ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша 5В0


Өнімді сатудан ( жұмыстар, қызметтер) табыстар мен шығындарды тану әдістері



бет12/17
Дата21.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#14359
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Өнімді сатудан ( жұмыстар, қызметтер) табыстар мен шығындарды тану әдістері.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішке аудару керек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден алған табыс. Ол қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын, сату және баға шегерімдерін алып тасталып көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлесті өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және басқа да факторлармен анықталады.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлық-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткізуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.

Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған табыс, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың) табыстары кіреді.

Үшіншіден, жалпы табыстың құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді сатудан түскен табыс кіреді.

Сондай-ақ, жалпы табыс өткізілімнен тыс алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауарды немесе қандай-да бір активті сатудан тыс операциялардың нәтижесін қамтиды.

Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы – салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау кәсіпорынның құзіретіне жатады.

Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер:



  • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді;

  • мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді;

  • салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;

  • шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі кәсіпорынның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді.

Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.

Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті (потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.

Сондай-ақ, табыс тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.

Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыруға жұмсалады: әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар, экологиялық қор және тағы да басқа қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте болуы ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зияндарды өтеуге, сондай-ақ, қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.




  1. Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі.

Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету барысында оның қандай факторлардың есебінен артатынын немесе азаятынын анықтау қажет. Жоғарыда біз табыстың өткізілген өнімнің көлемінен тәуелді екенін қарастырған болатынбыз. Өнімнің өзіндік құнында тұрақты шығындардың үлесі басым болса, өнімді өткізу көлемінің артуы табыстың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар, табыс тауардың бағасы мен өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталатындықтан, табыс көлеміне бағалардың өсуі мен өзіндік құнның төмендеуі де әсер етеді.

Инфляцияның жоғары қарқыны жағдайларында табыстың өсуі баға факторының есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда, елімізде инфляция деңгейінің төмендеуі, отандық нарықтың тауарлармен толуы, кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің артуы тауар өндірушілердің бағаны өсіру арқылы табыс табу мүмкіндіктеріне тосқауыл бола білді. Кәсіпорындардың қазіргі таңдағы табысты арттырудың бірден-бір әдісі - өндірістік шығындарды төмендету болып табылады.

Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде өзіндік құнды төмендетудің алуан түрлі тәсілдері қолданылады. Әрине, кәсіпорындар отын-энергетикалық ресурстарды, материал және еңбек шығындарын үнемдеу, амортизациялық аударымдар үлесін азайту, әкімшілік шығындарды қысқарту секілді тәсілдердікеңінен қолданады. Алайда, айта кету керек, өзіндік құнды азайтудың да шегі бар. Өндірістік шығындарды осы шектен төмен азайту тауардың басты қаисиетінің, яғни сапасының, төмендеуіне алып келеді. Осы айтылғандар әкімшілік және коммерциялық шығындарға да байланысты, өйткені оларсыз кәсіпорын қажетті деңгейде қызмет ете алмайды және тауарды өткізу мүлдем мүмкін болмай қалады.

Бүгінгі нарықтық шаруашылықта кәсіпорындар шығындарды басқару әдістеріне көп көңіл бөлуде. Осындай әдістердің әлемдік және отандық тәжірибеде кеңінен қолданылатыны – басқарушылық есеп. Оның көмегімен кәсіпорын шығындарын бақылау жүзеге асырылады. Әсіресе жауапкершілік орталықтары бойынша есеп әдісі өте тиімді болып келеді. Шығындарды басқарудың бұл нысаны шығындар құрылымын оңтайландыруға, шығындардың жоспардан ауытқуына жылдам бейімделуге және шешімдер қабылдау бойынша міндеттердің бір бөлігін құрылымдық басқарушыларға беруге мүмкіндік береді. Олар жоспарда белгіленген шығындардың мөлшерлеріне жауапкершілік тартады және жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп бюджеттеу принципіне сәйкес жүргізіледі. Жан-жақты (толық) бюджет – бұл өндірістік және қаржылық жоспарлардың жиынтығы. Жақсы ұйымдастырылған басқару жүйесінде бюджеттер жоспарлау, орындалуын бағалау, бейімделу және коммуникациялар орнату үшін қолданылады.


14-тақырып. Қаржылық есеп беруді ұсыну
Дәріс мақсаты: Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мазмүнын талдау, бұларды жасау мен қолдану барысында бухгалтерлік есеп жүргізу


  1. ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп беруді дайындау және құрастыру тұжырымдамасы.

  2. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары.

  3. Қаржылық есеп берудің элементтері .




  1. ҚЕХС сәйкес қаржылық есеп беруді дайындау және құрастыру тұжырымдамасы.


Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты – өзінің пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы, ондағы өзгерістер, қызмет нәтижелері туралы сенімді де мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Дегенмен, қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.

Алайда қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпаратты жинақтайды:



  • Кредиттерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;

  • субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға (ақшалай қаражат және олардың баламаларының түсімі мен жылыстауы. Баламалар (эквивалент) қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді «овердрафт» қанағаттандыру үшін арналған – қаражатты клиенттің шоты бойынша есептен шығару);

  • субъектінің ресурстарымен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;

  • басшы органдардың жұмысын бағалауға.

Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға субъектінің ақшалай қаражатты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек. Бұл қабілет, мысал ретінде, субъект өзінің қызметкерлері мен жабдықтаушыларына, проценттерді төлей ала ма, кредиттерді жауып, табысты бөле ала ма дегенді анықтайды.

Бұл үшін оларға субъектінің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.

Субъектінің қаржылық жағдайына ол бақылайтын экономикалық ресурстар, оның қаржылық құрылымы, өтемділігін, төлем қабілеттілігі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабылдауға қабілеттілік әсер етеді.

Өтемділік, төлем қабілеттілігі – қаржылық міндеттемелерді осы кезеңге өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы.

Субъект қызметінің көрсеткіштері, оның тиімділігі, пайдалылығы туралы ақпарат экономикалық ресурстарда болатын ықтимал өзгерістеді бағалау үшін керек.

Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат субъектінің ақшалай қаржыны алу қабілетін бағалаған кезде пайдалы.

Қаржылық есептер өзара байланысты, өйткені олар шаруашылық өмірдің бірдей фактілерін бейнелейді.



Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:

  • Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;

  • Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;

  • Жергілікті қаржы органдарына;

  • Мемлекеттік статистикалық органдарына.

Түсініктеме жазбада (пояснительная записка) пайдаланушыларға қаржылық есеп баптары жөніндегі қосымша мәліметтер болады.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар мен ішкі пайдаланушылар пайдаланады.

Ақпаратты пайдаланушылар:


  1. Кәсіпорын басқарушылары.

  2. Кәсіпорыннан тыс, бірақ оған қаржылық қызығушылығы барлар.

  3. Кәсіпорынға тікелей қаржылық қызығушылығы жоқ топтар мен агенттіктер.

Басқарушы менеджерлер − кәсіпорын қызметтерін, оның алдына қойған мақсатына жетуіне және оны басқаруға толық жауапты топ. Кәсіби менеджерлер бухгалтерлік есеп және талдау мәліметтеріне сүйеніп, әр уақытта басқарушы шешімдер қабылдайды. Сондықтан басқарушылар бухгалтерлік ақпаратты негізгі пайдаланушылар болып табылады.

Тікелей қаржылық қызығушылығы бар пайдаланушылар − бухгалтерлік есептің келесі функциясы кәсіпорын қызметінің нәтижесі жайлы ақпарат беру, яғни кәсіпорын қаржы есептілігі негізінде оның төлем қабілеті мен кірісі жайлы ақпарат алу. Инвесторлар мен кредиторлар қаржы есептілігін талдау негізінде ол кәсіпорынмен бірлесіп жұмыс істеуге болатын - болмайтындығын анықтайды.

Тікелей қаржылық қызығушылығы жоқ пайдаланушыларға жататындар: Салық органдары, бақылаушы органдар, жоспарлаушы және басқа да органдар.

Халықаралық деңгейге тән қаржылық қорытынды есеп стандартттарының атқаратын міндеттеріне мыналар жатады:



  1. Сыртқы мүдделі тұлғаларды пайдалы ақпараттармен қамтамасыз етуге арналған есеп және қорытынды есеп стандарттар жүйесін қалыптастыру;

  2. Халықаралык деңгейде бухгалтерлік есеп пен стандарттар арасын гармониялық үйлесімділікке салуды қамтамасыз ету;

  3. Бухгалтерлік есеп жүйесін өз мәнінде түсіну мен жүргізу үшін ұйымдарға әдіснамалық көмек беру.

Қаржылық қорытынды есеп стандарттары ерекшеліктерін анықтаудағы факторларға мыналар жатады:

  • Кәсіби бухгалтерлік есеп ұйымдары мен қауымдастықтары ұсынған әдіснамалар мен жетекші ғалымдар еңбегінің әсер етушілігі;

  • Есеп тәжірибесінде қолданылатын осы және басқа да принциптер (әдістер) нәтижесін экономикалық тұрғыда сараптамадан өткізу;

- Салық саясаты;

- Ұлттық және аймақтық ерекшеліктер;

- Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын түзу мен зерделеу арқылы ішкі және сыртқа пайдаланушылар талабын қанағаттандыру;

- Заңдар және нормативтік актілер, сондай-ақ басқа елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін кеңінен қолдану.

Бухгалтерлік есеп стандарттары қаржылық қорытынды есептің қолданбалы бағытын, мүның сапалық сипатын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуі керек. Бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есепке тән маңызы жағынан үлкен мәселеге айналып отырған мәселе, бухгалтерлік есептің салық есебіне тәуелді болмау жақтарын шешу. Егер салық есебі бухгалтерлік есепке қарағанда басымдылык жағдайда болса, онда қаржылық қорытынды есептің бейтараптық принципінің мәні жойыльш, пайдаланушылардың жалпы талабы қанағаттандырылмайды. Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің талдаушылық және зерделушілік қасиеттері төмендейді.

Есеп жүйесін стандарттау жолдары қорытынды есептің негізгі элементтерін: активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, табыстар мен шығындар, пайда және зиян тану мен бағалауды мүқият жүргізуді қамтамасыз етуі керек. Стандарттау процессі осы элементтерді тіркеудің, өлшеудің және осыларға тән ақпараттардың пайдалылығын анықтауға арналған.

Халықаралық стандарттар бухгалтерлік баланстан, табыстар мен шығындар есебінен, меншікті капитал өзгерісі есебінен, ақша қозғалысы есебінен туындайтын ұйымдардың қаржылық қорытынды есебін даярлауға, сондай-ақ дайындалған қаржылық есеп маңызын қосьшша түсіндіруге бағытталған сападағы түсіндірме хаттар т.б. қосымша түсіндіруші материалдардың қалай және қандай бағытта қолданатындығына арналған.
2. Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары.
Осы заманғы бухгалтерлік есептің ғылыми және тәжірибелік мәнін толық және кең ауқымда түсіну үшін, мұның халықаралық деңгейде стандартттандырылуын жәче кандай бағыттағы аспектілерден туындайтындығын білу керек.

«Халықаралық бухгалтерлік стандарттар немесе қаржылық қорытынды есеп стандарттары» ұғымы мына төмендегі ресми түрдегі құжаттар жиынтығынан: ХҚЕС ережелеріне жазылған алғы сөзден, қаржылық қорытынды есепті дайындау мен тапсырудағы принциптерден, жекелеген есеп объектілеріне тән стандарттардан, бұларды түсіндірудің әдіснамалық жолдарынан тұрады.

Айтылған құжаттардың барлығы да бірімен-бірі бірегей сабақтастық жүйеге байланысқан. Есеп стандарттарына тән әрбір жекелеген құжат өз бетімен қолданылмайды. Алайда стандарттау жүйесіндегі әрбір жекелеген құжат осы жүйенің арнайы сараптаудан өткен элементі ретінде өз міндетін атқарады. Жоғарыда айтылған құжаттар мазмүны барынша қысқа және түсінікті қолдануға икемді жолдармен жасалған.

ХҚЕС-те қаржылық қорытынды есептің мақсаты, есеп ақпараттарының пайдалылығының сапалық сипаты, қаржылык корытынды есеп элементтерін тану мен өлшеу әдістерін анықіау және капитал ұғымы мен мұны ұлғайту жөніндегі мәселелер қаралған.

Есеп стандарттары бірнеше типтік бағыттардан тұрады. Олар:


  1. Мақсаты. Есеп өрісіндегі мәселелер мазмұнына қысқаша түсініктеме беру және стандарттар жасау мен шығарудың міндеті көрсетіледі.

  2. Қолдану өрісі. Мұнда стандарт объектісі мен стандартты қолданудың объективті жағдайы қаралады.

  3. Анықтау. Стандарт мәтінінде қолданылған негізгі терминдерге түсінік беру және бұларды танудың тәртібі көрсетіледі.

  1. Баяндау. Мұнда есеп принципі, бағалау әдісі, шаруашылық фактілер мазмұнын тіркеу т.б. көрсетіледі.

  2. Ақпараттар маңызын ашу. Ақпараттар мазмұны, есеп саясатын жасаудағы ақпараттар қалыптастырудың тәртібі ашылып көрсетіледі.

  3. Орындалуға жіберілген күн (өз күшіне енетін күн). Мұнда стандарттың іске асырыла бастаған күні немесе күшіне енетін күні көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілген типтік бағыттар мен сабақтастықтарда терминологиялық ұғымдар, қолданбалы әдістер, тәсілдер, бухгалтерлік операциялардың мәні, шаруашылық фактілерінің мазмүны толығымен баяндалады.

Сонымен, ХҚЕС деп - бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп жүргізудің жалпы принциптерін анықтайтын ресми құжатты айтамыз.

Қазіргі кезеңдегі ХҚЕС мыналардан құралады:


  1. Тұжырымдамалық концепциядан;

  2. 40-тан аса қолданбалы стандарттардан;

  3. 25-тен аса қосымша түсіндірулерден (интерпретация).
    Тұжырымдама (концепция) жөніндегі ұғым стандарт құжатына жатпайды. Мұнда қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсырудың жалпы принциптері ашылады. Барлық елдерде жүргізілетін бухгалтерлік есеп пен стандарттар негізі арнайы ережелерден түратын принциптерден қаланған. Қаржылық есеп қорытындысының принциптерінде стандарттаудың пәндік қасиеті анықталған. Арнайы зерделеніп, халықаралық деңгейде қабылданған принциптер қаржылық есеп қалыптастырудың мәселелерін, сондай-ақ есеп жүргізудің әдіснамалық жолдарын белгілейді.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есепке тән барлық маңызды мәселелер: компаниялардың есеп саясаты, тауарлы-материалды босалқыларды бағалау, жинақталған қаржылық қорытынды есеп, салык салу т.б, қаралған. Әрбір елде сабақтастық жолдармен қолданылынатын есеп стандарттарының барлығында да есеп принциптері байырғы жолдармен сипатталған.

ХҚЕС талаптарына сай қандай жерлерде болмасын орындалған ұқсас операциялар мен оқиғаларды үйлестік тұрғыда көрсету керек. Алайда айрықшаланған операциялар мен оқиғалар мазмұны бухгалтерлік есепте әр турлі тәсілдермен іске асырылып, орындалуы мүмкін.

Әрбір жекелеген стандарт терминологиялық тәртіпті, тәсілдер мен әдістерді, бухгалтерлік операцияларды анықтай отырып, мына төмендегі сипаттағы ақпараттардан тұрады:

- (есеп объектісі) - Есепке алынатын есеп объектісі анықталып, осы объектіге байланысты негізгі түсініктемеден;

- (есеп объектісін тану) - Есеп объектілерін қаржылық қорытынды есеп элементтерінің әр түріне жатқызудың тәсілдерінен;

- (есеп объектісін бағалау) - Бағалау әдістерін қолдану және қорытынды есеп элементтерінің әр түрін бағалауға қойылатын талаптарды көрсету жөніндегі ұсыныстардан.

Мысалға, корытынды есепке тән есеп принципі, бағалау варианттары, есеп әдісі т.с.с. көрсетіледі.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары әрбір елдерде қолданылынып келе жатқан және дайындалатын қорытынды есеп өрісіндеп ұлттық және өндірістік талаптар мен тұжырымдамаларды жоққа шығармауы керек. Сондықтан есеп стандарттары: халықаралық және ұлттық болып бөлінген. Халықаралық деңгейде жарияланған бухгалтерлік есеп стандарттары, мұның нормативтік және жалпы әдіснамалық ұсыныстары, т.б. толық мазмүны әр елдің ішкі есебін жүргізуге арналған. Мысалға, Қазақстандық ұлттық стандарт және мұның әдіснамалық ұсыныстарының мазмұны мен сәйкестігі жағынан халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарымен салыстырғанда ерекшелік қасиеттері бар.



Халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттары

Халықаралық қаржылық қорытынды есеп мазмұнын қосымша түсіндіру мақсатында жоғарыда айтылған «Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі комитет» (ХБЕСК) құрамында 2011 жылы «Тұрақты түсіндіру комитеті» (ТТК) құрылған. Бұл комитеттің негізгі міндеті ХҚЕС сәйкес келетін қосымша түсіндірмелер жасау мен ұсыну болып табылады. ТТК-ге жасалған түсіндірмелер ХБЕСК-тің Басқармасында бекітіліп, мұндай қосымша түсіндірмелер қаржылық қорытынды есеп жасаудың қажетті элементтері түрінде танылады. Шетелдерде ТТК 8ІС деп белгіленген, ал Ресейде «Тұрақты түсіндірме комитеті» (ТТК) деп ХБЕСК-нің қойған атымен бірдей аталынған. Қазақстанда ТТК әлі қүрыла қойған жоқ.

Кейінгі жылдары нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдер қаржылық қорытынды есеп жүйесін халықаралык деңгейде үндестіру мен икемді бағытқа салу мақсатында көптегее жұмыстар атқарып келеді.

Қаржылық есеп пен қорытынды есеп жүйесінің жалпыға бірдей сенімділігінің артуы төмендегі факторлардан тұрады:

-2010 жылы ХБЕСК пен Құнды қағаздар жөніндегі халықаралық комиссия арасындағы жасалған келісімде қаржы саласының әйгілі басшылары мен АҚШ конгресінің қызығушылық танытуы негізінде американдық қор биржаларында өз акцияларына баға белгілеу (котировка) ісіне шетелдік компанияларды көптеп тартудан; капитал ағыны талабына сай фирмалардың қаржылық есебі барынша сыртқы пайдаланушыларға бағытталғандығынан және қор биржалары мен халықаралық инвесторларға арналғандығынан;

- ұлттық интернационалдық бизнестің даму бағытының ұлғаюы, осыған байланысты қаржылық қорытынды есепті шоғырландыру шығындарының өсуі, сондай-ақ бизнес жағрафиясы ауқымы мен аймақтарға байланыеты факторлардан;

- капитал қалыптастыру шығындарын барынша азайту, тәуекелшілік процесін төмендету, инвестиция қайтарымына тән түсінікті көрсеткіштерді қолдану сияқты факторлардан.

Ұлттық есеп стандарттарына қарағанда ХҚЕС-тің артықшылығы мыналар:

- халықаралык деңгейде әр елдердегі білімді ғалымдар мен алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу мүмкіндігі; ХҚЕС мазмұнын ашық талқылау кезеңдерінен өткізу және тиісті стандарттарды есеп тәжірибесінде қолданып көру (опробация) кезеңдерінен өтуі;

- бухгалтерлік есеп кұжаттарын компаниялар арасында жалпыәлемдік деңгейде салыстырып отыруды қамтамасыз ету;

- компаниялардың шоғырландырылған қорытынды есеп дайындауға жұмсалатын шығындарын барынша қысқартуды қамтамасыз ету;

- қаржылык ақпараттарды пайдаланушылар үшін халықаралық стандарттардың түсініктілігі және қарапайымдығы;

- тұрақты түрде жетілдіріліп отыруы.

Осы көрсетілген артықшылықтар жиынтығы ХБЕС ұлттық тәжірибеде қолдану мақсатында әр елдердің ынталылық танытуын қамтамасыз етеді.

ХБЕС мазмұнын зерттеуші ғалымдардың ұсыныстары мен жеке пікірлеріне қарағанда және біздің пайымдауымызша стандарттар мазмұнына тән кемшіліктер де жоқ емес. Бұларға мыналар жатады:

- нақтылы есеп объектілеріне тән қолданбалы ұсыныстар және түсіндірмелер, косымшалар мен мысалдардың нақтылы түрде қалыптаспағандығы;

- ХҚЕС негізінен экономикасы нарықтық қатынастар мен дамыған елдер есебіне арналғандықтан экономикалық процесі жаңадан дамып келе жатқан елдерде қолданудың кейбір қиындьщтары;

- ХҚЕС-тің ұсыныстық сипаты, оның үстіне ХҚЕС-ті міндеттті түрде қолдану керек еместігі жөніндегі ұсыныс есеп жүйесінің гармониялық үйлесімділігін қамтамасыз етпейді.

ХҚЕС-ті бөлшектеп қолдануға болмайды. Мүның өзі кешенді процестер қатарына жатады. Қорытындалған қаржылық есеп әрбір стандарт мазмұнының талабына сай келуі керек. Егер стандарт мазмүны толығымен қолданылмаған жағдайда қорытындыланған қаржылық есеп ХҚЕС талабына сәйкес келмейтін болып танылады.

Алайда осы айтылғандарға қарамастан, халықаралық қаржылық есеп стандартттары нарықтық қатынастар бағытындағы барлық елдерде (жаһандык) таныльш келеді. Қаржылық қорытынды есеп дайындау мақсатының маңызы қаралық деңгейде сенімді түрде қолданыла бастауына байланысты қырыққа жуық ірі-ірі трансұлттық корпорациялар өзі еркімен ХҚЕС-ті қолданып келеді. Кезіндегі әлемдік биржалардың көпшілігі ХҚЕС-ке сай есеп жүргізудщ негізгі критериін салған екен деген ұғым бар. Лондон, Франкфурт, Цюрих, Люксембург, Амстердам, Рим, Гонконг және басқа да бір қатар тауар биржаларындағы акцияларға баға белгілеу (котировка) халықаралық әдіспен және кезінде қабылдана бастаған стандарттарға сай жүргізіліпті.

Ұлттық және аймақтық стандарттар жөніндегі осы замандағы комитеттер, биржалар, компаниялар және үкіметтік ұйымдар есеп стандарттарын халықаралық бастапқы базис сапасында қабылдай отырып, бұлар өздеріне тән ұлттык және аймақтық тұрғыда ерекшеленетін есеп жүргізудің айрыкша бағытын белгілеуіне де болады екен.

Мысалға, Европалык комиссия Европалық Одақ ішінде қаржылық қорытынды есеп жүйесін үйлестік гармонизациялаудың қолайлы нггізі деп қабылдап, болашақта есеп пен қорытынды есеп жүргізудің европалық директивасын қолданбайтындығын мәлімдеген. Кейбір мемлекеттер - Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан осы күнге дейін жүргізіліп келе жатқан өздерінің ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттары мен қорытындыларын ХҚЕС-ке сәйкестендіру жөніндегі негізгі бағдарлама деп бағалап келеді.

ХҚЕС-ке әр ел экономикасында қолдануы ауқымы кең үйлесімді гармониялық жүйе және жаһандық экономикалық процеске үлес қосушы ресми құжат деп түсінген жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет