Реферат Тақырыбы: Ауылдық кәсіпкерлікті қолданудың заманауи инистутарының дамуы: бизнес инкубаторлар Жоспар



бет2/4
Дата24.12.2021
өлшемі222,76 Kb.
#104794
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат
Тығыз талшықты дәнекер тіні, Дәнекер тіні, Дәнекер тіні, 1398144498486, 5 жарат тест, Документ, 5В071100 «Геодезия ж не картография», 2 5364021137426614529, «Математика сабағында PISA тапсырмаларын орындау»
1.Инкубаторлардың негізгі міндеті — компанияны дамыту. Кейбіреулер бизнес-инкубаторлардың алдына əр түрлі мақсаттар қояды — аймақ экономикасын жандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру, жаңа технологияларды енгізу, жоғары оқу орындарын коммерциялизациялау жəне т.б. Шындығында, бизнес-инкубаторлардың негізгі идеясы — бұл жаңа кəсіпорындарын өзін-өзі қаржыландыру негізінде олардың əрі қарай сəтті даму негізін салуы мақсатына, құруларына жəрдем көрсету. Қажетті тəжірибе жəне əлеует жинаған кəсіпорын əрі қарай дербес дами алады, яғни аймақ экономикасының дамуына, технологияның енгізілуіне жəне жаңа жұмыс орындарының ашылуына жəрдемдеседі.

Жоғарыда аталып өткендей, бизнес-инкубаторлар — бизнестің бір түрі, сондықтан стратегиялық жоспарларды дамыту, қызметкерлерді таңдау мен басқару жəне клиент-кəсіпорындарының қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатында олармен жүргізілетін маркетинг жұмыстарын дайындауды ұйғаратын тиісті басқару жүйесін құру қажет. Бизнестің бұл түрінің негізгі өніміне тиімділігі жоғары, өзін-өзі қаржыландыратын кəсіпорындарды құру жатады.

Əр түрлі клиент–кəсіпорындармен жұмыс істеген кезде бизнес-инкубаторлар клиент- кəсіпорынның қажеттілігі мен даму деңгейіне қарай дифференциалды саясат жүргізуі қажет. Барлық кəсіпорындарға бір көзқараспен қарауға болмайды, сондықтан бизнес-инкубатор əр түрлі кəсіпорын түрлерін дамыту үшін өзінің құрамында əр түрлі бағдарламалар түрін қамтуы керек. Бизнес- инкубаторларды құру алдында, кез келген басқа бизнестегідей, үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуі керек. Бірінші кезекте мына сұрақтарға жауап беру ұсынылады:


  1. Инкубатор құру идеясы шындыққа қаншалықты жанасады?

  2. Бизнес-инкубатор қалай қаржыландырылады?

  3. Бизнес-инкубатордың президенті қандай қасиеттер мен қабілеттерге ие болуы тиіс?

  4. Бизнес-инкубатор тарапынан қамтамасыз етілетін шаралар мен қызметтерге деген қажеттілік бар ма?

  5. Бизнес-инкубатордың əлеуетті клиенті кім бола алады жəне оның талаптары қандай?

Бизнес-инкубатордың маркетингтік əлеуетін анықтау бизнес-инкубаторды құрудағы ең маңызды саты болып табылады. Сонымен қатар өткен жылы қанша бизнес-инкубатор құрылды, оларға қандай ұйымдар көмек жəне қолдау көрсетті, аймақ экономикасының дамуына жаңа кəсіпорынның əсері қандай? Мұндай түрдегі талдауды жүргізу кезінде мыналар сарапшы бола алады:

Кəсіпкерлер — жұмыс істеп тұрған компаниялардың негізін құрушылар, олар өздерінің бизнесі үшін технологияны дамытуға мүдделі, бұл бизнес-инкубатор қызметінің объектісі болуы мүмкін. 

    

 Пайда табу мақсатында колледждер, университеттер жəне басқа оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының талдамалары ұсынылуы мүмкін. Оқу орындарының қызметтерін коммерциялау да бизнес-инкубаторлар қызметтерінің бір бағытына жатады.

Ерікті жеке инвесторлар. Оларды қандай бизнес түрінің қызықтыратынын жəне бизнестің қандай түріне жартылай қаражат салғандарын анықтау маңызды. Ерікті инвесторларды тарту бизнес- инкубаторды қаржыландырудың маңызды бағыттарының біріне жатады.

Аймақтық шағын бизнесті дамыту орталығы. Шағын бизнесті дамыту орталықтары қызметтің қандай түрлері қамтамасыз етілуде жəне қандай қызмет түрлеріне қосымша қажеттілік бар екендігін анықтап алуға міндетті. Бизнес-инкубаторларының шағын бизнесті дамыту орталықтарымен мақсаттық құру мүмкіндігі қандай. Жаңа кəсіпорынды тіркеуге алатын мемлекеттік органдар.

 

Суретте көрсетілгендей, бизнес-инкубатордың қызметін пайдаланатын тұтынушылардың екі типі болады екен: макродеңгейде — бұл қоғам; микродеңгейде — жекелеген клиент-кəсіпорындар. Қоғам өзінің демеуші ұйымдарының торабы арқылы бизнес-инкубатордың жұмыс істеу үрдісін қажетті қаржы қорларымен қамтамасыз етеді жəне жаңа кəсіпорындардың құрылуына көмек көрсетеді. Қоғам тұтынушы ретінде сол арқылы экономикалық дамуға, шағын бизнестің дамуына, жаңа технологияны жасау мен енгізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, кəсіпкерлер тобын қалыптастыруға жəне кəсіпорынның жылдам дамуына қол жеткізуді қалайды. Клиент-кəсіпорындар бизнес-инкубаторларды өзінің бизнесін құру мен дамытудағы бастама ретінде пайдаланады. Əрбір клиент-кəсіпорындарының бизнес-инкубатордың барлық бағдарламаларын, соның ішінде қаржы, оқыту, білім беру жəне ақпараттық бағдарламаларын пайдалануларына жол ашық.

Бизнес-инкубаторды құрудан бұрын оның өміршеңдігін талдап алу керек, бұған келесі мəселелердің шешімі көмектесуі мүмкін:


  1. бизнес-инкубаторға сай нарықтық ортаның бар екендігін анықтау;

  2. белгілі бір   аймақта   бизнес-инкубатор  құру   мүмкіндігі   жəне   артықшылығы   жөнінде демеушілермен, қоғам өкілдерімен жəне кəсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  3. бизнес-инкубаторды құрып, жұмыс істеу үшін қажетті ресурстарды анықтау;

  4. басқа бизнес-инкубаторлардың оң жұмыс тəжірибесін зерттеу;

  5. бизнес-инкубатор құру жөнінде оң шешім қабылданған кезде оны дамыту бизнес-жоспарын дайындау [3].

Филадельфиядағы (АҚШ) «Университет иелігіндегі ғылыми орталық» бизнес-инкубаторы осындай бизнес-инкубаторлардың алғашқыларының бірінен саналды. Ол 400 мың м2 жерге орналасқан жəне 28 университет, колледждер мен дəрігерлік оқу мекемелерін қамтитын консорциум болып табылады. Орталықта 6000-ға жуық адам жұмыс істейді [2].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет