Программалық талаптардың негізін білуі Программалық жабдықтауды жобалауды білуі



бет8/45
Дата27.01.2023
өлшемі3,19 Mb.
#166618
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
УМК ИСРП каз (2)

Бақылау сұрақтары:

1. Жобалау әдістері мен инструменталды құралдары


2. Жобалаудың технологиясы
Қолданылған әдебиеттер:
1.Буч Г., Рамбо Д., Якобсон И. Язык UML, Руководство пользователя. 2-е изд. Пер. с англ. Мухин Н. М.: ДМК Пресс, 2007.
2.Д.В. Кознов «Основы визуального моделирования». Учебное пособие. М., 2008г.
Тақырып №4
Ақпараттық жүйелердің компоненттерін жобалаудың модельдері мен әдістері. RAD әдіснамасы.

Түйіндеме:Ақпараттық жүйені жобалау тұжырымдамасы.Жүйелік тәсіл принцптерінің негіздері.АЖ жобалау мақсаты мен принцптері.Өнімнің сапа бағасы,өнімді өндірудің экономикалық мақсаттылығы.Өнімнің өзіндік құны мен бағасы

RAD әдіснамасы.


Өмірлік циклдің спиральді моделінің шеңберінде ақпараттық жүйелерді әзірлеудің мүмкін тәсілдерінің бірі болып соңғы уақыттарда кеңінен таралған RAD (Rapid Application Devolopment) – қосымшаларды жылдам жасаудың әдіснамасы болып табылады.
Бұл термин бойынша 3 элементті құрайтын ақпараттық жүйелерді әзірлеудің үрдісі түсіндіріледі:
- программистердің үлкен емес командасы (8-10 адам);
- қысқа, бірақ тиянақты атқарылатын ойында график (3 ай);
- қайталанатын цикл.
RAD әдіснамасы бойынша ақпараттық жүйелердің өмірлік циклі 4 кезеңнен тұрады:
1) талаптарды талдау және жоспарлау кезеңі;
2) жобалау кезеңі.
3) жобаны жүзеге асыру кезеңі;
4) жобаны енгізу кезеңі.
1-кезең талаптарды талдау және жоспарлау кезеңінде жүйені пайдаланушылар жүйені орындайтын функцияларды анықтайды, олардың ішінен алғашқы болып өңдеуді талап ететін неғұрлым приоритетті функциаларды ерекшелейді, ақпараттық қажеттіліктерді сипаттайды. Жоба масштабы шектеледі, келесі кезеңдердің әрбіреуі үшін уақыт шектеулі анықталады. Осы кезеңнің нәтижесінде болашақ ақпараттық жүйенің функцияларының тізімі мен приоритеттілігі, функцианалдық және ақпараттық модельдері нақтыланады.
Жобалау кезеңінде пайдаланушылардың бөлігі әзірлеуші-мамандардың жетекшілігімен жүйенің техникалық жобалауына қатысады. Қосымшалардың (бағдарламалардың) жұмыс істейтін прототиптерін жылдам алу үшін сәйкес инструменталды құралдар (CASE-құралдар) қолданылады. Пайдаланушылар әзірлеушілермен тікелей байланыс жасай отырып, алдыңғы кезеңде анықталмаған талаптарды (жүйеге қатысты) нақтылайды, толықтырады. Осы кезеңде мынандай әрекеттер орындалады:
1) жүйенің үрдістері нақты қарастырылады;
2) қажетті болса әр қарапайым үрдісс үшін жекелеме прототиптер жасалады: экрандық форма, диалог, анық емес немесе бір мәнді еместіліктерді жоятын есептер;
3) мәліметтерге қатынау шектеу талаптары қойылады;
4) қажет құжаттар құрамы анықталады.
Осыдан кейін әзірленетін жүйенің функционалды нүктелерінің (function point) саны бағаланады және ақпараттық жүйені ішкі жүйелерге бөлу шешімі қабылданады (RAD-жоба уақытында (3 айға дейін) әзірлеуші топтың жүзеге асыра алатын ішкі жүйелеріне) функционалды нүкте деп әзірленетін жүйенің мына әлементтерінің кез келгені түсіндіріледі:

  1. қосымшаның кіріс элементі (кіріс құжат немесе экрандық форма)

  2. қосымшаның шығыс элементі (шығыс құжат немесе экрандық форма)

  3. сұраныс (”сұрақ/жауап”жұбы)

  4. логикалық файл, яғни қосымшаның ішінде қолданылатын мәліметтер жазуларының жиынтығы.

  5. қосымшаның интерфейсі, яғни басқа қосымшаға берілетін немесе одан алынатын мәліметтер жазбаларының жиынтығы.

Көп деңгейлі иерархияны жасай отырып, жүйені қарапайымдылыққа жеткізу үрдісі, яғни жүйені ішкі жүйелерге бөлу декомпозиция деп аталады.
Жоба әзірлеушілердің әртүрлі командаларының арасында бөлінеді. CASE-құралдарын қолдану жағдайында жүйенің функционалды модельдерін бөлу қарастырылады.
Жобалау кезеңінің нәтижесінде болу керек:

  1. жүйенің жалпы ақпараттық моделі;

  2. әзірлеушілердің жекелеме командасымен жүзеге асырылатын жүйенің тұтас және ішкі жүйелерінің функционалды модельдері;

  3. автономды әзірленген ішкі жүйелер арасында нақты анықталған интерфейстер;

  4. экрандық формалардың, есептердің, сұхбаттардың прототиптері;

Жүзеге асыру кезеңінде қосымшаны жылдам жасаудың өзі тікелей орындалады.

  1. әзірлеушілер алдыңғы кезеңнің негізінде алынған модельдерден шынайы жүйенің итеративті тұрғызылуын жасайды, сондай-ақ сенімділікке, өнімділікке қойылатын талаптар сияқты функционалды емес сипаттағы талаптарды шығарады.

  2. пайдаланушылар алынған нәтижелерді бағалайды және егер әзірлеу барысында жүйе алдын ала анықталған талаптарды қанағаттандырмайтындай болса, онда түзетулер енгізеді. Жүйені тестілеу әзірлеу үрдісінде жүзеге асады.

Әрбір команданың жұмысы аяқталған соң бөліктерді интеграциялау жүреді, толық бағдарламалық код қалыптасады, жүйе тұтастай тестіленеді. Жүйені жүзеге асыру келесі жұмыстармен аяқталады:

  1. мәліметтерді қолданудың талдауы жүзеге асады және олардың таратылу қажеттілігі анықталады;

  2. мәліметтер қорын физикалық жобалау жүргізіледі;

  3. аппараттық ресурстардың талаптары анықталады;

  4. өнімділікті арттыру тәсілдері қойылады;

  5. жоба құжаттарын әзірлеу аяқталады.

Ендіру кезеңінде пайдаланушыларды оқыту, ұйымдастырушылық өзгерістер және жаңа жүйені енгізумен қатар қолданыста болған басқа жүйенің қолданысын жалғастыру жүргізіледі.
RAD тәсілінің негізгі принциптері:
- қосымшаларды итереациялық әзірлеу;
- ақпараттық жүйелердің өмірлік циклінің әрбір кезеңінде жұмыс толық аяқталуының міндетті еместігі;
- ақпараттық жүйелерді әзірлеу үрдісінде пайдаланушыларды қатыстыру міндеті;
- жоба толықтығын және қосымшалар кодын генерациялауды қамтамасыз ететін CASE-құралдарды мақсатты түрде қолдану;
- әзірлеумен бірге жүзеге асырылатын жобаның тестіленуі және дамуы.
CASE-құралдар.
CASE-құралдарына ақпараттық жүйелердің өмірлік циклінің үрдістерінің жиынтығын автоматтандыратын бағдарламалық құрал жатады және мынандай негізгі мінездемелік ерекшеліктерімен сипатталады:

  1. Әзірлеушімен ыңғайлы интерфейсті қамтамасыз ететін және оның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатын АЖ-ді сипаттау және құжаттау үшін қуатты график құралдар;

  2. Ақпараттық жүйелерді әзірлеудің үрдісін қамтамасыз ететін CASE-құралдарының жекелеме компоненттерінің интеграциясы.

  3. Жобалық метамәліметтердің (репозитория) ұйымдастырған қоймасын арнайы қолдану;

Интеграцияланған CASE-құрал мынандай компоненттерден тұрады:
1. CASE-құралдың негізі болатын репозиторияны. Ол жоба версияларын сақтауды және оның жекелеме компоненттерін, топтық әзірлеуде әртүрлі әзірленушіден түскен ақпаратты синхронизациялануды және қарама-қайшы еместігіне бақылауды қамтамасыз етуі керек;
2. Ақпараттық жүйелердің моделін құрайтын иерархиялық байланысқан диаграммаларды (мысалы: DFD,ЕRD.) жасауды және редакторлауды қамтамасыз ететін талдау мен жобалаудың графиктік құралдары;
3. 4GL тілдерін және кодтар генераторларын қамтитын қосымшаларды әзірлеудің құралдары;
4. Конфигурациялық басқару құралдары;
5. Құжаттау құралдары;
6. Тестілеу құралдары;
7. Жобаны басқару құралдары;

  1. Реинжиниринг құралдары;

Қазіргі барлық CASE құралдары типі және категориясы бойынша жіктелуі.
Типі бойынша жіктелу CASE-құралдардың өмірлік циклдің әрбір үрдістерінің функционалдық бағытын көрсетеді.
Категориясы бойынша жіктелу орындалатын функциялар интеграциялану дәрежесін анықтайды және үлкен емес автономды есептерді шешетін жекелеме локальді құралдарды, ақпараттық жүйелердің өмірлік циклінің кезеңдерінің мейлінше көбін қамтитын жартылай интеграцияланған құралдардың жиынын қамтиды.
CASE-құралдарын мынандай белгілері бойынша да жіктеуге болады:
1) қолданылатын әдіснамасы және модельдері және мәліметтер қоры бойынша;
2) мәліметтер қорын басқару жүйесімен интеграциясы дәрежесімен;
3) қолданылатын платформасы бойынша.
Қазіргі методологиялар және оларды іске асыратын технологиялар CASE құралдарымен бірге электрондық түрде көрсетіледі және методология бағытталған бағдарламалық қамтамасыздандырылудың жүйелерін құруға арналған үрдістер кітапханасынан, шаблонардан, әдістерден, модельдерден және басқа да компоненттерден тұрады. Электрондық методологиялар нақты пайдаланушылар үшін бейімделуді және нақты объекттерді орындау нәтижелері бойынша методологияның дамуын қамтамасыз ететін құралдарды қамтиды.
Бейімделу үрдісі ӨЦ-дің қажет емес үрдістерін, әрекеттері мен методологияның басқа да компоненттерін жою, сәйкес келмейтін үрдістер мен әрекеттерді, сонымен қатар, әтістерді, модельдерді, стандарттарды өзгерту болып табылады. Методологияны реттеу келесі аспектілер бойынша іске асырылады: ӨЦ – дің кезеңдері мен операциялары, жоба әзірлеушілері, ӨЦ – дің қолданылатын моделдері, концепциялар және т.б.
Электрондық методологиялар мен технологиялар (және CASE құралдары) АЖ – ні құру ортасының ұйымдастырылған аспаптық құралдар комплексінің ядросын жасайды.
DATARUN методологиясы.
Дүние жүзінде электрондық методологиялардың ішіндегі кең таралған түрлерінің бірі DATARUN методологиясы болып табылады. DATARUN методологиясына сәйкес БҚ ӨЦ ISO 12207 стандартымен анықталатын негізгі үрдістерді орындау нәтижелерімен байланысатын кезеңдерге бөлінеді. Әрбір кезең келесі кезеңнің жұмыс жоспарымен аяқталуы керек.
Талаптарды құру мен жоспарлау кезеңі жобаның құны мен бастапқы бағалар көлемін анықтайтын әрекеттерді қамтиды. АЖ – ні құруға арналған талаптар мен экономикалық негіздеуді құру қажет (сформулировать). Сонымен қатар, жобаның іске асырылуының техникалық бағалануына негіз болатын мәліметтердің бастапқы концептуалды моделі мен функционалдық модельдерді (мекеменің бизнес - үрдістер модельдерін) құру керек. Осы кезеңнің негізгі нәтижелері ретінде мекеме қызметінің(үрдістер мен мекеме мәліметтерінің бастапқы модельдері), жүйеге қойылатын талаптардың модельдері мен бастапқы бизнес – жоспар болуы керек.
Жобалаудың концептуалды кезеңі бастапқы мәліметтердің детальді талдануы мен мәліметтердің концептуалды моделін анықтаудан басталады. Содан кейін жүйенің архитектурасы жобаланады. Жүйе архитектурасы концептуалды моделдің көз жетерлік ішкі модельдерге бөлінуін қамтиды. АЖ – ді пайдаланудың мүмкіндігі бағаланады және оларды түрлендрудің сәйкес әдісі таңдалады. Жоба құрылғаннан кейін бастапқы бизнес – жоспар анықталады. Осы кезеңнің қорытынды компоненттері болып мәліметтердің концептуалды моделі, жүйе архитектурасының моделі және анықталған бизнес – жоспар табылады.
Қосымшаларды спецификациялау кезеңінде жобаны құру мен детализациялау үрдісі жалғасады. Мәліметтердің концептуалды моделі мәліметтердің реляциялық моделіне түрленеді. Қосымшаның құрылымы мен экрандар, есептер(отчет) мен пакеттік үрдістер түрінде көрсетілетін қажетті интерфейстері анықталады. Мәліметтердің моделі әр кесте үшін бизнес – ережелермен және әдістермен анықталады. Осы кезең аяқталған кезде қосымшаларды жүзеге асыру әдісі туралы тиянақты шешім қабылданады. Кезеңнің нәтижелері бойынша АЖ архитектурасының, мәліметтердің, функциялардың, интерфейстердің(сыртқы жүйелер мен пайдаланушылармен бірге), өңделетін қосымшаларға арналған талаптардың, қосымшаларды интеграциялау талаптарының моделдерін қамтитын АЖ жобасы құрылуы керек. АЖ – ні құрудың ақырғы жоспары жасалуы қажет.
Әзірлеу, интеграциялау және тестілеу кезеңінде мәліметтердің жеке және комплекстік тесттері, тестілік қоры жасалуы керек. Жобаға сәйкес МҚ мен қосымшалардың әзірленуі, тестіленуі мен прототиптелінуі өткізіледі. БҚ – дың ағымдағы нұсқасының конфигурациясы сипатталады. Тестілеу нәтижесі негізінде МҚ мен қосымшалардың оңтайландырылуы өткізіледі. Қосымшалар жүйеге интеграцияланғаннан кейін қосымшалардың тестіленуі өткізіледі. Кезеңнің негізгі нәтижелері ретінде жүйедегі комплекстік тестілеуден өткен дайын қосымшалар, БҚ конфигурациясының ағымдағы сипатталуы, сынау нәтижелері бойынша түзетілген жүйенің нұсқасы мен жүйені эсплуатациондық құжаттау болып табылады.
Енгізу кезеңіне МҚ мен қосымшаларды енгізу мен орнату әрекеттері кіреді. Кезеңнің нәтижелері ретінде эксплуатацияға дайын және тапсырыс берушінің бағдарламалық – аппараттық платформасына ауыстырылған жүйенің нұсқасы, сүйемелдеу құжатталуы (документациясы) мен эксплуатация нәтижелері бойынша қабылдау сынақтарының акті болуы қажет.
Сүйемелдеу мен даму кезеңдерінде қателерді тіркеуге, табу мен жоюға, өзгертулерді енгізу мен тестілеуге, БҚ – дың жаңа нұсқаларын тираждау мен таратуға, қосымшаларды жаңа платформаға ауыстыру және жүйені масштабтауға байланысты үрдістер мен операцияларды ұйымдастырады. Даму кезеңі әзірлеу кезеңінің қайталау итерациясы болып табылады.
DATARUN методологиясы 2 модельге негізделген:
- мекеме моделі;
- ақпараттық жүйе моделі.
DATARUN методологиясы мекеме қызметін сипаттауды жүйелі түрде көрсетуге негізделген. Модельдерді жасау үрдістерді сипаттаудан басталады. Үрдістерден бастапқы мәліметтер алынады. Бастапқы мәліметтер мекеменің өнімдерін немесе қызметтерін, орындалатын операциялар(транзакциялар) мен пайдаланатын ресурстарын сипаттайды. Бастапқы мәліметтерге сыртқы және ішкі мәндер, яғни, клиенттер немесе агенттіктер жатады. Сонымен қатар, бастапқы мәліметтер ретінде шешімдерді қабылдау нәтижесінде алынған мәліметтер алынады. Мысалы, жұмыс графигі, тауарлар бағасы.
DATARUN методологиясының негізгі принципі - бастапқы мәліметтердің ақпараттық жүйе архитектурасын жобалау үшін негіз болуы. Ақпараттық жүйелер архитектурасы тұрақты болады, егер ол бизнестің көрінісін анықтайтын негізгі операциялармен тығыз байланысқан бастапқы мәліметтерге негізделген болса.
Кез келген ақпараттық жүйе процессорлармен орындалатын және мәліметтер қорымен өзара әрекеттесетін модульдер жиынын көрсетеді. Мәліметтер қоры мен процессорлар орталықтандырылған немесе үлестірілген болуы мүмкін. Барлық транзакциялар бір немесе бірнеше мәліметтер қорымен өзара әрекеттесетін интерфейстер модулі немесе объектілер арқылы жүзеге асады.
DATARUN методологиясының 2 мақсаты болады:
- ақпараттық жүйе құрылатын тұрақты құрылымды анықтау. Мұндай құрылым ретінде мекеменің фундаментальді үрдістерін көрсететін бастапқы мәліметтерден алынатын мәліметтер моделі болып табылады;
- мәліметтер моделі негізінде ақпараттық жүйені жобалау.
Мәліметтер моделінің негізінде құрастырылған объектілер клиент-сервер ортасының серверлерінде орналасатын мәліметтер қорының объектілері болып табылады. Компьютерлік жүйе архитектурасында анықталған интерфейс объектілері, әдетте, клиенттік бөлігінде орналасады. Мәліметтер қорының пайдаланатын объектілері мен интерфейстің әртүрлі объектілерін спецификациялау үшін негіз болып табылатын мәліметтер моделі ақпараттық жүйенің сүйемелденуін қамтамасыз етеді.
Silverrun DATARUN методологиясына сәйкес жобалық жұмыстардың өткізілуінің автоматтандырылуын қамтамасыз етеді. Осы құралдармен көрсетілетін жобалау ортасы жоба басқарушысына жұмыс әрекетін бақылау, жұмыстың орындалуын қадағалау, жұмыс тәртібінен ауытқуларды дер кезінде байқау мүмкіндігін береді. Жобаның кез келген қатысушысы осы ортаға қосылғаннан кейін өзіне берілген тапсырма мен орындау мерзімін біле алады, тапсырманы орындау техникасын детальді зерттей алады.
Ақпараттық жүйелер бизнес-үрдісстер моделдерінен басталып және осы үрдісстерді автоматтандыратын программалау моделімен аяқталатын моделдер қатарынан тізбектеліп құрылады.
BPM (Business Process Model) – бизнес-үрдісстер моделі
PDS (Primary Data Structure) – алғашқы мәліметтердің құрылымы
CDM (Conceptual Data Model) – мәліметтердің концептуалды моделі
SPM (System Process Model) – жүйе прцесстерінің моделі
ISA (Information System Architecture) – АЖ- нің архитектурасы
ADM (Application Data Model) –
IPM (Interface Presentation Model) – интерфейсті көрсету моделі
ISM (Interface Specification Model) – интерфейсті спецификациялау моделі.
Құрылып жатқан ақпараттық жүйе мекеме орындайтын функцияларға негізделуі керек. Сондықтан алғашқы құрылатын модель – бұл Silverrun BPM модулінде құрылымы іске асатын бизнес- үрдісстердің моделі. Бұл модель үшін арнайы BPM нотациясы қолданылады. Бизнес- фунуцияларды талдау мен спецификациялау үрдісінде мәліметтер құрылымы ретінде құжатталатын негізгі ақпараттық объектілер анықталады. Құрылымды құру үшін мекемеде пайдаланылатын құжаттар, инструкциялар, өндірістік операцияларды сипаттау пайдаланылады. Қажет емес ақпараттарды нормализациялау мен жою Silverrun ERX модулінде мәліметтердің концептуалды моделін құруда жүзеге асырылады. Бизнес-үрдістердің моделін құрғаннан кейін ақпарат жобаның репозиториінде сақталады.
Мекеме жұмысын зерттеу барысында алғашқы мәліметтер құрылымы анықталады және құжатталады. Осы құрылымдар мекемедегі құжаттарды, хаттарды, мәліметтерді сипаттау арқылы BPM модулінің репозиторийіне енгізіледі. Бизнес-үрдістер моделінде мәліметтердің алғашқы құрылымдары ақпараттың ағыны мен сақталуымен байланысты болады.
Мәліметтердің алғашқы құрылымдарының негізінде Silverrun ERX модулінде мәліметтердің концептуалды моделі(ER - моделі) құрылады. Концептуалды модель мәліметтердің алғашқы құрылымдарынан қажет емес ақпаратты жоюмен, нормализациямен және түсініктер атауларының стандартизациясымен ерекшеленеді. Бұл операциялар ERX модулінде кірістірілген экспертті жүйе арқылы жүзеге асады. Мәліметтердің концептуалды моделінің мақсаты – пайдаланылатын ақпаратты мәліметтер қорында ешбір детальсіз сипаттау (нормализацияланған түрде).
Бизнес-үрдістер моделі мен мәліметтердің концептуалды моделінің негізінде ақпараттық жүйенің архитектурасы жобаланады. Жүйеге кіретін қосымшалар анықталады. АЖ архитектурасы арнайы ISA нотациясын қолдану арқылы Silverrun BPM модулінде құрылады. Осы моделдің негізгі мазмұны – жүйенің құрылымдық компоненттері мен олардың өзара новигациясы. Мәліметтердің концептуалды моделі қосымшаларға сәйкес болатын бөліктерге бөлінеді.
Қосымшаны құру алдында мәліметтер қорының корпоративті құрылымы жобалануы керек. DATARUN реляциялық моделге негізделген мәліметтер қорын пайдалануды ұсынады. Мәліметтердің концептуалды моделі нормализациядан кейін арнайы ERX-RDM арқылы Silverrun RDM реляциялық моделдеу модуліне ауыстырылады. Модельдің ERX форматынан RDM форматына түрленуі пайдаланушының әрекетінсіз автоматты түрде іске асады. Форматтардың түрленуінен кейін мәліметтер қорының реляциялық моделі пайда болады. Бұл модель Silverrun RDM модулінде физикалық іске асырылуының анықталуымен (МҚБЖ мәліметтерінің типтерінің, кілттердің, индекстердің, триггерлердің) нақтыланады. Мәліметтерді өңдеу ережелерін МҚБЖ программалау тілдерінде ғана емес, сонымен қатар, декларативті түрде де көрсетуге болады.
Жүйелік үрдістерінің моделдері арқылы әр қосымшаның әрекеті неғұрлым дәлірек құжатталады. BPM модулінде бизнес – үрдістердің қалай жүзеге асатынын анықтайтын жүйелік үрдістер моделі құрылады. Бұл модель әр қосымша үшін жеке құрылады және қосымшаның мәліметтер моделімен тығыз байланысты болады.
Қосымша интерфейстік объектілерден (экрандық формалардан, есептерден, ақпаратты өңдеу процедураларынан) тұрады. Жүйенің әр интерфейсі (экрандық форма, есеп, мәліметтерді өңдеу процедуралары) мәліметтер қорының ішкі жиынымен байланысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет