Құрметті Владимир Карпович! Қадірлі депутаттар!


Корей Халықтық Демократиялық Рсепубликасының



бет4/6
Дата12.07.2022
өлшемі33,47 Kb.
#147427
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Доклад Министра каз

Корей Халықтық Демократиялық Рсепубликасының ядролық зымыран бағдарламасы – өңірдегі қауіп-қатерлердің бірі болып саналады. Солтүстік Корея тек 2017 жылы ғана 14 баллистикалық зымыран ұшырды және алтыншы ядролық сынақтың сәтті өткізгенін мәлімдеді.
Біз Пхеньянның ядролық қарусыз болашақты қамтамасыз ету үшін ұжымдық күш-жігерге нұқсан келтіретін жауапсыз саясатына қатысты жалпы айыптауларға қосыламыз.
* * *
Оңтүстік Азия елдерімен қарым-қатынастар Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Біз сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға, өзара тиімді инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделіміз.
Үндістан көлемді нарығы және жоғары экономикалық әлеуеті бар ірі мемлекет ретінде ІТ-технология, кибер-қауіпсіздік, көлік, логистика және теңіз порттарын пайдалану салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту тұрғысынан қызығушылық тудырады.
Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынас достық пен әріптестік рухында дамып келеді. Қазақстан Президент М.Хуссейннің және Премьер-министр Н.Шарифтың өткен жылғы Астанаға сапарларын жоғары бағалайды.
Қазақстанның сыртқы саясаты қарқынды дамып отырған Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріне жіті назар аударады. АСЕАН экономикалық қоғамдастығы жалпы ішкі өнімінің тұтас көлемі 2,4 млрд АҚШ доллары болатын 629 млн тұрғын нарығын ұсынады.
2016 жылдың 5 қазанында Еуразиялық экономикалық одақ елдері және Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағын құру арқасында Қазақстанның Вьетнаммен өзара сауда айналымың көлемі бүткіл АСЕАН елдерімен сауда айналымы көлемінен асып түсуіне септігін тигізіп, 2017 жылдың 9 айы ішінде 366 млн. АҚШ долларына жетті. 2017 жылдың ақпан айында Қазақстан тарихында бірінші рет «Қазақстан - Ляньюньган (ҚХР) - Вьетнам» жаңа көлік дәлізі арқылы Вьетнамға 720 тонна көлемде бидай жөнелтілді.
Қазақстан Сингапурдың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму тәжірибесін қолданып келе жатыр.
2017 жылы ЕАЭК пен Сингапур арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер болып өтті. Осы аймақ әлеуеті 3,9 млрд АҚШ доллары деңгейінде бағалануда.
Қазақстан Малайзия мен Индонезияны Оңтүстік Шығыс Азия аймағындағы өзінің басты әріптесі ретінде санайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда малайзиялық компаниялар және инвесторлармен мұнай және газ, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларында 1 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі жобалар іске асырылуда.
Туризм саласы Таиландпен ынтымақтастығымыздың басты бағыттарының бірі болып саналады. Жыл сайын Таиландқа 70 мың қазақстандық туристер барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет