Қосымша материалдар
«Сандық»
Мақсаты: Балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу. Ойын шартын түсіндіріп, ондағы мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды дұрыс, анық айтуды үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сандық, түрлі түсті асықтар, тапсырмалар жазылған хатқалта.
Ойын шарты: Сандық ішіне салынған түрлі түсті асықтар. Асықтар қызыл, жасыл, сары түске боялған. Әр түске берілетін тапсырмалар әр түрлі. Тапсырмалар хатқалтаға салынады.
Жасыл асық алған бала жұмбақ жасырады, шешкізеді.
Сары асық алған бала мақал-мәтел айтады.
Қызыл асық алған бала өлең оқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |