ПӘннің ОҚу -әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдары семей



бет3/4
Дата18.02.2017
өлшемі1,06 Mb.
#10352
1   2   3   4

И.П.Айдаров және Ж.С.Мұстафаев көптеген тәжірибелік мәліметтерге жүйелік талдау жүргізу арқылы, топырақтың негізгі қасиеттерінің радияциялық «құрғақшылық белгісіне» байланысты екендігін көрсетті.

Ж.С.Мұстафаев «құрғақшылық белгісіне» байланысты Қазақстанның географиялық аймағын ылғалдану дәрежесі бойынша аймақтарға бөлген, топырақ мелиоративтік сипаттамасын құрған және гидротермикалық көрсеткішке байланысты топырақтарының қасиетінің сандық мәнін, әртүрлі табиғи және шаруашылық жағдайындағы топырақтың дамуына қажетті күн сәулесінің энергиясының шығынын анықтаған.




Сонымен, Ландшафт дегеніміз өзін өзі реттеу арқылы тірі және тірі емес материалдардың қарым қатынаста болатын жүйе. Ландшафт география ғылымының бір саласы болып табылады. Ландшафттану термині ландшафттану ғылымының негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Бұл – неміс сөзі, « Жер түрі » деген мағына береді немесе « жергілікті жер түрі ». Ландшафт – генетикалық бір тектес табиғи – территориялық комплекс, рельефі салыстырмалы түрде біркелкі болады, оны құрайтын жыныстар, топырақ, ауа райы, су, тірі организмдер және ол адамның әсер етуі жағдайында болады.

6 Дәріс.Ландшафттар табиғатты жайластыру нысаны


Жоспар:

1Сарқылатын табиғи ресурстары

2Сарқылмайтын табиғи ресурстары

Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы.Адам шарушылық қарекетінде табиғатпен байпанысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.

Адам күрделі «табиғат-қоғам» жүйесінің бір бқлігіне жатады.Қоғамның материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады.

     Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы (жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми, эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ) байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.

Табиғат ресурстары сарқылатын жәнесарқылмайтын болып екіге бөлінеді. 

Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық,су,өсімдіктер,жануарлар,топырақ,қазбабайлықтар,энергетикалық және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады.Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды.Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет.Екіншіден,қалпына келетін ресурстарды пайдалану болашағы бар.Мысалы,өсімдіктер,жануарлар.

  Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін, радиоктивті металдар) рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мұнай, газ, көмір, жанғыш-сланец, жертезек) жатады. Бұл ресурстардың өайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы,тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.

 Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ,жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады.Топырақ – барлық материалдық игілік негізі,әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы,яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Оның алуан түрлі қосылыстардан басқа ұара шіріктің негізіг мөлшерін жинақтайтын 1 смқалыңдықтағы беткі қабатының түзілуіне 100 жылдай,20 см қабат қалыңдығының түзілуіне табиғатқа кемінде 5-7 мың жылға дейін уақыт қажет. Ал осы қабатты жоюға түзілу мерзімімен салыстырғанда көп уақыттың қажеті де жоқ,бірнеше сағат ішінде (нөсер жаңбырмен шайылуы немесе бір жолғы шаңды дауылмен ұшырылуы) ең әрі кеткенде бірнеше жылда (20-30 жылда жедел эрозия нәтижесінде) құнарлығынан айыруға болады. Топырақты өңдеуге дұрыс технология қолданылмаса,ауыл шаруашылығы экстенсивті түрде жүргізілсе,ормандар алқабы қысқартылып отырылса,бұл жағадайлар су және жел эрозия процестерінің күшеюіне әкеп соғады. Бұдан басқа да табиғатты пайдалану жолдарының нәтижесінде қолданылатын жерлер,соның ішінде өте бағалы жыртынды жерлер,жойылып кетуі мүмкін. Сонымен, топырақ қалпына келетін ресурс болғанымен,оны тек қатағ қолдану тәртібін ұстап күту арқылы ғана қалпына келтіріп немесе бұзбай отыруға болады. Дүние жүзінде өнделетін топырақ мөлшері 0,28 га/адамға,Реаейде әр адамға шеккенде келетін егістік жердің көлемі 0,94 га,АҚШ-та -0,63 га,Қытайда-  0,16 га,Германияда -0,15 га, Ұлыбританияда -0,13 га,Жапонияда -0,04 га, Қазаұстанда -2,25 га..Жылдан-жылға барлық елдерде жарамды жер көлемі азаюда.

Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да,әсіресе ағашты жатқызуға болады.

Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар,соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы,су толқыны,ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы,космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа,жауын- шашын,жел,сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.

Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды,ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады.

Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (сапалық жағынан) сарқылады,бірақ сандық сандық жағына сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар (мұхит,құрлық атмосфера) немесе түрлері (сұйық,қатты,бу тәрізді) арасында таралуы әртүрлі.Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.Б.Скиннердің мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы,алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса,ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріш келеді,бірақ,оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.

Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады.Себебі,олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізгі көзі болып табылады.Сонымен қатар,оларды пайдалану ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасған болжамдарының біреуіне сүйенсек,жанғыш отандарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға,газ – 40-50 жылға,көмір - 70-80 жылға жетеді.

Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий) Б.Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында (алюминейден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид көміртегінің қостотығымен ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесте кокстың пайдаланылуымен байланысты.



     Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікті және сонымен қатар тұтас  күрделі мәселе.Халықтың өмірлік қарекетіне,әсірісе денсаулығы мен өсіп-өнуіне,тікелей немесе әлеуметтік-экономикалық жағдай арөылы жанама түрде табиғи ортаның құрауыштары мен олардың жиынтығы-атмосфералық ауа,табиғи сулар,топырақ жамылғысы,геологиялық құрылым,өсімдіктер мен жануарлар,сонымен қоса төтенше құбылстар мен барлық биосферада жүретін процестер ықпал жасайды.Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады.

Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғниоларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады.
Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.

Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық,байлықты-құрайды.

Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т.б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.

Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген.

7 Дәріс. Өңделген ландшафттар


Жоспар
1. Аграрлық экологиялық жүйелер (агроэкожүйелер)

2 Аграрлық ландшафттар (агроландшафттар)

Агроэкожүйелер жер бетіндегі экожүйенің адамның шаруашылықтық қызметінің нәтижесінде өзгертілген бөлігі болып табылады. Оның құрылымы мен тіршілігін топырақ түзілу үдерісін мақсатқа бағыттап басқару және сол арқылы ауылшаруашылық дақылдарынан оңтайлы және тұрақты өнім алу үшін қосымша заттар мен энергия енгізу арқылы реттейді.

Табиғи экожүйелерді агроэкожүйелерге айналдырған кезде онда өзіндік ерекшелікті жаңа белгілер қалыптасады. Э.Дж. Райкидцің тұжырымдауы бойынша агроэкожүйелер экологиялық, экономикалық және әлеуметтік құрамдас бөліктері бар «жоғары дәрежелі жүйелер».

Агроэкожүйе — экожүйенің таза өнімінің мөлшері әдеттегі деңгейден жоғары болатын ерекше түрі.

Қазіргі замаңғы көзқарастан қарағанда агроэкожүйелер - адам өзгерткен және биосфераның маңызды элементарлық бірлігіне айналған биогеоқауымдастықтар. Олардың негізін жасанды жасалған және әдетте, тірі организмдердің түрлері азайған биотикалық қауымдастықтар құрайды. Ол қауымдастықтарды адамдар қалыптастырады және ауылшаруашылық өнімін алу үшін реттейді. Агроэкожүйелер биологиялық жоғары өнімділігімен және өсімдіктер мен жануарлардың таңдаулы бір немесе бірнеше түрінің басым болуымен ерекшеленеді. Агроэкожүйелер экожүйелер ретінде орнықсыз, Олардың өзін-өзі реттеу қабілеті әлсіз, олар адамның қолдауынсыз жылдам жойылады немесе жабайыланып, табиғи биогеоқауымдастықтарға айналады.

Агроэкожүйелерді құрылымдандыру және тұрпаттандыру негізінде оларды келесі түрлерге бөледі:

- агросфера - Жердің адамның ауылшаруашылықтық қызмегінің нәтижесінде өзгертілген бүкіл аумағын біріктіретін жаһандық экожүйе;

- аграрлық ландшафт — ландшафтты ауыл шаруашылығына бейімдеп өзгерту нәтижесінде қалыптасқан экожүйе;

- ауылшаруашылықтық экологиялық жүйе — шаруашылық деңгейіндегі экожүйе;

- агробиогеоқауымдастық - егістік, бау, бақша, жылыжай, оранжерея;

- жайылымдық биогеоқауымдастық — ауылшаруашылық жануарларын жаю үшін пайдаланылатын табиғи және өнделген

жайылым;

- фермалық биогеоқауымдастық — ат қора, сиыр қора, қой қора, куххана, мал өсіру кешені, хайуанаттар саябағы.

Келтірілген құрылымдау бір жағынан, адамның ауыл-шаруашылықтық өндіріс үдерісі кезінде қоршаған табиғи ортамен өзара әрекеттесуінің жан-жақтылығын көрсетеді, екінші жағынан агроэкологияның пән аралық біріктіруші кешен ретіндегі мәнін көрсететін зерттеулердің тұтас әдіснамасын дайындау қажетгігіне көз жеткізеді.

Егер агроэкожүйені шартты түрде табиғи экологиялық жүйе мен антропогендік энергияның қосындысы ретінде қарастыратын болсақ, индустриялық дәуірге дейінгі ауыл шаруашылығындағы энергия шығындарының табиғи экожүйелердегі энергия ағынымен салыстыруға келетіндігін атап өту керек. Қарқынды тәсілмен жүргізілетін ауыл шаруашылығында энергияны тұтыну одан шамалы жоғары. Бұл түпкі нәтижесінде ол шығындарды қоршаған табиғи ортаға әсерінің дәрежесі бойынша басқа да антропогендік әсерлермен теңестіреді.

Сонымен, агроэкожүйелер бір жағынан - өндірістің табиғи-материалдық көзі, екінші жағынан - адамның мақсатқа бағытталған қызметінің нысаны мен нәтижесі. Агроэкожүйе зерттеу және басқару нысаны ретінде өндірістік қызмет нәтижелерінде және табиғи әлеуетті қайта өндіру жағдайларында жүзеге асырылатын белсенді экологиялық өзара байланыстардың жиынтығы бар белгілі бір заттық жүйе болып табылады.

Агроэкожүйелер де табиғи экожүйелер сияқты өзара байланысты көптеген биологиялық, физикалық және химиялық құрамдас бөліктерден тұрады. Құрамдас бөліктердің араларында қызметтік байланыстар орнаған кез келген тобы жүйені құрайды. Агроэкожүйелер материалдық әлемнің экологиялық, экономикалық құбылыстардың белгілі бір жиынтығы бар ерекше пішіні болып табылады.

Агроэкожүйені тұрпаттандырудың әмбебап сызбасын дайындау үшін болашақта материалдық-заттық ағындарды және агроэкожүйенің қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсететін энергетикалық сипаттамаларды талдау қажет болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Агроэкожүйелерді жалпыға ортақ жіктеудің жоқтығының орнын ФАО* қолданылатын егіншіліктің құрылымын тұрпаттандыру жүйесі толтырады. Бұл тұрпаттандыруға сәйкес жерді пайдалану бес түрге бөлінеді және агроэкожүйелер олардың әрқайсысы бойынша жіктелген:

- жерді егіншілікке немесе егістікке пайдалану — тәлімі, суармалы агроэкожүйелер;

- жерді плантациялар мен баулар түрінде пайдалану -плантациялық агроэкожүйелер, баулық агроэкожүйелер;

- жерді жайылымға пайдалану — жайылымдық агроэкожүйелер;

- жерді аралас пайдалану - жерді пайдаланудың бірнеше түрінің және бірінші, екінші дәрежелі биологиялық өнімдерді алу удерістерінің бірдей арақатынасымен және үйлесуімен сипатталатын аралас агроэкожүйелер;

- жерді екінші дәрежелі биологиялық өнім өндіру мақсатымен пайдалану - агроөнеркәсіптік экожүйелер.

Агрожүйелік құрылымдарды қалыптастыру, дамыту және пайдалану үдерісінде топырақтың табиғи құнарлылығың және оның қалпына келтірілуін есепке алу өте маңызды. Агроэкожүйелердің базалық үш тұрпаты бар: табиғатты пайдаланушы, табиғатты қорғаушы және табиғатты жақсартушы. Табиғатты пайдаланушы агроэкожүйелер табиғи құнарлылықты толықтай қалпына келтірмеуімен сипатталады, бұл құнарлылық деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Табиғатты қорғаушы агроэкожүйелерге табиғи құнарлылықты жай ғана қалпына келтіру тән, бұл құнарлылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Табиғатты жақсартушы агроэкожүйелер кеңейтілген қайта өндіруге және табиғи құнарлылықты жақсартуға бағытталған.

Топырақ - кез келген агроэкожүйені құрудың іргетасы, заттарды және энергия ағындарын өзгерту үдерістерінің топтасқан орны, агроэкожүйелерді басқарудың басты буыны. Агроэкожүйелерде антропогендік реттеу элементтері қолданылатын болғандықтан, ондағы физикалық-химиялық үдерістердің табиғи экожүйелердегі ондай үдерістерден айтарлықтай айырмашылығы бар.

Агроэкожүйелердің басым түрі — жасанды фитоқауымдастықтар:

- өңделген, яғни жоспарлы түрде пайдаланылатын жайылымдар мен шалғындар;

- жартылай өңделген, яғни тұрақты реттелмейтін өсімдіктер, қолдан егілген көпжылдық шалғындар;

- өңделген, яғни тұрақты реттелетін көпжылдық өсімдіктер, егістіктер және бақшалық дақылдар;

- қарқынды өңделген, яғни жылыжайлық және оранжереялық дақылдар, гидропоника, аэропоника және топырақпен, сумен, ауамен қамтамасыз етудің ерекше жағдайларын жасауды қажет ететін басқа да тәсілдер.

Сонымен, агроэкожүйе - экожүйенің мәдени дақылдар, өсімдіктер мен жануарлардың басқа да түрлері мекендейтін және заттар мен энергияның физикалық және химиялық өзгерулерінің күрделі тізбегі жүретін ауылшаруашылық алқаптары болып табылатын арнайы түрі.


Аграрлық ландшафттар (агроландшафттар)

Адамның өндірістік, оның ішінде ауыл шаруашылықтық қызметі тұтас табиғи құрылымдардың — ландшафттардың ішінде жүзеге асырылады. Ландшафт — өзара әрекеттесетін табиғи немесе табиғи және антропогеңдік құрамдас бөліктерден және төменірек дәрежедегі кешендерден тұратын аумақтық жүйе, табиғатты қорғаудың барынша жалпы тұтас нысаны. Бұл тұрғыдан ол қорлары бар және қорлар өндіретін жүйе, адамның өмір суру және қызмет ортасы, тұқымдық қордың қоймасы, табиғи зертхана және эстетикалық сүйсіну нысаны ретінде қарастырылады. Ол - пайда болу және даму көзі бойынша біртекті, бірыңғай геологиялық негізі, бірдей жер бедері, топырағының, өсімдіктерінің біркелкі үйлесімі бар және басқа аумақтардан құрылымы, жекелеген құрамдас бөліктерінің арасындағы өзара байланысы мен өзара әрекеттесуінің сипаты жағынан айырмашылығы бар аумақ.

Агролаңдшафттар - аумағының көп бөлігінің биотикалық құрылымына адам жасанды түрде қалыптастырған және табиғи фито, зооқауымдастықтарды алмастырған тірі организмдер қауымдастығы басым болатын антропогендік ландшафт, яғни көп бөлігіңде табиғи өсімдіктерді мәдени дақылдардың егістіктері алмастырған ландшафт.

Сонымен, адам қандай да бір әлеуметтік-экономикалық қызметтерді орындау үшін, ландшафтты аумақтық табиғи құрылым ретінде жерлерді ауыл шаруашылығына пайдалану жағдайында, саналы және мақсатқа бағытталған түрде өзгертеді. Табиғи ландшафттардың құрылымында шаруашылық қызметтен болған өзгерістер антропогендік ландшафттардың қалыптасуына алып келеді және ол өзгерістер мақсатқа лайықты да (су қоймалары, орман парктері, егістіктер және т.б.), лазымсыз да (жыртылған алқаптағы жыралар, суармалы жерлердегі сорлар, батпақтанған жерлер және т.б.) болуы мүмкін.

Сірә, өңделген агроландшафт туралы, яғни табиғи шекаралары бар табиғи құрылым, бірақ қазіргі жағдайларда және әртүрлі көлемдегі және үйлесімдегі сан-алуан антропогендік факторлардың әсерінен қалыптасатын агроландшафт деп айтқан дұрыс сияқты, Адам агроландшафт құра отырып, оның өнімділігін және тұтынушылық құнын жоғарылатады.

Өңделген ландшафтты онтайландыру сынақтық өлшемдерін дайындау кезінде келесі жай-жапсарларды есепке алу керек:

- оңтайландыру нысаны нақты геожүйе, атап айтқанда ланд­шафт болуы тиіс;

- ландшафттың әртүрлі элементтерінің ұйымдасу дәрежелері және орныктылықтары әртүрлі: иерархиялық қатарда төмен орналасқан элементтердің сырқы әсерлерге орнықтылықтары төмен;

- географиялық қабық сан-алуан түрлі, оның элементтері -араларында заттар мен энергия алмасу үнемі жүріп жататын ашық жүйелер, сондықтан ішкі әсерлер оның бастапқы көздерінен айтарлықтай қашыққа таралуы мүмкін;

- ішкі әсерлердің шоғырланған тиімділігі бар, бастапқыда тұрақты геожүйелер жаңа геожүйлерге өзгеруі мүмкін, сондықтан геожүйенің буферлілігін бағалай білу және оның шегінен шықпау қажет.

8 Дәріс.Аграрлық экологиялық жүйелер

Жоспар


1 Аграрлық экологиялық жүйелер (агроэкожүйелер)

2 Агроэкожүйелерді құрылымдандыру және тұрпаттандыру негізінде түрлерге бөлінуі

3 Агроэкожүйенің тұрпаттандыруға сәйкес бөлінуі және оның басым түрлері

Ландшафтарды олардың өзгеру дәрежесіне қарай көптеген түрлерге бөлінеді соның ішінде өңделген ландшафтарға тоқтала кететін болсақ,өңделген ланшафт дегеніміз – құрылымдары табиғатты пайдалану қағидалары сақтала және қоғам мен табиғаттың мүдделері қорғала отырып,ғылыми негізде ұтымды және оңтайлы өзгертілген ландшафтар.

2.1 Аграрлық экологиялық жүйелер жер бетіндегі экожүйенің адамның шаруашылықтық қызметінің нәтижесінде өзгертілген бөлігі болып табылады.Оның құрылымы мен тіршілігін топырақ түзілу үдерісін мақсатқа бағыттап басқару және сол арқылы ауылшаруашылық дақылдарынан оңтайлы және тұрақты өнім алу үшін қосымша заттар иен энергия енгізу арқылы реттейді.

Табиғи экожүйелерді агроэкожүйелерге айналдырған кезде онда өзіндік ерекшелікті жаңа белгілер қалыптасады. Э.Дж.Райкилдің тұжырымдамауы бойынша агроэкожүйелер экологиялық және әлеуметтік құрамдас бөліктері бар “жоғары дәрежелі жүйелер”.

Агроэкожүйе – экожүйенің таза өнімінің мөлшері әдеттегі деңгейден жоғары болатын ерекше түрі.

Агроэкожүйелер де табиғи экожүйелер сияқты өзара байланысты көптеген биологиялық,физикалық және химиялық құрамдас бөліктерден тұрады.Құрамдас бөліктердің араларында қызметтік байланыстар орнаған кез келген тобы жүйені құрайды.Агроэкожүйелер материалдық әлемнің экологиялық,экономикалық құбылыстардың белгілі бір жиынтығы бар ерекше пішіні болып табылады деп ұйғарған дұрыс.Сонымен , агроэкожүйелер бір жағынан – өңдірістің табиғи- материялдық көзі,екінші жағынан- адамның мақсатқа бағытталған қызметінің нысаны мен нәтижесі.

Қазіргі замаңғы көзқарастан қарағанда агроэкожүйелер - адам өзгерткен және биосфераның маңызды элементарлық бірлігіне айналған биогеоқауымдастықтар.Олардың негізін жасанды жасалған және әдетте,тірі организмдердің түрлері азайған биотикалық қауымдастықтар құрайды.Ол қауымдастықтарды адамдар қалыптастырады және ауылшаруашылық өнімін алу үшін реттейді.Агроэкожүйелер биологиялық жоғары өнімділігімен және өсімдіктер мен жануарлардың таңдаулы бір немесе бірнеше түрінің басым болуымен ерекшеленеді.Агроэкожүйелер экожүйелер ретінде орнықсыз ,олардың өзін - өзі реттеу қабілеті әлсіз, олар адамның қолдауынсыз жылдам жойылады немесе жабайыланып, табиғи биогеоқауымдастықтарға пйналады.

2.2 Агроэкожүйелерді құрылымдандыру және тұрпаттандыру негізінде оларды келесі түрлерге бөледі.



  • Агросфера – Жердің адамның ауылшаруашылықтық қызметінің нәтижесінде өзгертілген бүкіл аумағын біріктіретін жаһандық экожүйе;

  • Аграрлық ландшафт – ландшафтты ауыл шаруашылығына бейімдеп өзгерту нәтижесінде қалыптасқан экожүйе;

  • Ауылшаруашылықтық экологиядық жүйе – шаруашылық деңгейіндегі экожүйе;

  • Агробиогеоқауымдастық - егістік, бау, бақша, жылыжай,оранжерея;

  • Жайылымдық биогеоқауымдастық – ауылшаруашылық жануаларын жаю үшін пайдаланылатын табиғи және өңделген жайылым.

  • Фермалық биогеоқауымдастық – ат, қора,сиыр қора,қой қора, құсхана,мал өсіру кешені,хайуанаттар бағы;

Келтірілген құрылымдау бір жағынан, адамның ауылшаруашылықтық өндіріс үдерісі кезінде қоршаған табиғи орта мен өзара әрекеттесуінің жан-жақтылығын көрсетеді,екінші жағынан агроэкологияның пән аралық біріктіруші кешен ретіндегі мәнін көрсететін зерттеулердің тұтас әдіснамасын дайындау қажеттігіне көз жеткізеді.

Егер агроэкожүйені шартты түрде табиғи экологиялық жүйе мен антропогендік энергияның қосындысы ретінде қарастыратын болсақ,индустриялық дәуірге дейінгі ауыл шаруашылығындағы энергия шығындарының табиғи экожүйелердегі энерия ағынымен салыстыруға келетіндігін атап өту керек.Қарқынды тәсілмен жүргізілетін ауыл шаруашылығында энергияны тұтыну одан шамалы жоғары.Бұл түпкі нәтижесінде ол шығындарды қоршаған табиғи ортаға әсерінің дәрежесі бойынша басқада антропогендік әсерлермен теңестіреді.

Сонымен, агроэкожүйелер бір жағынан – өндірістің табиғи- материалдық көзі,екінші жағынан - адамның мақсатқа бағытталған қызметінің нысаны мен нәтижесі.Агроэкожүйе зерттеу және басқару нысаны ретінде өндірістік қызмет нәтижелерінде және табиғи әлеуетті қайта өндіру жағдайларында жүзеге асырылатын белсенді экологиялық өзара байланыстардың жиынтығы бар белгілі заттық жүйе болып табылады.

Агроэкожүйелер де табиғи экожүйелер сияқты өзара байланысты көптеген биологиялық,физикалық және химиялық құрамдас бөліктерден тұрады.Құрамдас бөліктердің араларында қызметтік байланыстар орнаған кез келген тобы жүйені құрайды. Агроэкожүйелер материялдық әлемнің экологиялық ,экономикалық құбылыстардың белгілі бір жиынтығы бар ерекше пішіні болып табылады деп ұйғарған дұрыс.Бірақ қазіргі кезде олардың белгіленген сынақтық өлшемдері жоқ.

Агроэкожүйені тұрыптандырудың әмбебеп сызбасын дайындау үшін болашақта материялдық –заттық ағындарды және агроэкожүйенің қалыптасуының негізгі кезендерін көрсететін энергетикалық сипаттамаларды талдау қажет болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға бомайды.Агроэкожүйелерді жалпыға ортақ жіктеудің жоқтығының орнын ФАО қолданылатын егіншіліктің құрылымын тұрпаттандыру жүйесі толтырады.

2.3 Бұл тұрпаттандыруға сәйкес жерді пайдалану бес түрге бөлінеді және агроэкожүйелер олардың әрқайсысы бойынша жіктелген:



  • Жерді егіншілікке немесе егістікке пайдалану –тәлімі,суармалы агроэкожүйелер ;

  • Жерді плантациялар мен баулар түрінде пайдалану-плантациялық агроэкожүйелер ,баулық агроэкожүйелер;

  • Жерді жайылымға пайдалану-жайылымдық агроэкожүйелер;

  • Жерді аралас пайдалану –жкрді пайдаланудың бірнеше түрінің және бірінші ,екінші дәрежелі биологиялық өнімдерді алу үдерістерінің бірдей арақатынасымен және үйлесуімен сипатталатын аралас агроэкожүйелер;

  • Жерді екінші дәрежелі биологиялық өнім өндіру мақсатымен пайдалану –агроөнеркәсіптік экожүйелер;

Агроэкожүйелік құрылымдарды қалыптастыру ,дамыту және пайдалану үдерісінде топырақтың табиғи құналығын және оның қалпына келтірілуін есепке алу өте маңызды.Агроэкожүйелердің базалық үш тұрпаты бар:табиғатты пайдаланушы,табиғатты қорғаушы және табиғатты жақсартушы.Табиғатты пайдаланушы агроэкожүйелер табиғи құнарлықты толықтай қалпына келтірмеуінмен сипатталады,бұл құнарлылық деңгейінің төмендеуіне алып келеді.Табиғатты қорғаушы агроэкожүйелерге табиғи құнарлықты жай ғана келпіне келтіру тән,бұл құнарлықтың сақталуын қамтамасыз етеді.Табиғатты жақсартушы агроэкожүйелер кеңейтілген қайта өндіруге және табиғи құнарлықты жақсартуға бағытталған.

Топырақ – кез келген агроэкожүйені құрудың іргетасы,заттарды және энергия ағындарын өзгерту үдерістерінің топтасқан орны,агроэкожүйелерді басқарудың басты буыны.Агроэкожүйелерде антропогендік реттеу элементтері қолданылатын болғандықтан ,ондағы физикалық химиялық үдерістердің табиғи экожүйелердегі ондай үдерістерден айтарлықтай айырмащылығы бар.

Агроэкожүйелердің басым түрі- жасанды фитоқауымдастықтар:


  • Өңделген,яғни жоспарлы түрде пайдаланылатын жайылымдар мен шалғындар;

  • Жартылай өңделген,яғни тұрақты реттелмейтін өсіміктер;

  • Өңделген,яғни тұрақты реттелетін көпжылдық өсімдіктер егістіктер және бақшалық дақылдар;

  • Қарқынды өңделген ,яғги жылыжайлық және оранжереялық дақылдар,гидропоника,аэропоника т.б

Сонымен,агрожүйе – экожүйенің мәдени дақылдар,өсімдіктер мен жануарлардың басқа да түрлері мекендейтін жәнезаттар мен энергияның физикалық және химиялық өзгертулерінің күрделі тізбегі жүретін ауылшаруашылық алқаптары болып табылатын арнайы түрі.

Қорытынды

Сонымен,адам қандайда бір әлеуметтік – экономикалық қызметтерді орындау үшін, ландшафтты аумақтық табиғи құлылым ретінде жерлерді ауыл шаруашылығына пайдалану жағдайында ,саналы және мақсатқа бағытталған түрде өзгертеді.Соған орай өңделген ландшафтар дегеніміз құрылымдары табиғатты пайдалану қағидалары сақтала және қоғам мен табиғаттың мүдделері қорғала отырып,ғылыми негізде ұтымды және оңтайлы өзгертілген ландшафтар болып табылады.Өңделген ландшафтардың ішіндегі ең негізгісі агроэкожүйелер.

Агроэкожүйелер де табиғи экожүйелер сияқты өзара байланысты көптеген биологиялық,физикалық және химиялық құрамдас бөліктерден тұрады.Құрамдас бөліктердің араларында қызметтік байланыстар орнаған кез келген тобы жүйені құрайды.Агроэкожүйелер материалдық әлемнің экологиялық,экономикалық құбылыстардың белгілі бір жиынтығы бар ерекше пішіні болып табылады деп ұйғарған дұрыс.

9 Дәріс . Жер бетіндегі ландшафт типтері



Ландшафт типтері.

Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады, дамиды. Қалыпты жағдайда ландшафт құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де, ландшафтысын құрайтын құрамдас бөліктер бірімен – бірі үйлесім тауып, динамикалық тепе – теңдік қалпын сақтайды. Кейде барлық факторлар: ауа ылғалдылығы, температуралық режимі, жауын – шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнары, т.б. орташа жылдық көрсеткіштерінен ауытқымаса да, ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады. Ландшафйтың түзілуі әр уақытта геологиялық – геоморфологиялық факторларджың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азоналы болып келеді. Геологиялық – геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларына бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлерінің көрінісі, еңістігі т.б. жатады. Жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхиттық шаралары бөлінуі ландшафтыны бөліктерге бөлінетін заңдылықтың негізгі факторы болып саналады.

Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге асқар биік, керілген кең, сом тұлғалары арқылы ландшафтты айқындап тұратын тосқауыл рөлін атқарады. Тау жоталарының жел өтіне бағытталған беткейлері сырттан келген ауа ағымының ылғалын тосып қалады да, гумидті ландшафтының қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады, ал желдің ығындағы беткейлерде аридті ландшафтысы қалыптасады.

Су және климат факторлары кешеніне теңіз ағыстарры, жер беті мен жер асты суы, күн энергиясы мен жауын – шашын жатады. Алғашқы екеуі зоналы, соңғылары зоналы жүйедегі ландшафтысын қалыптастырады. Теңіз ағыстары – жылу мен ылғалдың зоналылығына өзгеріс енгізетін фактор. Жер беті мен жер асты суы жаратылысына қарай зоналы фактордың – жауын – шашынның туындысы болып сманалады. Бірақ олар ландшафтының түзілуінде интразоналы фактордың рөлін атқарады. өзен, көл маңы және жер асты суының жер бетіне шыққан көздерінде ылғал қоры жеткілікті болғандықтан, шөл, шөлейт, дала, орманды дала зоналарында оазисті ландшафтысы қалыптасады.

Оазистер саялы көк – жасыл көркімен ерекшеленіп тұрады. Күннен келетін жылу энергиясы – жердегі барлық экзогенді геоморфологиялық процестерді дамытушы фактор. Оның мөлшері жер шары бойынша бірдей емес және жер беті, мұхиттық шаралар мен құрлықтарға бөлінуіне, құрлық беті жыныстарының литогенді құрамына, өсімдік жамылғысына, жер бедері пішініне қарай әр жерде әр түрлі мөлшердегі жылу баланысы түзіледі. Дегенмен, ол экватордан полюстерге қарай кеми береді.Осыған орай жер беті ландшафтысы географмялық белдеу, географиялық зона және оның бөліктері жалпы географиялық зоналық заңдылықпен түсіндірілетін процестердің нәтежиесінде пайда болған.

Антропогенді фактордың әрекет ету көлемі, қарқыны халықтардың орналасу тығыздығына, өндіріс құралдары мен өндіріс қатынастарына , т.б. әлеутеттік жағдайларына байланысты әр жерде әр түрлі болып келеді. Жер шары ландшафтысын адам әрекетінің әсеріне қарай төртке бөлуге болады:



1.Адам аяғы баспаған табиғи ландшафты. Мұндай ландшафтыға Арктика, Антарктика және таулы белдеудегі адам қоныстандаған жерлер жатады. Бұл жерлердегі ландшафтының құрамдас бөлігі де, морфологиялық түзіліс құрылымы да тьабиғи фактордың әрекетіне ғана байланысты дамиды.

2.Адам әрекетінен көп өзгерсмеген ландшафты. Ландшафтының бұл тобына тундра, тайга және шөлді аймақтарды жатқызуға болады. Бұл жерлерге халықтар сирек қоныстанған, әзірше табиғат байлықтарын сарқа пайдаланудың қажеттілігі жоқ. Сондықтан ландшафтының құрамдас бөлік аралық тепе – теңдігі бұзылмаған.

3.Адам әрекетінен бұзылған ландшафты. Ландшафтының құрамдас бөліктер байланыстары жан – жақты зерттелмей табиғат байлықтары сарқа пайдаланылған жағдайда аңызақ, сел, індет сияқты дүлей құбылыстардын жер жыраланып, топырақ тұзданады, шабындықты арамшөп басады, жолдар мен жер азады.

4.Адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген ландшафты. Ландшафтының тқұрамдас бөлікм арқылы немесе құрылымдық түзілу байланыстары жан – жақты зерттеліп, табиғат байлықтары толығымен халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдаланылған жерлерде адам әрекеті ғылыми негізде жоспарланады да, ландшафтыны түлетіп, биологиялық зат айналымын, түсімділігін арттыруға, жылу, су, минералды заттар баланысын тепе – теңестіруге, жерді аздыратын жел, су эрозиясы сияқты дүлей құбылыстарлды болдырмауға бағытталады, басқаша айтқанда, жоғары өнімді мәдени ландшафттар түзіледі.

Жас айырмасына қарап антропогенді ландшафтысы үш топқа жіктеледі.



1.Ұзақ сақталып, өзін - өзі реттеуші ландшафты. Бұлар халық шаруашылығы айналымына қатысы жоқ әрекеттерге байланысты түзіледі.

2.Көпжылдық, жарым – жартылай реттелуші ландшафт. Ландшафтының бұл тобына екпе орман алқабын, канал, бөген сияқты жасанды су жүйелерін, жол тораптарын, шабындық пен жайылымдық жерлерді жатқызуға болады. Оларды халық шаруашылығы айналымынан шығарып алмау үшін мезгіл – мезгіл жаңғыртып отыру керек.

3.Қысқа мерзімді, ұдайы реттеп отыруды қажет ететін ландшафт. Бұларға егінжай, елді қоныс, кен орыны, саялы жер жатады. Олардың шығу тегі мыңдаған жылдармен есептеледі, бірақ қай – қайсысы болсын жыл сайын өңдеп күтуді қажет етеді.Мысалы, егістік жер жыл сайын агротехникалық өңдеуден өткенде ғана тұрақты өнім береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Есмұрзаева А.Қ. Ландшафттану және табиғи-техногендік кешендер



  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. 

10Дәріс. Жазықтар ландшафттары


1 Жазықтықтағы ландшафттар

Ландшафт - географиялық тыстың аумақтық бөлінуінің негізгі санаты. Қазақстан Республикасы солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінде орналасқан. Мұнда жылу режимі әр маусымда әр түрлі, сондықтан геоморфологиялық процесстердің, климат жағдайының, қар-жамылғысының, өзендердің гидрологиялық режимдерінің маусымдылығы айқын байқалады. Климаттың қалыптасуына қыста арктиқалық және полярлық, жазда полярлық және тропиктік ауа массасы әсер етеді. Климатына байланысты табиғат жағдайлары - әр түрлі болып келеді де, табиғаттық ерекше құбылыстары мен процестерінің әсерінен ландшафтысы жиі-жиі өзгеріп тұрады.

Республика территориясының орасан үлкеңдігіне, орографиясының ерекшелігінен тым континентті болуына, әртекті жазықтар (мүсіндік, аккумуляциялық, денудациялық) сонымен әр түрлі биіктіктегі таудың (аласа, биіктігі орташа және аса биік) кең аймақты қамтуына, Сібірдің суық қысы, Орта Азияның ыстық жазымен ұштасып жатуына байланысты Қазақстанның ландшафтысы бірнеше типті болып келеді. Жалпы олар қоңыржай белдеудің жазықты және таулы аймақтық топтарына жатады. Жазық аймақтардағы ландшафтысы зоналы, таулы аймақтардағы ландшафтысы азоналы. Биіктік белдеу рет бойынша жүйеленеді.
2 Ландшафттық дифференциация

Ландшафттық дифференциацияға зоналық және секторлық жылу, ылғалданудың өзгеруінен кейінгі негізгі фактор болып - құрлықтың теңіз деңгейінен қаншалықты биікте жатқаны кіреді. Осы фактордың әсерінен ландшафттық сфера сатылы құрылымға ие болады: әртүрлі биіктік белдеулерде өзіне сәйкес ландшафттар класы қалыптасады. Жазық территориядағы қалыптасқан ландшафттардан-ақ абсолюттік биіктіктің алғашқы 100 м-ге дейінгі ауытқуларынан гипсометрлік орынның әсерін байқауға болады. Белгілі бір биіктік шегіне дейін рельефтің өсуі ландшафттардың сол зонаға сәйкес қасиеттерін жоймайды. Осы шектен жоғарылағанда ландшафттарда көршілес солтүстікте (солтүстік жарты шар үшін) жатқан ландшафтар қасиеті басым болады да, биіктік өскен сайын басқа ландшафттық белдеуге ауысады. Бұл заңдылықты биіктік белдеулігі деп атайды. Биіктік белдеулік шартты түрде зоналық ендіктің аналогы ретінде қаралады.

Жергілікті дифференциация белгілі бір зоналық және азоналдық жағдайда ортаның жергілікті процестерін өрістете алу негізінде қалыптасады. Сондықтан бір түрлі орынның ландшафттық-географиялық нәтижесі сыртқы зоналық және азоналдық ортаға байланысты. Экспозициясы бірдей беткейлерге құламалығы бірдей болғанда да, ендікке байланысты күн радиациясы бірдей түспейді; біртекті орынның вылғалдылығы “фондық” жауын-шашын мөлшері мен “фондық” субстратқа байланысты

Қорытындылайтын болсақ, Қазақстан жерінің 90%-ін жазық алып жатыр. Олар оңтүстіктен солтүстікке 1603 км-ге, батыстан шығысқа 3000 км-ге созылған. Геологиялық, геоморфологиялық, радиациялық, атмосфералық; циркуляциялық факторлардың зоналық айырма жасап әрекет етуіне қарай: орманды дала, дала, шөлейт, шөл зонасы ландшафтысының территориялық бөлшектенуіне себепші болған.

Сонымен ландшафттың дамуына әсер ететін процестердің төменгі шегі бір-біріне сәйкес келмесе де жақын. Ландшафттардың төменгі шекарасын анықтайтын көлемді, мөлшерді ондаған метр деп ландшафтты гипергенез зонасына жатқызуға болады. Фациялар мен ландшафттардың төменгі шекарасы үшін, негізінде, ерекше бір критерийді іздеудің керегі жоқ, өйткені олар жоғарыда көрсеткен шекке сәйкестенеді. Дегенмен литосферада ландшафт шекаралары айқын болмайды. Үгілу және топырақ түзілу процестерімен өзгермеген тау жыныстары ландшафттың фундаменті болып есептеледі де біртіндеп зат айналымына қатысады. Ландшафттардың пайда болуын, оның құрылымы мен дамуын қарастыра отырып біз оның фундаментінен дерексіздендіре алмаймыз. Сондықтан жыныстардың жоғарғы литосфераның түйісу қабатын құрайтын бөлігін ландшафттардың сыртқы бөлігі деп қарастырамыз.

11Дәріс. Тау жүйелерінің ландшафттары

Жоспар:

1 Тау жүйелерінің ландшафттары



2 Оңтүстік Шығыс Қазақстанның эпилплатформасының таулары.

3. Оңтүстік Шығыс Қазақстанның эпилплатформалық тауларының тауаралық ойпаттары

4. Сауыр-Тарбағатай

5. Жетісу таулы өлкесі

6. Тянь-Шань таулы өлкесі

1.Тау жүйелерінің ландшафттары

Тау ландшафтары Қазақстан аумағының шамалы ғана бөлігін (17 %) алып жатса да, сан алуандығымен ерекшеленеді. Олардың құрылымы келесі негізгі себепші шарттарға байланысты:

Таулардың құрлықтың ішкі жағындағы (мұхиттардан алыс) шөлдердің қуаң климатты аймағында орналасуы

Тау алқаптарының аса биіктігі (7000м дейін)

Таулардың географиялық ендік бойымен орналасуы.

Аталған себепші шарттардың ландшафттардың биік белдеулігінің белгілі бір түрлерінің қалыптасуына ықпал етті. Тау ландшафттары класына жоталардың, тау бөктерлерінің, тау ішілік және тау аралық ойпаттардың ландшафттары жатқызылған. Тау бөктері және тау аралық қазан шұңқырлар ландшафттары екі дербес класқа бөлінген

2.Оңтүстік Шығыс Қазақстанның эпилплатформасының таулары.

Эпилплатформалық таулардың ландшафтық құрылымдарының сан алуандығы негізгі үш факторға байланысты:

Тау жүйелерінің әртүрлі ендік аймақтарда; далалық (Кеңді және Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы) шөлейттік ( Сауыр, Тарбағатай, Зайсан ойпаты), шөлдік ( Жоңғар Алатауы, Іле Алатауы, Шу Іле таулары, Қырғыз Алатауы, Алакөл және Іле тау аралық ойпаттары) аймақтарда орналасуы.

Өте биіктігі;

Үлкен беткейлердің орналасуы.

Тау ландшафттардың далалық түрі орташа таулардың, ең биік жерлері теңіз деңгейіне 900-2200 м болатын аласа тауларда қалыптасқан, олар Тарбағатайдың Солтүстік беткейінде басым.

Тау ландшафты құрылымының шөлейттік түрі Батыс Тарбағатайда анық көрінеді. Ол Зайсан және Алакөл ойпаттарын бөліп жатқан, ұзындығы 200 шақырымға дейін, ені 15-20 шақырымнан Солтүстік Батысында 100 шақырымға дейін болатын ендік бойымен жатқан жота.

Оңтүстік Шығыс Қазақстанның эпилплатформалық тауларының тауаралық ойпаттары.

Тауаралық Іле, Алакөл және Зайсан ойпаттарының ландшафттары оларды қоршап жатқан тау жоталары мен бірге біртұтас табиғи жүйені құрайды. Қазақстанның қуаң климаты белдеулігінің тауаралық ойпаттары үшін табиғи аумақтық кешендердің келесі құрылымы тән.

Көлдік және көлдік алювиалдық жоғары антропогендік қазіргі заманға жазықтардың шөлдік ландшафтары;

Көлдік алювиалдық неогендік жазықтардың шөлдік ландшафтары;

Антропогендік жел шөгіндісі (эолдық) жазықтардың шөлдік ландшафтары;

Аллювиалдық, делювиалдық проллювиалдық орташа және жоғары антропогендік жазықтардың шөлейттік ландшафтар;

Аллювиалдық проллювиалдық орташа антропогендік жазықтардың құрғақ далалық ландшафтары;

Ойпаттарда орналасқан жеріне байланысты шөлейтті немесе шөлді болатын оқшауланған тау қыраттырының (Алакөл ойпатындағы Қортбай, Жайтөбе, Сиыртас, Арғанаты, Зайсан ойпатындағы Шакелмес, Ақтөбе, Қара Бүрік, Ашутас, Пішек) ландшафттары;

Өзен аңғарлары алқаптарының және жер асты еспе сулар жақын аймақтардағы ылғалдылығы жоғары төмен жерлердің ландшафттары.

Аталған табиғи аумақтық кешендер ойпаттардың орталық бөліктерінің өоршап тұрған тау қыраттары бағытына қарай ауысу тәртібімен орналасқан.

Сауыр-Тарбағатай

Сауыр-Тарбағатай іргелес жатқан жоталармен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Ол Сарыарқаның шығыстағы жалғасы болып саналады. Сауыр-Тарбағатайдың солтүстігінде Жайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры жатыр. Жайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қытайдан, Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті - Қоңыр тауы Қытай жерінде. Қазаншұңқыр кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған. Ол Жайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады. Сауыр жотасының солтүстік етегі Жайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі. Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады. Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады.

Сауыр жотасы - аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі - Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып,Маңырақ жотасына ұласады. Жайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі құз жартасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар (ең үлкені 4 - 5 км2) бар. Қазақстан жеріне Сауырдың тек батыс бөлігінің солтүстік беткейі кіреді.

Сауыр-Тарбағатай - қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан. Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген. Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады. 1990 жылы Жайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылып жанғыш тақтатастың мол коры табылған. Мұнай қабаттарына барлау жасалды.

Тарбағатай (Барқытбел) Сауырға қарағанда аласа, бірақ одан ұзынырақ, 300 км-ге созылған. Биік нүктесі Тастау (2992 м). Төбелерінде мұздықтар жоқ.

Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді - массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімделген. Тарбағатай онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м ғана.

Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан ол Оңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм, тау іші ылғалды, жазыққа қарай қуаңдау.

Таудан басталатын өзендер көп. Жарма, Қайыңдысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Жайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сиякты Қарабұлақ, Жетіарал,Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Ұржар,  Емел өзендеріАлакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне жетеді.

Сауыр-Тарбағатай тауларының аймағы табиғи ерекшеліктеріне сәйкес Тарбағатай таулы-далалы ауданы, Сауырдың таулы орманды-шалғынды дала болып бөлінеді. Тарбағатай даласының өсімдіктері бұталы, қарағайлы болып келеді де, таудың солтүстік беткейінде альпі шалғынына ұласады. Оңтүстік беткейде де бұталы өсімдіктер көп. Сайларда жеміс-жидек ағаштары, көк терек, ақ терек шағын ормандар кездеседі. Тарбағатайдың биік шалғыны Алтай тауынан ауысса, алма, түркістан аршасы сияқты түрлер Тянь-Шань аймағынан келген. Оңтүстік беткейдің далалық бөлігінде жусанды өсімдіктер көп, ол жайылым есебінде пайдаланылады. Тау алқабында егістік мол. Таудың батыс беткейінде бақтар бар.

Сауыр тауының етегі 700 м-ге дейін шөлейт зонаға жатады, оның сортаңданған қара қоңыр топырағында шөлейт өсімдіктері өседі. Ормандары Сібір ағаштары мен Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Бұл аймақтың Сібір мен Орта Азия аралығындағы өткінші орын екенін тағы да дәлелдейді. Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығын Шілікті шөлейт даласы алып жатыр. Оның топырағы да сортаңдалған сұр және тасты келеді, өсімдіктері де соған сәйкес селеулі, көделі, жусанды, бетегелі болып өседі. Сауыр тауының етегі егіндікке, шабындыққа, мал жайылымына қолайлы.

Жетісу таулы өлкесі

Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Ол солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Жетісу Алатауы Сарқанттау мен Бежінтаудың басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан орналасқан (4464 м). Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрылысы өте күрделі. Төменгі палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, суы мол өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Жетісу Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі. Оған Қазақстан жерінде Жетісу Алатауының солтүстік, оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Бұл тау жүйесі солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғарымен шектелген.

Қытай мен Қазақстан шекарасында, Жетісу Алатауы мен Барлық жотасының аралығында Жетісу қақпасы деп аталатын тау аралық ойыс бар. Ол Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосады.

Жетісу Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым құрғақ, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста - 400 мм. Қыста қар көп түседі, тау бастарында мұздықтар қалыптасқан.

Жетісу қақпасынан Ебі желі соғады. Ол Барлық, Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады. Ебі желі - жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек. Көбіне 1-2, кейде 3-7 тәулік бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларындаСайқан суық желі соғады.

Жетісу Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты өзені Алакөлге, Тентек өзені Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көбі (Лепсі, Сарқан, Биен, Ақсу) Балқашқа бағытталған.

Жетісу Алатауының бас тау жүйесінің биіктіктері 5000 м-ге жуық қатар жатқан Солтүстік және Оңтүстік жотаға бөлінеді. Ең биік жері солтүстікте Бесбақан шыңы (4622 м), оңтүстікте Тышқантау (4359 м). Жетісу Алатауының бас тау жүйелерінің басын мәңгі қар мен мұздықтар жапқан. Жетісу Алатауы гнейс, кристалды тақтатас, кварцит, мәрмәр және әктас жыныстарынан түзілген. Жетісу Алатауының бірден-бір ерекшелігі — тау төбелерінде тегістелген жазықтардың болуы. Олар орналасу биіктігіне қарай бірнеше сатылы болып келеді.

Жетісу Алатауы Сібір мен Орта Азия тауларының аралығында жатқандықтан екі арадағы өткел қызметін атқарады. Оның солтүстігінде сібірлік шалғынды орман, оңтүстігінде далаға тән ландшафт қалыптасқан. Таудың биіктік белдеулері шөл, шөлейт зоналарынан (300-600 м-ден 1200-1400 м-гe дейін) басталады. Мұнда егіндік жерлер мен мал жайылымдары алып жатыр. Егістікке көкөніс, бау-бақша, жеміс ағаштары, екпе шөп және дәнді дақылдар өсіріледі. Одан жоғары дала зонасы (1000-1400 м-ден 1800-2000 м-ге дейін) жатады. Онда шырша, самырсын ағаштары өседі. Жануарлардан бұғы, аю, елік, т. б. кездеседі. Шалғындары мал жайылымына қолайлы. Таудың биік белдеуі солтүстікте 2200-2400 м-ден, оңтүстікте 2400-2500 м-ден жоғары басталады. Онда субальпілік шалғындар, омбы қарлар, мұздықтаркездеседі. Биік тау сілемдерін малшылар жайылым есебінде пайдаланады.

Жануарлар дүниесінде алтайлық және тянь-шаньдық түрлер көп. Олар да зоналық заңдылық бойынша тараған.

Тянь-Шань таулы өлкесі

Ұзынқара (Кетппен) жотасын Орталық Тянь-Шаньнан (2300 м-ге дейін) Кеген тау аралық ойысы бөліп жатыр. Ұзынқара жотасының батыс аймағы Қазақстан, шығысы Қытай жерінде жатыр. Оңтүстік батыстан шығысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр, ені 40-50 км. Ең биік жері Heбесная тауы 3652 м. Ұзынқара жотасы эффузиялық жыныстардан, әктас, граниттен түзілген. Тау үсті жайпақ, беткейлері өзен аңғарларымен тілімделген, тік құлама шатқалды келеді.

Қазақстанға Күнгей Алатауының шығыс бөлігінің солтүстік беткейі жатады. Бұл Тянь-Шаньның ең биік жоталарының бірі (Иманбұлақ шыңы, 4647 м). Күнгей Алатауының солтүстік беткейі Шелек және Кемін өзен жүйелерінің ағын суы әрекетінен тілімделген. Іле Алатауы Тянь-Шаньның солтүстігіндегі ең биік тау жотасы. Ол шығыстан батысқа қарай 350 км-ге созылады. Ең биік нүктесі Талғар шыңы (4973 м). Осы жерден бастап Іле Алатауы шығысқа және батысқа қарай аласара береді.

Мұхиттардан алыста, құрлықтың түкпірінде жатуына және жан-жағынан шөлдер қоршауына байланысты Тянь-Шаньның климаты тым континенттік, құрғақ. Көпшілік бөлігі қоңыржай белдеуде, ал оңтүстік-батыс жоталарға құрғақ субтропиктердің әсері тиеді. Тау етегінің ыстық, құрғақ климатынан биік тау басының нивальдық климатына дейін орын алады. Шілденің орташа температурасы тауаралық қазаншұңқырлардың төменгі бөлігінде 20–25°С, орта өңірде 15–17°С, биік тау басында 0С және одан да төмен. Қаңтардың орташа температурасы тау етегінде –2–4°С (оңтүстікте), –6–8°С (солтүстікте). Қыста биік таулы белдеуден басқа бөліктерінде суық ауа райы жылылықтармен алмасып тұрады. Қыс айларында температуралық инверсия кең алқапты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 300 мм, тау жоталарының жоғары бөлігінде 800 мм. Жауын-шашынның ең көп түсетін мерзімі Тянь-Шаньның солтүстік бөлігінде жазға, оңтүстігінде көктемге (наурыз – сәуір) тура келеді. Мұздықтар үлкен биіктікте таралған және кең көлемді қамтиды. Мұз басу ауданы 7300 км2, мұздықтардың саны 7700-ден асады. Мұз басудың ең ірі ауданы Орталық Тянь-Шань (Оңтүстік Инелшік мұздығының ауданы 823 км2, ұзындығы 60 км-дей). Ірі мұздықтар Іле, Қырғыз, Теріскей Алатауларында, Ақшырақ, Көкшаал-Тоо, Шығыс Тянь-Шаньдағы Еренқабырға, Халықтау, т.б. жоталарда шоғырланған. Көбінесе аңғарлық, қар және ілінбе мұздықтар сипаттындағы өзендері Орталық Азияның ішкі алаптарына (Нарын,Сарыжаз, Сырдария, Іле, Шу, Тарим, т.б.) жатады. Ірі көлдері – Ыстықкөл, Сонкөл, Шатыркөл. Континенттік және құрғақ климатқа сәйкес құрғақшылық ландшафт типтері басым. Тау алды еңіс жазықтарын, көпшілік жоталардың етегі мен кейбір тауаралық қазаншұңқырларды шөлейт, шөл ландшафттары алып жатыр.

Іле Алатауында да тегістелген жазықтар (сырттар) едәуір орын алады. Олардан биіктікте мәңгі қар мен мұздықтар жамылған үшкір, сүйір, жалаңаш шыңдар көрінеді. Іле Алатауы ежелгі шөгінді және атпа жыныстардан — құмтастан, порфирден, гранит пен гнейстен түзілген Солтүстік беткейі біраз көлбеу, бірақ көптеген өзендермен күшті тілімделген. Көркіне көз тоймайтын тау көлдері, сарқырамалы, ағыны қатты тау өзендері, тік беткейлі, терең шатқалды биік таулары мыңдаған туристерді қызықтырады. Етегінде ару қала Алматы және көптеген елді мекендері бар бұл таулар халықтың демалатын әсем әрі көрікті жерлері.

Шу-Іле таулары Іле Алатауынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Шу және Балқаш ойыстарын ажыратады. Ол Кіндіктас тауынан басталады. Биік нүктесі 1506 м.

Солтүстік батысқа қарай орналасқан Хантау (1052 м), Жамбыл (972 м) аласа таулары қырқалы-жалды болып келеді. Іле Алатауы солтүстік-батысында Шу-Іле тауларынажалғасатын көп бүлінген ескі таулар.

Қырғыз Алатауы Күнгей және Іле Алатауларының батысында жатыр. Ол бұл таулардан Шу өзені ағып өтетін Буам шатқалы арқылы бөлінеді. Қазақстанға жотаның батыс бөлігінің солтүстік беткейлері ғана кіреді. Қырғыз Алатауы өте күшті тілімделген және биік таулы тік күз, шыңды альпілік жер бедерімен ерекше көзге түседі.[4]

Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Талас Алатауынан басталып, одан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан жоталарға ұласады. Аса ірісі Өгем, Піскем және Қаратау.

Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота. Қазақстан мен Қырғызстан жерінде. Орташа биіктігі 4000 м, ең биік жері Манас шыңы (4484 м). Қазақстандық бөлігінде Талас Алатауы Ешкіөлмес, Алатау, т.б. бірнеше аласа тау сілемдеріне тармақтаналады, ең биік жері Ақсуат тауы (4027 м). Көп жылдық қар жамылған мұздықтары бар. Метаморфтанған тақтатас, құмтас, әктастан түзілген. Етегінде дала өсімдіктері, шырша, т.б. өседі. Жотаның батыс бөлігінде Қазақстандағы алғашқы қорықтардың бірі – Ақсу-Жабағылы орналасқан.

Қазақстан аумағына түгелдей кіретін Қаратау (Бессаз) 2176 м — Тянь-Шаньның қатты өзгеріске ұшыраған бұзылған ең шеткі солтүстік-батыс жотасы. Қаратау пайдалы қазбалардың қазынасы. Тау койнауының құрамында корғасын, мырыш, т.б. түсті металдар көп тараған кен орындары кездеседі. Таудың оңтүстік-шығыс бөлігінен фосфорит кені өндіріледі.


12 Дәріс.Климаттың ауылшаруашылықтық өнімділігін бағалау

Жоспар
1.Климат туралы жалпы түсінік

2.Климаттың ауыл шаруашылықтық өнімділігін бағалау
Климат туралы жалпы түсінік

Климат (грек. klіma, klіmatos – еңкіштік, Күн сәулелерінің Жер бетіне түсу еңкіштігі) – Жер бетіндегі белгілі бір аймаққа тән ауа райының көпжылдық режимі. Климат сол өңірдің негізгі географиялық сипаттамаларының бірі болып саналады. Көп жылдық режим осы өңірдегі ауа райының ондаған жыл бойындағы барлық жағдайлары, олардың ішінде: осы жағдайлардың типтік жылдық алмасуы, кей жылдары байқалған ауа райының аномальдік ауытқулары (құрғақшылық, жауын-шашынды, суық кезеңдер, т.б.) жатады. Бұрын тек жер бетіндегі құбылыстарға ғана қатысты айтылатын климат ұғымы XX ғасырдың ортасынан бастап атмосфераның жоғарғы қабаттарын да қамтиды. Климаттың типтік және сирек байқалатын ерекшеліктерін анықтау үшін метеорологиялық бақылаулардың көп жылдық қатары болуы шарт. Қоңыржай ендіктерде 25 – 50 жылдық қатарлар пайдаланылса, тропиктерде олардың ұзақтығы азырақ болуы мүмкін, кейде қысқа мерзімдік байқаулармен шектелуге тура келеді. Мұхиттардың климатын зерттеу барысында, аралдарда жүргізілетін бақылаулармен бірге тәуліктің әр мезгілінде зерттеу кемелерінен алынған мәліметтер де, кемелерде жүргізілетін тұрақты бақылау материалдары да пайдаланылады. Негізгі климаттық сипаттамаларға мынадай метеорологиялық құбылыстарды бақылаудың көп жылдық қатарларының статистикалық өңдеу қорытындылары жатады: атмосфералық қысым, желдің бағыты мен жылдамдығы, ауаның ылғалдылығы мен температурасы, бұлттылық пен атмосфералық жауын-шашын. Сонымен бірге Күн радиациясының ұзақтығын, көріну алыстығын, топырақ пен су қоймалары беткі қабаттарының температурасын, ылғалдың жер бетінен атмосфераға булануын, қар қабатының қалыңдығы мен жағдайын, түрлі атмосфералық құбылыстарды және жер беті гидрометеорологиялық факторларын да (шық, көктайғақ, тұман, күннің күркіреуі, бұрқасындар, т.б.) есепке алуға тура келеді. XX ғасырда климаттық көрсеткіштер қатарына жер бетінің жылу теңдестігі элементтерінің сипаттамалары да енгізілді. Олар: жалпы Күн радиациясы, радиациялық теңдестік (баланс), жер беті мен атмосфера арасындағы жылу алмасу көрсеткіші, булануға жұмсалатын жылу. Атмосфера климатының сипаттамаларына негізінен атмосфералық қысым, жел, ауаның температурасы мен ылғалдылығы және радиация мәліметтері жатады. Метеорологиялық құбылыстардың көп жылдық орташа мәндері (жылдық, маусымдық, айлық, тәуліктік, т.б.), олардың жиынтығы, қайталануы, т.б. климаттық қалып (норма) деп аталады. Осыған сәйкес жеке тәуліктер, айлар, жылдар, т.б. үшін бұл көрсеткіштердің қалыптан ауытқуы анықталады. Климаттың сипаттамасы үшін сонымен бірге кешенді көрсеткіштер де, яғни түрлі коэффициенттер, факторлар, индекстер (мыс., континенттік, құрғақшылық, ылғалдану) пайдаланылады.

Климаттың арнайы көрсеткіштері климатологияның қолданбалы салаларында пайдаланылады. Мысалы: агроклиматологияда – вегетация кезеңіндегі температуралар қосындысы, биоклиматология, эффективті температуралар, жылыту жүйесіндегі есептеулерде – күндік градустар, т.б.

XX ғасырда микроклимат, жер беті ауасының климаты, жергілікті климат және т.б. туралы ұғымдар қалыптасты. Сондай-ақ, макроклимат – жер бетінің тұтас бір аумақтарының климат туралы, “топырақ климаты” және өсімдіктер ортасын сипаттайтын “өсімдіктер климаты” (фитоклимат) туралы түсініктер де бар. “Қалалық климат” термині кең таралды, себебі қазіргі заманғы үлкен қала жергілікті климатқа айтарлықтай әсер етеді. Жер бетіндегі климаттық жағдайлар жаїандық ауқымдағы өзара байланысты геофиз. процестер циклдерінің нәтижесінде қалыптасады (жылу, ылғал және атмосфераның жалпы айналымы). Жер бетіне түскен Күн радиациясының сәулелік энергиясы атмосферада және жер бетінде жұтылуы нәтижесінде жылуға айналады. Жылу айналымы атмосфера мен жер беті арасындағы жылу алмасуынан, жер бетіндегі жылудың мұхиттың және ауаның ағыстарымен тасымалдануы нәтижесінде қайта үлестірілуінен, Күн радиациясының шағылысуынан, Жер және атмосфераның ғарыштық кеңістікке өзіндік сәуле шығаруынан туады. Ылғал айналымы су көздері мен құрлықтан судың атмосфераға булануы (өсімдік транспирациясын қоса) арқылы жүзеге асады. Атмосфераның жалпы айналымы, негізінен, жел режимін қалыптастырады. Климаттың географиялық факторларына географиялық ендік, құрлық пен теңіздердің бөлінісі, жер бедері, мұхит ағыстары, топырақтың құрылымы, өсімдік жамылғысы, қар мен мұз жамылғысы, ауаның құрамы, т.б. жатады.
Климаттың типтері және олардың Жер шарындағы таралу заңдылықтары су режиміне, топыраққа, өсімдіктерге және жануарлар дүниесіне, сондай-ақ, ауыл шаруашылық дақылдарының таралуына елеулі ықпалын тигізеді. Климат белгілі бір мөлшерде өнеркәсіптің орналастырылуына, халықтың тұрмысы мен денсаулығына әсер етеді.

Жердің климаты тарихи кезеңдерде елеулі өзгерістерге ұшырап отырған. Соңғы жүздеген млн. жылдар арасында (антропогенге дейін) Жер климаты қазіргісінен жылырақ, тропиктердегі температура осы күнгіге жақын, ал қоңыржай және биік ендіктерде қазіргіден анағұрлым жоғары болған. Палеогеннің басында (шамамен 70 млн. жыл бұрын) экваторлық және полюс маңы аймақтары арасындағы температура алшақтығы өсе бастады, алайда, антропогеннің басына дейін бұл алшақтық қазіргіден аз болды. Антропогенде биік ендіктердегі температура күрт төмендеп, полюстік мұзбасу қалыптасты. Соңғы бірнеше мың жылдар аясындағы климатты сипаттайтын деректер зерттеулердің палеогеография әдістерінің (дендрохронология, палинологиялық талдау, т.б.) көмегімен алынды.

Климаттың ауыл шаруашылықтық өнімділігін бағалау.

Қазіргі кезде жер қорларын табиғи ауыл шаруашылықтық аудандастыруда климаттың өнімділігі ұғымы кеңінен пайдаланылады.


Климаттың ауыл шаруашылық өнімділігі деп табиғи жүйенің агроклиматтық қорлар болып табылатын және өсімдіктердің өсуі мен дамуына оң әсер ететін метеорологиялық факторлардың кешенді сипаттамасын атайды. Климаттың ауыл шаруашылықтық өнімділігін бағалаудың қолданыстағы әдіснаманы үш тәсілмен қарастыруға болады:

1 . Өсімдіктердің суды тұтынуын және ылғалдың ауыл шаруашылық алқаптарынан булануын есептеу әдістері;

2 . Дақылдардың суды тұтынуын және ылғалдану жағдайларын есептеу әдістері;

3 . Климаттың ауыл шаруашылықтық өнімділігін анықтау әдістері.

Климаттың өнімділігі деп ландшафттардың немесе экологиялық жүйелердің биологиялық ресурстарының қалыптасуына оң әсер ететін метеорологиялық себепші шарттардың кешенді сипаттамасы. Сондықтан көптеген зерттеушілер климат құраушы себепші шарттардың өсімдіктерге әсерін табиғи жүйенің қорларымен қамтамасыз етілуін сипаттайтын коэффиценттердің көмегімен бағалауға тырысты.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет