Оқушылардың өзіндік танымдық белсенділіктерін арттыру әдістері.
Оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді.Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмысқа берілетін есептер мен жаттығулардың дұрыс таңдап алынып, құрастырылуына байланысты болады. Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет-журналдармен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуге қабілеттерін қалыптастыру міндетін орындауда бүкіл педагогикалық ұжым үшін проблема туындайды. Ол осы жұмыс мазмұнына оқушыларды мақсатты түрде, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда болып табылады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жұмыстары, яғни, олардың барлық сабақтан тыс жұмыстарының барлық түрлері салыстырылуы мүмкін. Олардың барлығы қандайда бір континум құрайтыны айқын (қандайда бірізділік), оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы, ал келесі жағынан- оқу іс-әрекетінің өзіндік ұйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін.
Оқушылардың оқудағы танымдық ізденімпазды мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын іс-жүзінде шешудің әртүрлі жолдары бар:
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;
- танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру;
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдер енгізу;
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай, оқытудың интенсивтендіру процесін жүзеге асыру мүмкін емес екені іс-жүзінде белгілі. Танымдық қызығушылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын анықтаудың негізі, мұғалімнің белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы және педагогика мен психологияның проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады. Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің формаларының бірі - өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі талап- оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктіліке талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.
Дәріс №2 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Оқушылардың таным әрекетінің психологиясы қандай?
Өздік жұмыстарды орындау кезінде қандай таным әрекеттері жүзеге асады?
Оқушылардың өзіндік танымдық белсенділіктерін арттыру әдістерінің сипаты қандай?
3-ДӘРІС ӨЗДІК ЖҰМЫС – ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОҒАРҒЫ ФОРМАСЫ
Оқушылардың өздік жұмыстарында мұғалім-оқушы іс әрекетінің қатынасы
Оқытушының педагогикалық шеберлігінің негізгі критерийлерінің бірі –оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушыны өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелеу.
Өздік жұмыстарын ұйымдастыруды әр ұстаз өз қалауынша, бірі сабақтың бекіту бөлімінде қолданса, бірі оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, дамыта оқытуға бағыттайды.
Өздік жұмыс ұғымы, белсенді танымдық дағды, зертханалық жұмыс, проблемалық оқыту ұғымдарымен тығыз байланысты.
Өздігінен жұмыс істеу кезінде оқушыға мынадай талаптар қойылады:
− кез-келген әдебиетпен өздігінен жұмыс істей білу;
− өз бетінше талдау жасап қорытындылай білу;
− өз ойын толық айта білу, түсіндіре білу, басқаны үйрете білу;
− басқаны тыңдай білу, ақпаратты қабылдай білу (ақпаратты терең түсіну, сұрақ қоя білу);
− ұжыммен қарым-қатынас жасай білу, ұйымдастыра білу (өзін-өзі тексере, бағалай білу).
Осы қасиеттердің бәрін қоғам жеке тұлғалардан маман ретінде талап етеді. Ал ол болашақ маман –жеке тұлға –бүгінгі оқушы.
Жеке тұлға ретінде оқушының рухани баюы, адамгершілік, әдептілік қасиеті, оқушы → оқушы, мұғалім → оқушы арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде болуы түрлі өздік жұмыстарды орындау кезінде айқын көрінеді.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
− мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
− жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
− мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері;
− оқушылардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
− оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
− жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы , т.б.
Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.
Өздік жұмыстарға ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
− жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
− оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
− оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
− өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
− оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап, түсінуге үйрету;
− оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
− оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
− оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.
Оқу үрдісі кезінде өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамытуда баға жетпес құралдардың бірі -өтілген сабақтар мен айтылған мәселелерді айналаны қоршаған ортаның шындығымен байланыстыра, сәйкестендіре білу.
Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы –жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту.
Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындау қажет:
өз бетінше істелетін кез келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек;
өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, шығармашылық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс.Яғни, оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсеңдемейтіндей болуы керек;
өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсінетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Өз бетінше жұмысты дағдыландыру үрдісі кезінде мұғалім оқушылардың жұмыстың жаңа түрлерін белсене игеруіне күш салады. Сонымен қатар осы мерзімде олардың қол жеткенге масаттанып қанағаттанушылығына, іздену мен үйренуді тоқтатуына жол берілмегені жөн. Яғни, бұл арада лоардан бұдан да жоғары дәрежедегі дербестікті талап ететін кезекті жұмыс түрлерін біртіндеп игере беруін, жақсы өнегелі істерді бойларына сіңіруін қадағалау шарт.
Оқушыларға тәрбие берудің басты міндеттерінің бірі –олардың бойында өз бетінше ойлау жүйесін қалыптастыру. Мектеп оқушыларды жүйелі білім алу тәртібіне және өз бетінше білімін толықтыруға, ғылыми ақпараттарды жетік әрі тез игере білулеріне жол аша білуге әзірлеуі керек. Бұл үшін оқу жұмысында тиімді формалар мен әдістерді пайдалана отырып, олардың пайдалы іске деген талпынысын ояту қажет.
Дәріс №3 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Оқушылардың өздік жұмыстарында оқушы іс әрекеті қандай?
Оқушылардың өздік жұмыстарында мұғалім іс әрекеті қандай?
Өздік жұмыстарды орындауға қандай талаптар қойылады?
4-ДӘРІС ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ,ЕРЕКШЕЛІГІ
1.Өздік жұмыстардың дидактикалық мақсатқа сай түрлері.
Өздік жұмыстардың дидактикалық бағыты.
Өздік жұмыстардың белгілі бір дидактикалық бағыты бар.Негізгі бағытына сәйкес әрбір сабақты химия сабақтарының негізгі үш типінің біріне жатқызуға болады. Олар:
1. Жаңа материалды оқып - үйрену.
2. Білім мен біліктерді жетілдіру.
3. Білім мен біліктерді тексеру және есепке алу сабақтары.
Оқу материалының мазмұны көбінесе сабақ әдістемесін белгілейтіні мәлім. Алайда сабақ пен оның жекеше кездерінің алдына оқу тәрбиелік мақсаттарды іске асыруға оқыту әдістері мен оқушылардың қызметін ұйымдастырудың формаларын таңдап алудың әсері мол.
Бір тақырыптың өзін бірнеше түрлі мақсат қойып, түрліше өткізуге болады. 1. Тапсырмалар бойынша оқушыларға өздігінен жұмыс орындату. 2. Материалды мұғалімнің өзінің баяндауы. 3. Материалды әңгімелеп түсіндіру.
Бұл әдістердің әрқайсысымен белгілі бір педагогикалық әдістемелік дидактикалық мақсат іске асады.
Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істеу арқылы оқушылардың дербестігін өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады.
2.Оқушылардың танымдық әрекетіне байланысты типтері.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің сипаты тұрғысынан өздік жұмыстың төмендегідей үш типін ажыратуға болады:
1. Репродуктивті (копирующие);
2. Ішнара –ізденушілік (эвристические);
3. Зерттеушілік (исследовательские).
Таным әрекетіне орай оқушыларға тапсырманы саралап, даралап беруге болады- жақсы оқитын оқушылар үшін күрделі, орташа және нашар оқитын оқушылар үшін өз күштеріне орай тапсырма беріледі. Негізінде тапсырманы оқушылар өздері таңдап алады. Бірінші ретті қиындықтағы тапсырмалар нұсқасында теориялық жағынан келуді талап ететін тапсырмалар болады. Мысалы теориялық көзқарас тұрғысынан химиялық құбылысты түсіндіру болжамын ұсынып, соңынан эксперимент жүзінде дәлелдеу. Ал үшінші ретті тапсырмалар негізінен репродуктивті сипатты. Ал екінші ретті тапсырмалар бірінші мен үшінші ретті тапсырмалар аралығынан орын алады.
Әрбір тақырыпты оқып зерттеудің алғашқы кезеңінде химияның негізгі ұғымдарын игеру үшін бәрінен бұрын репродуктивті сипаттағы тапсырмалар орындалады. Ондай тапсырмалар келесі жеке ізденіс, яғни эвристикалық сипатты тапсырмаларды орындауға негіз болады.
Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі оқушының әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейімен анықталады. Оны тағайындау үшін мынадай көрсеткіштерді пайдалануға болады: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындалуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі.
Танымдық белсенділігі төмен оқушылар игерілетін материалдың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байланысты таба алмайды. Бұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальды түрде игереді, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды. Алгоритмдік үлгі бойынша тапсырмалар мен стандарттық емес үлгідегі тапсырмаларды орындауда оларға тапсырманың орындалу барысы, шарттың жүзеге асуы және нақты әдістердің көрнекті үлгісін жасау үшін мұғалімнің көмегі қажет болады.
Оқу-танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар жалпы заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тұра, тақырып мазмұнының негізгі өзегін ашып бере алмайды. Дегенмен үлгі бойынша және стандарттық емес, біраз қиындығы бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындай алады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін олар едәуір күш жұмсайды. Сондықтан бұндай тапсырмаларды орындауда оқушыларға үнемі көмек қажет.
Қалыптасудың жоғары деңгейіне ие оқушылар қорытындылауда жоғары дәрежеге жетеді. Әр түрлі тапсырмаларды орындауда, теориялық материалды игеруде белсенділік пен ынталылық танытады. Игерілген тақырыптың логикалық байланысын еркін игереді. Олар стандартты және стандартты емес тапсырмаларды дербес орындайды.
Шығармашылық тапсырмаларды не өзі, не мұғалімнің көмегімен орындайды. Осындай деңгейге ие оқушылардың білім дәрежесі жоғары, олар өз білімін тәжірибеде еркін қолданады, тапсырма орындаудағы және мазмұн игерудегі қиындықтарды қиналмай жеңеді
3.Ұйымдастыру формаларына байланысты жіктелуі.
Өздік жұмыстың формалары :
1.Фронтальды (ұжымдық),
2.Топтық,
3. Жекеше болып жіктеледі
Сабақ үстіндегі топтық өздік жұмыстың ұйымдастыруына тоқталайық. Оқушылардың пән бойынша білімі негізінде сабақ алдында топтар қалыптастырылады. Топтар құруда психологиялық сыйысушылық, қызығушылықтар бағыты, көш басшысы беделі сияқты факторлар да ескеріледі. Тәжрибе көрсетуі бойынша ең тиімді топ 4 оқушыдан тұратын топ деп есептеледі.
Мұндай топтық жұмыстың ерекшелігі:
Мақсаттың болуы және түсінуі (жалпы топтық тапсырма)
Жалпы мақсатқа сәйкес әр топ мүшесінің жеке тапсырмаларды орындауы;
Жұмыс нәтижелерін өзара тексеру және бір-біріне туындаған қиындықты шешуге көмектесуі;
Әр топ мүшесімен алынған нәтижелерді біріктіріп, бір толық қорытынды жасалуы;
Жұмыстың мақсатына алынған қортындының сәкестендіру.
Әрбір топтағы оқушылардың пән бойынша деңгейі әр қалай, ал топтар бір бірімен деңгейлес болады. Топтың жұмысын көш басшы бағыттап отырады. Көш басшыға қойылатын талап, ол пәнді жақсы білуі керек. Оның басшылығымен барлық оқушылар алған тапсырмамен жұмыс істейді, берілген зертханалық жұмыстарды орындайды, ұсынылған әдебиетпен жұмыс жасап, тақтада ауызша жауап беруге немесе жазбаша жауап беруге әзірленеді.
Жекеше өздік жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың даму міндеті шешіледі. Қабілеті мен дайындық деңгейі әр түрлі оқушылардың бірдей ритммен жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Мысалы 8 сыныптың аяғында немесе 9 сыныптың басында оксидтер, қышқылдар, негіздер мен тұздар туралы дараланған тапсырмалар беруге болады.
Төменгі деңгей үшін:
Магнийдің тұз қышқылымен тұзының, магний оксидінің, гидроксидінің формуласын жазып, атын ата. Құрылымдық формуласын келтір.
Жоғары деңгей тапсырмасы:
Темірдің (ІІІ) күкірт қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұзының формуласын, құрылымдық формуласын жазып атын ата. Темір (ІІІ) окиді мен гидроксиді формуласын жазып, құрылымдық формуласын келтір.
Орта деңгей тапсырмасы:
Магнийдің көмір қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұздарының формуласын жаз, құрылымдық формуласын келтір.
Жекеше өздік жұмыстар кейде оқушылардың біраз бөлігін қамтыса, кейде бүкіл сынып оқушыларына арналып құрылады. Тапсырмалар жоғарыда келтірілгендей әр деңгейлі болуы мүмкін (саралап оқытуда) немесе қиындығы бірдей бірақ орындалу уақыты әр қалай болады (программаланған оқытуда).
4. Білім көздеріне байланысты жіктелуі
Білім көздеріне байланысты жіктелуі төмендегідей:
Оқулық және анықтамалар мен жұмыс істеу.
Оқыған тақырып бойынша жоспар жасау,
Баяндама жазу.
Үлестірмелі материалмен жұмыс істеу.
Химиялық тәжірибелер жасау.
Химиялық диктант жазу.
Ауызша, жазбаша сандық және сапалық есептер шығару.
Графиктік жұмыс.
Өз бетімен жұмысжасау үшін берілетін тапсырмалар.
Оқыту мен тәрбиелеудің ен маңызды элементтершщ бірі сабақтан тыс уакытта берілетін өздік жұмыс тапсырмалары Оның максаты:
сабакта алынган білімді тереңдету жэне бекіту;
әдебиеттермен жұмыс жасауды үйрету;
кесте, сызба, графикалык мэліметтерді тани және оқи білу, талдай алу;
іріктеу жэне салыстыру, ой корыту, тужырым жасау сиякты танымдың кабілеттерін дамыту болып табылады.
Өздік жұмыс окушыларды тәртіпке, ұкыптылыкка, тиянактыққа
тәрбиелейді. Өздік жумысты орындау окушыдан жеке жумыс жасап, оған көп көңіл аударуды, уакыт жумсауды талап етеді. Ол тапсырманың мазмұнын ұғынады, оның сапасына койылатын талапка сай орындайды, белгілі бір әдебиеттерді актарады. Үлгерімі орта ша окушылар өз деңгейлеріне сәйкес жеңіл тапсырмалар алады, ал улгерімі жоғары окушылар киындығы жоғары тапсырмалар алады. Өздік жұмысын жиі өткізу окушылардың білімін бекіте түседі.
Өздік жумысының мазмұны төмендегідей:
бағдарламалык материалдар окулык жэне косымша (анытамалық, техникалык, көркем) әдебиеттерге сүйеніп жасалынады;
окушылардың алатын білімін кеңейтеді, тереңдетеді;
өткен материалды кайталауга арналады;
күнделікті өмірден және практикадан мысалдар алынады;
турлі графикалы жұмыстар (кесте, сызба, диаграмма, сызба сызу және тузу) орындалады;
шығармалар, баяндамалар мен рефераттар жазылады;
жалпы корытынды мен тұжырым шығару үшін деректер мен мысалдар жинакталады;
практикалык жумыстар жургізіледі;
жаңа материалды өз бетінше игеру журеді
Өздік жумыстардың мына турлеріне токталып өтелік:
Мәтінмен жумыс жасау. Мәтінмен жумыс мұгалімің дайын дап берген 4-5 сұрағына жазбаша жауап беру кезінде жасалады. Бұл сұрактар сарамандық жумысқа көбірек бағытталады.
Тапсырмалар мен жаттығуларды орындау. Бұл ар теориялың материалдар мен сарамандық жумыстарды байланыстырады.
Шамалар мен құбылыстардың арасындагы өзара байланысты ашады. Кейбір техникалық пәндер үшін кажетті сызба сызу, өлшемдерін өлшеу жэне сол бойынша есептеулер жүргізіледі.
Мысалы, техникалық пәндер қозғалғыштардыц (двигательдердің) қуатын анықтау, оған кететін жанар майды, ауа мөлшерін, белгілі уакытта жұмсалатын энергия, жылу мөлшерін есептеу, т.с.с. тапсырмалар орындалады. Өздік жұмыстарына жеке дәптер арналып, ондағы тапсырмалар тексеріліп тұрады.
Сызбамен, сұлбалармен жұмыс. Оның максаты—окушыларды өздігінен графиктер түзүге және оқулыктағы сызбаның көшірмесін салуға үйрету. Оку материалын игерудің дәрежесіне карай бұл жумыстардың деңгейі окушыларга сарапталып беріледі.
Кестелермен жұмыс. Окулықтан не косымша әдебиеттерден кажетті мәліметтерді таба білу, оны жинактау жэне кестеге тусіру керек. Мысалы, түрлі материалдардың касиеттері бойынша олардың тығыздықтары туралы кесте жасау кажет. Сол тығыздығы аркылы оның ұзару шектерін, беріктігін, т.б. табуға болады. Кейбір жагадайда жеке такырыптар мен бөлімдер талкыға салынады. Ол үшін окушыларга әдебиеттер тізімі мен әдістемелік нұскаулар беріледі. Бұндай баяндамалар кыска уакытка беріледі, оның ұзақтыгы 10-12 мин болады. Баяндамашы өзі кестелер, сызбалар, ауызша түсіндірме, кыскаша мәліметтер жасайды. Соңында талкыланып, корытындысы жасалады. Өздік жумыстарының бәріне мұғалім бакылау жасап, үнемі тексеріп отырады. Бұл өз кезегінде окушылардың білімін көбеюте тусуге көмектеседі.
Дәріс №4Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Өздік жұмыстардың дидактикалық мақсатқа сай түрлері қандай?
Оқушылардың танымдық әрекетіне байланысты типтерін атаңыз?.
Ұйымдастыру формаларына байланысты қалай жіктеледі?.
Өздік жұмыстардың білім көздеріне байланысты жіктелуін сипаттаңыз?
5-ДӘРІС ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕРІ
1.Байқау
2. Оқу эксперименттері
3. Есеп шығару
4.Оқулықтармен жұмыс
1.Байқау
Байқау — белгілі бір мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту, зейін қою байқаудағы негізгі әрекеттер. Психологияда кең тараған әдіс, оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлығын, психикасын, сыртқы көріністерін (қимыл-қозғалыстарын, сөйлеген сөзге реакцияларын, мимикасын, жалпы әрекетін), сондай-ақ адамның ерік-күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераментін, жүріс-тұрыстарын жүйелі, жоспарлы түрде бақылайды, осыған орай ол адамның психикалық үрдістері, жай-күйі және психикалық қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Белгілі жоспар бойынша жүйелі біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау әдісі әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі.
Байқау әдісі әрі жүйелі, әрі мақсатты үрдіс, арнайы жүргізілген әрекет. Ғылыми байқау кездейсоқ, дұрыс ұйымдастырылмаған және жоспарлы түрде жүргізілмейтін қарапайым байқаудан өзгеше болып келеді. Ғылыми байқау үрдісінде аса сақ, дәлме-дәл болып байқалатын объектіге ешқандай бұрмалау жасамау керек. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мысалы, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, сыналушының сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жаңғырту үшін диктофон, магнитофон т.б. пайдаланылады.
Байқау әдісі нәтижелі болып шығуына қажетті кейбір шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа үлгерімі нашар оқушыны алатын болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының ерекшеліктерін білу;
3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, кейін оған мұқият талдау жасау басты фактілерді сұрыптап алу — осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі. Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты сол сыналушыға қатысы барлармен бірлесе отырып, оқушының оқу әрекетін дамыту үшін нақты жұмыстар белгіленеді.
Байқау кезінде адамның мінез-құлқын дұрыс Түсіне білудің де маңызы үлкен. Қазіргі кезде күнделікті іс-тәжірибемізде де, белгілі ғылым салаларында да объективтік байқау әдісі қолданылады.
Бұл әдістің үш түрі бар:
Бір түрі — мәнді және қызық деп тапқан психологиялық фактілерді анда-санда баяндап отыру. Әдістің мұндай жолын кездейсоқ байқау деп атайды.
Екінші түрі – нысанаға алынған объектінің қимыл-қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз байқау. Бұл — ұдайы байқау әдісі.
Үшінші түрі байқауға алынған объектіге белгілі бір мерзімде назар аударып отыру. Әдістің бұл түрін таңдамалы байқау деп атайды.
Осы аталған байқаулардың қандай түріне болса да қойылатын талап — байқаушы бақылаған фактілерді баяндап қоюмен қанағат етпей, сол құбылыстардың сырт көрінісіне сүйене отырып, ішкі сыры мен психологиялық мазмұнын ашуға міндеттілігі.
Байқау кезінде — байқауға алынған объектінің байқау бағдарламасын, жоспарын жасап алу қажет. Әйтпесе байқаушының зейіні зерттеліп отырылған объектінің екінші бір кездейсоқ силаттарына ауып кетуі мүмкін, ал мұндай фактілердің жиынтығы арқылы жасалған психологиялық байқау жалған болып шығуы ғажап емес. Психикалық үрдістерді зерттеудегі өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің бүгінде маңызды орны бар, сондықтан оны объективтік байқау әдісіне жәрдемші әдіс ретінде пайдалану дұрыс. Байқау әдісімен психикалық құбылыстарды көлденең әсерлермен өзгертпестен, объектіні өзінің үйреншікті ортасыңда байқауға болады, сонымен қатар байқау әдісі арнайы лабораторияларды, қымбат құралдарды керек етпейді. Байқау әдісі кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Байқау — өмірдегі әр түрлі жағдайлардағы адам іс-әрекеті мен қылықтарының фактілерін жинауға көмектесетін әдіс
2.Оқу эксперименттері
Химияны меңгеруде химиялық эксперимент оқу процесінің құрамды бөлігі ретінде маңызды роль атқарады. Әрбір ғылыми түсінік қойылған міндеттен қисынды (логический) шығуы керек және практика жүзінде орнығуы керек, сонда ғана химияның эксперименттік сипаты танылады .
Химия пәні бойынша оқу тәрбие процесінде оқушыларда терең сапалы білім қалыптасуы үшін эксперимент пен теория тығыз байланыста болу керек . Химия ғылымында және оны білім ретінде оқыту процесінде химиялық эксперименттің бірнеше түрі бар:
демонстрациялық эксперимент (демонстрациялық столда мұғалім өзі жасап көрсетеді);
2. оқушылар жасайтын эксперименттер (практикалық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер және эксперименттік есептер).
Эксперименттің түрлерін оқушылар өздерінің жұмыс орындарында мұғалімнің және лаборанттың бақылауымен жасайды, кейде өз беттерімен жасайды.
Мұғалім үшін химиялық эксперимент бір жағынан , оқушыларды түсіну мен танып білу, олардың өзіндік ерекшеліктерін бағалауға, екінші жағынан, өзіндік құндылық, жұмысқа деген шығармашылық ізденіс және жеке ойларын жүзеге асырудағы негізгі мүмкіндік болып табылады. Мұғалімнің іс – әрекеті оқушыларды өзіне тартады, оқушылар бақылаған экспериментті мұғалім көрсеткендей етіп жасауға тырысады. Мұғалім көрсеткен эксперименттерді байқай отырып, оқушылар құбылыстың мәнін түсінумен қатар, құралдың құрылысы, оның бөлщектерінің орналасуы, жеке жұмыстарды орындау реті, жұмысты дұрыс істеу мен құрал – жабдықтарды дұрыс қолдана білу жөнінде түсінік алады.
Оқушы үшін химиялық эксперимент – өзіндік шығармашылық қабілеті мен жекелік сапасын дамытуға мүмкіндік береді, нәтижесінде оқушылар өздері жеке реактивтер мен жұмыстарды таңдап, эксперименттің орындалу жоспарын құрады және құрал – жабдықтарды жинайды, содан кейін экспериментті жүргізеді
3. Химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің тобына жатады. Есеп - шығару оқушылардың теориялық білім мен тәрбие арасындағы байланысты жүзеге асырады. Оқушылар есеп барысында химиялық ұғымдарды, теорияларды қалыптастыруға, олардың химиялық тілмен сөйлеу мәдениетін байытуға, іскерлікке, ізденгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: жаңа сарамадық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру химиялық ұғымдар мағлұматтарды үйрету; білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; оқушылардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылық қабілетін тәрбиелеу мақсатында беріледі.
Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептері эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал – жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып, жетілдіре түседі. Эксперимент есептерін үзбей шешіп, машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзімен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын білінеді. Сондықтан химиядан мектеп бітіру емтиханы билеттерінің бір сұрағы эксперимент есебі түрінде беріледі [1].
Эксперименттік есептерді орындаудың мақсаты – теориялық білімді практика жүзінде өз бетінше қолдана білуге үйрету, әрбір зерттеу жұмыстарын жүргізіп үйрену үшін эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыру.
Практикалық сабақтар мен зертханалық тәжірибелерден эксперименттік есептердің айырмашылығы материалды меңгеру, қорытындылау, бекіту кезінде оқушының білімін тексеру және үй жұмысын тексеру үшін жүргізуге болады. Эксперименттік есептерді жеке – жеке топпен немесе бір мезгілде бүкіл сынып болып орындауға болады. Оқушылар эксперименттік есептерді орындай отырып, бұрынғы қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіріп қана қоймай алған білімдерін қолдана білуге үйренеді. Бұл алға қойған міндеттердің теориялық шешімін өз бетінше табуға және алынған нәтиженің дұрыстығын тәжірибелік жолмен тексеруге мүмкіндік береді [17].
Эксперименттік есептерге арнайы нұсқаулар жоқ. Сондықтан оны орындау оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуді көбірек талап етеді. Танымдық жағынан сандық есептерге қарағанда эксперименттік есептерді орындау оқушыларға тиімді. Себебі, эксперименттік есептерді шешу үшін оны теориялық негіздеу қажет, сәйкес тәжірибе жүргізу қажет және тәжірибе нәтижелерін теориямен салыстырып түсіндіру қажет.
Эксперименттік есептерді орындау мұғалімдер оқушылардың материалды қаншалықты меңгергендігін және алған білімдерін практика жүзінде қалай қолдана алатындығын қысқа уақыттың ішінде тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді. Есеп нәтижелерін талдау оны шешудегі қателіктерді табуға, себептерін анықтауға және оларды түзете білуге мүмкінді береді. Сонымен қатар, кейбір оқушыларға жеке көмек бере отырып, эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыруына жол көрсетеді [25].
Химиялық эксперимент есептерін шығарту жолдарының негізгі кезеңдері.
1 – кезеңде берілген есеп теория жүзінде талқыланады. Мұғалім әңгімелесе отырып жоспар құрады, қажетті тәжірибелерді анықтайды да бір оқушы немесе мұғалімнің өзі көрнекі көрсетеді.
2 – кезеңде есепті шығару жоспары көпшілік оқушылармен бірлесіп талқылау арқылы жүзеге асырылады да, тәжірибелер демонстрация түрінде көрсетіледі.
3 – кезеңде арнайы практикалық сабақтарда оқушылар эксперименттік есептерін өздігінен орындайды [4].
Эксперименттік есептер оқушылардың танымдық іс – әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың іс жүзінде жиі қолданылатындары:
заттарды бір – бірінен ажырату;
химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру;
заттарды алу;
заттардың сапалық құрамын анықтау;
қоспаның құрамын анықтау және бөлу;
берілген заттарға тән реакциялар жасау;
әртүрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау;
химиялық сапасын құрастыру және оны қолдану.
Эксперимент есептерінің аталып өткен типтерін шешу жолдары:
сынау және қателесу тәсілі;
есте қалғаны бойынша шығару;
анализ және синтез;
гипотеза жасау;
алгоритм тәсілі.
Экспериментті есептердің типтері
химиялық формулалар мен заттың молекулалық массасын қатынасын есептеу.
реагенттер мен өнімнің белгілі бір санымен химиялық теңдестіруді пайдаланып массасын есептеу.
реагенттер мен өнімдердің белгілі бір санымен газ көлемін анықтау.
ерітіндідегі заттың массалық бөлігі мен заттың массасын есептеу.
Химия пәнін оқу барысында оқығанда маңызды орынды экспериментті есептер алады. Эксперименттік есептер шарты мен талабы бойынша екіге бөлінеді. Экспериментті есептерді шыгару оқушылардан терең білімді, теорияны, химия заңдары мен түсініктерді, нақты материалды (құрамы жөнінде қасиеті, алынуы) игеруді және химия ғылымдарының әдістерін білуді талап етеді
4.Оқулықтармен жұмыс
Оқушылардың өз бетімен білім негізін қалауда оқулықпен жұмыс үлкен рөл атқарады.
Жаңа технологиялар ғасырында жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп мұғалімдері оқушыларды кітаппен және басқа білім көздерімен белсенді жұмыс жүргізуге үйретіп, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру қажет. Кітаппен тиімді жұмыс жүргізу үшін оқулықтың мәтініне үлкен мән беріледі, себебі: мәтін – материал мазмұнын айқындайтын құрал, оқу ақпаратының басты көзі болып саналады, ең маңызды түсініктер, заңдар, ілімдер мен анықтамалар туралы білім; ғылым саласында жетекші идея мен болашақ бағыттарды меңгеру; оқушылардың логикалық ойлауы мен шығармашыл қасиеттерінің дамуын қалыптастыру тәсілі болып табылады.
Педагогика саласының кейбір авторларының пікірлері бойынша барлық мәтіндер үш тарауға жіктеледі:
Негізгі – негізгі түсініктер, заңдар, ілімдер, басты идеялар, фактілер туралы ілім.
Қосымша – оқулықтың ғылыми дәлдігі мен эмоциялық жүктемені күшейтеді.
Түсіндіру – анықтама мағлұматтары.
Осыларға қосымша болып табылатын мәтіннен тыс компоненттер бар:
Меңгеруді ұйымдастыру аппараты – бұған сұрақтар, жаттығулар, есептер, тапсырмалар, олардың жауаптары, қорытынды кестелер, безендіру (иллюстративті) материалдар (сызбанұсқалар, суреттер, диаграмма, сызулар және т.б.) кіреді.
Бағдар беру аппараты – бұл алғы сөздер, тараулар, кәріп көрсетпелері, пәндік және жеке сілтемелері т.б..
Оқушылырдың оқу жұмысын ұйымдастыру аппараты – бұған тәжірибелі сабақтың нұсқаулары, зерханалық жұмыстар, үйде химиялық эксперимент орындау үшін тапсырмалары, ережелері жатады.
Меңгеруді ұйымдастыру аппараты – оқытудың әртүрлі мақсаттарының жан – жақты орындалуына мүмкіндік береді. Оның іске асуы, оқушылардың оқулықтың әдістемелік аппаратпен жұмыс істеуі арқылы қамтамассыз етіледі. Мысалы: бір параграфтың мәтінін түсіну үшін оқулықтың тәжірибе суреттері мен тақтада салынған суреттер немесе тәжірибе үстінде құрастырылған нәрселер салыстырылады. Бұл мәселені талқылауға салу, оқушылардың білімді меңгеруге және ойлау қабілеттерін қалыптастыруға әсер етеді.
Тапсырмаларды орындау жұмысын жүргізу үшін бағдар беру аппараты қолданылады. Ол жаңа терминдер мен бұрынғы өткен түсініктерді қайталау арқылы пәндік сілтемелер және оқулық мәтіні көмегімен маңыздылығын түсіндіреді. Мұндай жұмыс білікті тұрғыдан кітаппен жұмысты қалыптастырады, еңбек мәдениеттілігіне тәрбиелейді.
Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру аппаратын қолдануы (оқулықпен өзіндік жұмыс жүргізу, нұсқаулары, жоспарлар, жаднамалар) оқушылардың өзіндік дамуына жағдай туғызады, оқу жұмысында өзіндік бақылау үйреншіктерді қалыптастырады.
VІІІ – ІХ сыныптарда оқулықпен жұмыс жүргізуді үйретуге көп назар аударылуы тиіс, ал жоғары сыныптарда оқулықпен өзіндік жұмыс жасауға көп мән берілуі қажет.
Оқушылардың оқулықпен жұмыс жүргізгені жақсы нәтиже көрсетуі – мұғалімнің сол жұмысты ұйымдастыра білу қабілетіне байланысты. Қазіргі қолданыстағы химия бағдарламасы әр түрлі әдістерді және оқу үрдісінің ұйымдастыру формалаларын қолдануға мәжбүр етеді, соның ішінде оқулықпен жан – жақты жұмыс жүргізуге жағдай жасайды. Бұл жұмыс үй тапсырмасын орындауға ғана емес (оқулықтан қайталау, параграф соңындағы сұрақтарға жауап беру, нұсқау бойынша химиялық экспериментті орындау), сабақ үстінде мәтінді зерделеуге, жоспарды құрастыруға, конспект жазуға, қорытынды кестелер мен сызбанұсқаларды сызуға, тәжірибелі жұмысқа оқулықтың нұсқаулары арқылы дайындық жұмыс жүргізуге т.с.с. алдын ала болжам жасауға арналған.
Сыныпта оқулықпен жұмыс ұйымдастырылған кезде жалпы әдістемелік тәсілді қолданған тиімді. Олар әр түрлі үйретулерге қолданылады: біріншіден, іс - әрекеттердің үлгілерін көрсетіп, содан соң қайталау арқылы оларды оқушылардың миына қондырамыз; келесі сабақтарда оқушылардың аналогия әрекеттерінің орындалуын талап етуіңіз керек; ең соңында, үйренген нәрселерді өздері қолдану үшін оларға тапсырмаларды ұсынамыз.
Оқушылардың өндірістік сипаттағы іс - әрекетінен аналогиялық іс-әрекетке, содан соң өзіндік іс - әрекетке көшу біліктілігінің дамуы, соның ішінде оқулықпен жұмыс істеу біліктілігін қамтамассыз етеді. Біліктіліктің дамуы, тапсырманың күрделенуіне байланысты:
параграф мазмұнын қайталап айту;
оқулық мәтінінде жауаптары бар параграфтың немесе тақырыптың соңында берілген тапсырмаларды орындау;
сабақ үстінде ережелерді, түсініктерді, заңдарды оқып үйрену;
тәжірибе жұмысының суреттерін, сызбанұсқаларын, кестелер мен бейнелерін қайталау.
Барлық жағдайда оқушылырға жетекшілік ету керек, мұғалім жағынан көмек берілуі тиіс және жұмыс пен нәтижелерге бақылау қажет. Аналогиялық әдіспен тапсырманы орындайтын сәтте мұғалімнің көмегі болуы керек. Көбінесе тапсырмалар өздігінен нұсқаулар, жаднамалар, үлгілер арқылы орындалуы тиіс.
Оқулықпен өздік жұмыс арқылы өнімдік сипаттағы оқушылардың орындайтын тапсырмаларын мысал ретінде қарастырып көрейік:
1.Оқулықтың бір немесе бірнеше параграф мәтінін жоспар немесе конспектіге жазып алу.
2.Мәтінді иллюстрация, жаңа мысалдар, суреттер, түсініктемелер арқылы анықтап алу.
3.Қорытынды сызбанұсқаларды, кестелерді құрастыру.
4.Оқулықпен жұмыс істеу біліктілігі қосымша «көшіру», яғни мәтіндерді, иллюстрацияларды, пәндік сілтемелерді сабақ немесе сабақтан тыс іс – шараларға дайындық ретінде қолдану.
5.Оқулық арқылы бақылау жұмысын, тәжірибелік сабаққа, семинар – сабаққа дайындалу.
Химия пәні бойынша VІІІ сыныптың алғашқы сабағында оқушыларды жаңа оқулықпен және оның мазмұнымен таныстыру қажет. Біріншіден титул (бірінші парақ) парағына назар аударамыз. Ол парақта оқулық авторларының аты – жөні, жылы, шыққан баспасының атауы жазылған. Осы мәлімет арқылы оқулықты кез келген кітапханадан тауып алуға болады. Содан соң оқушылармен бірге кітаптың тарауларын көріп шығып, болашақта өтетін курстың негізгі мазмұны мен тақырыптарына назар аударуымыз қажет. Оқулықты ұқыпты ұстауға, ластамауға, парақтарын жыртпауды оқушыларға міндетті түрде ескертеміз.
Оқулықтың әр тақырыптағы мәтіні әр түрлі кәріппен (шрифт) жазылғанын көрсетіп, түсіндіреміз. Параграф соңында маңызды мәселе болып табылатын тапсырмалар мен шартты белгілерге назар аударамыз.
Химия оқулығының мәтіні басқа пәндерден өзгеше, себебі ол ғылыми тұрғыда жазылған. Мәтін төменде көрсетілген ережелермен сипатталады:
а) айрықша жаңа кәсіптік терминологиямен (химиялық тіл). Бұған химиялық түсініктер, заңдар, ілімдер, химия белгілерінің атауы; заттардың халықаралық номенклатура бойынша атауы; химия формулалары мен реакция теңдеулерін жазу және оқу, түйінді мәселелерді түсіндіру, химиялық реакциялардың жүру ағымы мен жағдай белгілерін анықтаулары жатады;
ә) химиялық заңдары мен олардың өту белгілері зертхана немесе техникада іске асуы және қолданылуы дәлелденеді;
б) зертханалық техникада арнайы химиялық тәжірибелерді және олардың шартты белгілерін суреттеу.
в) өте маңызды химия өнімдерін шығаруға арналған технологиялық ұстанымдарын, аппарат құрылғыларын суреттеу.
Оқулықтың бірінші тақырыбын оқушылармен белгілеп, сыныпта зерделеу тиімді. Әр тақырыптың атауы, соның ішіндегі мәтін сұрақ бойынша айқындалады. Соған оқушылардың назарын аудыртамыз. Жаңа тақырыпты жақсылап түсінуі үшін тақырыпты бөлімдері бойынша оқуымыз қажет. Мәтінді құрастырылған жоспар немесе сызбанұсқа бойынша қайталап айту, оқушының есте сақтау, баяндау логикасын түсіну түсініктер арасында байланыс орнату және оны сипаттауға көмектеседі. Бастауыш сыныптарда оқушыларды мәтінді ойланып оқуға, оқыған нәрсеге қарапайым жоспар құруға, сол мәтінді өз сөзімен қайталап айтуға үйретеді. Кейін бұл біліктілік тарих, қазақ тілі, әдебиет және т.б. сабақтарда тереңдетіліп қалыптасады. Оқушылар VІІІ сыныпқа келген кезде мына талаптарға сай болуы қажет: мәтінді тез әрі қатесіз оқу; параграфтың басты мәселесін анықтау, оқып болған мәтіннен қарапайым және күрделі жоспарды құрастыру; мұғалімнің әңгімесінен немесе өз жауабынан жоспар құру; оқығанын біртіндеп қайталап айту; параграф соңында берілген сұрақтарға айқын жауап беру, жеңілдеу қорытындыларды құрастыру және оларға негіздеу үшін мысалдыр келтіру және тағы басқа талаптарды орындаулары қажет.
Химия оқулығының әдістемелік аппаратын қолдану кезінде сабақ үстінде оқушылармен мәтін арқылы әр түрлі жұмыстар орындауға болады: мәтінді оқу (арнайы алынған, дауыстап, ішінде); сөздікпен жұмыс жасау, яғни химиялық белгілермен, формулалармен, реакция теңдеулерімен (формулалар мен реакция теңдеулерін дұрыс құрастыру, оларды оқу және дауыстап сөйлеу, мағынасын анықтау және түйінін түсіну) және тағы басқа жұмыстар өткізуге болады. Химиялық терминологияның бір бөлігі, мысалы, кейбір заттардың атауы (су, оттек, көмірқышқыл газы, азот, сутек, күкірт және т.б.) оқушыларға өмірлік тәжірибеден, күнделікті бақылаудан, табиғаттану, биология пәндерінен бұрыннан мәлім. Соған қарамастан химия пәнінің терминологиясын оқушылар химияның жүйелі курсын оқыған кезде толық меңгереді. Осыған қосымша оқып болған мәтінді талдау сәтінде мына сұрақтарды қамтамассыз етуге болады: параграф, тақырып, тараулардың соңында сұрақтарға жауап беру; ұсынған параграф мәтінінде басты ойды көрсету; қарапайым және күрделі жоспарды құрастыру; мәтінді қайталап айту (мәтінге жақын, ашық түрде, қысқаша); конспект, тезистерді құрастыру, мәтінді рефераттау.
Оқулық мәтінімен жүргізілетін өзіндік жұмыстың ішінен маңыздысы – жоспар құру, себебі, ол оқушылардың пән бойынша жүйелі түрде білім алуына мүмкіндік береді. Бұл қорытынды біліктілік бірнеше жеке біліктілерге бөлінеді: параграф мәтінінде басты ойларды көрсету; мәтінді ой бөлшектерге бөлу және оларды атау; заттардың тиімді және тиімсіз қасиеттерін, химия құбылысының басымдылығы немесе екінші кезектігін анықтау, қорытынды жасау. Оқулық мәтінімен жүйелі түрде жұмыс жүргізген кезде оқулық арқылы басты ойды көрсету, жоспарды құру, жоспар бойынша баяндау мәселелері кешенді түрде қалыптасады, себебі олар бір – бірімен байланысты. Осы жалпы оқулық біліктілігін меңгеру аясында оқушылар терең, сапалы әрі жүйелі білімді алады, өткен материалды еске сақтауға жағдай тұғызады.
Мәтінмен тиімді жұмыс жүргізу үшін жаднамалар қолданады. Мысал ретінде нұсқау – жаднамалар құрастыру үлгісін ұсынамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |