Проза ПоэзияКөркем тілдің өзіндік ерекшелігі
Жанрр (1)
Поэзиялық шығарманы талдау үлгісі -Өлеңге түсініктеме беру; - Өлеңнің жазылу орнын, уақытын, тарихын айқындау; Ақын шығармашылығындағы немесе осы тақырыптағы поэзиялық туындылардың ортақ мотивін ашу; - Өлең тіліндегі күрделі метафораларды, басқа да көркемдік ерекшеліктерді сипаттау. - Лирикалық қаһарман эмоциясының оқырманға әсер етуін байқау; - Өлеңнің идеясы мен көркемдік құралдардың өзара байланысын талдау; Поэзиялық шығарманы талдауға кірісерде лириканың мәні (идеясы) ашылады; Шығармадағы көңіл-күй мен эмоцияның кімге тән екенін айқындалады; Суреттеу нысаны айқындалып, оның лирикалық шығарманың идеясына байланысы (тура-жанама) анықталады; Лирикалық шығарманың композициясы ашылады; Автор қолданған бейнелеу құралдарының ерекшелігі, лирикалық суреттеу (қарапайым, әдеби лексика) мәселелері талданады; Поэтикалық лексиканы талдау: эпитет, теңеу, аллегория, ирония, гипербола, литота, кейіптеу, метафоралар табылып, талданады; Поэтикалық синтаксис (синтаксистік тәсілдер немесе поэтикалық тілдік айшықтау) – риторикалық сұрау, риторикалық қаратпа, риторикалық лептеу; қайталау, шендестіру (антитеза) айқындалады; Поэтикалық фонетика – аллитерация, ассонанс, анафора, эпифора талданады. жүктеу/скачать 29,78 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |