ҚР санитарлық - эпидемиолиялық қызметінің құрылымы мен функциялары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметi - органдар мен мекемелердiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi, олардың басты мiндетi қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халықтың денсаулық жағдайына зиянды әсерiн болдырмау, анықтап,жойып отыру.
ЖОСПАР
ҚР Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің құрылымы
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органдар
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметiнiң функциялары
ҚР Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметi - органдар мен мекемелердiң бiрыңғай орталықтандырылған жүйесi, олардың басты мiндетiқоршаған ортаның қолайсыз факторларының халықтыңденсаулық жағдайына зиянды әсерiн болдырмау, анықтап,жойып отыру.
Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қадағалау және халықтың санитарлық -эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
1. Азық - түлiк шикiзаты - тамақ өнiмдерiн дайындау үшiн өсiмдiктен , жануардан алынатын , микробиологиялық , минералды және жасанды түрдегi шикiзат және пайдаланылатын су;
2. Халықтың декреттелген тобы - қызмет көрсету саласында жұмыс iстейтiн, басқа адамдарды жұқпалы және паразиттiк аурулармен жұқтыру үшiн мейлiнше қауiп төндiретiн адамдар;
3. Адамның тiршiлiк етуiне қолайлы жағдайлар - тiршiлiк ету ортасының , оның факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегi жағдайы;
4. Зиянды өндiрiстiк фактор - оның ықпалы белгiлi жағдайда жұмыс iстеушiнiң кәсiби , уақытша немесе тұрақты еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiн тудыруы , соматикалық және жұқпалы аурулардың жиiлігін арттыруы , денсаулығының бұзылуына әкелуi мүмкiн орта мен еңбек процесiнiң факторы;
5. Адамға зиянды ықпал - тiршiлiк ету ортасының адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн әсерi;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитариялық - эпидемиологиялық қызметiнiң функциялары