу іс-әрекеті мен оның субъектісінің психологиясы – оқушы тұлғасының психологиясы;

  3. педагогикалық іс-әрекет психологиясы;

  4. оқу педагогикалық бірлестік пен қарым-қатынас психологиясы.

Педагогикалық психологияның негізгі мақсаты-оқыту және тәрбие жүйесінде психика мен сананың дамуы мен қалыптасуының заңдылықтарын анықтау. Болашақ мұғалімдерді адамның жеке басының дамуы мен қалыптасу заңдылықтары жайындағы білімдермен қаруландыру.

Педагогикалық психология әр түрлі психикалық педагогикалық білімдердің маңызы, практикалық міндеттерді шешу кезіндегі эвристикалық мүмкіндіктерді пайдалануды оқыту, тұлғаның қалыптасуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру жолдарын қарастыру, білім жағдайларын болжау және диагностикалау мүмкіндіктерін меңгертуді көздейді.

Бұл пән бойынша, білім алушы оқыту мен тәрбие жүйесінде тұлғаның дамуы мен өзіндік анықталуындағы оқытуды ұйымдастыру стратагияларымен танысып, білім жағдайларын болжау және диагностикалауды, оқытушының іс-әрекетін психологиялық педагогикалық талдауды оқып үйренеді.

Педагогикалық психологияның міндеттері:



  • оқыту мен тәрбиелеудің оқушының интелектуалды және жеке адамдық дамуына тигізетін әсері мен механизмдерін ашу;

  • оқушылардың әлеуметтік мәдени тәжірибесін меңгеріп, индивидуалды санасында бекітілуін және түрлі жағдайларда қолдана алуының механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;

  • оқушының жеке адамдық интелектуалдық даму деңгейін оқыту мен тәрбиелеу әдістері арасындағы байланыстарды анықтау;

  • оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін анықтап, оның оқушының интеллектуалды және жеке адамдық даму деңгейіне тигізетін әсерін анықтау. Педагог іс-әрекетінің психологиялық негізін зерттеу;

  • білімдерді меңгеру критериін, заңдылықтарын, шарттарын түрлі міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттің операционалды құрамын қалыптастыру;

  • меңгеру деңгейі мен сапасын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық, психологиялық негіздерін анықтау, білім беру стандарттарын айқындау;

  • білім беру процесін бүкіл білім беру сатысында жетілдірудің психологиялық негіздерін жасау.

Бұл пәнмен іргелес жатқан пәндер қатарында жалпы психология, даму психологиясы, психология тарихы, жас ерекшелік физиологиясы, психодиагностика негіздері кіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет