Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Балалардағы ерекшелігі:
Балалардағы жақ асты сілекей безі құрамында борпылдақ қалыптаспаған 
дәнекер тінінің көп болуымен және қан тамырларымен ересектерден салыстырмалы түрде жақсы 
жабдықталуымен ерекшеленеді.Соңғы секреторлы бөлімін құрайтын жасушалары аз дифференцияланған, 
Препарат аты:
Жақ асты сілекей безі 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – серозды соңғы бөлім 
2 – аралас секреторлы бөлім 
3 – бөлікше аралық дәнекер тіні 
4 – бөлікше аралық қан тамырлары 
5 – бөлікше аралық өзек 
6 – бөлікше ішіндегі өзектер 


функционалды тұрғыдан толық жетілмеген сипатта.Бездің сыртын қаптаған капсулалары өте жұқа,бөлікше 
аралық дәнекер тіні жетілмеген.Қарқынды сілекей бөлу баланың 1,5 жасынан басталады. 
Қызметі:
асты химиялық өңдеу,тағамды ыдырату,секреторлық,экскреторлық 
Сипаттамасы:
Препаратта тіл асты сілекей безінен алынған кесінді берілген.Тіл асты 
сілекей безі – күрделі альвеоларлы аралас без,соңғы секреторлы бөліктері өндіретін өнім 
сипатына байланысты шырышты-белокты болып табылады.Құрылысы бойынша тіл асты 
сілекей безі сыртынан тығыз талшықты дәнекер тінінен түзілген капсуламен қапталған.Ал 
паренхимасы бір-бірінен борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жұқа перделерімен бөлінген 
көптеген бөлікшелерден тұрады.Бөлікше аралық дәнекер тінінің құрамында қан мен лимфа 
тамырлары,жүйке ұштары мен тіндік элементтері бар.Бездің құрылымынан шырышты, 
белокты және аралас соңғы секреторлы бөліктері ажыратылады.Бездің көп бөлігін аралас 
секерторлы бөлімдер құрайды,алайда өндіретін өнімінің шырышы басымырақ.Соңғы 
секреторлы бөлімдер жасушалардың екі тобынан түзілген : белокты және шырышты 
секреторлы жасушалар.Шырышты мукоциттер – соңғы секреторлы бөліктердің орталық 
аймағын алып жатады және пішіні жағынан белокты сероциттерге қарағанда ірілеу. 
Жасушаның ядросы үнемі базальды аймақта орналасады,пішіні бойынша қатты 
жайпақтанып тығыздалған. Белокты сероциттердің біраз бөлігі шырышты жасушалардың 
сыртын қоршап,жарты айшық түрінде сипатталады.Бірақ тіл асты сілекей безінің жарты 
айшықтары құлақ маңы мен жақ асты сілекей бездерінікінен құрамындағы түйіршіктері 
муцинге реакция беруімен ерекшеленеді. Шырышты мукоциттер мен оның сыртын жарты 
айшық түрінде қоршай орналасқан белокты сероциттердің арасында жасуша аралық 
секреторлы түтікшелер бар.Оның көмегімен бастапқы қою,тұтқыр болып келетін белокты 
өнім шырышпен араласып,сұйық массаға келеді.Серозды айшық жасушаларының 
сыртында миоэпителиоциттер екінші қабат түзе орналасқан. Олар шығу тегі бойынша 
эпителийлік жасушалар,қызметі бойынша жиырылғыш элементтер болып табылады. 
Миоэпителиоциттер пішіні бойынша көп өсінділі жұлдыз тәрізді.Қызметі бойынша 
өсінділері жиырылып, секреторлы бөліктерді қыса отырып секретті өзекке шығаруға ықпал 
етеді.Тіл асты сілекей безінің секреторлы өзектері: 
1.Қыстырма өзек – соңғы секреторлық бөлімдердің тікелей жалғасы ретінде сипатталады. 
Қабырғасының құрылысы бездің ішкі бөліктерінен бастап куб тәрізді эпителиймен 
тысталып, сыртынан миоэпителиоциттермен қоршалады. 
2.Сызықты өзек – қыстырма өзектің жалғасы болып келеді,диаметрі қыстырма өзекке 
қарағанда кең,қуысын анық байқауға болады.Қабырғасы құрылысы бойынша бір қабатты 
призмалық эпителийден түзіледі.Өзектің апикальды бөлігінде құрамында секреторлы 
гранулалары бар микробүрлері орналасады,ал базальды бөлігі көптеген митохондриялардан 
тұрғандықтан митохондриялардың кристалары арқылы өзек сызықты пішінге ие. 
3.Бөлікше аралық өзек – сыртынан екі қабатты эпителиймен тысталған,өзегі іріленген 
сайын эпителий қабаты қалыңдап,көпқабатты эпителийге айналады. 
4.Басты өзек немесе жалпы шығарушы өзек – тіл жүгеншігінің алдыңғы шетіне,тіл асты 
безінің өзегінің қасынан ашылады.Қабырғасы көп қабатты жазық эпителиймен қапталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет