Құрметті студент! 2016 жылы «Білім 2»


Педагогика ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



бет3/5
Дата05.02.2022
өлшемі361,76 Kb.
#16916
1   2   3   4   5
Педагогика
ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ




Қазақ тілін оқыту әдістемесі




1. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша тіл үйренудегі ұстаным:
A) Қарым-қатынас
B) Қабілеттілік
C) Ойлау
D) Мүмкіншілік
E) Үйлесімділік
F) Танымдық



2. Фонетиканы оқытуда басшылыққа алынатын жалпы ұстанымдар:
A) Практикалық дағдыландыру
B) Мазмұндық
C) Экстралингвистикалық
D) Жеке әдістемелік
E) Сөз мағыналық
F) Жүйелілік
G) Сөз құрамдық



3. Оқушыларды диктант, шығарма, мазмұндама жұмыстарында жіберген қателерін түзеуге дағдыландыратын сөздік:
A) Орфографиялық сөздік
B) Диалектологиялық сөздік
C) Дұрыс жазу сөздігі
D) Орфоэпиялық сөздік
E) Антонимдік сөздік
F) Терминологиялық сөздік
G) Фразеологиялық сөздік



4. Сөз тудырушы жұрнақтарды оқытудың тиімді жолы:
A) Сөйлемдерді талдау арқылы
B) Сөз тіркесіне талдау
C) Сөз мағынасына талдау жасау
D) Көптік мағынаны анықтау
E) Жұрнақтардың өнімділігін ескеру
F) Көрнекілікті пайдалану
G) Сөз құрамына талдау



5. Қаншадан? нешеден? қаншасыншы? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сан есім:
A) Он шақты
B) Бесеуден
C) Алтау
D) Тоғыз, сегіз
E) Үш-үштен
F) Екіден, бір
G) Жүз, екі жүз



6. Жай сөйлемнің түрлері:
A) аралас сөйлем
B) атаулы сөйлем
C) сабақтас сөйлем
D) қарсылықты сөйлем
E) салалас сөйлем
F) жалаң және жайылма сөйлем



7. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері:
A) бастауыш
B) айқындауыш мүше
C) толықтауыш
D) баяндауыш
E) үйірлі мүше
F) пысықтауыш
G) анықтауыш



8. Жалпы адамдар арасындағы тілдесім:
A) Жазып алу
B) Жазбаша сөйлеу
C) Дербестік
D) Ресми
E) Қабылдамалық
F) Орфография



9. Ә.Исабаев бойынша қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері:
A) Ауызша түсіндіру әдісі
B) Фонетикалық талдау әдістері
C) Түсініксіз сөздерді үйрету әдістері
D) Кітапты пайдалану әдісі
E) Қазақ тілін әдебиет материалдарымен байланыстырып өту
F) Түсіндіру әдісі



10. З.Бейсембаева ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері:
A) Мәтінмен жұмыс істеу
B) Мектеп лекциясы
C) Интерактивті тақтаны қолдану
D) Сөйлем мен сөзді толықтыру
E) Экскурсия
F) Тест құрастыру



11. Қазақ тілін оқыту жүйесінің ауызша әдістері:
A) лекция
B) тест тапсырмаларын орындау
C) жаттығуды талдау
D) кітаппен жұмыс
E) ребус бейнелеу
F) әңгіме кеңес



12. Ы.Алтынсарин «Хрестоматиясында» берілген баламен жұмыс істеу тәсілдері:
A) саралап оқытуды
B) оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеруді
C) дистанциялық оқытуды
D) әрбір нәрсені ықыласпен түсінікті етіп түсіндіруді
E) оқытушы олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кіналамауға тиіс



13. Орта мектепте фразеологияны оқытудың міндеттері:
A) Ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін таныту
B) Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасымен таныстыру
C) Сөздің морфемалық жігін ажырату
D) Имандылыққа тәрбиелеу
E) Табу, эвфемизмдерді ажырату



14. Грамматикалық жаттығулардың синтетикалық түріне жататын жаттығулар:
A) Шығарма жазу
B) Сөздерді тәуелдеу
C) Мәтінді талдау
D) Мазмұндама жазу
E) Диктант жазу



15. Синтаксистік талдау түрлері:
A) сөйлем мүшелерін талдау
B) сөз тұлғасына талдау жасау
C) буын үндестігін көрсету
D) буынға бөлу
E) тасымалдау
F) дыбыстарға талдау жасау



16. Сөздердің байланысу формаларының ішінде алдымен матасуды оқытудың себептері:
A) Сөз тіркесінің бірінші мүшесі ілік септігінде тұрғандықтан
B) Түбір мен қосымшаны ажырату қиын болғандықтан
C) Жалғаулардың қолданылмауына байланысты
D) Мәтін құрауға негіз болатындықтан
E) Сұраулы сөйлем құрайтындықтан



17. 8-сыныпта оқылатын қарсылықты бағыныңқының баяндауыштарының жасалу жолдары:
A) Барыс септігінің жалғауының қосылу арқылы
B) Етістіктің жұрнақтары
C) Көмектес септіктің жалғануы арқылы
D) Келер шақтың болымсыз түрінен
E) Тәуелдік жалғауының қосылу арқылы



18. Аралас құрмаласты оқытқанда оқушыларының қызығушылығын арттыруда қолданылатын тиімді әдістер:
A) Тілдік білім-машықтардың қажеттігіне көз жеткізу
B) Екі топтағы сөздердің ішінен тіркесті сөздер құрау
C) Қарсы мәндегі сөйлемдерді құрату
D) Сабақтың қызықты болуы
E) Оқушылардың синтаксис туралы түсінігін қалыптастыру
F) Өз ойын көркем жеткізуді талап ету
G) Тілдік білімге, машықтарға деген ішкі қажеттілікті дамыту



19. Мәтінді оқыту кезінде кездесетін қазақ тілі сабағының құрылымдық элементі:
A) Сынып тазалығына назар аудару
B) Жаңа тақырыпты бекіту
C) Үй тапсырмасына жаттығу жұмысын беру
D) Оқушыларды түгелдеу
E) Оқушы тәртібін қадағалау.
F) Жаңа тақырыпты түсіндіру
G) Кезекшіні тақтаға шығару



20. Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыру жолдары:
A) Оқушыларды тәрбиелеу
B) Ғылыми-теориялық дәрежесін біліктілігін жоғарылату курсы арқылы арттыру
C) Оқу-тәрбие ісіне нұсқау беру
D) Сабақтан тыс оқыту
E) Көрнекіліктер ұйымдастыру
F) Оқушыларға өмірге қажетті білім беру
G) Мектепте білімнің сапалы болуы



21. Ә.Исабаев көрсеткен ғылыми ұстанымның өлшемдері:
A) Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет
B) Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлдігі талап етіледі
C) Тілдік жаттығулар көрсетілуі керек
D) Жұрнақтарды меңгертуі керек
E) Ережеге ғана сүйенуі тиіс
F) Тілдік тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып алынғаны абзал



22. Мәтін туралы ұғым қалыптастыру әдістемесі:
A) Мәтін әдебиеттану ғылымында қарастырылады
B) Мәтіннің белгілі бір мазмұндық бірлігі болады
C) Мәтін туралы ұғым бастауыш сыныптан беріледі
D) Мәтін философиялық әдебиеттен құралады
E) Мәтіннің тақырыбы мен идеясы болады
F) Мәтінде ой тұжырымдалады



23. Компьютерді қазақ тілі сабағында пайдаланғанда көрнекілікті арттыру үшін қолданылатын бағдарламалар:
A) MathCad
B) MS Office Power Point
C) Macromedia Flash
D) Arcon
E) ActiveStudio



24. Пунктуацияны оқыту ұстанымдары:
A) Жаңа материалды бекіту
B) Сөзжасамның морфологиялық тәсілдерін білу
C) Сөздің синтаксистік қызметіне мән беруді талап ететін грамматикалық ұстаным
D) Тыныс белгілерінің интонацияға қарап қойылатыны
E) Мәнерлеп оқу мен пунктуация байланысы



25. Синтаксисті оқытқанда қолданылатын тіл дамыту жұмысының түрі:
A) Сөз тұлғасын талдау
B) Сөз тіркесін құрастыру
C) Сөйлем құрастыру
D) Тіл дыбысын құрастыру
E) Сөз мағынасын талдау



Каталог: upload -> iblock -> e41
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы
e41 -> Құрметті студент! 2016 жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет