Реферат тақырыбы: «Инклюзитивті білім берудің әдіснамалық негізі ретінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың білім беру процесін ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық модельі»



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі44,85 Kb.
#199568
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
•1 СӨЖ-ИББ Қамысбай Жаннұр 306-топ (копия) (копия) (копия) (копия)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология институты


Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: «Инклюзитивті білім берудің әдіснамалық негізі ретінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың білім беру процесін ұйымдастырудың әлеуметтік-педагогикалық модельі»

Орындаған: Қамысбай Ж, 306-топ
Қабылдаған: Жаканбаева Б.Б.

Алматы, 2023


Инклюзивті білім беру – ол әркімге физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоциялық, тілдік және басқа да ерекшеліктерге қарамастан оқыту мен тәрбиелеудің жалпы үдерісіне тартылуға мүмкіндік беретін білім беру, ол өсіп келе жатқан адамға қоңамның теңқұқылы мүшесі болуға мүмкіндік береді, бөлектену және оқшалану қаупін төмендетеді. Инклюзивті білім берудің негізіне балаларды кез-келген кемсітуге жол бермейтін, барлық адамдарға тең қатынас қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алатын қажеттіліктері бар балаларға ерекше жағдай жасайтын идеология салынған. Инклюзивті тәсіл ондай балаларды оқытуда және табысқа жетуде қолдай алады және жақсы өмір сүруге мүмкіндіктерін арттырады.
Қазақстан Респуликасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген орта білім берудің инфра-құрылымдық дамуын қамтамасыз ететін міндеттердің бірі ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды инклюзивті ортада қолдау деп көрсетілген. Бұл өз кезегінде, инклюзивті білім берудің дамуын теориялық және әдістемелік жағынан жетілдіруді қажет етеді. Білім берудің заманға сай концепциясының басымдықтары қатарына оқыту әрекетіне деген қызығушылықты қалыптастыру негізінде оқушының жеке басын тәрбиелеу және дамыту мақсаты жатқызылады. Әсіресе, ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың жеке әлеуеті мен мүмкіндіктерін барынша жүзеге асыру үшін жаңдай жасау аса маңызды.
ЕБҚ оқушыларды оқыту оқытушыдан асқан ыждаһаттылық пен шеберлікті, сондай-ақ ынталылық пен икемділікті талап етеді. Оқыту нәтижелі боуы үшін мұғалім қолданысында жекелеп-саралап оқытудың әмбебап тәсілдері болуы тиіс. Ең маңызды әрі басты шарт ретінде, осы әдісті қолданған жағдайда, мұғалім әрбір сынып педконсилиумымен толық, жете таныс болуын айта кетейік. Сонда ғана оқушыларды саралап оқытуда жұмысты ұйымдастыру, оны жүйемен жүргізу жақсы нәтиже берері даусыз. Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім бірінші кезекте, олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, білім игеру деңгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау мұғалімнің ЕБҚ оқушылар туралы толық мағлұматы болуын, егер мүмкіндігі шектеулі болған жаңдайда психологиялық-педагогикалық-медициналық кеңес беру орталығының шешімімен таныс болуын талап етеді. Бұдан басқа да нақты педагогикалық дайындықтар болуы шарт. Олар: білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмаларды дайындау іскерлігі, оқушы білімін диагностикалау, сараптау, сауалнама жүргізу қабілеті, ата-аналармен сұхбаттасу икемділігі. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақта сабақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, қабылдауы жылдам оқушылардан сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал танымдық белсенділігі төмен оқушыларға нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады. Оқуға қабілеттік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Сыныпта барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан, сабақ кезінде әрқайсының деңгейіне қарай жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеру көзделсе, өте пайдалы.
Мектептегі білім беру мазмұны ЕБҚ оқушыны тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оның, ең алдымен, өз ана тілінде ауызекі және жазба тілде сауатты сөйлеу, ересектермен, сыныптастарымен еркін қарым-қатынас жасай білу, айтылғанды ыждаһатпен тыңдап, түсіну, өз пікірін жеткізе білу, дұрыс оқу және сауатты жазу, т.б. дағдыларын, соның нәтижесінде өздігінен білім алу, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білу қабілеттерін, өмірдегі мәселелерді шешуге арналған білік-дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс.

Бұзылуы бар балаларды оқытуды және сабақты ұйымдастыру – өте қиын және аса маңызды міндет болып саналады. Ауытқуы бар балалардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін ескеріп бағдарламаны бейімдеу әрдайым дәл болмайды. Кейде бейімдеудің қолданылатын тәсілдері жағымды нәтижелері бұзады; кейде нәтижелер үміттерге сәйкес келмейді. Сондықтан, бейімдеудің көмегі арқылы алынған нәтижелер міндетті түрде мониторингілеуге ұшырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет