Қр президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы негізінде жас ұрпақты патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселелері



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі7,69 Mb.
#90375
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шарипова М.А. баяндама қорғау
Шарипова М.А. баяндама қорғау

Халықтың рухани азығы – мәдени туындыларды, қоғамдағы тұлғаларды туындатушы – ұстаз. Мұндай династиялық құрметке бұрын-соңды, тіпті кеңестік дәуірде де ешбір ұрпақ бөленбегенін ескерсек, бұл әйгілі ұстаздың рухының асқақтығы, беделінің бүгінде де жоғарылығы деп түсінген жөн. Ұлы ұстаздың халқы үшін сіңірген еңбегін «Нұрғалиевтер педагогикалық әулеті» деп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы да ерекше бағалады [1].


Мәлік Ғабдуллин

Санжар Жапарұлы Асфендияров

Манаш Қабашұлы Қозыбаев

Ерді ер, батырды батыр, дананы дана танитыны ақиқат. Жасынан білімге құштар Құмаш Нұрғалиұлы 1955 жылдың шілдесінде Абай атындағы педагогикалық институтының тарих факультетінің сырттай бөлімін Қызыл дипломға тәмәмдайды. Сонда институт ректоры, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин қос балдаққа сүйенген батыр Құмаш ағаның жанынан барып, жалғыз қолын алып құттықтап, құлашын кең жая қатты қысып құшақтаған екен.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде С.Ж. Асфендияров қазақ зиялылары үш топтан тұрады деп санаған: «Біріншісі – ол қызметкер зиялы қауым, екіншісі – әр түрлі мамандар (дәрігерлер, инженерлер т.б.), үшіншісі – бұл демократиялық қауым, басым көпшілігі мұғалімдер, жазушылар және басқалар» [2, 6 б.]. Жаңа тәуелсіздік заманасында біз қазақ зиялыларының бейнелерін жасап, тарихтағы өз орнын анықтап, тұғырына қондырамыз десек осынау Қ. Нұрғалиев сынды тұлғалардың тарихтағы орындарын анықтауымыз қажет. Оның тарихи тұлға екеніне күмәніміз жоқ

Отандық тарихтағы көрнекті тарихшы М. Қозыбаев былай дейді: «Тұлға – ол қандай қасиеттерімен елден ерек, жұрттан бөлек болуы керек? Тұлға – интеллект, ақыл, парасат иесі. Ол өткірлігімен, тапқырлығымен, көрегендігімен, қажымас күш-қуатымен, ақыл-парасатымен, басқаша айтқанда көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырумен, ұлтжандылығымен ерекшеленген жан» [2, 4 б.].

Қ. Нұрғалиев ғұмырнамасы – кейінгі ұрпаққа және біздерге тағылымды үлгі боларлық, ғибрат берерлік ұстаздық жол. Өзінің кәсібін шыңдау қоғамға, ортасына сыйлы да қадірлі болу мақсатында рухани біліктілігін ұдайы ұштап, зерделі ізденудің үлгісін көрсетті. Қ. Нұрғалиев күрделі де кемелді тұлғалардың бірі, сондықтан оның кәсіби мұрасын тек педагогика саласынан ғана қарау жеткіліксіз. Оның жаңа қырын Отандық тарих аясында қарастырған орынды болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет