Реферат Тақырыбы: Жарық интерференциясы. Когерент толқындар туралы. Уақыттық және кеңістіктік когеренттілік. Юнгтің тәжірибесі


Уақыттық және кеңістіктік когеренттілік



бет5/7
Дата26.02.2022
өлшемі303,5 Kb.
#133416
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 т опт

3.Уақыттық және кеңістіктік когеренттілік.

Уақыттық когеренттілік - толқынның монохроматтық дәрежесімен анықталатын тербелістердің когеренттілігі. Осы тербелістер кеңістіктің белгілі бір нүктесінде орын алады. Уақыттық когеренттілік тек толқынның фазалық айырмасы берілген нүктеде π-ге тең болғанша жалғасады.


Когерентілік ұзындығы - когеренттілік уақыт аралығында толқынның жүріп өткен жолы.
Толқынның цугы таралу бағытына перпендикуляр жазықтықта екі нүктенің арасындағы фазалық айырымның кездейсоқ өзгерісі осы нүктелердің арақашықтығының өсуімен бірге өседі.
Кеңістіктік когеренттілік - тербелістердің бір уақыт мезетіндегі, бірақ осындай жазықтықтың әр түрлі нүктелеріндегі когеренттілік.Егер осы нүктелерде фазалардың айырмасы π -ге тең болса,кеңістіктік когеренттілік жоғалады.
Кеңістіктік когеренттіліктің ұзындығы (когеренттілік радиусы):

мұндағы λ - толқын ұзындығы, –фазалар айырмасы.
Жарық интерфренциясын бақылау үшін жарық көздері шығаратын толқындар кеңістіктік когерентті болу керек.
Бұл шартты монохроматты толқын қанағаттандырады. Монохроматты
толқындар белгілі бір жиіліктегі және амплитудасы тұрақты толқындар.
Реалды жарық көзінен монохроматты жарық алу мүмкін емес, себебі жеке
атомдардың сәуле шығаруы бір - біріне тәуелсіз және олардың фазаларының
айырымы кездейсоқ шама.
Кеңістіктің берілген нүктесінде екі тербелістің фазалар айырымы уақыт
өтуімен өзгермесе, уақыт бойынша когеренттілік деп аталады. Бастапқы
фаза кездейсоқ өзгерістер әсерінен бастапқы мәнінен шамасына өзгеше мән
қабылдайтын уақыт когеренттілік уақыты деп аталады. Екі тербелістің
фазалар айырымы толқын бетінің әртүрлі нүктесінде тұрақты болатын
үйлесімділік кеңістік бойынша когеренттілік деп аталады. Фазалар
айырымының мәні шамасына жететін арақашықтық когеренттілік
ұзындығы деп аталады.
Сонымен, толқындардың интерференциясының байқалу шарты
төмендегідей: жиіліктері бірдей; фаза айырымы уақыт бойынша тұрақты.
Реалды жарық көзінен когерентті толқындарды алудың бір ғана жолы
бар. Ол үшін бір жарық толқынын оптикалық жүйе арқылы екі бөлікке
бөлеміз, сонда олардың оптикалық жолы әртүрлі болады, осыдан кейін
екеуін қайтадан қосамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет