Психикалық дамуының тежелуі бар балаларды зерттеу


Ойлау қабілеттің диагностикасы



бет7/7
Дата17.07.2020
өлшемі219 Kb.
#75306
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Психикалық дамуының тежелуі бар балаларды зерттеу 1

1.6. Ойлау қабілеттің диагностикасы

 Оқушының аты-жөні:

Жасы:

Тексерілген күні:



  Әдіс 1. Сөйлеу мен ойлау және елестету

Кітап

 

Шам

 

Қалам

 

Үстел

 

Терезе

 

Қала

 

Орындық

 

Аға

 

Жалау

 

Бала

 

 

Жіберілген қатесі:

Нәтижесі:

Әдіс 2. Ойлау қорытындысы 




Үлгі

Тапсырма

Баға

1

Қияр: көкөніс

Қалампыр: тамыр, тамшы, бала-бақша, гүл, өнер

 

2

Бақша: сәбіз

Бақ: қоршау, саңырауқұлақ, алма, ағашы, құдық, орындық

 

3

Мұғалім: оқушы

Дәрігер: көзілдірік, аурухана, ауру палата, дәрі

 

4

Гүл: құмыра

Құс: тұмсық, ұя, ұлпа, құйрық

 

5

Қолғап: қол

Етік: шұлық, табан, былғары, аяқ, щетка

 

6

Қара: ақ

Ылғал: күншуақ, тайғақ, құрғақ, жылы, суық

 

7

Сағат: уақыт

Градусник: шыны, ауру, кереует, температура, дәрігер

 

8

Машина: мотор

Қайық: өзен, белгі, желкен, толқын, жағалау

 

9

Үстел: жапқыш

Еден: жиһаз, кілем, шаң, тақтай, шеге

 

10

Орындық: ағаш

Ине: өткір, жіңішке, жылтырақ, қысқа, болат

 

 Жалпы бағасы:

 1.7. Тренинг жаттығулары

 

      1. Сәлемдесу.



Мақсаты: Ортада жағымды көңіл – күй қалыптастыру, бауырмалдыққа баулу.

Мазмұны: Оқушылар шеңберге тұрып, шеңбердегі адамдармен құшақ жая амандасады. Өзіңнің жылы лебіздерін білдіреді. Қайта шеңберге отырады.

      2. Есіңде сақта.



Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін арттыру, байқағыштыққа баулу.

Мазмұны: Шеңбердегілер екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы отырып, содан кейін алдындағы адамға зейінін қоя қарайды. 2 секунд уақыт беріледі. Сосын қараған адам көзін жұмады, ал қарсы отырған адам бір затын өзгертеді. Ал көзін жұмған адам, алдындағы адамныңөзгерісін айтып беру керек.    

     3. Кім көбірек таңқалдырар екен.

Мектеп жасындағы балалар үшін. Бұл ойынға төреші сайлап алуымыз керек, ол ойынның қорытындысын және жеңімпазын анықтайды. Қалғандары 1 минуттың ішінде терезеге қарап отырып, қолдарына тез қаламдарын алып, парақ қағазға көргендерін тізіп жазады. Бұл жұмысқа 2-3 минут қана беріледі. Содан соң төреші барлығынан парақтарын жинап алады да кім көп жазғанын бақылап қортынды шығарады. Саналған минуттар ішінде кім көп жазса, сол жеңімпаз атанады.

 4. Суретшілер.

Кіші және орта буындағы мектеп жасындағы балалармен жүргізуге болады. Жүргізуші таңдалады. Ол тақтаға немесе мүлде ештеңеге ұқсамайтын етіп салады. Тапсырма – ойыншылар осы фигураны әрі қарай жетіспейтін детальдарын жалғастырып, белгілі бір затқа ұқсатып аяқтауы керек. Бір суретшіге бір фигурадан тиеді. Бұл ойында жеңімпаз да жеңілген де болмайды, бірақ әр бала өз фантазиясын, ойын жеткізуге тырысады.

 

1. 8. Неге ұқсайды



Мақсаты:«Баланың ойлау, есте сақтау және қиялын дамыту, аталмыш психологиялық процесстер деңгейін анақтау».

Ойын барысы:Тақтаға немесе балалар назарына әр түрлі пішіндер салынған 5 сурет ілінеді. Әрбір суретті мұқият қарап шығып 20 минут ішінде осы сурет неге ұқсайтынын әр сурет астына тізіп жазу керек.

Мысалы: тамшы, жапырақ, от, гүл күлтесі, мысық құлағы.

Нәтижесі:Барлық ұқсас аттар саналып, ол суреттер санына бөлінеді.



1. 9. Дидактикалық ойындар

 Көгалда әдемі гүлдер гүл ашты



Мақсаты: Түстер мен реңдерді қабылдауын дамыту, түс бойынша таңдап алу іскерлігін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар:  Жылы суық түсті геометриялық пішіндер.

Ойын мазмұны: Балалар педагог нұсқауы бойынша жылы түстер мен суық түстерден гүлдер бейнесін береді.

 Жылы – суық



Мақсаты: Балалардың жылы және суық түстер жайлы түсініктерін бекіту.

Көрнекі құралдар: Екі үлкен (20/20) қағаз беті, біреуінің ортасында қызыл түсті (жылы), екіншісінің ортасында көк түсті (суық) (динаметрі 2-3 см) дөңгелектер бейнеленген. Балаларға сол түстес заттарды салып, қию (2 дана) ұсынылады: біреулерін үлкен қағазға шеңберден бірдей қашақтыққа жапсыру, екіншісінің бөлек карточкаға (үлестірмелі қағаз) жапсыру.

Ойын мазмұны:      Балалар шағын топқа бірігеді. Әр топқа үлкен қағаз беті беріледі. Жүргізуші бір-бірлеп карточка көрсетеді, ал балалар өздерінің қағаздарындағы суреттер мен дөңгелектердің түстерін сәйкестерін алады. Тапсырманы жылдам орындаған топ жеңеді.

                               Өрнектерді құрастыр



Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер мен түстер жайлы білімдерін бекіту, түсті таңдай білуге үйрету (жақын, сәйкес).

Көрнекі құралдар: Түрлі түсті геометриялық пішіндер.

Ойын мазмұны:      Қағаз бетінеде геометриялық пішіндерден өрнек құрастыру.

 Баланың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерін дамытуға арналған жаттығулар





2 – кестедегі суретті балаларға 15 – 20 секунд көрсетіп, көздері үйренгеннен соң, алып тастап, 1 – кестетегі суретті көрсетемін. Балалар 1 – кестеден алғашқы кестедегі көргендерін тауып атап береді. Бұл арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері мен сөйлеу дағдыларын арттыра түсуге болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет