Реферат Тақырыбы: Инфекция және Вирустар Орындаған Тобы: Тексерген: 2019-2020


ИНФЕКЦИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА СИПАТТАМА



бет6/9
Дата30.05.2020
өлшемі32,16 Kb.
#71786
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Инфекция жане вирустар1

ИНФЕКЦИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА СИПАТТАМА

Инфекция  және  жұқпалы  аурулар  туралы  түсінік. 

Инфекциямикро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.

Инфекциялық процесс  патогенді микробтар (ауру тудыратын) әсерінен макроорганизмде туатын күллі  процестер мен физиологиялык  және патологиялық реакциялардың  жинағын сипаттайды. Ол тізбекті түрде  дамиды және организмде болатын биохимиялық, цитохимиялық, морфологиялық өзгерістер-дің күрделі жинақ-түйіндерінен құралады. Инфекциялық процестің өзіне тән сипаттамасы болады.



Инфекциялық немесе жұқпалы  ауру инфекциялык процестің клиникалық көрінісі ретінде қаралады және бірқатар клиникалық симптомдармен (белгілермен) сипатталады. Бұл аурудың өзіне тән клиникалық белгілері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет