С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет3/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Қорытынды баға

Қорытынды баға – рейтингіге жіберу және қорытынды бақылауды қосумен анықталады.



І  R*0.6+E*0.4

Iқорытынды баға

R – рейтингіге жіберу бағасы

Е – пән бойынша емтиханның қорытынды бағасы

Қорытынды рейтингі – рейтингіге жіберу 60% және қорытынды бақылау бағасы 40% тұрады.




  • Ағымдық бақылау: тәжірибелік сабақтың уақытында іске асырылады.

  • Аралық бақылау: әр семестр сайын оқу тақырыптарын игеру деңгейін анықтау мақсатында

іске асырылады. Оқу жылында 4 аралық бақылау тапсырады.

  • Қорытынды бақылау - емтихан (ауызша және тест әдісі).

  • Ескерту: ОСӨЖ балдық жүйемен бағаланбайды. №1 хаттама 31 тамыз 2011 жыл.

Қорытынды бақылау, аралық бақылау және кеңес беру уақыты.



  1. Кеңес беру уақыты, оқу бөлімінің кестесімен сәйкес өтіледі.

  2. Аралық бақылау уақыты: 7-14 аптада.

  3. Қорытынды бақылау уақыты – семестрдің соңында ОҮБжЖБ-ң сабақ кестесі бойынша.


Тәжірибелік сабақты бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша

Цифрлік эквиваленті

%

Бағалау критериі

А

4.0

95-100

Оқу бағдарламасы бойынша барлық тақырыптарды толық меңгеру. Компетенциялар бойынша игеру. Грамматикалық заңдылықтарды, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін т.б. толық біліп, қолдана алу. Сұрақтарға логикалық түрде дұрыс жауап беру. Жұмыстарды жауапкершілікпен орындап, тапсырмаларды жоғарғы деңгейде дайындау. Сөздік қоры мол, шығармашылық, ғылыми қабілеті жоғары болу.

А-

3.67

90-94

Тақырыпты толық меңгеру. Лексиканы қолдану арқылы ойын толық жеткізу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Керекті ақпаратты табу. Жауап беруінде мағыналық және грамматикалық қателердің болмауы. Сабақ барысында әр түрлі қызығушылықпен көзге түсу.

В+

3.33

85-89

Оқу бағдарламасын толық білу. Берілген сұрақтарға сенімді, жауап беру. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындай білу. Айтылған сөздердің қателерін тауып, өз бетімен жұмыс істеу.

В

3.0

80-84

Сабақ барысында берілген сұрақтарға жауап бере білу. Сөйлемді дұрыс құрастыра білу. Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып, олармен жұмыс жасау. Шығармашылық жұмыстарды толық орындау.

В-

2.67

75-79

Оқу бағдарламасын толық біле тұра, тапсырмаларды толық, түсінікті түрде орындамауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы.

С+

2.33

70-74

Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Лексиканы толық қолдана білмеуі. Ойын толық жеткізе алмауы. Сөздердің дұрыс айтылмауы. Қойған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмауы.

С

2.0

65-69

Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Коммуникативтік дағдыларды қолдана алмауы. Сабаққа деген қызығушылығы толық болмауы.

С-

1.67

60-64

Оқу бағдарламасын меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Оқу бағдарламасын толық білмеуі. Тақырып бойынша сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы.

D

1.0

50-54

Тәжірибелік сабақтарға деген белсенділігі мүлдем төмен. Коммуникативтік дағдыларды толық меңгермеуі.

F

0

0-49

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық білмеуі, игермеуі. Шығармашылық қабілеті жоқ, ынтасы төмен.


Аралық бақылауды бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша

Цифрлік эквиваленті

%

Бағалау критериі

А

4.0

95-100

Тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындау. Сұрақтарға логикалық түрде дұрыс жауап беру, жазу. Тест жұмыстарын толық орындай білу. Лексикалық, грамматикалық тақырыпты толық біліп, айту. Компетенция бойынша игеру.

А-

3.67

90-94

Мәтінмен жұмыс түрлерінің толық болуы. Аударма жұмыстарын жасау, сұрақтарға жауап беру. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындау.

В+

3.33

85-89

Берілген тапсырмаларды толық, түсінікті орындай білу. Берілген сөздер мен сөзтіркестердің қателерін тауып, өз бетімен жұмыс істеу.

В

3.0

80-84

Берілген сұрақтарға жауап бере білу. Сөйлемді дұрыс құрастыра білу. Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып олармен жұмыс жасау.

В-

2.67

75-79

Тапсырмаларды біле тұра, түсінікті түрде орындамауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы. Сұрақтарға толық жауап бермеуі.

С+

2.33

70-74

Лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды толық қолдана білмеуі. Ойын толық жеткізе алмауы. Сөздердің дұрыс айтылмауы.

С

2.0

65-69

Лексикалық, грамматикалық тапсырмаларды толық қолдана білмеуі, меңгермеуі. Коммуникативтік дағдыларды қолдана алмауы.

С-

1.67

60-64

Тақырыпты меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Тақырып бойынша сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы. Сөздік қорларының нашар болуы.

D

1.0

50-54

Тақырыптарды білмеуі. Коммуникативтік дағдыларды толық меңгермеуі.

F

0

0-49

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық білмеуі. Пәнге деген қызығушылығы төмен.

СӨЖ-ді бағалау критериі

Әріптік жүйе бойынша

Цифрлік эквиваленті

%

Бағалау критериі

А

4.0

95-100

Білім, дағды, коммуникативтік, өзін-өзі дамыту компетенциялары бойынша тақырыптарды толық біліп, меңгеруі. Грамматикалық заңдылықтарды, дыбыс жүйесін, сөз жүйесін т.б. қолдана алуы. Ғылымға деген ынтасы жоғары және белсенділік танытуы. Сөздік қорының мол болуы.

А-

3.67

90-94

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Керекті ақпаратты табу. Жауап беруінде мағыналық және грамматикалық қателердің болмауы. Ғылыми шығармашылығы толық. Тұсаукесердің мағынасы өте жақсы деңгейде болуы.

В+

3.33

85-89

Жұмысысын толық меңгеру. Берілген сұрақтарға сенімді, жауап беру. Өз бетімен жұмыс түрлерін орындау.

В

3.0

80-84

Тапсырмалардағы берілген қателерді тауып, олармен жұмыс жасау. Шығармашылық жұмыстарды толық орындау. Тұсаукесердің мағынасы жақсы деңгейде болуы.

В-

2.67

75-79

Тапсырмаларды толық біле тұра, мағынасыз, түсініксіз орындауы. Жауап беруінде грамматикалық, лексикалық қателердің болуы.

С+

2.33

70-74

Ойын толық жеткізе алмауы. Сөйлем құрылысы мен сөздердің дұрыс айтылмауы. Сұрақтарға дұрыс жауап бере алмауы. Ғылыми шығармашылығы орта.

С

2.0

65-69

Жұмысты толық меңгермеуі және білмеуі. Сөздік қоры нашар. Ғылыми тақырыптың мағынасы түсініксіз болуы.

С-

1.67

60-64

Тақырыпты меңгере алмауы. Логикалық, лингвистикалық қателердің көп болуы.

D+

1.33

55-59

Тақырыпты толық білмеуі және сөйлей алмауы. Жіберген қателерін дамыта алмауы.

D

1.0

50-54

Ғылыми жұмысының белсенділігі мүлдем төмен, сапасы мен мағынасы нашар.

F

0

0-49

Ғылыми, шығармашылық қабілеті жоқ, ынтасы төмен. Қызығушылығы нашар.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қазақ тілі кафедрасы латын тілі курсымен

Қазақ тілі пәні бойынша, коды – KRYa 1104

Мамандығы – 5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау

Құрастырушылар: ф.ғ.к., аға оқытушы Т.Қ.Зайсанбаев, ф.ғ.к.,оқытушы Б.Н.Канленова

2012ж.


ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

1 тақырып: Гиппократ анты. ҚР дәрігер анты.



Үндестік заңы.

2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1. Тақырыбы: Гиппократ анты. ҚР дәрігер анты.

Үндестік заңы.
2. Мақсаты:

Студенттерге «Гиппократ анты» бойынша мағлұмат беру, мәтінде кездесетін жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру. Үндестік заңы туралы мағлұмат беру.


3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі үндестік заңының қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Лексикалық тақырып бойынша:

Гиппократ Анты, ант ету, көмектесу, дәрігерлік өнер, аурулар режимі, зиян келтіру.


Грамматикалық тақырып бойынша:

Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесі,қазақ тіліне тән дыбыстар,үндестік заңының ерекшеліктері, тәуелдік жалғауынан кейін өзгеретін қатаң дыбыстар.


5. Сабақ өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, аударма жұмысы.


7. Көрнекі құралдар: слайдтар, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар.

1-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестеріндегі айтылу барысында өзгеріске түскен дыбыстарды көрсетіңіз.

Ала кел, Талдықорған, Ботакөз, қара қой, ұшса, көзқарас, тұзсыз тамақ, сөзшең адам, сәнқой, жұмысшы, ақ аю.

2-тапсырма. Құрамында тек қана жуан дауыстылар және тек қана жіңішке дауыстылар бар сөздерді екі бағанға бөліп жазыңыздар

Үлгі: ағзаға тістің

пайдалы әлеуметтік

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына ө,е әріптерінің тиістісін қойып жазыңыздар

Күр...к, өлк..., бөб...к, Ақт...бе, көл...ңке, көб...л...к, көрк...м, өз...н, төс...к, бөлм..., бөлш...к, төрт...у, Ботаг...з, Ақб...п... .


4-тапсырма. Төмендегі мысалдарды көшіріп жазып, я, ю қандай әріптердің таңбасы екенін жақшаның ішінде көрсетіңіздер

Үлгі: Ою (ойу), қоян (қойан)

Ою, қоян, қою, таяқ, өмірбаян, жаю, баяндама, саясат, сою, үюлі, жаюлы, тояды, бояу, түю.


9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:

1-тапсырма. Мына сөздерді тәуелдеп, дыбыстардың өзгеру себептерін түсіндіріп беріңдер.

Мамандық, саусақ, құлақ, жидек, қасық, күрек, бесік, доп, қап, топ, мектеп, бақ, есік, білек, бастық, есеп, еңбек, кітап, сабақ, қабақ, орындық, бауырсақ, оймақ, кек, кесек, есек.


2-тапсырма. Мына сөздердің жуан сөздерін бір бағанаға, жіңішке сөздерін бір бағанаға бөліп жазыңыз.

Денсаулық, сақтау, ішкі, киімдер, сыртқы, орта, тығыз, байланысты, тісті, теріні, күту, күнделікті, таза, ұстау, жеміс, жидек, көкөніс, ағза, аурулар, науқас, ауа, сулы, тағамдар, балалар, жеке, дәрігер, әлеуметтік.


Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Гиппократ анты туралы не білесіз?

  2. Бұл антта не туралы айтылады?

  3. Дәрігердің бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Білім құзырлылығы бойынша:

Мәтінді аударыңыздар.

Гиппократ Анты

Аполлон дәрігердің, Асклепийдің, Гигиея мен Панакеяның және түрлі тәңірлер мен тәңіриялардың атын атап, оларды куәға тарта отырып мына серт пен жазбаша шартты шама-шарқымның жеткенінше адал орындауға ант етемін: өзіме дәрігерлік өнерін үйреткен кісіні ата-анаммен бірдей көремін, оған барымды бөліп беремін, әрі қажет жағдайда оның жоғын табуға көмектесемін, оның ұрпақтарын бауырларым деп есептеймін, егер олар осы өнерді үйренгісі келсе, оларға тегін әрі ешқандай шарт жасаспай-ақ сабақ беремін, оқу үстінде айтар ақылымды, ауызша сабақтар мен ілімдегі қалған жайлардың бәрін өз балаларыма ұстазымның балалары мен медицина заңы бойынша серттескен, ант беріскен шәкірттеріме хабарлаймын, басқа жанға айтпаймын. Аурулар режимін, зиян келтіру мен қиянаттан бойымды аулақ ұстай отырып, шама-шарқымның барынша оларға пайдасы тиетіндей етіп жасаймын.

Ешкімге кісіні өлімге ұшырататын дәрі бермеймін әрі оны жасау тәсілін көрсетпеймін, тап осылай әйелге түсік түсіретін пессарий ұсынбаймын. Өмірде, өнерде де таза әрі адал боламын.
Когнитивті-білім компетенциясы бойынша:


1. Жіңішке сөздерден тұратын сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) денсаулық сақтау

ә) ішкі киімдер

б) сыртқы орта

в) тығыз байланысты

г) баланың тағамдар



2. Жуан сөздерден тұратын сөз тіркесін көрсетіңіз.

а)жақсы жабдықталды

ә)негізінде жүргізілді

б)өте ертеден

в)теріні күту

г)негізгі білім



3. Қазақ тілінде қанша дауыссыз дыбыс бар.

а) 27


ә) 35

б) 25


в) 18

г) 34


4. «Ұ» әріпінің дұрыс жазылғанын белгілеңіз

а) ұшқұш


ә) үшқыш

б) ұшқыш


в) ұшғыш

г) ұшғұш


5. Тәуелдік жалғауының дұрыс жалғанғанын көрсетіңіз

а) күрекім

ә) күрекым

б) күрегім

в) күреғім

г) күреғым



6. Дұрыс аударылған сөзді көрсетіңіз.

а) әсер ету - дизентерия

ә) қоршаған орта - тесный

б) сақтану - социальный

в) тамақтану – питание

г) тығыз– труд



7. қазақ тіліне тән дыбыстарды тап.

а) к,т,л,р,о

ә) қ,ұ,ү,ң,і

б) а,п,р,о,

в) б,л,д,а,ы,

г) к,ы,й,с,х



8. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаларды көрсетіңіз.

Санитария өз жұмыс... гигиена негізі... жүргізеді.

а) са, ді

ә) ын, нде

б) ғаны, ке

в) ғаны, дің

г) са, ді

9. Жіңішке буындардан тұратын сөзді көрсетіңіз.

а) қажетті

ә) жеткілікті

б) алыстан

в) қарлы

г) жақсылық



10. Жіңішке дауысты дыбыстан тұратын сөзді көрсетіңіз.

а) тамақтану

ә) ағза

б) жоспар



в) өсімдік

г) айтты


11. Үндестік заңына бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді көрсетіңіз.

а) ағамдікі

ә) балама

б) үйімнің

в) жоспарлы

г) дүкендер



12. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.

ә) нан


б) тағам

в) дәм


г) жеміс

13. Үндестік заңы сақталмаған сөзді көрсетіңіз.

а) терезелер

ә) дәріхана

б) тазалық

в) еңбекші

г) ішімдік



14. Жуан буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) көз жеткізу

ә) әбден жібіту

б) жүйке жүйесі

в) ежелгі гректер

г) адам ағзасы



15. Жіңішке буынды сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) таза ұстау

ә) іш киім

б) мұздатқышта сақтау

в) мың жыл

г) бас ауруы





10. Негізгі әдебиеттер:

1. Р.Дәрменқұлова. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы 2001 ж., 123-124б.

2. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж.7-бет

3. Доскеева.Б. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған, Алматы, 2002 ж.


Қосымша әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы 2005 ж.






ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
2 тақырып: Гигиена.Жеке бастың гигиенасы.

Көптік категориясы.


2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Гигиена. Жеке бастың гигиенасы.

Көптік категориясы.
2. Мақсаты: Қазақ тіліндегі көптік мағына беретін жалғауларды, оларды дұрыс қолдана білуді үйрету. Лексикалық тақырып арқылы жаңа сөздермен,сөз тіркестерімен таныстыру;
3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі көптік жалғауларды меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Лексикалық тақырып бойынша:

Гигиена ғылымы туралы мәлімет, санитария мен гигенаның байланысы, қоршаған ортаның адамға әсері, гигиенананың салалары және оның денсаулық сақтаудағы маңызы, гигиена туралы ғалымдардың айтқан тұжырымдары;



Грамматикалық тақырып бойынша

Көптік жалғауы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет